Мектепке бару - бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектепте оқу - баладан дайындықты талап ететін қиын еңбек. Өз мінез - құлықын басқару, оны негізгі мектеп ереежелерге бағындыру, өзін қоршағандардың ойымен келісу, кездескен қиындықтарды жеңу - міне, бұл мектептің болашақ бірінші сынып оқушысына қоятын талаптарының кейбіреулері. Осы талаптарды орындау үшін ол ұйымшылдық, өз бетімен жұмыс істей алу, табандылық, тәртіптілік сияқты адамгершілік - еріктік қасиеттерін иемделуі қажет. Балаңыздың әр түрлі жағдайлардағы іс-әрекетін бақылай отырып, осы қасиеттерің жеткілікті тәрбиеленгенін анықтаңыз.
Ұйымдасқандық: Өзіне-өзі қойған немесе үлкендер қойған мақсатқа жете білуі, оған өз іс-әрекетінде бағынуы;
Үлкендер берген жоспарды басшылыққа ала білуі және өз бетімен алға қойған істерді ретті түрде жүзеге асыруы;
Тапсырманы орындауға берілген уақытты үнемді пайдалануы, жұмыстың қарқынын жылдамдата білуі.
Үлкендердің ақылын басшылыққа ала отырып, өзін-өзі ұстай білуі, өз істерін бақылауы, өзінің бастапқы ойы мен алынған нәтижені салыстыруы.
Өз жұмысын және жолдастарының жұмысын әділетті бағалай білуі, жетіспеушілікті таба білуі
Сыртқы ұйымшылдығы жұмыс үстеліндегі реттілік жұмысқа арналған материалдарды қолданудағы ұқыптылығы, жұмыстан алаңдаудың болмауы.
Жауапкершілік: Жеке өз басы үшін ғана емес, өзгелер үшін де маңызы бар іс-әрекетті міндетті түрде орындаудың қажеттілігі мен мәнін түсіне білуі, тапсырылған іске жауап беруге дайындығы;