Қиял дамытужаттығулары Қиял әркімде бар, ол шынықтыруды қажет ететін бұлшық ет тәрізді. Біз өз қиялымызды қаншалықты көбірек қолдансақ, ол соншалықты сау, мықты болып қалыптасады. Және де кез келген бұлшық ет тәрізді оны ширатып отыру қажет. Шынында, неге саған Қиял Атлеті болмасқа? Шындығында, қиялдың шегі жоқ. Біз қиялдың көмегімен өте биік үйлерден секіріп кете береміз, космостық саяхат жасай аламыз, теңіз балығына айнала аламыз, тіпті өз тәніміздің (денеміздің) иесі бола аламыз. Ұсынылатын жаттығулар қиялды әртүрлі тәсілдермен қолдануға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен ойша сурет салуға, әртүрлі дыбыстармен ойнауға, қызықты оқиғалардыңаяқталуын ойлап табуға және заттардың әдеттегіден тыс, ерекше пішіндерін ойлап табуға болады. Тапсврманы орындамас бұрын оны мұқият тыңдап алу қажет. Егер тапсырма балаға түсініксіз болса, онда оны қайталау және егжей-тегжейлі түсіндіру қажет. Тек бала бәрін түсінгеніне көзіңіз жеткенде ғана, тапсырманы орындауға кірісуге болады. Балалар жаттығуды табысты орындаған соң, мүмкін олар да өздерінің тапсырмаларын ойлап тапқысы келер. Бұл жағдайды мадақтап отыру керек. Балалардың ойлап тапқан жаттығуларын жазып алып, мұндай жаттығулардан өзіндік кешен құрастыруға және оның көмегімен қиялды жаттықтыруға болады. Қиялды дамытуға үлгі жаттығулар "Өзіңе өзің елестет".Терең демді ішіңе тарт, алған демің бүкіл денеңді аралап өтетін болсын. Деміңді ішіңе тартқанда, баспалдақтармен тауға шығып бара жатқандай болып, ал деміңді шығарғанда одан түсіп келе жатқандай болып елестет. Жаттығуды 5 рет қайталау және деміңді ішіңе тартқанда тауға шығатыныңды, ал деміңді шығарғанда таудан түсетініңді есіңде сақтау керек. Жаттығуды орындап болған соң, өз денеңіздің әрбір мүшесімен ойша сәлемдес. Мысалы былай: "Сәлем, менің оң тізем... Сәлемет пе, шынашақ! Қалай тұрып жатырсың, алақан!..." Мұнда ештеңені назардан тыс қалдырмауға тырысу керек, ал содан кейін тағы 5 рет тауға шығып түсу керек.
Сенің аяғыңның үлкен бақайында кішкентай қоңыз отыр. Міне ол жайлап жоғары өрмелеп барады: аяқтың табанның үстімен,жіліншік бойымен тізеге, одан кейін мықынға жетеді де, іш, кеуде жақты айналып өтіп, міне ол сенің иығыңа келді, қолдың бойымен түсіп алақанға, одан соң саусақтың бойымен оның ең ұшына келді. Кішкентай қоңыз тіпті салмақсыз, бірақ сен тиыш қана отырып, онығ қалай және қайда өрмелеп бара жатқаны туралы қатты ойласаң, онда сен, оны әрине сезесің. Енді сен кішкентай қоңызды жайлап жерге қоясың, ол ұзақ жолдан соң аздап ұйықтап алсын. Ал сен кішкентай қоңызға өзіңнің не сезгенің туралы әңгімелеп бер және ойлап көр, ол саған не деп жауап берер еді.
Сенің басыңда көп кішкентай кнопкалар бар деп елестет, және оларды басқанда сен жылайсың, күлесің, ашуланасың, қорқасың. Қане, бұл нүктелерге ат қоялық: кнопка- қытық, кнопка-жымию, кнопка- ашу, ыза, кнопка-қорқыныш. Бұл кнопкаларды кім басады? Біреу оларды басқанда сен ТОҚТА деп айта аласың ба? Сенің өзің осы кнопкаларды баса аласың ба? Осы кнопкалардың біреуін таңда да, "жағып" (қосып), "сөндіріп" (айырып) көр. Ойлан, егер бұл кнопкалар сенің басыңда болса, олардың жұмысын кім басқарады?
Өзіңе ЕШКІМ көрмеген жануарды елестетіп көр, СЕН де оны бірінші рет көріп тұрсың. Бұл сенің ойлап шығарғаның! Бұл жануар қалай аталады? Ол мейірімді ме әлде ашулы ма? Оның тұрағы қайда? Немен қоректенеді? Қайда ұйықтайды? Оның терісінің түсі қандай? Осы сұрақтардың жауабын сипатта немесе суретін сал.
Аяқ киіміңді шешіп, диван немесе креслода басыңмен төмен, ал аяғыңды жоғары жіберіп орналас. Еденді- төбе, ал төбені- еден деп елестет. Сен өзіңді бәрі кері төңкерілген басқа планетадамын деп елестет. Жерге қайтып оралғың келсе, дұрыс отыр, сонда бәрі орнына келеді.Не көргенің туралы әңгімеле немесе суретін сал.
Екі қолыңның сұқ саусағында кішкентай көңілді адамдарды елестет. Фломастер немесе түрлі түсті қарындаштарды алып, олардың бет пішінін сал, ат қой және ӨЗ ТӘНІНІҢ ИЕСІ ҚОНЖЫҚ ҮШІН кішкентай қойылым ойлап тап.