Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адамның психологиялық
құрылымы күрделі тұтастық. Олар:
-адамның психикалық қасиеттері (бағыттылығы, мінез, темперамент. қабілет)
-өмірлік тəжірибе
-психикалық жағдайлар
-психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері
Психологиялық құрылымның келесі бір сферасы бойынша:-интелентуалды – танымдық;
эмоционалды-ерікті;
қажеттілік, мотивтері ;психомоторлы;
Адамның психологиялық құрылымында орталық негізі – қажеттіліктерінің мотивтер
сферасы мен бағыттылық əр алуан қасиеттерден өзара байланысты қажеттіліктер мен
мүдделер, мінез-құлық мотивациясы жүйесінен құрылады.
Жеке адамның психологиялық құрылымын зерттеушілер өкілдері:
К.К.Платонов, А.Г.Ковалев, С.Л.Рубинштейн жəне шетелдік психология өкілдері:
З.Фрейд,
Э.Фромм,
Э.Берн,
А.Маслоу,
К.Родижерс
жəне
т.б.Жеке
адамның
психологиялық құрылымын жалпы топтастырып қарастырсақ 4 топқа бөлуге болады.
1.Жеке адамның əлеуметтік өмірге қатысты ерекшеліктері: қызығу, ынта, талаптары,
мақсат-мұраты, дүниетанымдық көзқарас, сенім жəне адамгершілік қасиеттері.
2. Адамның білімдері мен дағдысы, биімділігі қабілеті. Бұлар адамның даралық
қасиеттері мен өзіндік даму деңгейін, тəлім-тəрбие негізінде қалыптасқан тəжірибесін
көрсетеді.
3. Жеке адамның өзіндік психикалық процестері. Олар зейін, ойлау, қабылдау, ес,
сезім, ерік, т.б. процестер.
4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері, жоғары жүйке жүйесі қызметі,
темперамент, адамның жас жəне жыныстық ерекшеліктері.
Жеке адамның қызығуы.
Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге
бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің көрінісі.Қызығулар мазмұнына,
бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, рухани, кəсіптік, эстетикалық, оқырмандық,
спорттық, танымдық жəне т.б. болып бөлінеді.Адамның қызығу саласындағы
ерекшеліктері əр түрлі. Бұл ерекшеліктер адамның іс-əрекетіне, көзқарасы мен талғамына,
мұраты мен мүддесіне байланысты.
Қызығу – дегеніміз жеке адамның объектіге, оның өмірлік мəні мен эмоциялық
тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы.
Индивидтің қызығуы объектінің ерекшелігімен индивидтің өзінің психикалық
санасына (мəдениетіне, тəрбиелілігіне, қабілетіне жəне мінез-құлқына) байланысты болса
да сонымен қатар қоғамдық психологияға да байланысты. Қызығу қоғам дамуының əрбір
тарихи кезеңіндегі жалпы адамзаттың мүдде мен рухани мəдениеттің дамуы жəне
əлеуметтік қатынастарға да байланысты болды.
Тұлғаның əлеуметтенуі.
Тұлғаның əлеуметтенуі-ол адамның əлеуметтік-психологиялық, нормалар мен
ережелер, қызметтерімен қоғамдық іс-тəжірибелерді игеру.Тұлғаның əлеуметтенуі жеке
адамның материалдық, рухани мəдениеті мен əлеуметтік жəне жеке адамдар қарым-
қатынасының белгілі-бір нақты орта мен оның өмірі мен іс-əрекетінде тоқтаусыз дамитын
ұзақ та күрделі процесс.
Тұлғаның əлеуметтенуі процесінің бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншіден,
адам
əлеуметтік
тəжірибені
игереді,
интериоризация
процесі
(субъективация,
объективность). Екіншіден адам жеке басына тəн қасиеттерді меңгереді. Экстеиоризация
процесі – (объективность субъективация) əлеуметтану процесінде жеке адамның білімдер
жүесі дамиды. Жеке адамның əлеуметтенуінің дамып, қалыптасуында өзара байланысты
процестер.
1. жеке адамның жалпы əлеуметтенуі – адамның қоғамдық жүйеден нормалар ережелер
мен адамгершілік сапалы қасиеттері, эстетикалық, саяси, құқықтық, діни т.б. қалыптасуы.
2. жеке адамның кəсіптік рольдік əлеуметтенуі – кəсіптік қызмет пен оның
міндеттерімен, ерекшеліктерін қарым-қатынасын меңгеру.
1. кəсіптік əлеуметтену – мамандық ерекшеліктерін толықтай меңгеру.
Іс - əрекет психологиясы.
Іс-əрекет негізгі психологиялық категориялардың бірі. Іс-əрекет адамның мақсат-
мұраттарын орындауда ортамен белсенді қарым-қатынасы жəне қажеттілігі мен
мотивтердің нақты түрлерінің пайда болуы.
Іс-əрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл ой тереңдігі, қиялдау қабілеті
мен ерік-жігері мен мінез-құлқы дамиды.Іс-əрекет барысында сана қалыптасады жəне іс-
əрекеттен көрініс береді. Іс-əрекет əлеуметтік категория.Ортақ мақсат үшін біріккен жəне
белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын əрекеттер жиынтығы Іс-əрекет іс-əрекет деп
аталады. Іс-əрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-əрекет арасында
күрделі арақатынас бар. Бір жағынан, психика іс-əрекет барысында қалыптасады жəне
көрініс береді, екінші жағынан психика іс-əрекетті реттеп, басқарып отырады.
Іс-əрекеттің 3 түрі бар. Ойын, оқу, еңбек.Олардың арасындағы айырмашылық –
қорытындылары, ұйымдастырылуы, мотивтерінің ерекшелігімен ажыратылады.
Ойын баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу, айналадағы дүниені тану жолы.Ойын
арқылы бала айналадағы дүниемен, зат, құбылыстарды таниды, таным əрекеттері
(қабылдау, ойлау, қиял, сөйлеу т.б.) дамиды, есте сақтау т.б. қарым-қатынасты үйренеді.
Мектепке дейінгі балалар ойынына оқу, еңбек элементтерін меңгереді, мінез-құлық,
қасиеттері қалыптасады.
Оқу дегеніміз еңбек əрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны жəне білгірлікті
игеру процесі оқу əрекеті арқылы адамның дүниетанымы жəне барлық жан-жақты
қасиеттері дамиды, дүниедегі барлық құбылысты танып-біледі т.б.
Еңбек дегеніміз адамдардың материалдық жəне рухани қажетін қанағаттандыратын
қоғамдық іс-əрекет.
Жеке адам мотивтері.
Адамды əрекетке келтіруші күш – қажетсіну.
Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив – бұл адам
санасында қаланып, оны белгілі-бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін əрекетке
итермелеуші себеп күш. Ал кең мəнінде мотив - шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал
жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік əрекет қылық пен іс-
əрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева). Қорыта айтқанда адамның
əрқандай əрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты. Адамның қалаған іс-
əрекетінің негізінде оны іс-əрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Мотив құрамы іс-
əрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі
жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік – қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы
қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығы аңдатады. Тұтастай бұл
аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да
болса, кей мотивтер біршама тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің бағыт бағдар өзегіне
айналады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары;
1. Жеке адам анықтамасы.
2. Жеке адамның психологиялық құрылымы.
3. Жеке адамның бағыт-бағдары.
4. Жеке адамның қажеттілігі түрлері.
5. Жеке адамның дүниетанымы
. 6. Жеке адамның мотивтер сферасы.
7. Жеке адамның дамып қалыптасуына əсер етуші факторлар.
8. Іс-əрекет туралы түсінік.
9. Іс-əрекет түрлері.
10. Іс-əрекеттің адам өміріндегі маңызы.
Əдебиеттер:
1. Ана ньев Б.О. О прблемах современнего человекознание.-М.,1997, 187-274 б.
2. Богословский В.В. Жалпы психология.-Алматы,1982.
3. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.2005 95- 128 б.
4. Вилюнас В.К. Психологические механизмы мотивации человека.-М.,1990
5. Петровский А.В. Личность,деятельность,коллектив.-М.,1982
6. Столяренко Л.Д.,Столяренко В.Е. Психология и педагогика.-Ростов н/Дону.-2001,49-
52 б.
5 дəріс
Тақырыбы: Жеке адамның өзіндік сана-сезімінің психологиялық мəні.
Дəріс мазмұны:
1. Өзіндік сана-сезім туралы түсінік.
2. Жеке адамның өзіндік «Мен» бейнесі.
3. Адамның психологиялық қорғаныс механизмдері.
4. Саналы жəне санадан тыс құбылыс.
Мақсаты: Жеке адамның өзіндік сана-сезімінің психологиялық ерекшелігін
түсіндіру,адам өзін-өзі бағалай білуге,бақылай білуге,басқара білуге жəне тəрбиелей
білуге үйрету.
Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы.
Сана – адамның материял дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол –
жоғарғы деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген
бейнесі.Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының – пайымдау мен сезіп білуден
абстракталы ойлауға,одан тəжірибеге көшіп отыруы – ақиқатты, объективті шындықты
танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалетикалық жолы.
Адам өз əлемін, өзіне тиісті, қажетті нəрсеге өзінің қатысып, іс - əрекетін барлығын
байланысты дамытып, басқарып, саналы түрде игеріп отырады.Көптеген зерттеушілер
адам санасын психологияның бірде – бір зертеу əдісімен зерттелмейтіндігін ескертеді.
Дегенмен адам санасына мынандай сипаттамалар береді.
1. Сананың рефлексиялық қабілеті, өзін - өзі бақылау.Рефлексия - өзінің ішкі
психикалық жағдайларын тану процесі, немесе өзіндік сана – сезімін тану
2. Сананың тұтас – мотивтік сипаты.Сана өмірде бағалауда ішкі қажеттіліктер мен
байланыстыра белгілі мотивтеге бағынады.
3.Индивид санасы əр уақытта түрлі деңгейде түсініктер динамикасында болады.
4.Сана əлеуметтік құрылысы элементтері сана тəжірибесі тұрмыстық сана
рефлексиясына немесе рефлесифтік санаға айналады.Рефлексивтік сананың бірінші этапы
өзіндік сана сезім (самосознание) немесе өзіндік сана.Өзіндік сана сезім - өзін тану, өзінің
мақсат – міндеттерін білу. Олардың түрлері:
1. Өзін - өзі тану (самопознания)
2. Өзін - өзі бағалау (самооцения)
3. Өзін - өзі бақылау (самоконтроль)
4. Өзін - өзі қабылдау (самопринятие)
Өзіндік сана тұлғаның өзін сыйлау деңгейін сақтауда да қатысады.
1. Өзін - өзі тану – адам рухани жаны мен тəні қасиеттері мен мүмкіндіктерін танып білу,
адамдар арасында өз орнын білу. Бұның үш түрлі аспектісі бар:
а) Өз іс - əрекетіне, мінез – құлқына, қарым – қатынасына, өзге адамдармен қарым –
қатынас нормаларына талдау жасай білу керек.
б) Адамдардың өзіне қатынасын білу.
в) Өз жағдайын, көңіл – күйін, ойларын бақылау жəне істеген істерінің мотивтеріне
талдау жасай білу.
2. Өзін - өзі бағалау бағалау шкаласы арқылы анықталады. Олар:
а) Адекватты – реалды, объективті.
б) Адекватты емес – жоғары немесе төмен бағалау (неадекватный)
3. Өзін - өзі бақылау адамның психикалық жағдайы мен регульяциясы, өзіндік іс -
əрекеттерін бақылау.
Сананың түрлі қалыптары.
Адамның санасы екі түрлі жағдайда болады (два состояние сознание).
1. Ұйқылы жағдайы – демалу кезеңі.
2. Сергектік кезеңі.
Адам организмі қызметі 16 сағат сергектігімен 8 сағат ұйқымен (ауысып) кезектесіп
отырады.Бұл 24 сағаттың цикл ішкі бақылау механизмін басқару немесе биологиялық
сағат деп аталады.
1. Сергектік жағдай – сананың белсенді жағдайы, организмнің белсенділігі. Яғни
сыртқы ортадан келген сигналдарды талдап бейнелеп отырады немесе организмнің
сыртқы ортаға бейімделуі.
2.Ұйқы – организмнің толық демалысы, жəне күш жинау.
Адамның психологиялық қорғаныс механизмдері.
Психологиялық қорғаныс, адамның табиғи қалыпты болмысына тəн құбылыс.
Психологиялық қорғаныс қызметі мəн – мағынасы бойынша қарама – қарсы екі тарапты
құбылыс: бір жағынан, адамды өзінің шын мəніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сəйкес
болса, екінші жағынан, адамның қоршаған сыртқы əлеуметтік ортаға деген икемділігін
кемітеді.
Қорғаныс механизмдері белгілі бір іс - əрекеттің қалыпты шарттары мүмкін болмаған
кезде немесе адам істің толық бітпейтінін сезген кезде əрекетке келеді. Психологиялық
қорғаныс түрлері: ауыстыру, оқшаулау, жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сəйкестендіру,
жаңалау
Жеке адамның өзіндік «мен» бейнелері.
Адам іс-əрекет – қылығы барлық уақытта оның өзі жайлы ұғымы мен бейнесі жəне
болашақтан күткен бейнесімен байланысты Əрбір тұлға сан қырлы өз «Менін» түрліше
ұғынады жəне түсіндіреді. Мысалы: қазіргі «мен», болашақтағы «мен», идеал «мен»,
қызметтегі «мен» т.б.Бұл мəселені зерттеуші ғалымдардың бірі И.С.Кон былайша
түсіндіреді: «Əрбір адамның өзін өзі іс-əрекет субьектісі ретінде тануға көмектесетін
психикалық процестердің жиынтығы -өзіндік сана деп аталады,ал оның өзі жайындағы өз
ұғымдары белгілі бір «Мен» бейнесін
құрайды».
«Меннің» психологиялық мəнін А.Г.Спиркин былай сипаттайды: «мен» түсінігі өз
санасының нұрымен сəулелендіріп,өзін-өзі қабылдаған ,таныған жəне сезген жеке адамды
білдіреді». «Мен» - психикалық өмірді реттеп беруші принцип,өзіндік бақылауды
жүргізуші рухани күш;бізді өз мəніміз бойынша бүкіл əлемге,қоршаған адамдарға,ең
бастысы, өз санамызды өз бағалауымыз бен танымымызға орай өзімізге ашып беретін əр
адамның тұтастай болмысы.
«Мен» бейнесінің сəйкестік дəрежесі жеке адамның өзінің өз болмысын,
мүмкіндіктерін,басқа адамдар арасындағы өз беделін бағалай алуына байланысты
болады.Өзіндік бағаға сəйкес адам өз əрекеттерін реттеп отырады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Өзіндік сана – сезім дегеніміз не.
2. Рефлексия дегеніміз не.
3. Өзіндік сана-сезім құрылымы қандай.
4. Адам санасының түрлі қалыптары.
5. Адамның психологиялық қорғаныс механизмдері.
6. Жеке адамның өзіндік «мен» бейнесі.
Əдебиеттер:
1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы,2005
2. Сəбет-Бап-баба Жалпы психология.-Алматы,2003
3. Рубинштейн С.А. Человек и мир.-М.,1976 253-381 б.
4. Введение в психологию.-СПб.,2003
5. Лурия А. Р. Лекция по общей психологии.-Питер.,2004
6. Ілешова Р. Медициналық психология.-Алматы.,1994,
7. Кон И.С .В поисках себя.-М.,1984
6 дəріс
Тақырыбы: Таным процестері.Түйсіну жəне қабылдау процесі .
Дəріс мазмұны:
1. Түйсіну туралы түсінік.Түйсіну процесінің түрлері.
2. Түйсіну процесінің өзара байланысы мен жалпы заңдылықтары.
3. Қабылдау процесі.Қабылдаудың түрлері.
4. Қабылдау қасиеттері мен ерекшеліктері.
Мақсаты: Түйсіну жəне қабылдау процестерінің түрлері , қасиеттері, ерекшеліктері
жəне заңдылықтары мен таныстыру.
Түйсіну процесі туралы түсінік.
Түйсіну тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Ол
организмнің сыртқы ортамен психикалық байланыс орнататын бастапқы формасы немесе
танымның алғашқы санасы.Айналаны танып білу түйсін процесінен басталады. Түйсіну
процесінде психиканың танымдық, эмоциялық жəне реттегіштік жақтары ажырамастай
тығыз байланыста.
Түйсіну дегеніміз - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне
тікелей əсер етуінен пайда болған мидағы бейнелері.
И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіндердің пайда болуын нализатор
(талдағыштар) аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Анализаторлар үш
бөліктен құралады. Олар:
1. ішкі сезім мүшесі
2. бөлігі миға таралатын жүйке талшықтары
3. бөлігі мидағы түрлі жүйке орталықтары.
Ғасырдың
орта
кезінде
неміс
ғалымдары
Э.
Вебер
мен
Г.
Фехнер
тітіркендіргіштіңкүшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде
тұжырымдады.Мұны түйсіктің психофизикалық заңы деп атады.
Түйсіну түрлері.
1. Көру түйсігі. Көру түйсігінің екі үлкен тобы: Ахроматикалық түйсіктер.
Хроматикалық түйсіктер.
2. Есту түйсігі. Дистанттық түйсік. Есту түйсігі сөздік, музыкалық,- деп үшке бөлінеді.
3. Дəм түйсіктері-контактылық түйсік негізгі дəмдік сапалары қышқыл, тəтті, ащы,
тұзды.
4. Иіс түйсігі – иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады.
5. Тері түйсіктері. Тері қабықтарында тактиль (жанасқанда түйсіну) температура(суық
пен жылыны түйсіну) тəрізді бірнеше талдағыш жүйе болады.
6.Статикалық түйсіктер. Статикалық немесе гравитациялық сезгіштік адам денесінің
кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді.
7.Кинестезиялық түйсіктер. Кинестезиялық деп дененің жеке бөлімдерінің қимылы мен
қалпын түйсіну.
8.Органикалық түйсіктер. Рецептор ұштарының көбі ішкі мүшелерде орналасқан.
Түйсіктің жалпы заңдылықтары.
Түйсік заңдылықтарын мынандай екі бөлікке бөліп қарастырады.
1 – түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты.
2 - түйсіктер мен сезім мүшелерінің қалпына тəуелді психофизиологиялық заңдылықтар.
Түйсіну табалдырығы шегі – абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсолюттік
табалдырығы дегеніміз сезім мүшелерінің өте əлсіз тітіркендіргіштерді де түйсіне алуы
немесе сезе білуі.Абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығы айыру
табалдырығы. Айырма табалдырығы дегеніміз – сезім мүшелерінің болар болмас
айырмашылығында сезіне білуі.
Талдағыштардың өзара ықпалды əсерінен сезгіштің артуы – сенсибилизация деп
аталады. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына
сол сəтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік
пайда болады. Бұл құбылыс синестезия деп аталады.
Қабылдау процесі.
Қабылдау дегеніміз заттар мен құбылыстардың қасиеттері, бөлшектері, құрамы,
формасы т.б. қосылып сезім мүшелеріне тікелей əсер етіп адам миында тұтас бейнеленуі.
Қабылдаудың алғы шарты түйсік процесі. Қабылдаудың құрамына түйсіктен басқа
адамның өткен тəжірибелері, елес жəне білім кіреді жəне психикалық процестермен
байланыста жүзеге асады.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелерімізге əсері нəтижесінде
қабылдаудың заттылығы қалыптасады.Қабылдаудың бейнесі сыртқы дүниенің белгілі
затына қатысты болады. Бұл ара – қатынас біздің мінез құлқымыз бен іс - əрекетіміздің
бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі.Қабылдаудың толықтығы мен дəлдігі
қоғамдық тəжірибе мен адамның тəжірибесіне, заттардың белгілері мен қасиеттері жайлы
жинақталған білімдерге тəуелді. Қабылдау бейнесінің өзі де оны құрастыратын
бөлшектердің ерекшеліктеріне тəуелді болып келеді.
Қабылдау физиологиясы – талдағыштар жүйесінің комплекстік қызметі болып
табылады.Қабылдау адамның өткен тəжірибесіне немесе психикалық əрекеттер
мазмұнына байланысты. Бұл ерекшелік апперцепция деп аталады.Апперцепция
құбылысы қабылдау мазмұны мен бағыт – бағдарының, адамның тəжірибесіне, мүддесіне,
өмірге қатысына, біліміне байланысты. Апперцепция жеке адамның қабылдауына
белсенділк сипат береді.
Білім жүйесін қалыптастыру, тəжірибені молайту, сезім, қажеттілік дағды жəне
адамгершілік, мінез – құлық əдеттерін тəрбиелеу, болмысты мазмұндырақ қабылдауға
көмектеседі.
Қабылдау түрлері Қабылдау классификациясының бірнеше түрі бар. Алғашқы
классификация рецепторлардың ерекшілігіне байланысты. Олар: есту, көру, сипап сезу
т.б.
Екіншісі материяның тіршілік ету формаларына негізделген. Заттарды уақытты
қабылдау, қатынастары, қозғалысты, кеңістікті, адамды қабылдау.
Қабылдау қасиеттері
Заттылығы – айналадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне əсер нəтижесінде
қалыптасады.
Құрылымдылығы – қабылдау түйсінудің жай қосындысы емес ол жалпы тұтас құрылымы.
Мағыналылығы – қабылданған объект тұтас болады, мағынасы сөзбен беріледі.
Тұтастығы – қабылдау əрқашанда тұтастық бейнесі. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне
қарамастан, заттар сол қалпында қабылданды.
Константтылығы – қоршаған заттар формалары, түстері, көлемі салыстырмалы түрде
қабылданды.
Таңдамалылығы –басқалармен салыстырғанда кейбір объектілерді ерекше бөліп
көрсетуімен байланысты.
Физиологиялық немесе ақыл – ой əрекетінен жəне эмоцияналдық шаршау кезінде адам
қабылдауында өзгерістер байқалады. Олардың түрлері ерекшеліктеріне қарай мынадай
түрлері болады:
Гиперстезиялық қабылдауда – сыртқы құбылыстың барлығын жоғары қабылдайды.
Гипостезиялық қабылдауда керсінше қабылдау нашарлауы, төмендеуі.
Галлюцинациялық құбылыс дегеніміз жүйке жүйесінің ауруға шалдығуынан жалған,
теріс, бұрмаланған бейнелердің пайда болуы. Галлюцинация қиялдану, шатасу деген
мағынаны білдіреді.
Иллюзия дегеніміз қабылданған нəрсе мен заттар өзіне сəйкес келмей бұрмаланып
қабылданады.Аффектілік иллюзия – қорқыныш, үрей жəне мазасызданған, көңіл – күйі
түскен адамға байқалады.Вербалды иллюзия айналадағы немесе қасындағы адамдардың
сөзін, əңгімесінің мағынасынан басқаша қабылдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Түйсіну дегеніміз қандай процесс.
2. Түйсіну процесінің түрлері.
3. Түйсіну ерекшеліктері қандай.
4. Қабылдау дегеніміз қандай процесс.
5. Қабылдау түрлері.
6. Қабылдау қасиеттері.
7. Қабылдаудағы ерекшеліктер.
8. Иллюзия,галлюцинация қандай құбылыстар.
Əдебиеттер:
1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005
2. Немов Р.С.Психология (3 кн.) кн.1.-М.,1995
3. Лурия А. Р. Лекция по общей психологии.-Питер.,2004
4. Радугина А.А. Психология и педагогика.-М.,1999
5. Ілешова Р. Медициналық психология.-Алматы.,1994,
6. Кон И.С .В поисках себя.-М.,1984
Достарыңызбен бөлісу: |