Ббк 4. Б д 19 Пікір жазған : Қ. Ахметова- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; С. Қ. Мырзарахимова


Сөздерді жазылуынша айту, әсіресе, жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес



бет3/15
Дата16.11.2023
өлшемі268 Kb.
#124268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Даупаев китабы

Сөздерді жазылуынша айту, әсіресе, жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бұл – күнделікті өмір сүріп жүрген ортаның тілге мән бермеуінен және мектептегі оқытуда жіберіліп жатқан кемшіліктер. Соның салдарынан, адам баласының бір-біріне деген қарым-қатынасы, түсініспеушілігі басталады, бір-бірінің ойын, ішкі жандүниесін түсінбейді немесе әр сөзін селқос, енжарлықпен тыңдап,босаңдық танытады. Сөйлеу тілінде адам баласының бір-бірімен түсінісуі сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар, бұған кісінің бет-аузы, қас-қабағы, қол-қимылы қатысып отырады. Яғни, өз сезімін, өз ойын бірнеше нұсқада, бірнеше әдіс-тәсілдер қолдана отырып жеткізуге тиісті. Оның үстіне сөйлеуші дауыс ырғағын құбылта сөйлеп, әр сөзіне жан бітіреді, көріктендіре сөйлейді, әсерін мақамын келтіреді. (Бұл жерде әрбір сөйлеуші радио, теледидар лекторлар мен шешендердің, айтыс ақындардың сөз мәнеріне, сөз саптауына мән беріп, сол негізде сөйлей білуге тырысқаны абзал. Абай атамыз «болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей, әр нәрсені, жағымды нәрсені үлгі тұта білу керек). Кейде ауызекі сөйлеу стилінде сөйлем мүшелерін қысқартып айту, сөйлемді аяқтамай біітіру, сөйлем мүшелерінің орын тәртібін өзгертіп айту, сөзді талғамай қолдану жиі кездеседі. Бұл кезде сөз немесе сөйлем ажарсыз, әсерсіз болмас үшін әр сөзді дұрыс қолданып, өз орнымен келтіріп отырса, сөйлем түсіксіз болады. Ол үшін синоним, омоним сөздерді талғампаздықпен қолдана білуіміз керек. Оның үстіне, көбінесе, дәстүрге айналып кеткен кейбір сөздер жиі кездеседі, көбірек айтылады. Мысалы: «Жұрт, халайық, халық» деген синоним сөздердің ішінен «халайық» сөзі, «барлық, күллі, барша, барлығы» дегендерден «барлығы», «бет, жүз, рең, әлпет»дегендерден «бет әлпеті» өте көбірек қолданылады. Ауызекі стилін жандандыру үшін жазба әдебиеттегі сияқты әр бір синонимдерді, басқа да көркемдік тәсілдерді талғампаздықпен қолданса, ой дәл, анық, әсерлі жеткізіледі. Мысалы: Қайғы, уайым, қасірет, шер т.б. синонимдердің орнын бұлайша алмастырып қолданса: Солардың жетуін келтіріп, жазғытұрғы аласапыранға ұрындырсақ, қолда барды тауысып, құр алақан отырсақ , Қарағанды қара қайғының астында қалады, мейрамдау түгілі кейде жақын адамның да көңіліне қаяу салады. Оңашада үйде аналы-балалы екі адам іштегі қайғы-шерін жаспен жібітті. ( Ғ. Мүсірепов )
Әрине, ауызекі тіл жазба тілдегідей құрылымды, стилистикалық заңдылықты қатаң сақтай бермейді. Десек те, тіл байлығын, халқымыздың сөз асылдарын тиімді, өз орнымен пайдалана білсек, ана тіліміз де жұтаңдамай, көркейе түседі. Айтайын деген ойыңды бейнелі де, әсерлі жеткізудің бір жолы – эпитет пен теңеуді пайдалану, сөзді бейнелі қолдану, сөйлеу тілінің стиліне мән беру, айрықша эмоциялық рең беру. Тақырыптың мазмұнына қарай шешен сөзінің ішкі тебіренісі мен толғанысын, көзқарасын көбіне дауыстың ырғағы, күші, ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы да жеткізіп отырады. Оның үстіне ауызекі тілдегі жеке сөздің айтылу интонациясы да оның қандай мәнде, қандай мақсатпен айтылып тұрғанын дәл көрсетіп тұрады. Мысалы: берілген сұраққа қалай жауап берді? Дыбыс әуені қандай – сол адамның ішкі ойын да, сезімін де бірден көрсетіп береді. Қорыта келгенде: сөйлеген сөздерді дұрыс айта білу, әсіресе, сөз ішінде, сөз аралықтарында, сөз тіркестерінде орфоэпиялық негізгі заңдылықтарын сақтап әуезді де мәнерлі сөйлей білу. (Мысалы: протеза – сөз алдынан дауысты дыбысты қосып айту: лашын-ылашын, рақат-ырақат, радио-ырадио, рақым-ырақым; элизия –қатар келген қос дауыстының бірін түсіріп айту: ала алмады – алалмады, жақсы өнер – жақсөнер т.б.) оған қоса дауыс ырғағын, интонацияны дұрыс белгілеп, сонымен бірге, әр түрлі бет қимылы мен дене қозғалысы, ым-ишара сәйкес келіп бірін-бірі толықтыру арқылы тыңдаушыны қызықтыра түсу – шешен адамдардан бастап, жеке адамдардың өзіне қойылатынталап тілектердің бірі. Ауызша сөйлеу дәстүрін жандандырып, шешендікке үйрету – тіл мәдениетінің ең басты міндеті.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Ауызша сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсіндіресіңдер, оның жазба тілден қандай айырмашылығы бар? 2. Ауызша сөйлеу мәдениетіне дыбыс тілінің қандай қатынасы бар, оны қалай түсіндірер едіңдер? Орфоэпиялық дағдының ауызекі тілге әсері қандай, мысалдармен дәлелдеңдер. 3. Тіл мәдениетін қалыпқа келтіру үшін қандай жағдайлар керек, оны әдеби нормаға қалай жеткіземіз? Әдеби тіл дегеніміз не? 4. Ақпарат құралдары: радио, теледидар тілдерінің дыбыстық ерешелігі, ортаға бейімделуі, көпшілік қауымды өздеріне тарта білетін қасиеттері неге байланысты? Оны қандай ғылыммен тікелей байланыстыруға болады? 5. Әдеби тіл нормасы бай болса да оның сезімге, ой-санаға әсер етпеуін қалай түсінеміз? Дауыс ырғағы, интонация, мимика, дикция сияқты ұғымдардың, ерекшеліктердің ауызша сөйлеу мәдениетіне қатысы бар ма, мысалдармен дәлелдеңдер. 6. Ритмикалық топ деген не, ауызша сөйлеу мәдениетіне оның әсері туралы айт, шешендік сөздерден, поэзиялық шығармалардан мысалдар келтіріп айтып көріңдер. Сөз бен сөз аралығында кездесетін «элезия», «протеза», «редукция» құбылысына әдеби шығармалардан мысалдар келтір, мәнеріне, дыбыстың ерекшелігіне көңіл бөл. 1-тапсырма: Түсіндірме сөздіктен сөйлеу тіліне тән ерекшеліктері бар 20 сөз алып, түсіндіріп көріңіздер. Ол сөздерді сөйлем құрау арқылы айтып орфоэпиялық нормаға сай қолдана біліңдер. 2-тапсырма: Тқмендегі мәтіннен ауызекі тілге тән сөздерді көрсетіп, мағынасын түсіндіріңдер. Оны дыбыстық тілмен, сахналық тілмен айтып көріңдер. Сырым мен молда
Сырым жол жүріп келе жатып, бір мешітке кез болып, намаз оқуға тұрады. Сырымның жеңінің ұзындығы етегімен бірдей екен. Мешітке кіріп намаз оқығанда жеңін түрмей, қолын жеңінен шығармай оқиды. Молда Сырымның мұнысына наразы болып: - Намаз оқығанда қолды жеңнен шығарып оқу керек, -деп ескертеді. - Қолды жеңнен шығармай оқудың қандай зияны бар? – дейді Сырым. - Қолыңды шығарып оқысаң, қолға нұр құйылады, алақаныңмен бет сипағанда нұр бетіңе тарайды, - дейді молда. - Ол нұр қайдан келеді? – дейді Сырым. - Көктен келеді, - дейді молда. - Япыр-ау, молдеке, мен бұл шариғатыңызға түсіне алмадым. Сіздің айтуыңызша, жеті қат көктен, үш қабат мешіттің төбесінен түсіп тұрған нұр менің жалаң қабат шекпенімнің жеңінен өте алмас дейсіз бе? – депті сонда Сырым батыр. Молда қысылып, жауауп қайтара алмай қалыпты. 3-тапсырма: мына өлеңді орфоэпиялық нормамен оқыңдар, сөз бен сөз аралығындағы дыбыстық алмасуларға көңіл бөліңдер. Бұлай оқудың сөз мағынасына әсері қандай, өз сөздеріңмен түсіндіріңдер. Қазақ жері – қонақжай тқрдің жері, Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. Елі кедей болмаған, жері байтақ, Еділ ердей, Бабырдай шердің елі. Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім, Азап жүгін, ел жауын қуған ері. Әділет пен бірлікке жанын қиып, Әділ өткен билердің туған жері. Қазақ жері көп шеккен қасіретті, Қазақ ері – өнерлі, өсиетті. Египетті билеген Бейбарыстың Елі – текті, киелі, қасиетті.
Қорлаған жау – басқыншы халыққа мұң, Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын. Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар, Қорғап қалды ел бағын, алыптарым!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет