XIX ғасырдағы психология. XIX ғасырдың бірінші жартысы – психологияның
тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген
ассоциациялық бұрынғы концепция матералистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстрамы
мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун (1778 - 1820), Джемс Милль (1778 - 1830),
Дж. Ст. Ммилль (1806 - 1873) сияқты зерттеушілер.
Ассоциялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу
нəтижелерімен анықталды. Г.Гельмгольц (1821 - 1894) ассоциацияның жасалуын сезім
мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дервин ассоциацияны эмоция арқылы түсіндірді.
Орыс физиологы И.М. Сеченов (1829 –1905 ) ассоциацияның физиологиялық негізін бас
миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дəлелдесе, Г.Спенсер (1820 - 1903) оны
психиканың филфенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез –
құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді.
XIX ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мəнге ие болды,
адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп
отыратындығы нақтылы іс - əрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мəні
айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес пəнге айналдырды,
оның өзіндік мақсат – міндеттері мен зерттеу əдістерін анықтады.Психологияның XIX
ғасыр ортасында дербес ғылыми пəнге айналуының табиғи – ғылыми негізі – физика мен
химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің
психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нəтижелері.
Бұл пəннің тəжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге жəне
теориялық көзқарастарға сүйене отырып баяндаймыз. Мəселен, 1) В.Вундт жəне
Ф.Брентано (1838 - 1917) көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың əуел бастаған
“өзінше пайда болуы” деген пікірлердің дəрменсіздігі; 2) И. М. Сеченов зерттеулерінде
организм мен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы – алғашқы, ал психикалық
құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны – нəтиже деп саналуы. Сөйтіп,
Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға
тəуелді деп қарастырылуы; 3) психиологияның дербес тəжірибелік ғылым болып
қалыптасуына тірек болған көзқарастардың философиялық жəне биологиялық негіздері;
4) əр кезеңде тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мəнін білдіретін
организмнің биологиялық құрылымы; 5)организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы
аристотельдік, декарттық жəне дарвиндік зерттеу нəтижелері.
Психология ғылымының дамуындағы бағыттар мен мектептер.
Психологияның дамуындағы түрлі бағыт – бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де бұл
пəннің сан алуан мəселелерін əрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырады. Олардың
негізділері мыналар: Э.Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі –
В.Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тəжрибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті);
Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді
тəжірибелік зерттеулер арқылы анық
талдады. Көрнекті өкілдері: К.Марбе, И.Орт, А.Майер, Г.Уотт, А.Мессер, Н.Ах, К. Бюлер,
О.Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды.
Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі мақсаты –
психология ғылымының жетістіктерін тəжірибеде қолдана отырып, адамның мінез –
құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р.Вудвортс (1869 – 1962) болды.
Бихевиоризм – ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық
бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп
санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874 -1949).
Гештальт – психология – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін
қалаған Макс Вертгеймер (1880 - 1943).”Гештальт” немісше – тұрпат, түр, форма,
құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты –
жеке психикалық процестердің құрылымын тəжірибе жүзінде зерттеу.
Фрейдизм. Бұл – Австрия ғылымы З.Фрейд (1856 -1939) есіммен аталатын бағыт.
Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.
ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің психология
ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт – бағдары жəне ғылыми маңызы бар
когнитивтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу), гипотезалық –
дедукциялық бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік
бихевиоризм жəне неофрейдизм тəрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм
(көрнекті өкілі – Х.Корни, 1885 - 1953) – биологиялық еліктеудің əлеуметтік
факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологы
Курт Левин (1890 - 1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы
адамдардың өзара қарым – қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл –
ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т.б. мəселелерді бір жүйемен қарастырған
біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швецариялық Жан Пиаже (1896 - 1980).
Кеңестік психологияның дамуы.
Ресейде психологиялық ой – пікір, негізінен, екі түрлі бағытта өрістеді. Оның бірі –
бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана – сезімнің дамуы, екіншісі –
ресми идеология. И.М.Сеченевтың “Бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі
психология ғылымының дамуы үшін жартылыстық – ғылыми негіз болды, сөйтіп,
материалистік психологиялық ой – пікірдің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар,
Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың (1862 -1936), кеңестік кезеңде В.М.
Бехтеревтің
(1857
-
1927),
И.П.Павловтың
зерттеулері,
Н.Е.Введенский
мен
А.А.Ухтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаңалықтары психологияның табиғи –
ғылыми негізін одан əрі өрістетуге жол ашты Кеңестік дəуірде психология ғылымының
іргесін қалауға П.П.Блонский, В.Я.Струмлинский, К.Н.Корнилов, Б.М.Теплов т.б. үлес
қосты. Психика дамуын əлеуметтік тарихи – мəдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген
еңбек жазған Л.С. Выготский (1896 - 1934), іс - əрекет психологиясының мəселелерін
зерттеген С.Л.Рубинштейн (1887 - 1960), А.Н.Леонтьев т.б. еңбектері бұл ғылымның
методологиясы мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның тарихи
даму мұқтаждығының, экономика мен идиологияның, мəдениеттің өрістеуіне сəйкес
кеңестік дəуірде психологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жеке – жеке
ғылыми пəнге айналды. Соның нəтижесінде тəлім – тəрбие психологиясының даму
қарқыны мен оның қамтыған мəселері əр алуан болды.
Қазақстанда психология ғылымының даму жолы.
Психология ғылымына тікелей қатысты болмағанымен, адамның жан дүниесі
жөніндегі пайымдаулар мен ой – пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып,
ХV – ХІХ ғасырдағы қазақ халқы ғұламаларының, ағартушы – демократтарының
туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Одан бұрынғы дəуірлерде ақын –
жыраулардың өлең – толғауларында, билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдар
да, ел намысын қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің
жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берерлік мол рухани қазына
жатқандығын қазіргі кезде əр тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.
Аса көрнекті ғалым Ш.Уəлиханов шығармаларында халықтың рухы оның таным –
наным түсініктерімен тығыз ұшырастырылады. Ы.Алтынсарин еңбектері этникалық жəне
балалар психологиясының қыр – сырына толы болды. Абай туындылары да туған
халқының жан дүниесіне тəн қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл – ой шыңына
дейінгі мəселелерді қамтиды. Ал Сұлманмахмұт Торайғыров жан мен тəн ылғи да
бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырды. Психологиялық ой – толғаулар
мен пайымдау – түсініктер Шəкəрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы –
демократтарда, ақын – жырауларда көп кездеседі.
Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, халыққа
білім беру, тəлім – тəрбие істерінің мақсат – міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек
Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен “Жан жүйесі жəне өнер таңдау” деген
туындысы – психология пəні бойынша таза ана тілімізде жазылған алғашқы еңбек. 1920 –
1930 жылдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтардың оқу – ағарту, тəлім –
тəрбие істерімен өзара ұшырастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой – пікірге
толы мəнді еңбектер жазды. С.Балаубаев, Т.Тəжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков,
Ə.Ситдықов, Е.Суфиев тəрізді психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген
мəселелері, тақырыптары сан алуан. Қазақстандағы психология ғылымы сан – салаға
тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пəндер қатарына
жатады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Психологияның философиямен бірлесе дамуы.
2. Психологияның жаратылыстану ғылымдарынан бастау алуы.
3. Ежелгі жан туралы түсініктер қандай
4. Орта ғасырдағы жан туралы түсініктер мен көзқарастар.
5. ХУІІІ ғасырдағы психология.
6. ХІХ ғасырдағы психология ғылымының дамуы.
7. Психологиялық бағыттыр мен мектептер
8. Қазақстандағы психология ғылымының даму барысы.
Қолданылатын əдебиеттер:
1. АлдамуратовƏ.Жалпы психология-Алматы.,1996
2. Ждан А.Н. История психологии.-М.,1999
3.Психология:Адамзат ақыл-ойының қазынасы.10 томдық. 1,2,3,4 том./жетекшісі-акад.
Ə.Н.Нысанбаев.-Алматы:Таймас,2005
4. Ярошевский М.Г. История психологии.-М.,1985
5.Əлемдік философиялық мұра. 20 томдық шығ. 9 том «Өмір филисофиясы».-
Алматы,2006
6. Леонтьев А.Н.Лекции по общей психологии.-М.,2003
3 дəріс
Тақырыбы:Психика жəне жүйке жүйесі.
Дəрістің мазмұны:
1.Психика туралы түсінік.
2. Психика дамуын бейнелеу теория тұрғысынан түсіндіру.
3. Психиканың жаратылыстық ғылыми негізі.
4. Сана-психика дамуының жоғары сатысы.
5. Психикалық құбылыстар құрылымы.
Мақсаты: Психиканың жаратылыстық ғылыми негізі – жүйке жүйесімен
байланыстылығын жəне адам санасының психика дамуының жоғары сатысы екендігін
түсіндіру.
Психика туралы түсінік.
Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға əсерлерін,
тітіркендіруінен пайда болады. Бұл жағдай психиканың сыртқы орта мен объективтік
шындықтың өзара шартты байланыста екнін көрсетеді. Сыртқы нəрселердің адам миына
əсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мен сезімдер, т.б. психикилық
процестер пайда болды. Сонда, психика дегеніміз – үнемі болып отыратын қозу мен
тежелу сияқты физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен
құбылыстардың əсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның түрлі ойлау
əрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат-мүдделеріне қарай оларға тітіркеніп,
(икемделеді) бейімделеді. Осы жайттар психика қоршаған сыртқы ортамен қарым-
қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екендігін дəлелдейді.
Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі-тарихи процесс. Ол адамның
қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі жəне сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз
байланысты. Бұл психика дамуында айқықша мəнді физиологиялық құбылыс жəне адам
тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке
жүйесінің қызметінің байланысты болса, екіншіден, бұл бейнелеу адам санасында өз
таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да,
материалдық сипаты бар зат та емес. Психика- мидың негізгі (қызметі) қасиеті.
Психиканы бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.
Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде
болады. Бұл табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сəйкес
материяның ұзақ дəуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады.
Материя табиғатын зерттеу əр түрлі қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс
материяның өмір сүру тəсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ілімінде де қозғалыс, даму
процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл əлем заттары, əлемнің өзі де
мəңгілік қозғалыста болып, үнеміөзгеріп, дамып отырады.
Барлық материяға-жансыззаттардан бастап, ең жоғары дəрежеде дамыған күрделі
материя-адаммиына тəн қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі-материяның сыртқы əсерге
жауап беруі. Материяға тəн жалпы қасиет-биологиялық бейнелеу формасы. Жанды
материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі
туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.
Эволюциялық даму нəтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың əсерін
тітіркеніп, бейнелеудің бірнеше түрлері шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне
қарай əлсіз тітіркенуден бастап, бейнелеудің күрделі түрлері болып саналатын түйсіну,
қабылдау, ойлау, т.б. сияқты формалары пайда болды.
Сана-психика дамуының жоғары сатысы.
Психиканың адамға тəн жоғары дəрежеде дамуын сана деп атайды.
Адам санасының дамуы тек қана биологиялық құбылыс емес, сонымен қатар əлеуметтік-
тарихи заңдылық. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі сондықтан сананың
даму процесі, оның əр көрінісі адамзат қоғамы дамуының барысымен байланысты тарихи
жағдайлармен анықталады. Жеке адамсанасы мен қоғамдық санадиалектикалық бірлікте.
Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды жəне адамзат жинақтаған
білімді меңгереді, айнала құбылысты өзгете де қайта жасайда алады.
Сананың ерекше қасиеттері:
1.-ден – сананың тарихи сипаты
2.-ден – адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық жəне
индивидуалды – гностикалық бірлік
3.-ден – адам санасының мақсат-бағдарлы жəне белсенді сипаты
4.-ден – адамның өзіндік сана сезімдік сипаты
5.-ден – ақиқаттың адам санасында жалпы жəне жанама бейнеленуі.
Психикалық құбылыстар.
Психикалық құбылыстардың негізгі формалары.
1. Психикалық процестер.
Психикалық процестер-дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың адам
миында түрліше бейнеленуі олар:
- танымдық – зейін, түйсіну, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу.
- эмоционалды – сезім жəне эмоция.
- Еріктік – ерік.
2. Адамның психикалық білімі:
- білім, іскерлік, дағды, əдет, көзқарас,, сенім, пікір.
3. Психикалық қасиеттер.
Психикалық қасиеттер-дегеніміз адамның жеке басына тəн даралық ерекшеліктері.
- бағыттылығы немесе бағыт-бағдары.
- Мінезі, темперамент, қабілет.
4. Психикалық жағдайы.
Жүйке жүйесінің құрылымы.
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оны білу ми мен
психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы
мен қызметі жайындағы мəліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызиеті жəне
оның заңдылықтары-психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін құрайды. Жануарлар
мен адамдардың психикалық əрекетінің материалдық негізі-мидың жəне оның
бөліктерінің құрылысы екендігі тəжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан
анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы
əсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың
қызметін, зат алмасуы мен қан айналымын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделіп
отырады.
Жоғары жүйке жүйесі типтері.
И.П.Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерін 1 жəне 2 сигнал жүйесіне қарай 3 типке бөлді.
1. ойшыл тип (мыслительный)
2. көркем тип (художественный)
3. орташа тип (средний тип).
1. Ойшыл тип. Екінші сигнал жүйесі қызметінің ролі басым, абстрактылы ойлауға
бейім, прагматик, рационалист ғылыми шығармашылық жұмыстарға жəне
болжауға қабілетті қазіргі терменология бойынша мидың сол жақ жарты шарлары
қызметіне қарай психотин.
2. Көркем тип. Негізгі қызметіне 1-ші сигнал жүйесі атқарады. Бейнелі –
эмоциональды ойлайды, айналадағы дүниені тұтас, сол күйінде қабылдайды.
Қабылдаудың тұрақтылығы, өткірлігі, байқағыштығы, тұтастығы, əсемдігі тəн.
Мидың оң жақ жарты шарлар қызметіне қарай психотин.
3. Орташа тип. 1-ші, 2-ші сигнал жүйесі қызметтері теңбе-тең. Белгілі бір жағдай,
ситуациясына қарай екі сигнал жүйесі де бейім келеді. Көптеген адамдар осы
типтің қатарына жатады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Психика дегеніміз не.
2.Психиканың бейнелеу теориясы дегеніміз не.
3. Психиканың жүйке жүйесімен байланыстылығы
4. Сананың қызметі мен қасиеттері.
5. Психикалық құбылыстар дегеніміз не.
6. Психикалық процестер.
7. Психикалық қасиеттер.
8. Психикалық кейіп.
9. Психикалық білім.
10. Жүйке жүйесі қызметіне қарай адам типтері.
Əдебиеттер:
1. Алдамуратов Ə.Жалпы психология.-Алматы.,1996 33-59, 75-91 беттер
2. НамазбаеваЖ.И.Психология.-Алматы.,2005 40-81беттер
3. Лурия А.Р. Лекции по общей психологии.-Питер.,2004
4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.,1981 410-435 стр
5 Сəбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы.-2003 37-69 б.
4 дəріс
Тақырыбы:Жеке адам жəне іс-əрекет психологиясы.
Дəріс мазмұны:
1.Жеке адам туралы түсінік жəне оның психологиялық құрылымы.
2. Жеке адамның дамып қалыптасуына əсер етуші факторлар.
3. Жеке адамның бағыт-бағдары,қажеттілігі,дүниетанымы жəне мотивтер сферасы.
4. Іс-əрекет туралы жалпы түсінік.
5. Іс-əрекеттің түрлері.
Мақсаты:
Жеке
адамның
психологиялық
құрылымы
мен
бағыт
бағдары,қажеттілігі,дүниетанымы жəне мотивтер сфеорасымен таныстыру. Жеке адамның
дамып ,қалыптасуына əсер етуші факторлар мен адам өмірінде іс-əрекеттің маңызы
Жеке адам туралы түсінік.
Адам бір жағынан қарасаң саналы ойлауға жəне сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы
ортаны танып, жəне оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ақза болып
табылады. Екінші жағынан, адам ол қоғам мүшесі. Ол адамға тəн басты белгі, себебі
қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық қасиетін өзгертіп, дамытады.
Психологияда адам түсінігінен басқа да “индивид”, “тұлға”, “индивидуалдық”, “жеке
адам” ұғымдары қолдануда.
Индивид – адамды биологиялық тұрғыдан қорғау. Индивид дегеніміз өзіне тəн барлық
ерекшеліктермен бірлікте алынған нақтылы адам.
Əр адамның өмірімен іс-əрекеті, тəрбиесі, білімі əртүрлі жəне қайталанбас өзін тəн
белгілерімен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын “индивидуалдық” деп
атайды.“Тұлға” жəне “жеке адам” түсінігінің мəні адамның əлеуметтік қоғам мүшесі
екендігін білдіреді.
Жеке адам қоғамдық ғалымдар объектісі. Тарих, философия, социология (əлеуметтану)
этика, эстетика, психология, педагогика т.б.Жеке адам – қоғамда белгілі бір жағдайға ие
жəне белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз – жеке
адамның атқаратын əлеуметтік қызметі. Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның
қатынастарының жүйесі. Ол қатынастар: өмірді материалдық жағдайларына, қоғамға жəне
адамдарға, өзіне, алдына қойған мақсат-міндеттерге т.б. Жек адамның өзіне тəн негізгі
құрылымы: қабілеті, темпераменті,мінезі, еріктік, сапалық қасиеттері, эмоциясы,
мотивациясы, жəне əлеуметтік құрылымы.
Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.
1.
Қасиеттердің
тұрақтылығы.
Психикалық
құбылыстардың
пластикалығына
байланысты жеке адамның психикалық тұрақтылығы болу қажет.
2. Жеке адам тұтастығы. Жеке адам біртұтас организм жəне оған тəн қасиеттері бір-
бірімен өте тығыз байланысты.
3. Жеке адам белсенділігі. Сыртқы ортаны, сонымен қатар өзінің психикалық
құбылыстарын дамытуға, тануға бағытталған адамның əртүрлі жəне жан-жақты іс-əрекет
түрінен байқалады.
Жеке адамның дамып қалыптасуына əсер етуші факторлар.
Адам белгілі бір процестердің өзара байланысы жүйесінде дамиды.Олар əлеуметтік,
табиғи орта жəне материалдық, рухани жағдайлары мен іс-əрекеті.Жеке адамның дамып
қалыптасуында əлеуметтік жағдайы негізгі роль атқарады. Оларға:
-үлкен əлеуметтік топтар (макросоциосреда) – құрылыс, мемлекеттік құрылыс, қоғам
даму барысы, адамдар қызметі.
-Кіші əлеуметтік топтар (микросоциосреда) – адамның үнемі өзара байланысты ортасы.
-Тəрбие – адамның рухани өмірі дамып, қалыптасуына арнайы ұымдастырылған
процесс
-Іс-əрекет, ойын, оқу, еңбек (өндірістік жəне шығармашылық).
Адамның психикалық немесе биологиялық даму барысында (искуственная) орталар;
қазіргі техника жəне технологиялар, оларда өндіру мен қолдану, қазіргі өндірілген заттар,
информацияда – техникалық құралдар мен орталар (радио-теле т.б.) əсері өте
зор.Əлеуметтік факторлармен қоса жеке адам дамуында психиканың тұтастығы
биологиялық факторлар мен де байланысты. Олар:
-адамның физиологиялық ерекшеліктері
-жоғары жүйке жүйесінің жалпы жəне арнайы типтері
-мидың өзіндік морфологиясы жəне оның түрлі қызметтері құрылымына қарай дамуы
-мидың қызметінің аномалиясы (зақымдануы).
Адам психикасының дамуын əсер етуші факторлар бірі табиғи фактор.
Климаттық, географиялық, геофизикалық, космостық, түрлі өмір сүру жағдайлары мен
адам қызметтері Зерттеушілердің назары адам психикасы дамуында неосфералық
факторлардың маңызы бар екені жердің информациялық – энергетикалық жағдайы əсері
жағынан қаралады. Неосфера көздері планеталар сияқты космостық əсерлер. Ол əсерлер
жер бетіндегі барлық адамның жан құбылысымен байланысты.
Жеке адамның дамып қалыптасуында жəне психологиялық құрылымы мен барлық
сферасында негізгі роль атқаратын ол өзі жеке адам. Айналадағы сыртқы, ішкі
жағдайлардың барлығының əсерінің көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |