Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН


 дəріс  Тақырыбы:   Зейін  жəне  ес  процесі



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата31.03.2017
өлшемі0,6 Mb.
#10875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7 дəріс 

Тақырыбы:   Зейін  жəне  ес  процесі. 

Дəріс мазмұны: 

    1. Зейін туралы түсінік. 

    2. Зейін түрлері жəне қасиеттері. 

    3. Ес процесі туралы түсінік. 

    4. Ес түрлері мен қасиеттері. 

    5. Есте сақтау ерешеліктері мен заңдылықтары. 

 

Мақсаты:Зейін  түрлері,қасиеттерімен  таныстыру.Ес  процесінің  түрлері,процестері, 

ерекшеліктері 

жəне 


психологиялық 

заңдылықтарын 

түсіндіру.Есте 

сақтау 


ережелерімен таныстыру 

    .Зейін туралы түсінік. 



     Зейін  өмірде  психикалық    əрекеттің  бір  жағы  бола  отырып,  адамның  өнімді  білім 

алуына,  еңбек  əрекетінің  сапалы  əрі  нəтижелі  болуына  көмектеседі.  Зейін  дегеніміз  – 

сананы  белгілі  бір  затқа,  құбылысқа,  объектіге  бағыттап  шоғырлануы  жəне  айқын 


бейнелеуін  қамтамасыз  ету.  Зейін  пайда  болуына  керекті  шарттар:  объектіні  бөліп,  оған 

назар  аудару  жəне  басқа  тітіркендіргіштерге  алаңдамау.  Зейінің  физиологиялық 

құбалмылығы    көрінісін  И.П.Павлов  ашқан  қозудың  оптималдық  ошағы  құбылысы 

түсінуге  көмектеседі.  А.А.Ухтомский  ми  қызметінің  физиологиясын  зерттеу  нəтижесін 

доминантта жайлы түсіндіреді. 

     Зейіннің құрылымы, түрлері жəне қасиеттері. 

    Сыртқы  дүниенің  кез  келген  объектілері  кейде  ырықсыз-ақ  біздің    назарымызды  өзіне 

тартады.Адамның ырықты зейіні əрекетті сапалы түрде белгілі ерік үшін жұмсау арқылы 

орындалуынан  көрінеді.Үйреншікті    зейін  адамға  табиғи  сіңіп  кеткен,  арнайы  күш 

жұмсамай-ақ орындалатын  зейін. Қандай нəрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, 

адамның іс - əрекеті дағдысына айналады. 

Зейін қасиеттері: 

а)  Зейіннің тұрақтылығы жəне жинақтылығы. 

ə)  Зейіннің ауысуы. 

б)  Зейіннің бөлінушілігі. 

в)  Зейін көлемі. 

г)  Зейін шоғырлануы 

д)  Зейін алаңдаушылығы. 

е)  Зейін шашыранқылығы 

 Ес туралы түсінік.  

   Адамның  қабылданғандары  ізсіз  жоғалып  кетпейді.  Үлкен  ми  сыңарлары  қыртысында  

қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ 

кезінде  де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте сақтай алады, 

жəне қайта жаңғырта алады. 

    Ес  дегеніміз  –  адам  тəжірибесін  есте  тұту,  сақтау  жəне  қайта  жаңғырту  жолымен 

бейнелендіреді.  Естің  негізінде  ассоциоциялар  немесе  байланыстар  жатады.  Дүниедегі 

бір-бірімен  байланысты  зат  немесе  құбылыстар  адамның  есінде  байланысын 

сақталады.Физиологиялық жағынан алғанда ассоциация уақытша нервтік байланыс болып 

саналады. Естің негізгі процестері есте сақтау, қолда ұстау, тану, қайта жаңғырту. 



Ес түрлері. 

Іс-əрекет сипатына қарай, ес мынандай 3 түрге негізделіп бөлінеді.  

1.  Психикалық  белсенділік  сипатына  байланысты:  қимыл-қозғалыс,  эмоциялық 

сезімдік, бейнелі-көрнекілік жəне сөздік мағыналық. 

2. Іс-əрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті,еріксіз ес. 

3. Адамның материалды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа 

жəне ұзақ мерзімді есте сақтау. 

Ғылымда  есті  дамытуға  арналған  жаттау  тəсілін-мнемоника  деп  аталады.  Өмір  сүру 

қызмет  атқару  барысында  жүйке  жүйесінің  ерекшеліктеріне  қарай  адамда  естің  даралық 

жəне  типтік  ерекшелігі  қалыптасады.  Естің  (индивидуалдық)  даралық  ерекшеліктерімен 

біріншіден,  жəне  адам  ерекшеліктерімен  байланысты  болады.Екіншіден  даралық 

айырмашылық  ес  санасынан  көрінеді.  Ес  санасы  есте  ұстау  шапшаңдығы,  сақтау 

беріктілігі жəне қайта жаңғырту жеңілдігімен  сипатталады. 

Естің типологиялық (типтік) ерекшеліктері. 

Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып  қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның 

іс-əрекет ерекшеліктеріне байланысты болады. 

Есті зерттеу теориялары. 

1.  Ассоциативті теория. Негізін салушылар Г.Эббенгауз жəне Г.Мюллер т.б. 

2.  Гештальт теориясы. 

3.  Естің  мағыналық теориясы. Негізін салушылар А.Бине, К.Бюлер. 

4.  Информациялық – кибернетикалық теория. 

5.  Іс  -  əрекет  саласындағы  теориясы.  Зерттеуші  өкілдері:  А.Леонтьев,  П.Зинченко, 

Л.Смирнов. Барлық теорияның да ес процесінде өзіндік орны, негізі бар. 



Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

    1. Зейін анықтамасы. 

    2. Зейін түрлері. 

    3. Зейін қасиеттері. 

   4  Ес түрлері. 


   5. Есте сақтау процестері. 

    6. Ассоциациялық құбылыс. 

    7. Ес процесі теориялары. 

    8. Ес прцесінің типтік ерекшеліктері. 



Əдебиеттер 

        1. Алдамұратов Ə. Жалпы психология.-Алматы,1996 

        2. Леонтьев А.Н. Лекций по общей психологии.-М.,2001 

        3. Выготский Л.С. Психология.-М.,2000 

        4. Дубровина И.В. Психология.-М.,2003 

        5. Лурия Р.Р.Маленькая книжка о большой памяти.-М.,1994 

 

№ 8  дəріс 

Тақырыбы:   Ойлау  жəне  қиял  процестері. 

Дəріс мазмұны: 

    1. Ойлау туралы түсінік,ойлау ерекшеліктері. 

    2. Ойлау түрлері мен формалары жəне ой операциялары. 

    3. Ойлаудың адам өміріндегі маңызы. 

    4. Қиял туралы түсінік жəне қиял түрлері. 

    5. Қиялдың жасалу тəсілдері. 

    6.  Қиял жəне шығармашылық.. 

 

Мақсаты:  Ойлау жəне қиял процестерінің түрлері,ерекшеліктері,ой операцияларымен 

таныстыру.Ойлау жəне қиял процестерінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. 

 

 Ойлау процесі туралы түсінік. 

     Ойлау  (процессінде)  заттар  мен  құбылыстардың  жалпы  сипаттарын,  олардың 

арасындағы  табиғи  байланысы  мен  қатынасын  бейнелейтін  психикалық  процес    Əрбір 

адамның  шындықты  танып  білуі  тікелей  сезім  мен  ойлау  арқылы  бір  –  біріне  ауысып, 

өзара  байланысты  түрде  адам  танымын  толықтырып  отырады.Сонда нақты  пайымдаудан 

абстрактылы  ойлауға,  одан  тəжірибеге  көшіп  отыру  ақиқатты  танып  білудің  

диалектикалық жолы болып табылады. 

     Ойлау    ми  қыртысында  жүзеге  асатын  психикалық  процес  болғанымен    ол  табиғаты 

жағынан    əлеуметтік    болады    Ойлаудың  таным  сатысы  ретінде  айрықша  ерекшелігінің 

бірі – сөзге, тілмен қатыстылығы. 

    Ойлаудың проблемалығы. Ойлау əрқашан бір мəселені шешуге бағытталады. Мəселені 

шеше отырып, адам бір нəрсені біледі, түсінеді, түсіндіреді, сырын ашады т.б. 

  Ойлау формалалары 

 Ойлау формулалары: пікір, ұғым, ой қорытындысы. 

       Ұғым  -  дегеніміз  елеулі  белгілердің  бір  тектестігі  жағынан  біріккен  заттарды  

жалпылама  білу. 

       Пікір  -  дегеніміз  құбылыстар  арасында  байланыс  орнату  немесе  белгілі  бір  зат, 

құбылыс туралы ойын айту, қатынасын білдіру. 

       Ой  қорытындысы  –  бар  деректер  негізінде  жасалған  тұжырымдар.  Олар  индуктивті, 

дедуктивті,  традуктивті  болады.Индуктивті  –  бірнеше  жеке  жағдайдан  шығатын  ой 

қорытындысы.    Дедуктивті  -  жалпы  заң  ережеден  жəке  жағдайға  ауысатын  ой 

қорытындысы.  Традукітивті  (аналогиялық)  –  жекеден  жекеге  немесе  жалпыдан  жалпыға 

ұқсастықтарына  қарай ой қорытындылары. 

     Адамның  мəселе  шешудегі    жеке  тəсілі,  ой  əрекеті    ой  операциялары    немесе    ой 

процестері      деп    аталады.  Талдау  (анализ),  біріктіру  (синтез),  салыстыру,  жалпылау, 

нақтылау  т.б. 



 Ойлау түрлері 

    1. Ойлау түрлері  түрлі ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. 

    2. Таным ерекшелігіне қарай: теориялық, эмперикалық. 

    3. Мазмұнына қарай: көрнекті əрекеті,  көрнекті – бейнелік, сөздік – логикалық. 

    4. Əрекетіне қарай: вербальды, көрнекілік. 

    5. Қызметіне қарай: шығармашылық (творчестволық), сыншылдық (критика). 

    6. Рефлексияға қарай: интуктивті, рациональды. 


    7. Шешілетін мəселенің сипатына қарай: теориялық, тəжірибелік. 

Ойлаудың даму стадиялары 

    1  .Ұғымға  дейін  ойлау  –  5  жасқа  дейін  керек.  Барлық  құбылысты  жалпы  ойлайды, 

жекеден –жекеге немесе жалпыдан – жалпыға дейін байланыстырады. 

    2.  Ұғымдық  ойлау.  Ойлау  процесі  бірте  –бірте  одйлайды.  Құбылыстардың  қарапайым 

ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өзіндік ұғымы, пікірі қалыптасады. Ойлаудың бұл 

стадиясы 16 – 17 жасқа дейін дамиды. 



 Қиял процесі туралы түсінік. 

Қиял  туралы  түсінік.  Адам  бұрын  өзі  көріп    білмеген  нəрселердің  бейнесін  көз 

алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған 

бейнелерге  сүйене  отырып,  өз  басында  тың,  жаңа  елестер  мен  идеалар  туады..  Осындай 

жаңа бейнелер мен идеаларды қиял деп атайды. Қиял адамның еңбек əрекетімен дамитын 

психикалық  қызмет.  Қиял  арқылы  пайда  болып  отыратын  жаңа  бейнелер  адамның  білім 

қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Қиял дегеніміз – бізді қоршаған 

сыртқы  дүниедегі  заттар  мен  құбылыстардың  образдарын  жаңғыртып,  оларды  өңдеп 

бейнелеуден  тұратын  адамға  тəн  психикалық  процесс.  Адам  қиялынан  ерекшеліктерді 

былай топтастыруға болады: 

а)  əрбір  адамның  қиялы  оның  жеке  басының  қызығуы  мен  ерекшелігіне,  алдына  қойған 

мақсат-мүдделеріне байланысты. 

ə) қиялдың мазмұн-мəнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дəрежесі мен өмір 

тəжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты. 

б) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады. 

в) адамның қиялы еңбек процесінде іс-əрекет үстінде де дамып отырады. 



Қиял түрлері. 

    Өзіндік  ерекшеліктерімен  олардан  туындайтын  себептерге  қарай,  қиял  ырықсыз, 

ырықты  болып  екіге  бөлінеді.  Ырықсыз  қиял  адам  алдына  мақсат  қоймай-ақ  пайда 

болады. Мысалы: адам ұйқылы ояу кезіндегі сөзі немесе түс көру. 

    Ырықты қиял. Адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, қажетті бейнелер мен 

образдар жасау. 

Ырықты қиял түрлері қайта жасау  қиялы жəне шығармашылық қиял. Қайта жасау қиялы 

адамның өмір тəжірибесінде кездескен, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртады. 

    Қиялдың  ең  жоғары  түрі  –  шығармашылық  қиял  немесе  жасампаздық  қиял.  Қиялдың 

бұл  түрі  арқылы  жаңа    бейнелер  мен  образдар  жасалады.  Творчестволық  қиял  бейнелері 

түрлі тəсілдер арқылы жасалады. 

1. Қиыстыру-белгілі элементтердің қосындысы  ғана емес, творчестволық синтез. 

2. Аглютинация түрлі объектіге тəн бөлшектерді (жинастыру немесе) жинақтау. 

3.  Объектінің  кейбір  сапасын  немесе  басқаларға  қатынасын  алға  шығара,  күшейте 

көрсетуден  байқалатын  акцент  жасау.Əсірелеу  жəне  кеміте  көрсету  əдістері  акцент 

жасау тəсіліне жатады. 

4.  Əдеби,  мүсін  жəне  сурет  арқылы  бейне  жасаудың  кең  тараған  тəсілі-типтік  бейне 

жасау тəсілі. 

Творчестволық  қиял  бейнелерінің  бір  түрі  фантастикалық  бейнелер.Бұларға  діни-

мистикалық, ертегі – фантастикалық, ғылыми – фантастикалық бейнелер жатады. 

Армандар мен мұраттар қиялдың ерекше формалары. 

Творчество,    қажырлы  еңбек,  сонымен  бірге  адамның  барлық  дене  жəне  рухани  күшін 

жұмсауды  қажет  ететін  шабытты  еңбек  болып  табылады.Творчестволық  процесс  кезінде 

адамның психикалық əрекеті жоғары деңгейде өтеді. Бұл жеке адамның интелектуальдық 

эмоциялық, еріктік күйіне жатады. 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

    1. Ойлау ерекшеліктері қандай. 

    2. Ойлау түрлері. 

    3. Ойлау формалары. 

    4. Ой операциялары. 

    5. Қиял түрлері. 

    6. Қиялдың жасалу тəсілдері. 

    7.  Шығармашылық қиял. 



Əдебиеттер: 

    1.Богословский В.В. Жалпы психология.-Алматы, 1982 

    2.Немов Р.С. Практическая психология.-М.,1998   42-56 б. 

    3.СтоляренкоЛ.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону, 2003 

    4.Лурия А.Р. лекции по общей психологии.-СПб.:Питер ,2003 

    5. Ревская Н.С.Психология и педагогика.-М.,2001   99-101 

 

№ 9 дəріс. 

Тақырыбы:   Сөйлеу  процесі. 

Дəріс  мазмұны: 

    1. Сөйлеу туралы жалпы түсінік. Сөйлеудің физиологиялық сипаты. 

    2. Сөйлеу жəне қарым-қатынас. 

    3.  Сөйлеудің түрлері. 

    4.  Сөйлеудің дамуы жəне тəрбиелеу жолдары. 

 

Мақсаты: Сөйлеу процесінің түрлері,ерекшеліктері жəне физиологиясы,даму барысымен 

таныстыру. Қарым-қатынастағы сөйлеу ерекшеліктерін түсіндіру. 



 

 Сөйлеу процесі 

     Адамзаттың  жануарлар  дүниесінен  ерекшеленуі  мен  табиғатты  меңгерудегі  басты  іс  - 

əрекеттерінің  бірі жəне өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы 

адамзат  өзара  қарым  –  қатынас  жасап,  іс  –  қимыл  мен  өмір  –  тіршілігінің  бейнесін  

қалыптастырады. 

           Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 

     1. Адамзаттың қоғамдық тəжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, 

дүниені танып – білуін қамтамасыз етеді. 

    2.  Тілдік  қатынастар  нəтижесінде  адамдар  тілдесіп,  бір  –  бірімен  түсініседі.  Тілдің 

мұндай қызметін ғылыми атауды  коммуникативті қызмет деп атайды. Əрбір адамның өз 

мінез-құлқы  мен  іс-əрекетіндегі  даралық    тəжірибелерді  күнделікті  тіршілікте  қолданып 

отыруы,  сөйтіп,  сыртқы  орта  мен  жағдайлардың  өзгеруіне  бейімделуі.Адам  өзінің  ғана 

емес,  өзгелердің  де  тəжірибелерін  қолданады,  алға  қойған  мақсат-міндеттерін  шешеді. 

Мұндай əрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты. 

Сөйлеу  əрекетінің  атқаратын  қызметтері:  ғылыми  тұрғыдан  мынадай  үш  түрлі 

салаға топтастырылып қарастырылады: 

    1. Сөйлеудің коммуникативті қызметі. 

    2.  Сөйлеудің  сигникативтік    қызметі.  Бұл  латынның  “сигнал”  –  белгі,  таңба  деген 

сөзінен шыққан. Сигникативтік  қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен 

таңбалар арқылы түсінеді. 

    3. Сөйлеудің  экспрессивтік қызметі- əр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мəнерлі 

сөзбен, дауыс ырғағымен өзгелерге жеткізілу тəсілі. 



Сөйлеудің физиологиялық сипаттамасы.  

    Тіл  білімі  мен    физиологияның  түйсінуінен  психолингвистика  тіл  психологиясы  деп 

аталатын ғылым саласы пайда болды.Сөйлеудің физиологиялық негізін екінші сигналдық 

жүйенің  қызметі  құрайды.Екінші  сигналдық  жүйе  бірінші  сигналдық  жүйемен  бірлесе 

жұмыс  істейді.  Бұл  бірлестік  бұзылса,  сөйлеу  мəн-мағынасыз  сөздер  тізбегіне  айналады. 

Адамның  сөйлеуі    күрделі  психологиялық  процесс  екендігі  жəне  оның  жоғары  жүйке 

қызметімен  байланысты  болып  түр-түрге  бөлінуі,  олардың  орталықтары  мидың  түрлі 

алаптарында    орналасуында.  Сөйлеу  əрекетінің    бұзылуы  мидың  белгілі  алабының 

зақымдануына  байланысты  афазиялық  жағдайға  ұшырайды.  Афазиялар  динамикалық, 

эференттік қозғалысты жəне семантикалық, сенсорлық болып бөлінеді 



Сөйлеу түрлері. 

    Адамның  сөйлеу  əрекеті  түрлі  белгілеріне  қарай  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Біріншіден, 

сөйлеу  күрделілігіне,  өзінің  психикалық  жəне  физиологиялық  механизміне  орай, 

көпшіліктің  бірге  қосылып  айтатын  сөзі  хормен  жəне    қарапайым  түрде  қайталау.  Осы 

негізде сөздер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің 

жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, 

сөздер  үнемі  бағдарлы  түрде  айтылатын  активті  сөйлеу  мен  сөйлеудің  құрылысын  талап 

ететін  реактивті  сөйлеу  болып  жіктеледі.  Сөйлеудің    тағы  бір  түрі  қосалқы  сөз  болып 



келеді.  Қосалқы  сөйлеуге  мысалы:  жазба  текстерді  оқу  жатады.  Сөйлеу  əрекетін 

топтастырып  ажыратуда  ерекше  маңызы  бар  жəйт  сөйлеудің  еркін  болуы.  Бұл  сөйлеуді 

топтастырып бөлудегі үшінші негіз болып саналады. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді 

сыртқы сөз-дауыстап естіртіп сөйлеу жəне іштей сөйлеу болып екі топқа бөлінеді. 

 

Сөйлеудің  адамдар  əрекетінде  жетекші  қызмет  атқаратын  түрі  коммуникативті 



сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі: 

а) монологтық сөйлеу 

ə) диологтық сөйлеу 

б) үнсіз іштей сөйлеу 

в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді 

Сөйлеудің дамуы.. 

    Бала  сөйлеуінің  дамуы  бірнеше  сатылардан  тұрады.  Алғашқы  саты  сөйлеуге  дейінгі 

кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты 

баланың  алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жылға дейінгі аралық. Үшінші сатыда 

бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды.Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтып, 

бүлдіршін  сөздердің  мəн-мағынасын  жəне  қолданылуын,  жеке  сөздердің    қызметін  де 

түсінеді.  Тіл  адамның  санасы  мен  ақыл-ойын  дамытушы  фактор.  Тіл  қоғамдық  құбылыс 

жəне  табиғаттың  адамға  берген  дарыны.  Адамның  дүниетанымының  күрделі,  қасиет-

сипаттарының  əр  тарапты  жəне  терең  болуының  мəн-жайы  да  оның  сөйлеу  əрекетіне, 

болмысты  дыбысты  анық  тіл  арқылы  тепе-тең  етіп  бейнелей  алуына  байланысты. 

Сөйлеудің ең жақсы  қасиет-ой пікірін қысқа əрі дəл айтып жеткізушілік. 

    Адамның  қоғамда  өз  орнын  табуында,  көпшілік  құрметі  мен  сеніміне  ие  болуында, 

орнымен, дəйекті сөйлей білуінде сөйлеу мəдениеті үлкен қызмет атқарады. 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

    1. Сөйлеу анықтамасы. 

    2. Сөйлеу түрлері. 

    3. Сөйлеу қызметі. 

    4. Сөйлеу ерекшеліктері. 

    5. Сөйлеу физиологиясы. 

    6.  Афазиялық жағдайлар,олардың түрлері. 

    7. Сөйлеудің даму стадиялары.. 



Əдебиеттер: 

    1. Намазбаева Ж.И.  Психология.-Алматы.,2005 

    2. Тəжібаев Т. Жалпы психология.-Алматы.,1993 

    3. Леонтьев А.Н.  Проблемы развития психики.-М.,1981 

    4.  Лурия А.Н . Лекции по общей психологии.-М.,2002 

    5.  Столяренко Л.Д.  Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003 

 

№ 10 дəріс. 

Тақырыбы;   Сезім жəне эмоция.  Ерік. 

Дəріс мазмұны: 

    1. Сезім жəне эмоция анықтамасы жəне негізгі қызметтері. 

    2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық  ерекщелігі. 

    3. Сезім  түрлері. 

    4. Эмоциялық көңіл-күйлер. 

    5. Ерік.Еріктің сапалық қасиеттері. 

 

Мақсаты:  Сезім  жəне  эмоция  қызметтерімен,физиологиялық  ерекшеліктерімен,сезім 

түрлерімен  жəне  эмоцоиналдық  көңіл-күй  түрлерімен  таныстыру.Еріктің  сапалық 

қасиеттерінің  ерекшеліктерін  түсіндіру.  Адамның  өз  сезім-эмоциясы  мен  ерік-жігерін 

басқара білуге,тəрбиелей білуге үйрету. 

 

Сезім жəне эмоция. 

 

Сезім  жəне  эмоция  туралы  түсінік.  Эмоция  мен  сезім  ерекшелігі  адамның 



қажеттіліктерімен,  талабымен,  ниетімен,  еркімен  жəне  мінез    ерекшеліктерімен 

аныталады.Сезім 

мен 

эмоция 


екі 

түрлі 


қызмет 

атқарады:1.реттегіштік. 

2. 

сигналдық.Сезімнің реттегіштік қызметі көңіл-күйдің тұрақтылығы мен мінез-құлқымызға 



бағыт беріп, оны қолдап кездескен кедергілерді жеңуге көмектеседі.Эмоцияның реттегіш 

механизмі  эмоциялық  қозуды  бəсеңдетеді.  Мысал:  сағыныш,  торығу,  қатты  қуану, 

шаттану т.б.Міне бұлар сөз, күлкі немесе бұлшық ет қимылдары арқылы сыртқа шықпаса 

қауіпті болады.(жылау 15 мин.). 

    Мəнді  қимылдар  эмоциялар  мен  сезімдердің  сигналдық  қызметін  атқарады.  Олар 

толғаныс,  тебіреністі  толықтырып  айқындай  түседі.  Дауыстық  жəне  мимикалық 

сигналдар,  сөз,  ырғақтары,  дауыс  реакциялары  қарым-қатынаста  адамдар  арасында 

байланысты бейнелейді. Мысалы: күлімсіреу, зілді, жасады, мұңды күйде қарау т.б. 

    Адам  өзіне,  басқа  адамдарға,  айналасындағы  дүниеге  қатынасын  білдіретін,  оны 

бейнелейтін психикалық процесті сезім деп атайды. Сезім адамның психикалық əрекетінің 

қандай  жақтарына  да  белгілі  түрде  реңін  береді.  Эмоциялар  мен  сезімдер  адамның 

əрекетімен, оның мінез құлқымен, жүріс-тұрысымен біте қайнасып жатады, таным процесі 

де  сезіммен  ұштасады.  Эмоция  мен  сезім  дегеніміз  бұл  адамның  айналадағы  өмір 

шындығына  жəне  өз  басына  деген  өзіндік  қарым-қатынасы.  Сезімдер  мен  эмоциялардың  

бірнеше  сапалық  ерекшеліктері  бар.  Осындай  саналық  ерекшеліктерінің  бірі  қарама-

қарсы,  полярлық  сапалық  ерекшеліктер  деп  аталады.  Мысалы:  сүйсіну,  сүйсінбеу, 

көңілдену, қажу т.б. 

    Жоғары  сезімдер.  Жоғарғы  сезімдер  адамға  ғана  тəн.  Осы  топқа  адамгершілік, 

эстетикалық, интелектік деп аталатын сезімдер кіреді.Қоғамдық өмірдің талабына сəйкес 

адам  мінез  құлқынан  жиі  көрінетін  сезімдердің    бірі  адамгершілік  сезімдері.Жоғарғы 

сезімдердің  бір  түрі-эстетикалық  сезімдер.  Эстетикалық  сезім  дегеніміз  адамның 

шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну.Жоғарғы сезімдердің бұдан басқа бір 

түрі  –  интеллектік  сезімдер  адамдардың  таным  процестерімен  ақыл  ой  əрекетімен  тығыз 

байланыста жатады. 



 Ерік туралы жалпы түсінік. 

Ерік-адамның  өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті.Ерік деп саналы түрде 

алға  тұтқан  мақсатқа  жету  үшін  жұмсалатын  жан  қуатының  белсенділігін  жəне  адамның 

өзін меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға 

айқын, ашық, саналы түрде түсінікті болуы қажет.Адамның ерікті əрекеті жүзеге асу үшін 

мынандай шарттар қажет: 

     а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету; 

     ə) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді жеңу;  

     б)  мақсатқа  жкту  жолында  қайраткерлік,  ерлік,  табандылық  көрсету,  қиыншылықтан 

жол табу, тəсілқой болу                       

      в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау. 

    Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар 

адамның  мұқтаждылықтарынан  туындайды.  Кісінің  күн  көруі,    тіршілік  ету  үшін  оған 

өзінің  табиғи  жəне  рухани  мұқтаждылықтарын  қанағаттандыру  керек.  Адамның  алдына 

мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждылықтарын өтеу үшін пайда болады. 

Еріктің амал кезеңдері. 

1.  Мақсат жəне оған жетуге ұмтылу (дайындық кезең) 

2.  Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою) 

3.  Ниет – тілектердің пайда болуы  

4.  Ниеттер шартысы жəне оның бірін қалау 

5.  Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бəрін қалау 

6.  Тоқтамға келген шешімді қалау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет