Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет520/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі.
Айқын жергілікті реакция үлкен ісікпен, эритемамен көрінеді
(d>10см), 24 сағат сақталады. Сонымен бірге, жедел аллергиялық реакцияның басқа да
белгілері дамуы мүмкін: есекжем, ангионевротикалық ісік, беттің қызаруы, лоқсу, құсу,
жұтқыншақ, дауыс желбезегінің, көмейдің, трахеяның ісінуі, бронхоспазм нәтижесінде
тыныс алудың қиындауы, іште ауырсыну, диарея, артралгияның пайда болуы.
Анафилактикалық шок (АШ) – ауыр аллергиялық реакция. Ол дененің кез келген
жерін жәндіктер шаққанда дамиды, бірақ бас пен мойыннан шаққанда даму мүмкіндігі
жиілейді. Көп жағдайларда АШ белгілері алғашқы он бес минутта дамиды, бірақ кейде
баяу дамуы да мүмкін. Анафилактикалық шок клиникалық көрінісі төменде берілген.
Бірінші шаққанда реакция неғұрлым ауыр болса, оның қайталауы соғұрлым жоғары.
7-12 күн өткен соң сарысулық ауруға ұқсайтын реакция дамуы мүмкін.
Диагноз анамнезге негізделеді. Терілік сынаманы ара және сона уының
сығындыларымен жүргізеді. In vitro IgE анықталуы мүмкін.
Емі.
Арнамалы емес белгілеріне сәйкес ем тағайындайды. Жергілікті салқын
компресс, қышынуға, қабынуға қарсы майлар, ішуге антигистаминді, стероидты емес
қабынуға қарсы дәрілер қолданады. 
Алдын- алу.
 
Аллергиясы бар адамдарға сақтану ережесі:

жазды күндері далаға денені барынша жауып тұратын, ашық түсті киімдер киіп шығу;

жәндіктер пайда болғанда күрт қимылдар жасамау;

бас киім киіп жүру;

орманда, далалық жерде, шалғында тамақ жегенде абай болу;

прополис бар препараттарды қолданбау;
Ата-аналары жәндік шаққанда дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу керек.
8.7. АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК
Анафилактикалық шок
(дұрысы – 
коллапс)
– 
гемодинамиканың декомпенсаци-
ялы бұзылысымен байқалатын жедел, жүйелі аллергиялық реакция, І аллергиялық
реакция типіне негізделген
(IgE реагиндері мен IgG). Ол аллергиялық реакцияның ауыр
формасы және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдай. АШ жайлы алғашқы
502


деректер б.э. дейінгі 2641 жылдан белгілі: деректерге қарағанда Египеттік Мензес фараон
сона шаққаннан өлген. 
Анафилактикалық шок анафилактикалық реакциядан еш айырмашылығы жоқ –
аллергиялық емес жоғары сезімталдық, сыртқы орта себептерінен туындаса да
патогенетикалық антиген-антидене әсерімен байланысты емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет