*/Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар



бет8/17
Дата19.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#119611
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Қиялын дамыту жаттығулары

Өз бетімен жұмыс істеу:

  1. Бір нәрсені орындау туралы тапсырманы қуана құптауы, өзіне пайдалы істер таба алуы, ойын ойнау, еңбек ету, жұмыс істеу үшін жағдай туғызу;

  2. Үлкендер тарапынан бақылау болмаған жағдайды тапсырманы орындауы;

  3. Басқалардың көмегінсіз тапсырманы орындай алуы;

  4. Қиындықтарды жеңіп, нәтижеге жете алуы;

  5. Өз бетімен орындаған жұмысына қанағаттануы.

Тәртіптілік:

  1. Үлкендердің талаптарын, тапсырмаларын және өз міндеттерін, қуана әрі уақытылы орындалуы;

  2. Тәртіп талаптарына қайшы келетін қадам жасамауда өзін-өзі ұстауы;

  3. Өзінің ойы мен тілегін басқалардың ой тілектерімен сәйкестендіре алуы.

Табандылық:

  1. Алға қойған мақсатқа жету үшін, ұзақ уақытбойы күш-жігерін жұмсай алуы,мақсатқа жетуі;

  2. Мақсатқа жетер жолдағы қиындықтар мен кеедергілерді жеңе білуі;

  3. Бастаған істі аяқтау.


Балаларды дамытуға және мектепке оқуға дайындауға арналған материал
Барлық ата-аналар баламыз ақылды әрі дені сау, мектепке жақсы дайындалып, жақсы оқыса екен деп тілейді. Баланың ақыл-ойы мен денесінің дамуында тамаша нәтижелерге жету үшін, онымен бірге тер төгуге тура келеді.Ал бұл біріккен еңбек қиындық тудырмас үшін, оны ойын түрінде жүргізген дұрыс.
Ойын-балалардың ең сүйікті ісі, жұмысы. Ойында ең қиын нәрселер де жеңілденеді. Ұсынылып отырған материалды отбасында және балабақшасында дамыту жұмыстары үшін қолдануға болады. Балаларды дамыта отырып, олардың денсаулығын сақтау керектігін ескеріп, көбінесе таза ауада ойнап, балалармен демалысты пайдалы, мазмұнды, қызықты өткізу ұсынылады.
Балаңыз сізбен ойнағысы келіп, өтініш жасаса бетін қайтармаңыз.Ойынды өзіңіз ұсынып, қошаған ортаны тануға көмектесіңіз.Балаңызды білгіш, мықты, тапқыр, дені сау болуға тәрбиелеңіз.Сонымен бірге, балаңызбен ойнай отырып, өзіңіз де үлкен әсер аласыз, балалық шақты еске түсіріп, жасарып, балаңызды жақсы түсіне бастайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет