Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата31.03.2017
өлшемі0,6 Mb.
#10875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Еріктің сапалық қасиеттері. 

    Адамның 

ерік 

– 

жігер 



сапалары.Ерік 

күші. 


Шыдамдылық.Табандылық.Дербестілік.Шешімге келгіштік 

Ерік туралы теориялар.  

Ерік  жігер  туралы  теориялардың  бастылары  мына 

төмендегілер:Интеллектуалдық  немесе  ассоциялық  теориялар  (Э.Мейман  т.б).  Бұл 

теорияны  жақтаушыларды  жəне  дамытушылардың  бірі  Германияда  негізін  салған  

Э.Мейман.Бұлардың  айтуы  бойынша  ерікті  əрекеттердің  барлығы  ақыл  –  ой, 

интеллектімен  байланысып,  солардың  нəтижесінен  пайда  болады,  яғни  ерік  адамның 

мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды.  



    Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы 

бойынша,  ерік  эмоциялық  сезімдердің  тек  бір  түрі  ғана  болып  табылады.  Ерік  ең  күшті 

сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. 

    Америка  психологы  Джемс  ерік  адамда  пайда  болған  ойдың  еріксіз  қимылға  айналуы 

дейді. 

    Ерікті  тəрбиелеу.  Адам  ерік  саналарын  қалыптастыру  мен  тəрбиелеу  өз  алдына  нақты 



мақсат, іс - əрекеттерді орындау нəтижесінен басталады. Ерікті əрекеттер кезінде адам өз 

еркін меңгеріп, күш – қуатын қиын жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруы жəне бастаған ісін  

аяғына дейін жауапкершілікпен орындауы қажет.Бастаған істі жүзеге асыра білу тиіс. 

  - Содан адам өз еркін шыңдай алады жəне қалыпты деңгейде қалыптастырады. 

  -  Адамның  ісі  мен  мінез  –құлқын  меңгеруі  жəне  азаматтық  қасиеттері  ерікті  қимыл  – 

қозғалыстарынан жəне істеген ісінен байқалады. 

  -  Адамның  даралық  қасиеттері  барлық  психикалық  процестер  ішінен  еріктен  анық 

көрінеді.  Соған  байланысты  адам  өмірдегі  аса  маңызды  кезең  -  өзінің  іс  -  əрекеттерін 

бақылап,  ерік  –  жігерін  дамыта  білу  кезеңі  болып  табылады  .Бұл  кезең  адам  мінез  – 

құлқындағы ұнамды əрі жағымды саналарда қалыптасады 



Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

    1.Сезім анықтамасы,қызметі. 

    2. Эмоция қызметі. 

    3. Сезім мен эмоцияның физиология 

    4. Сезім түрлері  

    5. Эмоционалдық көңіл-күйлер түрлері 

    6. Стресс,аффект,фрустрация, т.б. ұғымдарына анықтама 

    7.Еріктің сапалық қасиеттері. 



Əдебиеттер:  

    1. Намазбаева Ж.Д. Психология.-Алматы,2005 

    2. Ильин Е.П. Психофизиология состояний человека.-СПб.:Питер,2005 

    3. Зарудной А.А. Общая психология.-Минск,1970 

    4. Психология:Адамзат ақыл-ойының қазынасы.10 том. №5 том.-Алматы,2005 

    5. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/ Дону,2003 

 

№ 11 дəріс. 

Тақырыбы:  Темперамент. 

Дəріс  мазмұны: 

    1. Темперамент туралы жалпы түсінік.. 

    2. Жоғары жүйке жүйесінің типтері-темпераменттің табиғи негізі. 

    3. Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы. 

    4. Темпераментке байланысты жеке адам қасиеттері.. 

 

Мақсаты:  Адамның  жеке  басына  тəн  қасиетерінің  бірі  темпераменттің  түрлерімен  жəне 

осы темперамент типіндегі адамдардың психологиялық сипаттамаларымен таныстыру. 

 

Темперамент туралы түсінік. 

     Темперамент  туралы  жалпы  түсінік.  “Темперамент”  сөзі  –  “красис”  грек  сөзіне 

латынша  темпераминтум  деген  сөздеріне  шыққан.  Мəні  –нəрселердің  немесе  заттардың 

мөлшер  шамаластығы  деген    түсінікті  білдіреді.  Бұл  өзгешелік  ең  алдымен  адамның 

эмоциялық  сезіміндегі  жəне  жүріс  –  тұрысы  мен  қимыл-қозғалысындағы,  сөйлеген 

сөзіндегі,  өзге  адамдармен  қарым-қатынасындағы  ерекшеліктері.  Сонда,  темпераментті 

жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тəуелді, жеке адамға тəн дара өзгешелік деп 

білеміз. Адамның өзгешелігінің мəнін ашуға алғаш көңіл аударған, еңбек жазған-ертедегі 

гректің  дəрігер  ғалымы  Гиппократ  (б.з.д.  460-356  ж.ж.).  Ол  организм  ерекшеліктері 

денедегі тіршілік шырындарына байланысты деп санады. 

    Темпераменттің  физиологиялық  негідерін  ғылыми  тұрғыдан  түсіндірген  –  академик 

И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу  процестерінің негізгі 

үш белгісі: 

1. қозу мен тежелудің күші 

2. олардың тепе-теңдігі 



3. қозғыштығы жиынтығынан құралады. 

Жүйке  жүйесінің  типтері  өзгеріп  дамиды.  Жүйке  жүйесі  іс-əрекетінің  дамуы  мен  өзгеруі 

тек  оның  табиғи  типтерін  ғана    билеумен  шектеліп  қоймай,  организм  тіршілігі 

өзгерістерінің барлығына əсер етеді. 



Темперамент түрлері. 

    Темперамент–  адамдардың  психикалық  əрекетінің  нақты  динамикасын  айқындайтын 

психикалық  дара  қасиеттерінің  жиынтығы.  Бұл  психикалық  ерекшеліктер  адамның 

барлық іс - əрекетінде оның мазмұнынан, қарым – қатынасынан, сөйлеген сөзінен, сезім- 

эмоциясынан, ерік- жігерінен, жүріс тұрысынан, қимыл – қозғалысынан, ым-ишарасынан 

(жест мимика) т.б көрініс береді.  



Сангвиник.  Ақжарқын,  ақкөңіл,  əрекетшіл,  күш  жігері  мол  адам.  Белсенді  қозғалыс  -

қимылдары мəнерлі, шапшаң, көңіл – күйі тез өзгереді, сезімтал. Қабілеті жоғары, қандай 

іске  де  қаймықпай  кіріседі.  Бастамашыл,  жаңаны  тез  қабылдайды,  ортада  өзін  еркін 

ұстайды.  



Холерик.  Əрекетшіл,  белсенді,  ұстамсыз,  тез  ашуланады.  Тəуекелшіл,  алдына  қойған 

мақсатына  қалайда  жетеді,  қиындықтарды  жеңе  біледі.  Көңіл  күйі  тез  өзгереді.  Тіке, 

ойына келгенді тез айтып тастайды. Кек сақтамайды, тез сөйлейді, ортаға тез бейімделеді.  

Меланхоликтың  эмоциялық  көтерілуі  табанды,  күшті,тұрақты  болады,  сыртқы  көрінісі 

əлсіз  көрінеді.  Əр  нəрседен  ауыр  əсер  алады,  мінезі  баяу  өзгереді,  көңілі  көбінесе 

жабырқау,  кейде  қайғылы  да  болады.  Сыртқы  жағдайдан  үрейленіп,  сескеніп  тұрады, 

кедергі  кездессе  уайымдап  қажи  түседі,  қимыл  қозғалыстары  ақырын,  баяу  болады. 

Мəнерсіз,  ақырын  сөйлейді,  сезім  күйлері  сыртқы  қимылдарынан  көрінбейді.  Өзі  тұйық, 

жасқаншақ  келеді,  кісімен  көп  араласпайды.  Іске  бірден  кірісіп  кетпейді,  егер  кіріссе,  іс 

əрекетін толық аяқтап шығады. 

Флегматик  эмоциялық  қозуы  əлсіз  болады,  қызуланып  желікпейді,  елеуреп 

ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, 

жарқырап  қуануы  да,  жабырқап  қайғыруы  да  қиын,  аз  қозғалады,  сылбыр,  керенау 

қимылдайды,  сезім  күйлерін  дене  қимылдары  білдіріп  тұрмайды,  мимикасы,  өзге 

қимылдары  мəнерсіз.  Бір  сарынды  монотонды  сөйлейді.  Іс  əрекетін  байсалды,  тиянақты 

орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. 



Өзін-өзі тексеру сұрақтары. 

    1. Темперамент ұғымы туралы алғашқы түсініктер. 

    2. Гиппократ ілімі. 

    3. Павловтың жүйке жүйесіне байланысты тұжырымдары. 

    4. Меланхолик типі сипаттамасы. 

    5. Флегматик темпераменті қасиеттері 

    6. Сангвиник темпераменті. 

    8. Холерик сипаттамасы. 

    9. Темпераменттің басқа қасиеттермен байланысты көріністері. 

Əдебиеттер:  

    1. Алдамұратов Ə. Жалпы психология.-Алматы,1994. 

    2. Зарудной А.А. Общая психология.-Минск,1970 

    3. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды.2-х т. Т.2.-М.,1980 

    4.  Реан А.А.Психология личности.-СПб.,2004 

    5. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003 

 

№ 12 дəріс 

Тақырыбы:  Мінез. 

Дəріс мазмұны: 

    1. Мінез туралы түсінік. 

    2. Мінез құрылымы. 

    3. Мінездің типтік ерекшеліктері.  

    3. Мінез акцентуациясы. 

Мақсаты: Адам мінезінің типтік ерекшеліктерімен, құрылымымен жəне акцентуациялық 

ерекшеліктерімен таныстыру.  



Мінез  туралы  түсінік.  Мінез  -  əрбір  адамның  жеке  басына  тəн  өзіндік  психологиялық 

қасиеттер  мен  ерекшеліктер  жиынтығы.  Мінез  ерекшеліктері  адамның  даралық  өзіндік 



психологиялық  қасиеттері.  Адамның  ісі  мен  қылығынан  көрінетін,  айналасындағыларға 

қатынасын бейнелейтін тұрақты жеке қасиеті мінез деп аталады. 

    Мінез  бітістері  адамның  дүниеге  көзқарасына  сенімі  мен  мұратына,  əлеуметтік 

жағдайына,  сыртқы  орталық  əсері  мен  адамның  өзін-өзі  тəрбиелеуінен  көрінеді.  Мінез 

бітімі қалыптасуында қоғамдық – тарихи тəрбиелену бағыттары əсерінің де маңызы зор.  

    Адам  мінезінің  даралық  ерекшелік  екендігін  ғылым  тарихында  алғаш  сипаттаған  – 

ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV- III ғ.ғ.) 

  Мінез құрылымы мен түрлері. 

    Адам  мінезінің  құрылымы  əртүрлі  қасиеттер  жиынтығынан  тұрады.  Кейбір  мінез 

ерекшеліктері  бір-біріне  тəуелді,  өзара  байланысты  болып  келеді.  Мінездегі  осындай  əр 

түрлі  қасиеттерден  құрылған  біртұтас  бірлікті  мінез  құрылым  дейді.  Мінездегі  өзара 

байланысты  психикалық  қасиеттердің  жүйесі  факторлар  деп  аталады.  Психикалық 

ғылымда мінез қасиеттерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады:  

1.  Мінездің  еңбекке  байланысты  қасиеттері:  еңбексүйгіштік,  адалдық,  еңбекке 

жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайлылық; 

2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайрымдылық, сергектік, талап қоюшылық, 

асқақтық, менсінбеушілік; 

3.  Өзіне-өзінің  қатынасы:  өркөкіректік,  даңғойлық,  тəкаппарлық,  мақтаншақтық, 

өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік т.б; 

4. Заттарға қатысты: ұқыптылық, ұқыпсыздық, салдыр – салақтық. 

Мінез құрылымындағы қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:  

1.  Мінездің  тереңдігі.  Бұл  қасиет  адамның  қоғам  таланттарына  орай  көпшілікке, 

ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді; 

2.  Адамның  жеке  басының  ерекшелігі,  белсенділігі.  Бұл  қасиет  –  мінездің  күші. 

Осыған байланысты адам жақсы, мықты тұрақты жəне нашар мінезді деп аталады; 

3.  Мінездің  тұрақтылығы  (ауытқушылығы)  ауытқымалығы  мен  бейімделгіштігінің 

ерекшелігі олар табандылық, тəуелділік, бейімделгіштік.  

  Мінез акцентуациясы 

Жоғары  жүйке  қызметі  типтерінің  классикалық  түсінігіне  қарағанда,  қазіргі  кезде 

психологияда  адам  мінезінің  жан-жақты  классификациясы  қолданылады.  Өзінің  байқалу 

дəрежесіне  байланысты  кейбір  қасиеттерінің,  қылығының  басым  болуы  ол  мінез 



акцентуациясы деп аталады. Зерттеуші өкілдері К.Юнга, Э. Кречмер, П.Б. Ганнушкин, К. 

Леонгард, Е.А. Личко, т.б.  

Мінез  акцентуациясы  түрлері:  Гипертимді,  циклоидты,    психоастениялылық,  гизоидты, 

эпилептоидты,  истероидты,  тұрақсыз,  лобильді,  комформды,  секситивті,  параноидты, 

дистимді типтер. 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары. 

    1. Мінез құрылымы. 

    2. Мінез дің еңбекке қатысты қасиеттері. 

    3. Мінездің ұжымға,адамға байланысты қасиеттері. 

    4. Мінездің жеке басына қатысты қасиеттері. 

    5. Мінез құрылымындағы ерекшеліктер. 

    6. Мінездің дамып,қалыптасуына əсер етуші факторлар. 

    7. Мінез акцентуациясы . 

    8. Мінез акцентуациясы түрлері. 

Əдебиеттер: 

    1. Алдамұратов Ə. Жалпы психология.-Алматы,1996 

    2. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды,2-х т.Т.2.-М.,1980   52-103 б. 

    3. Реан А.А.Психология личности.-СПб.,2004 

    4. Личко А.Е. Психопатии и акцентуация характера у подростков.-Л.,1983   6-10 б. 

    5. Шиханцов А.Е. Юридическая психология.-М.,1998 



№ 13 дəріс 

Тақырыбы:   Қабілет. 

Дəріс мазмұны: 

    1. Қабілет туралы түсінік. 

    2. Қабілеттің физиологиялық негізі. 

    3. Қабілет түрлері . 



    4. Қабілеттің даму деңгейіне қарай даралық ерекшелігі. 

    5. Интеллект туралы түсінік 



Мақсаты:    Қабілеттің  табиғи  негізі  мен,түрлерімен  жəне  даму  деңгейіне  қарай  даралық 

ерекшеліктерімен  таныстыру,  талант,  дарындылық,  данышпан  ұғымдарының  мəнін 

түсіндіру. Интеллектуалдық даму деңгейі туралы 

түсіндіру. 



Қабілет туралы түсінік. 

     Қабілет  іс-əрекетінің  белгілі  бір  түрін  ойдағыдай,  нəтижелі  етіп  орындауда  көрінетін 

адамның  жеке  қасиеті.  Қабілеттердің  дамып,  қалыптасуы  əртүрлі  деңгейде  жүріп 

отырады. Мысалы: оның алғашқы деңгейін (адамның бəріне ортақ оқи, жаза, есептей алу) 

репродуктивтік  (жалпы  қабілет)  екінші  деңгейін  шығармашылық  (арнаулы  қабілет) 

қабілеті дейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен 

дағды болуы қажет. 

    Бірінші  деңгейде  адам  білім  игеруге,  іс  -  əрекетті  қажетті  дəрежеде  жүзеге  асыруда 

икемсіздік  көрсетсе,  екінші  деңгейде,  жаңа  бейне  жасай  алу  мүмкіндігін  айтады. 

Қабілеттердің  дамуында  нышандар  белгілі  орын  алады.  Нышан  қабілетінің  бастапқы 

табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі. 

Қабілеттің даму деңгейіне қарай түрлері.  

    Қабілеттің  қандай  түрі  болмасын  еңбектен  туындайды.  Қабілет  адамның  жан 

қуаттарының түрлі жақтарымен (ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр – қайрат, 

алғыр  қиял  т.б)  тығыз  байланысты.  Қабілеттілікке  жақын  тұрған  ұғым  –  бейімділік.  Ол 

қабілеттің алғашқы белгісі.  

    Адам  қабілетінің  даралық  ерекшеліктеріне  талант,  дарындылық,  данышпандық 

қасиеттері жатады.  

Дарындылық  –  адамның  белгілі  бір  іске  айрықша  қабілеттілігі,  өмірдің  қандайда  бір 

саласында  өзін  ерекше  көрсетуі.    Қабілеттің  жоғары  деңгейінде  дамуы  талант  деп 

аталады.  Талант  адамның  нақты  ісіне  нəтижелі  орындауындағы  қабілетінің  біршама 

қасиеттерінің  өзара  байланысы.  Адам  қабілетіндегі  дарындылық  тек  талант  одан  əрі 

дамып,  данышпандық  қасиет  тудырады.  Бұл  адамның  ақыл  ойымен  іс  əрекетінің  ең 

жоғарғы дəрежеге көтерілуі.  

Интеллект туралы түсінік. 

Адамның  ақыл-ой  қабілеті,  ерекшеліктері  негізгі  құрылымы  ойлаудың  (анализіне) 

анализдік қызметі. Интеллект дегеніміз адамның барлық мəселелерді шешу барысындағы 

ақыл-ой  қабілеті.  Интеллектуальді  белсенділік  күнделікті  өмір  жағдайына  адамның 

бейімделу тəсілі. 

Интеллект  желілерінің  бірнеше  комбинациялық  бірлігі  бар,  шамамен  120  вариант, 

олардың ішінде көп кездесетінін мысалға келтірсек:  

       *       Нақты практикалық интеллект (күнделікті өмірде) 

•  Абстрактылы интеллект (сөздер, символдар, терминдер, т.б. сүйену арқылы) 

•  Потенцияльды интеллект (туғаннан адамның ойлау əрекетіне қабілеттілігі)  

•  Жүре  пайда  болған  интеллект  (приобретенн.  интеллект)  күнделікті  өмірде  білім, 

дағды, іскерлік негізінде қалыптасады.  

Интеллект дамуы. 

 

Интелект  дамуы  басқада  психикалық  процесстер  сияқты  негізгі  екі  формаға 



байланысты дамиды.  

1.  тұқым қуалаушылық; 

2.  айнала қоршаған ортаның əсері. 

Интеллектіні  бағалау.  Адамның  интеллектуалдық  даму  деңгейін  сандық,  сапалық 

жағынан зерттеу барысында көбіне интеллектуалдық коэффицент бойынша көрсетіледі. 

Оның  таңбасы  I.Q.  Идивидтің  интеллектуальдық  мүмкіндігінің  орташа  көрсеткіші  оның 

жас  ерекшелігі  мен  кəсіптік  іс-əрекетіне  байланысты.  Орташа  көрсеткіш  100  балл,  ең 

төменгі 0 балл, ең жоғарғы 200-ге таман.  

Барлық  адамға  тəн  стандартты  көрсеткіш  84-100  балл  жəне  100-116  балл  болуы  мүмкін. 

34%-68%. 

Қалыпты  деңгейдегі  интеллект  дамумен  қатар  ақыл-есі  нашар  кеміс  адамдар  болады. 

Туғаннан ми кемістігі  бар,  


ақыл-ойы  жетіспейтін  адамдарды  олигофрендер  деп  атайды.  Олардың  психикалық  даму 

деңгейі  төмен,  ойлауы,  сөйлеуі,  есте  сақтауы,  т.б.  психикалық  дамуы  төменгі  деңгейде. 

Олардың  интеллектуальдық  көрсеткіші  халықаралық  стандартқа  байланысты  былай 

қаралады.  IQ<50-70  аз  ғана  ақыл  –  ой  кемістігі.  IQ<50  орташа  деңгейде  .  IQ<35  –  анық 

байқалуы.  

    Ең  қиын  формасы  ақыл  –  ой  кемістігінің  идиотикалық  жағдай.  IQ=20,  сөйлеу,  ойлау 

мүлдем  дамымаған  тек  қана  эмоциональдық  реакция  байқалады.  Оның  орташа  түрі 

(IQ=20-50). Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрі (легкая форма) дебильдік жағдай IQ< 75% 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

    1. Нышан дегеніміз не 

    2. Қабілеттің анықтамасы. 

    3. Бейімділік дегеніміз не. 

    4. Жалпы қабілет  түрлері.  

    5. Арнайы қабілет түрлері қандай. 

    6. Дарындылық, талант, данышпан ұғымдарын түсіндіру 

    7. Интеллект  қандай қабілет. 

    8. Адамның интеллектуалдық даму деңгейін қалай бағалайды. 

Əдебиеттер: 

    1. Алдамұратов Ə. Жалпы психология.-Алматы.,1996 

    2. Намазбаева Ж.И.Психология.-Алматы.,2005  

    3. Рубинштейн С.Основы общей психологии.-М.,1989 Т.2.  211-235 б. 

    4. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003 

    5. Немов Р.С.Общая психология.-М.,1996    332-341 б. 

 

№ 14  дəріс 

Тақырыбы:   Қарым-қатынас  психологиясы. 

Дəріс мазмұны: 

    1. Қарым-қатынас туралы түсінік. 

    2. Қарым-қатынас түрлері. 

    3. Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы. 

    4. Іскерлік қарым-қатынастар. 

Мақсаты:  Қарым-қатынастың  психологиялық  құрылымы,  түрлері  жəне  түрлі 

ерекшеліктерімен 

таныстыра 

отырып,студенттің 

 

қарым-қатынаста 



ескеретін 

психологиялық  ережелерін  білуге  тəрбиелеу.  Іскерлік  қарым-қатынас  ерекшеліктерімен 

таныстыру. 

    Қарым – қатынас туралы түсінік. 

    Жеке  адамның  өзі  де-  қоғам  мүшесі,  əрі  əлеуметтік  тұлға.  Сондықтан  оның  өмір 

тіршілігіндегі  əрбір  қимыл-əрекеті,  ісі  қоғамдық  өмір  көрінісі.  Психология  ғылымының 

кез-келген  мəселесі  адамның  жан  дүниесі  сырымен,  қоғам  мен  əлеуметтік  өмірдің  сан 

алуан  салаларымен  тығыз  байланыста.  Психологтар  мен  социологтар  зерттеулеріндегі 

маңызды мəселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас мəселесі. 

    Қатынас  орнату  нəтижесінде  өзара  ықпал  етіп,  адамдар  өмір  тəжірибесі,  іс-əрекеті, 

ақыл-ойы дамиды, əр-алуан іс-əрекеттерін жүзеге асырып, хабар алысады. Содан олардың 

арасында  тұрақты  қарым-қатынас  орнайды,  өзара  бірігеді,  əрбір  іс-əрекетті  орындау 

нəтижесінде  кəсіби  іскерлігі  артады.  Ұжымдық  іскерлігі  дамып,  басқару  ісінің  мəнін 

түсінеді.  Адамдар  өзара  қарым-қатынас  жасасу  арқылы  бірін-бірі  түсініп,  мінез-

құлқындағы  ұнамды  қасиеттерін  қалыптастыруға  ықпал  етеді,  əлеуметтік  жағдайды 

түсінеді.Қоғамдық сипатта атқарылатын істердің нəтижелі болуы, ең алдымен адамдардың 

ақыл-ойы  мен  дене  күшін  біріктіре  отырып,  олардың  саналы  түрде  жүзеге  асырылуына 

тəуелді. 



Қарым-қатынас түрлері. 

    Топтағы,  ұжымдағы  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  негізгі  екі  түрі  болады. 

Іскерлік жəне жеке қарым-қатынас. Бұл екі түрі де жеке адамдардың бір-бірімен қатынас 

жүйесін құрайды.Қарым-қатынастың негізгі психологиялық сипаты. 

    а) дара адамдар арасындағы қатынас жəне оның əлеуметтік бағыт-бағдары. 

    ə) оның психологиялық дамуы мен тірегі. 



    б)  қарым-қатынас  жасауының  белгі-таңбалары  жəне  оның  қимыл-қозғалысы  бет 

құбылысының, ым-ишаралары мен көзқарастарынан айқын байқалуы. 

    в) əлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен көрінеді. 

Қарым-қатынас  психологиясы  көп  жақты  жəне  күрделі  процесс.  Сондықтан  негізгі 

ерекшеліктеріне қарай бір-біріне байланысты үш жақты құрылымы бар. 

    1. коммуникативті 

    2 .интерактивті 

    3. перцептивті 

Бұл  құрылым  адамдардың  тіршілік  əрекетінде  қарым-қатынастың  негізгі  қызметі  болып 

табылады. 

    Қарым-қатынастың  коммуникативті  жағы  немесе  коммуникация  жеке  адамдар 

арасында информация алмасу (общение как обмен информации). 

    Интерактивті  жағы  адамдар  арасында  пікір,  идеалар    алмасу  мен  қатар  іс-əрекет 

барысындағы қарым-қатынасы. 

    Перцептивті  жағы  араласушы  адамдардың  бір-бірін  түсіне  білуі,  ықпал  жасауы, 

қабылдауы,өзара қатысы, байланысы, информация алмасуы. 



Іскерлік қарым – қатынас 

Іскерлік  қарым-қатынас  жеке  адамдардың  іс-əрекет  барысындағы  қатынас  жүйесі,  оның 

құрамы: 

1.  іскерлік əңгімелесу 

2.  телефондық іскерлік əңгімелесу 

3.  аудитория алдында сөйлеу 

4.  қызметтік кеңес өткізу 

5.  іскерлік құжаттармен жұмыс. 



Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

    1 Қарым-қатынас түрлері. 

    2. Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы. 

    3. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. 

    4. Қарым-қатынастың интерактивті жағы. 

    5. Қарым-қатынастың перцептивті жағы. 

    6. Қарым-қатынастың вербалды, вербалды емес жақтары.. 

    7. Синтоникалық жақтары (визуалды,аудиалды, кинестикалық). 

    8. Іскелік қарым-қатынас түрлері. 



Əдебиеттер:  

    1. Титова Л.Г. Деловое общение.-М.,2005 

    2. Морозов А.В. Социальна я психология.-М.,2003  49-86 б. 

    3. Сəбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы,2003 

    4. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003 

    5. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004 

    6. Немов Р.С. Практическа психология.-М.,1998. 

 

№ 15 дəріс 

Тақырыбы: Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы. 

Дəріс мазмұны: 

    1. Топтар классификациясы. 

    2. Топтағы əлеуметтік психологиялық ахуал. 

    3. Ұжымды басқарудың əлеуметтік жəне психологиялық мəселелері. 

    4. Адамдар арасындағы жанжал түрлері (конфликт). 

 

Мақсаты:  Топ,топтың түрлерімен таныстыру. Топтағы əлеуметтік психологиялық ахуал 

жəне  ұжымды  басқарудыңəлеуметтік  жəне  психологиялық  мəселелерімен  адамдар 

арасындағы жанжал түрлерінің туындау себептерін түсіндіру. 

 

Топтың əлеуметтік психологиялық жағдайы. 

    Жеке  адам  басқа  адамдармен  тікелей  қарым-қатынаста  болып,  өзінің  əлеуметтік  мəнін 

жүзеге асыруда бір-бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Топтың түрлері: 


    1  .Қалыптаса  бастаған  өзара  қатынастар  еркіне  қарай  шағын  жəне  бастапқы  топтар 

болады. 


    2.  Құрылу  принципі мен  əдісіне  қарай  шартты  жəне  нақты,  формалды  жəне  формалды 

емес  топтар  болады.  Адамдардың  уақыт  жəне  кеңістік  белгілері  негізінде  топтардың 

қалыптаса  бастауы  –  ассоциация  деп  аталады.    Мысалы:  1  курс,  1  класс.  Ассоциация 

күрделі  қауымдастық  корпорацияға  айналады.  Корпорация  адамдардың  өзара  тұйық 

бірлестігі 

    Ұжым ол қоғамда, қызметте ортақ мақсатқа біріккен, психологиялық тұрғыда топтасқан 

адамдар  тобы.  Ұжымдық  қарым-қатынас  жасаудың  негізгі  объектісі  адамдардың 

ұйымшылдығы  мен  бірлігі,  топтағы  психологиялық  ахуал,  əрбір  ұжым  мүшесінің  көңіл-

күйі,  сергектігі,  болашақ  мақсат-мүддесі  əлеуметтік  психологияда  өзекті  мəселе  ретінде 

жеке қарастырылады. Бұл мəселе ұжымдық мүдде деп (аталады) саналады. 

    Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өкімділігін арттыруы, олардың жасаған 

жұмыстарына  саналы  түрде  жауапкершілікпен  қарауы,  ең  алдымен,  сол  ұжымда 

қалыптасқан  əлеуметтік-  психологиялық  ахуал  орнатуы  қажет.Екіншіден,  іскер 

адамдардың  əлеуметтік  белсенділігі  мен  қоғамдық  санасын  өрістету  үшін  əрбір 

қызметкер, жұмысшы  мен жетекші арасында  жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен 

жоспарланған  істерді  жүзеге  асйру  үшін  əр  адамның  даралық  мінез-құлқын  білуді  талап 

етеді.  Мұндай  талап  əлеуметтік  психологияда  ерекше  орын  алатын  мəселенің  бірі  адам 

факторын үнемі ескеріп, ерекшеліктерімен санасып отыру қажет 

     Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеген кезде психологиялық зерттеу əдісінің 

бірі  таңдау.  Бұл  əдісті  тұңғыш  ұсынған  американ  психологы  Дж.  Морено.  Бұл  əдіс 

объективті  əдіс  оны  əлеуметтік  психологияның  басқа  əдістерімен  бірге  адамдардың  бір-

бірімен өзара қатынасын зерттеген кезде қолданылады. Таңдау əдісі-социометриялық əдіс 

деп аталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет