Ббк 4. Б д 19 Пікір жазған : Қ. Ахметова- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; С. Қ. Мырзарахимова


-ТАРАУ Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы)



бет6/15
Дата16.11.2023
өлшемі268 Kb.
#124268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
5-ТАРАУ
Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы)
Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән, күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Әдеби тіл – адамдардың бір бірімен қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар жүйесі. Стильдік тармақтары сараланған, қолдану өрісі кеңейген, қоғамдық қызметі әр алуан жүйелі тіл саналатын болғандықтан, оны қалыптасқан бір қалыпты (нормалы) тіл деп те айта аламыз. Өйткені әдеби тіл мен тілдік норма бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл туралы белгілі тілші ғалым М.Балақаев: «Әдеби тіл қалыптасқан нормалы тіл болса, әдеби тілге сіңіскен, әдеби тілде орныққан тіл айалықтары тілдік нормаға жатады» - дейді. Сондықтан тілдік норма сөзді қолдануда, дұрыс айтуда, сөйлем құрауда, грамматикалық тұлғаларды дұрыс жұмсауда, яғни тілдің өн бойында сақталуы керек.Бұл айтқандарға қарап, тілдік норманың өзін сөзді қолдану номасы, сөздің емлесін сақтау, дұрыс жазу – орфографиялық норма,дұрыс сөйлеу – орфоэпиялық норма, грамматикалық деп жіктей таратып, бірнеше түрге бөлуге болады. Жалпы, әдеби тілдің бұл тілдік нормаларының бірізділігін сақтау тіл мәдениетін көтерудіңнегізгі басты бір жолы екендігі туралы мамандарымыз көптен бері айтып келеді. Норма – тілдің таңдап-талғап қолданатын, талғамы өскен, тілдік элементтерді саналы түрде екшеп, іріктеп алып қабілеттерінің жетілген заманында туған саналы саналы әрекеттің жемісі. Сайып келгенде, тілді оз орнымен, рет-ретімен, шашыратпайеркін қолдану, әрбір сөзді көркемдік тілмен орнықты жеткізіп, дәл айта білу – жақтық сөйлеуге, сөз шеберлігіне алып келеді. Сөз жатықтығы болмаса, жүрек сезімі сезімі шығатын арбір сөз, оралымды ой мағынасыз, шұбарлау болған болар еді. Әдеби тілді еркін қолданып, жатық сөйлеуге дағдылану үшін, стильдік ерекшелігімізді ұштау үшін көркем әдебиет тіліне мән беріп, автор тіліне ілесе беруіміз керек. Мысалы: Жазушы О. Бөкеевтың «Ұйқым келмейді» әңгімесінен үзінді келтірейік ... «Мен ойладым ... Өмір деген ғажап дейді, түк те ғажап емес, әншиін осындай автобусқа мініп белгілі бір аялдама түсіп қалу, біреудің тойып секіруі, біреудің тоңып секіруі. Әлдекімдер көрер таңды көзіңмен атқызып, ой ғажап ұйықтамайды, әлдекімдер ішіне тарс бүркеніп, уайымсыз тоқ ұйқыға басады. Сайып келгенде, өмір дегенімі – өзгенің бақытына қызығып өту ғана ... Ал мынау тойған қозыдай томпиып отырған қыз ше? Оны ертең не күтіп тұр? Бақыттыма, бақыты жоқ болса, оны іздеп таба алама? Не ойлайды? Жігіті, ұнатқан біреуі барма? Тіпті мен туралы қандай сезімде келеді. Адамдарга сенеме? Аты кім? Қайтіп кездесерме екенбіз? ...» Жазушы кейіпкердің ішкі сезім дүниесін ашу үшін әдеби жатық тілмен көркемдік тәсілдерді қолданады. Әсіресе, ішкі монологқа, ішкі тербеніс-толңанысқа жиі ерік береді. Мұнда артық сөз, оралымсыз тіркестер атымен жоқ. Бәрі де орнықты , ой дүниесіне байланысты өз орындарын тауып, әдеби нормаға сай берілген. Көркем әдебиет тілінде ғана емес, ауыз екі тілдеде әрбір сөйлеуші өз сезімін осындай әдеби жатық тілмен еркін жеткізе білу керек. Тіл жатықтығын жүзеге асыру үшін тілдік норманы үш түрлі принципте қолданамыз: 1. Тілдік нормаға қоғам мүшелерінің барлығына түсінікті, ортақ сипатқа негізделеді. 2. Тілдік нормаға тән екінш принцип – тұрақтылық. 3. Тілдік материалдарды қалай болса солай ала салмай, іріктеп екшеп қолдану. Сөйтіп, тілдің сымбаттылығын көрсетіп өз өнерінің қадір-қасиетін үздіксіз жетілдіріп, тілдік ортаны, сөйлеу мәдениетін дамытып, лоардың жауапкешілігінен, ұқыптығын арттырып отыруға түрткі болуымыз керек. Тілдік норма – қоғамның барлық топтары үшін қолайлы қатынас құралы.
Ол – мемлекет орындарының, ғылымының, көркем әдебиетінің, газет-журналдарлдың, театырдың, көпшілік алдында сөйлейтін, лектор, диктор, үгітші тілшілердің, қала берді жазу арқылы қағаз бетіне түскен ресми тіл. Әдеби тілдің осы ерекшеліктері мен жұмсалу аясының кеңдігі тіл жұмсаушылар үшін жалпыға ортақ жүйе, тұрақты норма болуды керек етеді. Тіл мәдениетінің әдеби тіл талаптары тұріысынан алғанда жазуда ғана емес, сөйлеу тілінде ғана емес, сөйлеу тілінде де белгілі нормалары болуға тиіс. Әдеби тілдің түрлі – түрлі стильдерге қат қабаттарынан негіз болатын нірселері де жалпы сол халық екшеген нормалары. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделеді, олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, көңілге қонымды болуға тиіс. Сөздердің айтылуы нормасы мен жазылу нормасы бірдей бола бермейді. Дұрысында: ішсе, сенбе, ақ ешкі, сақ бол, құлын, өрік, көз салды, бара алмады, Қонысбек, кім келді? Жаңақорған, асшы, тұз сал, түнгі, Жанқожа, айта көр, дегендердің осы жазылуындай етіп айтудағы түрін нормаға жатқызуға болмайды. Оның себебі, сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы әр уақытта бірдей емес. Бұл – қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылығымен тығыз байланысты. Дұрыс сөйлей білу тілдің жатықтығын көрсетеді.
Жоғарыдағы мысалдарды сөздің айтылу нормасына сәйкес қолданылатын болсақ, ол былайша естіледі және солай айтылуға тиісті. Мысалы:
«...ішсе, сембе, ағешкі, сақ пол, құлұн, өрүк, көс салды, баралмады, Қоныспек, кім гелді? Жаңағорған, ашшы, тұс сал, түнгү, Жаңғожа, айта гөр», т.б.
Көркем әдебиет тілінде әдеби тілдің нормасына жатпайтын, көпшілікке түсініксіз экспрессивті бояуы басым, белгілі бір шағын әлеументтік топтардың тілінде кездесетін жаргондар, варваризмдер, дөрекі, жергілікті ерекшелігі бар диалектілер мен кәсіби сөздер жиі ұшырасып отырады. Бұл – заңды құбылыс. Өйткені автор шығармасындағы кейікер өмірі мен қоян қолтық араласып, мінез құлқы, кәсібі, ортасы, білім дірежесі жағынан жан жақты бейнелеуі керек. Шығармадағы кейіпкер суреттеліп отырған сол ортаның адамы.
Бірақ әдеби шығармада бар екен деп оны өз ортамызда қолдануға тырысатын болса, үлкен ағаттық жасаған болар едік (Мұндай қазіргі өмірде жиі кездесіп қалады). Диалектілер – жергілікті тіл ерекшеліктері, олар өз ортасында айтуға бейімді болып келеді. Жалпы қауымға таныс әдеби тілге жатпайды. Мысалы: Сіріңке – кеуірт,күкірт, шырпы, шағар, им, оттық, шақпақ; Шылапшын – леген, жам, кірлен, кірші; Кесе – самал, пиала, кәсе, тасаяқ, шыныаяқ, (осындағы шырпы, кесе, шыныаяқ – сөздері әдеби тілге еніп, жалпы халықтық тілге айналып келеді).
Дей тұрғанымен де, белгілі бір кәсіпке байланысты, жергілікті жердің ерекшелігін көрсету үшін арнайы бадырайтып, ашып жазатын әдеби тіл байлығын молайтуға себепші болатындары да толып жатыр. Олар белгілі бір стильдік мақсатта кейіпкер тілін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет