*/Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар



бет4/17
Дата19.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#119611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Қиялды дамыту және қалыптастыру жаттығулары, ойындары
1. "Пантомима" ойыны

Бұл ойын қиялды және шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған.
Баланы дене қимылдарымен, ыммен , дыбыстармен қандай да бір затты(поезд, машина, шайнек) немесе іс-әрекетті (жуыну,шаш тарау, сурет салу, жүзу) бейнелеуін сұраңыз.
Егер бірінші жолы орындай алмаса, қалай жасауға болатынын өзіңіз көрсетіңіз. "Ойлан тап" ойнаңыз: сіздің не бейнелегеніңізді бала ойлап табады, сосын керісінше-баланың не бейнелегенін сіз табуыңыз керек. Күлкілі нұсқалар ойлап табуға тырысыңыз.
2. Көру қиялын дамыту жаттығулары

Балаға әртүрлі аяқталмаған бейнелер кескінделген суретті ұсыныңыз да, осы бейнелерді қолдана отырып, қызықты бір нәрсе салуын сұраңыз. (26-сурет). Бала сурет салып болған соң,

оның не бейнелегені туралы айтып беруін сұраңыз.


26-сурет

3. "Нүктелер" жаттығуы

Балаға мысал түрінде, нүктелерді қосып қалай сурет салуға болатынын көрсетіңіз. Ал енді оның өзінен нүктелерді қоса отырып сурет, бейне салып көруін өтініңіз. Әрбір жағдайда барлық нүктелерді қолдану міндетті емес. ( 27-сурет).

27-сурет

4. "Құрастыру" жаттығуы

Геометриялық фигураларды: дөңгелек, жартыдөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квдраттарды қолданып, баладан мүмкіндігіншн көбірек заттардың суретін салуын өтінеді. (28-сурет).
Кейбір фигураны бірнеше рет қолдануға, кебіреуін қолданбауға болады. Фигуралардың өлшемдерін өзгертуге болады. Негізгі шарт - басқа фигураларды қосуға болмайды.

28-сурет

5. Вербальді (сөздік) қиялды дамыту жаттығулары

Балаға мынадай ойын ұсыныңыз: "Елестетіп көр, не болады, егер....". Мысалы, мысықтар үшін мектеп ашылыпты, деп елестету. Немесе иттер адамша сөйлейтін болыпты т.с.с.
Баланың ұиялы қаншалықты дамыған болса, ол соншалықты қызықты, өзіндік,соны (оригинальный) нұсқалар ұсынады.
Еркін сферасын дамыту және қалыптастыру жаттығулары
1. "Фигураларды боя" жаттығуы

Балаға геометриялық фигуралар салынған қағаз парағын береді де түрлі түсті қарындашпен олардың әрқайсысын бояуын өтінеді. Бұл тапсырманы өте ұқыпты орындау керектігін балаға ескертіңіз, уақыт есепке алынбайды.
Бала ұқыпсыздық жасай бастаса,жұмыс тоқтатылады.
6-7 жасар бала 15-20 фигураны ұқыпты бояй алады. Бұл іс-әрекетті ерікті реттеуінің,онша қызықты емес үздіксіз жұмысты орындауда шыдамдылық танытудың жоғары көрсеткіші.
2. "Үлгіні көшіру" жаттығуы

Баладан 29-суретте көрсетіпген үлгіні мүмкіндігінше дәл көшіруін өтініңіз.
Нәтижесін талдағанда, нүктелердің саны және орналасуы қаншалықты үлгіге сәйкес келетініне назар аударыңыз. Суреттің жалпы көлемінің шамалы кішіреюі мүмкін (бірақ 2 еседен артық емес). 6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы нүктелердің бағаннан немесе жолдан аздап ауытқу жіберіп орындайды.

29-сурет

3. "Өрнектер салу" жаттығуы

На 30-суретте 3 қатар ұсақ геометриялық фигуралар бейнеленген Жоғары қатар үшбұрыштардан, ортасындағы-дөңгелектерден, төменгі - квадраттардан тұрады. Жоғарғы және төменгі қатардағы фигуркалар бір біріне қарама қарсы орналасқан, ортадағы олардың аралығында.Үшбұрыштар мен квадраттар әр қатарда - 14, дөңгелектер - 13. Балаға айтыңыз: "Біз қазір өрнек саламыз. Мен айтып тұрамын, ал сенің мінлетің менің нұсқауымды орындау және әртүрлі фигураларды қосу". Үш шарттың орындалуы қажет:

  1. екі үшбұрышты, екі квадратты немесе квадратты үшбұрышпен тек дөңгелек арқылы ғана қосуға болады;

  2. біздің өрнектің сызығы тек алға жылжуы керек;

  3. әрбір жаңа қосылу, сызық тоқтаған фигурадан басталу керек, сонда сызық үздіксіз болады және өрнекте үзікті аралықтар болмайды. (Мұны қалай істеуге болатынын үлгіде көрсетіңіз).

Сосын баланың тапсырманы қалай түсінгенін тексеріңіз, ол да жаттығу өрнегін салып көрсін. Ал енді балаға айта бастаңыз: "Екі квадратты қос, квадратты үшбұрышпен қос, екі үшбұрышты қос, үбұрышты квалратпен қос". Баланың тапсырманы қалай орындап жатқанын қадағалаңыз, қажет болған жағдайда қатесін түзетіңіз және қай жерде қандай қате жібергенін түсіндіріңіз. Әрі қарай фигуралар қатарын жалғастырыңыз да, балаға өрнек салудың басқа нұсқаларын ұсыныңыз.

30-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет