227
—
Бір ротадан асар-аспас тосқауылдар екені рас.
—
Солай. Аз күшпен әр бағытта бөгет істеп, ол күшінің бастарын құрастырып уақыт
ұтып, негізгі қарсыласты мына алдағы Холм, Локня қалаларының маңайында
ұйымдастырмақ. Барлығын сол маңайға тартуда.
—
Менің болжауымша ол бізге сол маңайда «қош кепсіздің» анық әкемтегін айтпақ...
Мына майда жағалас жанжалды қойып біз де негізгі күштерімізді солай қарай тіп - тікелей
тартқанымыз жөн болар... Демек, сіз де саусақтарыңызды тарбита бермей, полкті жинап
алып, солай қарай бейімделуге кірісіңіз. Старое — Руссо — Холм жолымен тартып
отырыңыз. Дұшпан да сол жол бойымен шегініп барады... — деп генерал Чистяков
бұйрығын аяқтады.
* * *
Полк бөлімдерінің басын жүре қосып алдық. Жол бойындағы селоларды ұрыспен алуға
тура келді, бірақ та қасарысқан қарсыласулар сирек кездесуде. Түс қайта, түн бойы қар
жапалақтап жауған.
Новички селосы үлкен, қалың орманның ортасындағы алаңда. Таң ата солай қарай бет
алуға бұйрық берілген.
Сәскеде он шақты аттылар мен алдыңғы батальондарды қуып жеттім. Барлықтары жол
бойы ығысып - тоғысып тұр екен.
—
Не қып тоқталдыңыздар?
—
Қалың қар астында миналар бар көрінеді. Арттағы саперлерді күтіп турмыз.
— За мной по два галопом марш! — деп, қасымдағы аттылардың алдына түсіп алға шаба
жөнелдім... Елу-алпыс метрден кейін соңыма қарасам аттылардың бәрі де шауып келеді
екен. Тағы елу метрден кейін орағыта құйындата шауып полкке жолдың екінші шетімен
бұрылдық. Тұрғандарға келіп тізгін тартып тура қалып:
—
Ал, біз салған екі ізбен полкті бастап алға тартыңдар! — деп бұйыра ақырдым.
Роталар жалма-жан сап құрып қозғала бастады... Бір ротаның алдыңғы қатарында төмен
қарап бара жатқандардың арасында еңгезердей қара жігіт — біздің полктің комсоргін
таныдым.
Холм, Локня қалаларының арасында желідей тартылған жол бойында тынысымызды бір-
ақ алдық...
Достарыңызбен бөлісу: