*/Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар


Мектепке дейінгілер үшін психогимнастикалық жаттығулар "Өзіңді ұстауды үйрен"



бет6/17
Дата19.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#119611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Мектепке дейінгілер үшін психогимнастикалық жаттығулар "Өзіңді ұстауды үйрен"
Мақсаты: Қиын балалардың бейімделуінде бөгеттерді азайту, олардың эмоциональды жағдайын және дене мүмкіндіктерін нығайту; теріс эмоциялардан құтылуға көмектесу эмоциональдық сферасын, қатынас, еріктік сферасын, т.с.с. дамыту.
Жаттығуларды күн тәртібінің сәттерінде, сергіту минуттарында және т.с.с жағдайларда қолдану ұсынылады.
1. "Кездесу".

Мақсаты: қарым қатынас қабілеттерін дамыту.
Балалар екіден бөлінеді де, бір біріне таңертең балабақшаға қалай келгені туралы айтады.
2. "Шеңберді бұзып кір".

Мақсаты: өзіне өзі сенуге, жасқаншақтықты жеңе білуге, құрбыларының ұжымына кіруге көмектесу.
Құрбыларымен қарым қатынас жасауда қиындық көретін балаларды жеке алып қалады. Қалғандары бір бірінің қолынан қатты ұстап, шеңбер жасап тұрады. Бала қатты жүгіріп келіп, шеңберді бұзып кіруі керек.
3. "Көтер де, тербет".

Мақсаты: Балаға құрбылары оған көмектесетінін, қамқорлық жасайтынын білдіру.
Бала кілемшеге жатады,денесін босаңсытып,көзін жұмады.Тәрбикші оны қолтығынан демейді. Балалар оны байқап көтеріп, жайлап тербетеді.Тәрбиеші сұрайды: "Саған ұнады ма? Қорқынышты болған жоқ па? Балалар сені мықтап ұстайды, құлатпайды".
4. "Жүректі тыңдаймыз".

Мақсаты: қарым қатынас, сезімталдық, серігін түсіну қабілеттерін дамыту.
Балалар екіден бөлінеді. Бір бала шалқасынан қолын созып, көзін жұмып жатады. Екінші бала оған қарама қарсы тізерлеп отырады да, қолын оның кеудесіне қояды. Жатқан баланың жүрегінің қағысын дауыстап санайды (қолымен сезеді). Тәрбиеші тексереді.
5. "Жұптағы қарым қатынас".

Мақсаты: мұқият тыңдай және еске сақтай білуді дамыту.
Балалар екіден бөлініп, бір біріне арқаларын тіреп отырады. Біреуі сыбырлап бірнәрсе туралы айтады, сосын не және не туралы айтқанын екіншісінен сұрайды. ( Бала өзінің сезімдерін сипаттауға тырысуы керек).
6. "Отырған - тұрған".





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет