Ббк 4. Б д 19 Пікір жазған : Қ. Ахметова- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; С. Қ. Мырзарахимова



бет5/15
Дата16.11.2023
өлшемі268 Kb.
#124268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Даупаев китабы

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Тіл тазалығы дегенді қалай түсінесіңдер, оның әдеби тілмен қандай байланысы бар?
2. Қазақ тілінің әлемдегі бай тіл екендігіне ешбір шүбә келтіруге болмайды, солай бола тұрса да ұлттық тіліміздің әлі күнге дейін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріле алмай келе жатқанын қандай мысалдармен түсіндірер едіңдер?
Тіл мәселесінің ішкі саясатқа қатысы бар ма?
(Мемлекеттік тіл әлі күнге дейін қағаз жүзінде).
3. Тіл мәртебесін көтеріп, тіл тазалығын сақтау үшін қандай жағдайлар керек? Оны неден бастауға болады, өмірден нақты мысалдар келтіріп, дәлелдеп көріңдер.
4. Көркем әдеби шығармалардың өз ойымызды еркін жеткізіп, әдемі, әсерлі сөйлуімізге үлкен әсері бар. Сондықтан да бір әдеби шығарманың тіліне талдау жасап көріңдер, көркемдегіш сөздері бар сөйлемдерді іріктеп алып, ауызекі тілде қолдануға (теңеу, эпитет, метафора, қанатты сөздер т.б) үйреніңдер.
5. Табиғат суреті берілген жерлерді (пейжаз), ой толғауларды (монолог) жатқа айтып дағдыланыңдар! Ауызекі тілде «варваризмдерді», тұрпайы сөздерді қолданудан сақ болыңдар.

1 тапсырма: Мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер.
Әр бөлімнің теңеулеріне мән беріңдер: Әкесінің өлгені – асқар тауының құлағаны, шешесінің өлгні – ағар бұлағанының суалғаны, ағасының өлгені – оң қанатының қайырылғаны... т.б. сөз оралымдарының мағнасын жеке жеке ашыңдар. Қарашаштың қайтыс болғанын Жиренше қалай білді?
Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту
Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты.
Әз Жәнібек хан: «Жиреншеге біз естірте алмаспыз, өзіне өзі естіртсін, ешқайсысының сездіріп қоймаңдар», деп, уәзірлерімен сөз байласып қояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып, ханның үйіне түсіп, сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:
- Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады? – депті.
Жиренше отырып:
- Әкесі өлсе, асқар тауының құлағанымен бірдей болады, - депті.
- Шешесі өлген қалай болады?
- Ағар бұлағы суалғанымен бірдей болады.
- Ағасы өлген қалай болады?
- Оң қанаты қайырылғанымен бірдей болады.
- Інісі өлген қалай болады?
- Сол қанаты қайырылғанымен бірдей болады.
- Апа қарындасы өлген қандай болады?
- Ұзын өрісі қысқарғанымен бірдей болады.
- Қатыны өлген қалай болады?
- Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? – депті Жиренше. Ол күйініп, қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті.

2 тапсырма: Төмендегі сөйлемдерді өз стильдеріңмен түзетіп көріңдер!
Үлгі: Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған совхоздың (біріккен шаруашылық) бірер сақпан қойы уақытша жайлауға колхозшылар рұқсат етіп берген болатын.
а) Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған совхоздың бірер соқпан қойы уақытша жайлауға рұқсат етіп берген болатын.
б) Кейде нақ төбелерінен нажағай жарқ беріп, шарт еткенде дүрік беріп жарылып та кетеді.
в) Сол сәтте және де Дәрменнің түсінен бұның көзі өзгеше жайды аңғартып, сескеніп қалды.
г) Бұрын қалаға келіп ұзақ жатқан шағында көбінесе өзінің нақты орнықты пәтерінде уақыт өткізетін.

3-тапсырма: Төмендегі сөйлемдерді түзеп, әдеби тілмен қайта құрып жазыңыздар.
Лесницадан көтерілгенде, жүрегі аузына тығылады. Танзиметті алып тастауға совет береді. Ештеңеден қысылмаймыз, астымызда персональный машина. Өзіңіз қай окруктансыз, тұрған жерлеріңіз грязь шығар, ә? Ну, как же это так, есікті ашып кетіпсің, что за безобразние. Ол туберкулез, одна заходить нельзя! Старик, помнишь, в чем сначала ресторанда, потом жолдастарда. Кешегі алдымызда жүгіріп жүрген жігіт вдруг өзгеріп кетті.
Біздің келгенімізге много болды, демалу деген вообще болмады.
4-тапсырма: Төмендегі сөздердің әдеби баламасын тауып, мағнасына толық талдау жасаңдар. Әрбір сөздің әдеби тілдегі қолданысына стильдің мәні жоғары бір бір сөйлем құраңдар!
а) емдеухана – аурухана, айыр – шанышқы, қарыздыкер – қарыздар, зиратнама – бейіт, қабір; желдік – желдеткіш, ажым – әжім, балау – палау, қартамыш – қартамыс, ибат – инабат;
б) қаржымыс – қарымта, кәдуілгі – кәдімгі, айыл – әйел, ақтас – түйме, жер там – жер үй, жұмыстау – жұмыс істеу, жұмыстану; зиярат – зират, кәмәләт – кәмелет, кәззеп ө кәззәп, кәзір – қазір; жаһұт – жақұт, зәлім – залым, жаһил – жаһіл...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет