Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

Кенесары — Наурызбайдың” 

қысқаша  әңгімесі

Нысамбай  жырында  Кенесарының  Қырғызға  аттанған 

жо рығы ғана жырланады. Қырғызбен соғысуға себеп болған 

болымсыз нәрсе: ханның тор төбел ат дейтін аты ұрланады. 

Соны қырғыз алды деп алғашқы рет қол жібереді. Бұл жолда 

Кененің қолы жеңіліп қайтады. Оның үстіне Кененің айтқан 

бұйрықтарын  қырғыздар  тыңдамайды.  Соған  кекті  болып 

Қанайдың сырлаған тамын құлаттырады.

Осыдан  кейін  қазақ  пен  қырғыздың  арасы  шиеленісіп, 

қатты жаулық басталады.

Кене  өз  қолындағы  әскерін  азсынып,  маңындағы  қазақ 

руларынан көмек алмақ болады. Алғашқы сөз салған ел өр 

Дулат еді, ол ермейді. Содан көңілі қайтып тұрғанда Қоқаннан 

ауған көп Дулат келеді

11

. Бастығы Үрістем, Толыбай, Орақ 



датқа, Белқожа, Медеу деген билер болады.

Сол елмен бірігіп, қалың қол болып, қамаудан аттанып, 

Алатауға келіп, қосшы деген руды шабады. Елін жесір-жебір 

қылып, Қалша деген биді байлап алады. Қырғыз бітім сұрап 

Жаманқараны елшіге жібергенде, Наурызбай елшіні өлтіріп 

тастайды.

Содан  кейін  қырғыздың  барлық  руы  басын  қосып, 

Алатаудың беліне әскер төгіп, қалың қолмен жауды тосады. 



154

Бірнеше күн қазақ қолы қырғыздың шебіне шабуыл жасайды. 

Абылай аспас асудан асамын деп ниет қылады. Бірақ таудың 

сала-саласын кезіп кеткен қол ханның әскерін ілгері қарай 

бастырмайды. Ойда тұрып атқан зеңбірек қырғызға дарымай-

ды. Ақырында Наурызбай мен Бұғыбай батыр ақылдасып, 30 

жігіт серік алып, тау басына жол салмақ болып аттанып кетеді.

Бұл  уақытта  Кене  хан  қалған  қолдың  ортасында  сөз 

сөйлеп, қырғыздың асуын алмай қоймаймыз деп сөз байла-

сады. Қолдың бастығы Байызақ датқа болып, бастарына тас 

көтеріп, ант етеді. Сол мақсатпен Кене бастық болып, барлық 

қол таудың басына қарай жол тартады. Осы Кене, Наурызбай 

бастатқан 30 жігіт таудың басына шығып алып, қырғызбен 

соғыс салып жүр екен:

Болжал-болжал көрінер,

Жау жоғары, біз төмен

Жеткен екен қамалға,

Наурызбай атты сүр берен.

Қарқарадай астында

Байызақ берген көк дөнен.

Күн шығыс жаудың шетінен

Қамалға кірді көлденең.

30  жігіт  тау  басына  шыққан  соң,  қалған  қол  да  ілгері 

жетеді. Ойдағы зеңбіректі 40 арқан жалғап жоғары көтеріп 

алады. Зеңбіректі құрып алып атқан соң, қырғыздың шебі 

жарылып, толқуға айналады. Наурызбай мен Бұғыбай артынан 

жеткен ханды көрген соң бұрынғыдан артық жанын салып, 

қимыл қылады. Қазақтың батырлары неше түлік мал менен 

тұтқындарды топ-тобымен әкеліп жатады. Бірақ бұл соғыста 

қырғыздың тайлы-таяғы қалмай жиналған еді. Барлық еркек 

кіндікті азаматы қырылып болғанша, Кенесарыға бағынып, 

бойсынбақшы емес еді. Сондықтан тау тасының арасынан шеп 

жасап алып, соғысып жүреді. Осы үлкен соғыстың үстінде 

Наурызбайға қырғыздың Кәрібоз деген басты кісісі кездесіп, 

Кенемен дау айтысады.

Кәрібоз сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй дейді:

“Ей, Наурызбай, ер төрем,



155

Қарайып жүрмін қаныма,

Ызақорлық көрсетіп

Қатты батты жаныма.

Не жазығым бар еді,

Кенесары ханыңа.

Бітті деп, көңіл тынбады

Қырғызда қалған арына.

Алмаған ары қалды ма,

Қырғызда оның тайы да.

Қосшыны шапты шулатып,

Қара ағаштай шүңгірден,

Қалшаны ұстап байлады

Хан болып халқын меңгерген.

Абылайдың тұсында

Қылған ісің жөн келген

Қырғыздың жолы бар ма еді

Қалыңсыз саған қыз берген.

Аса барып ел шаптың

Туыңды тігіп Құмбелден.

.....................................................

.....................................................

Бұрыннан — соңнан бар ма еді.

Елшіге бейнет елімді.

Жаманқарамды өлтіріп,

Бір сындырдың белімді,

Тіріме қылсаң болмай ма,

Өлгенім саған не қылды.

Атаңның ақы бар ма еді

Есқожа, Қанай көрінде”.

Осы сияқты сөздермен Кәрібоз кінәмен дау айтқанда Нау-

рызбайдың қарсы айтатын кінәсі көп емес. Ол: “Арағың мен 

бозаңды қой”

12

, — дейді.



Соғыс бұл айтыспен тоқтамайды. Басында қазақ қолы олжа 

алады. Жеңуге ыңғайланады. Бірақ тауды кернеп алған қалың 

қол біржолата жеңгізбейді. Жапатармағай соғыс болып жүрген 

уақытта Кененің туысқаны Ержан қолға түседі. Қырғыздарға 

қайрат біте бастайды. Сарысудың кемеріне барлық қол жи-

ылып, қазақты қоршап алуға айналады. Сол уақытта қырғыз 

тобынан жекпе-жек тілеп Шынының ұлы Бедері деген батыр 

шығады.


Көпке шейін қазақ ішінен мұның жекпе-жегіне шығатын 

кісі табылмайды. Байызақ датқа ашуланып, көптің намысын 

қыздырып сөз сөйлейді. Ақырында өзге жан шықпаған соң, 


156

Нау рызбай шығады. Наурызбай жауға қарсы шығарда көпке 

қарап, сөз сөйлейді:

Наурызбай сөйлеп жөнелді:

Батырлар, құлақ салыңыз.

Қара ағаштай көп қазақ

Бақты болсын ханымыз.

Жау қарасын көргенде,

Қайтпасын бастан бағымыз.

Ержан түсіп қырғызға,

Дұшпанға кетті арымыз.

Онан біздің артық па

Майданға кірмей жанымыз.

Ержан үшін жарассын

Ақ боз атқа ханымыз, —

деп  Бедеріге  қарсы  жүріп  кетеді.  Наурызбай  жекпе-жекте 

қырғыздың екі, үш батырын өлтіреді. Содан кейін жалпақ 

соғыс  болады.  Қазақ  зеңбірек  атады,  бірақ  екі  атқан  соң 

зеңбірек ортасынан үзіліп, керекке жарамай қалады.

Бірақ бұл соғыста да Наурызбай мен өзге батырлар үлкен 

қайрат көрсетіп, қырғызды тағы еңсеруге айналады. Қайта-

қайта топ-топ қылып олжа әкеледі. Бірақ осы соғыстың орта 

кезінде өзге қолдан оқшау соғысып жүрген Наурызбайдың 

атына  оқ  тиіп,  жығылып  қалады.  Қырғыз  қолы  батырды 

баспақшы болып, жабыла ұмтылады. Наурызбайды Бұқарбай 

мінгестіріп алып қашады. Қырғыздар жау қаштылап қуып 

соғыс салады. Наурызбайды көп батырлар арашалап алып 

қашады.  Аман-есен  құтылады.  Бірақ,  бір  рет  беті  қайтып 

қашқан соң қырғыздың қолы жетпей тоқтамайтын болып, 

тобын жиып қазақты қамап алады. Қырғызбен көп соғысып, 

жеңе  алмаған  соң  қазақтың  көңілі  шайыла  бастайды.  Қол 

ішіне жік кіреді. Астыртын азғырушылар болады. Оның үстіне 

қырғыздың саны сағат сайын көбейіп, шығар жол тастамай 

қоршап алады. Сол күні кешке арасына іріткі кірген әскер тоз-

тоз болып қаша бастайды. Соғысарлық күш қалмайды. Қазақ 

қолының барлық басшылары, бастығы Кене хан, Наурызбай 

болып қолға түседі. Содан арғы жері жырда айтылмайды. Осы 

барған сапарда ерлер елге қайтпады. Қатын-бала, елі-жұртын 

көруге жазбады деп сөз аяғын жоқтаумен бітіреді. Жоқтауы:


157

Қоғамы күшті ер еді,

Киімді бала тудырған.

Ықпалы жүрген ер еді

Алтынды қылыш будырған.

Абылайлатып ат қойып,

Дұшпанды көрсе қудырған.

Көп сарғайтып келместей

Кенехан, саған не болды?!

Тұлпардан сайлап ат мініп,

Дорбадан жемін жегізген.

Жем орнына бал беріп,

Қысырдың сүтін емізген.

Басқын қалың жау жетсе

Әлі де шығар дегізген.

Кенекемді қалдырып,

Көк бурыл саған не болды?!

Патшада бар алтын тақ,

Жасынан жаппар берген бақ,

Безбелді қара бүркіттей

Шабытты туған сұғанақ.

Қанаты жоқ, құйрық жоқ,

Бір анадан жалғыз тақ,

Көп сарғайтып келместей,

Наурызбай, саған не болды?!

“Кенесары”  жырының  мәнісі

Тарихи  өлеңдердің  ішінде  баспаға  шыққан  ірі  өлеңнің 

бірі — “Кенесары — Наурызбай” жыры. Бұл да барлық тарихи 

жырлар сияқты белгілі дәуірдің туғызған әңгімесі.

Кенесарының  қайғы,  өкінішімен  біткен  жорығы,  қазақ 

баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып 

көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп 

болған  нәрсе  —  Кенесары  ісінің  өзге  батырлардың  ісінен 

әлдеқайда ірі, әлдеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады. 

Кенесары қазақ елінің ескіден қадірлеген Абылай ханның 

тұқымынан шыққан, өзі де орыс құлдығына елдің бағынып 

алып, қиын-қыстау заманға келіп қысылған кезінде ескі еркін 

күннің ескерткіші сияқты, жоғалған ұжмақ жоқшысы болып 

шыққан.  Артынан  көп  елді  ертіп,  қалың  көптің  тілеуіне 



158

сүйенгендігінен көп жылдай күшті үкіметтің қолына түспей, 

қарсылық  істеп  өткен.  Сол  елден  ерекше  еңбегі  үшін  үш 

жүздің  баласы  сол  қысылшаң  аласапыран  заманда  да  хан 

сайлаған.

Кенесары  жорығына  қазақ  баласының  әрбір  руы  да 

араласқан.  Іспен  араласпаса,  сөз  қосып,  тілеу  қосқан.  Үш 

жүздің  игі  жақ сысының  ауызында  Кенесары  істері  көп 

жылдарға  шейін  қан  қыздыратын  әңгіме  болып  жүрген. 

Сондықтан Кенесарының өз жорығы ғана әңгіме болмай, сол 

Кенесары қолында бірге жүрген батырлардың да жеке-жеке 

әңгімелері туған. Кенесары тұсындағы батырлардың ішінде, 

әсіресе, Наурызбай өмірі көп жыр туғызған қызықты әңгіме 

болған.  Қазіргі  біз  қарастыратын  Нысамбай  жыры  сол  ірі 

оқиғалардың дәл ішінде болған “Кенесары — Наурызбай” 

болады


13

.

Бұл жырдың бұрынғылардан бір ерекше жері: кешегі қалың 



қазақтың көз алдында болған көпке мәлім әңгіменің дәл өзі 

айтылса, оның үстіне сол бусанған қан, бұрқылдаған шаңның 

ішінде сол ел қаһармандарымен бірге жүріп, қиындық көрген 

Нысамбайдың жырлауы әңгімеге екінші бір ерекшелік береді. 

Нысамбайдың жыры бұл уақытқа шейін әңгімелі өлеңдерінің 

тұсында болмаған бір жаңалық, өзгешелікті білдіреді.

Бұл  жырдың  айтушысы  —  қайғылы  оқиғаның  қызығы 

мен қайғысының қалың ортасында болған, қан майданның 

ішінен шыққан жортуылшы ақын, қалың қолдың жыршысы. 

Шеру тартқан жүрістің, бақытты, қызық жорықтың жыршы-

сы. Қазақтың ханы мен батырының қасында қалың қолының 

ішінде жүретін желікті топтың қызығы, думаны, сырнай мен 

кернейі сияқты ермегі болған жыршысы. Мұның өзі де аламан. 

Қалың қолдың қызығы бұған да қызық, қайғысы бұған да 

қайғы. Оның үстіне бұл соғысудағы қол мен елдің арасындағы 

тілшісі, біріне-бірінің тілеуін, ниетін қосып отыратын жа-

маушысы.  Нысамбайдай  жорықтағы  қолдың  жыршысы 

бұрынғы хандардың тұсында да болған. Мысалы: Абылайдың 

қолындағы толғаушыл Бұқар жырау да осы Нысамбай реттес 

болған.  Бірақ  жырау  көбінесе  кісілігі  мол,  ойшыл  болған. 

Өрттей өлеңді сөзімен Абылайдың ақылшысы болып кеткен. 

Сондықтан ол әңгімелі өлеңді бойына лайық көрмей, көбінесе 



159

өсиет есебінде толғау айтып, соны дағды қылған. Бұл жағына 

келгенде өз міндетін әбден түсініп, кейінгіге қызықты белгі 

тастаған Нысамбай.

Кенесары — Наурызбай жорығы туралы кейінгі талай ақын 

талай түрлі өлең шығарса да, дәл Нысамбай жеткен өріске 

жеткен емес. Нысамбай жырында оқушының көз алдында 

ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Бұл өлең 

ақын қиялының еріккендегі ермегі емес. Барлық сөзінде сол 

жорықтың қуанышы мен қайғысын кеше ғана көз алдынан 

өткізген,  көзі  көргеннің  жаңалығы  бар.  Көп  қолмен  бірге 

кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі сол оқиғаның 

адамы. Сондықтан әңгіме тізуінде жаңылмайтын сенімділік 

бар. Сонымен бірге Нысамбай ел ақындығының дағдысынан 

да  жаңылмайды.  Әңгімелі  өлеңге  өзінің  ақындық  пішінін 

кіргізбейді. Өзі көлденең отырып айтқан айтушыдай бойын 

аулақ ұстап, шын істі жасырмай дәл айтады. Анда-санда ау-

зынан шығып кететін өртті арман, жалын болмаса, әңгіменің 

көп жерінде қырғыз бен қазаққа тең ақын болып сөйлейді.

Нысамбай  жырында  қырғыз  үнемі  жазықты  болмайды. 

Қайта  Кәрібоздың  кінәласқан  сөзінде  Наурызбайды  жеңуі 

ақынның  ерекше  әділдігін  білдіреді.  Қырғызда  кінә  аз. 

Жазығы:  “Ежелгі  жау  ел  болмас”  деп  Абылай  тұқымына 

бағынғысы келмегендік

14

. Жалғыз сол кінәсі үшін қырғыз, 



қазақ қолынан көп зорлық, көп қиянат көреді. Соның бәрін 

бадырайтып  айтпаса  да,  Нысамбай  бүркемей,  жасырмай 

сездіреді. Қырғыздың кінәсіздігі Кенесары қолындағы көп 

жұртқа мәлім. Сол кінәсіздігін ақын да сезеді. Сондықтан 

Кәрібоздың  сөзінде  өз  басшысының  орынсыз  қиянатын, 

орынсыз жуандығын түгел санайды.

Кенесары қолында алалық туады. “Қызыл тұмсық” бол-

сын деп барымталаумен олжаны берген Дулат бір қалыпты 

тұрмайды, бұзылып, айниды. Қазақ елінен ұзаққа баратын 

бірлік шықпайды. Нысамбай осыны да қалдырмайды, бұл 

сияқты сөздер Нысамбайдың өзге ақындардан бөлек мінезін 

көрсетеді. Бұл сыншыл жыршы. Қырғыздың сөзін жөндеп, 

кінәсін күшті қылып айтып, жазықсыздығын білдіріп отырып, 

өзінің Кенесары тілеуінде екендігін де өлеңінде жасырмайды. 



160

Кезекті кезінде екі жаққа да тең сөзін орамды жырмен жақсы 

жеткізеді.

Кенесары — қалың қазақтың үміті. Бір қырғызға аттанған 

жорығы емес, одан көп арғы жерден Кенесары арқылы қалың 

қазақ жақсылық күтетін, Кенесарының түп мақсатымен бетте-

ген беті жалғыз Нысамбай емес, кейінгі жалпақ елдің үмітін 

артқан беті еді. Кенесары ірі іске ұзақ күнге белгіленген үміті 

еді. Сондықтан жақын жерде шұғылынан қаза тапқаны алы-

стан тоят іздеп ұшқан ақ сұңқарды қанатынан қайырғандай, 

ақынның қабырғасын сындырғандай болады. Бұл Нысамбай 

жүрегінің түкпірінде жатқан зіл қара тастай қайғы болады.

Соны ойлағанда Нысамбай жырмен тақылдап, қайғылы 

сапарды  баяндап  отыра  алмайды.  Оны  шын  қайғы  жеңіп, 

шын зар басады. Қайғымен іші егіліп жылап, өртенген жүрек 

өлеңдетіп, шырақтық қылуға жарамайды. Жарық жұлдыздай 

ағып өткен қырандары Нысамбайды таусылмастай арманға 

батырады. Сондықтан оқиғаның қайғымен, жылаумен бітетін 

жерін  айтып  біте  алмай,  әлсіреп,  жылап  тоқтайды.  Дәл 

қайғылы хабардың үстіне келгенде әңгімесін үзіп, жоқтау, 

жылаумен қалған халды баян етеді. Бұл жоқтау Кенесарының 

бар қызығын бірге көріп, соның жорығы мен жүрісін өмір 

қылып  кеткен  Нысамбайға  мінсіз  жарасады.  Нысамбайға 

осылай айтудан басқа жол жоқ сияқты. Аламаншыл ақыннан 

бұдан арғыны тілеуге болмайды

15

.



Сондықтан сағынып-сарғайған қайғылы, қаралы көңілімен 

“Көп сарғайып келместей, Кене хан саған не болды...” деп, 

“Кенекемді  қалдырып,  көкбурыл  саған  не  болды...”  деп 

тоқтайды.

“Кенесары” жырындағы өлең тілі ерекше сұлу кестелі тіл, 

оқушыға ұғымды, артынан лепілдетіп ертіп отыратын құрыш 

қайратты қызу бар. Ақынның жанын салған қызумен шын 

сезі мін білдірген, міні жоқ ұзақ қайғы өлеңі болып шығады. 

Өлең тілі құр ғана ұйқасы мен қызуын қуған сөз емес, сол 

заманның  кестелі  сұлу,  шешен  түрлерінен  құралған  сом 

алтындай жұмыр келетін кесек тіл. Өлеңдері ерекше отты 

келетін соғыс суреттері мен айтыс, талас сөздер. Соғыста 

еске алатын үлкен оқиғаның бірі қалмай тізілген, ақынның 

ірі  суретшілдігін  білдіретін  өзгеше  шеберліктер  бір  емес, 

әлденеше жерде келеді.


161

Кенесарының  Нысамбай  айтқан  жыры  жалғыз  ғана 

қырғызға  аттанған  жорықты  баяндайды.  Бұл  жорықтың 

алдында он жыл бойы созылған ұлы оқиғалар мына жыр-

да көрінбейді. Сол себепті Кененің орысқа қарсы шыққан 

соғысы, өзбекпен жасаған соғысы болсын, яки кейбір қазақ 

руларымен  кездескен  ұрыстары  болсын  —  барлығының 

жайын айтып, солар турасындағы соғысқа айдаған себеп пен 

мақсатты жыр шеңберінен шығып алып, баяндауды қисынсыз 

көрдік.


“Исатай — Махамбет”  жырының 

қысқаша  әңгімесі

Жырда Исатай — Махамбеттің барлық жыры айтылмайды. 

Көтерілістің алғашқы басталған оқиғалары ғана суреттеледі. 

Исатай Бөкейден соң хан болған Жәңгірдің тұстасы болады.

Хан  қол  астына  30  мың  үй  қарайды  екен.  Сексен  мың 

жаны бар екен. Исатай ол ханның қол астына қарайтын Беріш 

руының ел бастаған әділ биі, абыройлы жақсысы болады

16

.



Хан елін билегенде орыстың үкіметіне сүйеніп, маңайына 

әр жерден шыққан шығайларын жиып алып қожа, молдаға 

билетеді. Елге көп шығын салады. Ел ішінен уәзір есебіне 

он  екі  би  алады.  Бірақ  билер  өзі  сүйіп,  сайлаған  би  емес. 

Ханның жетегінде болып, үнемі соның шашбауын көтеретін, 

әділеті жоқ, жемқор билер болады. Қалың елдің ортасында 

ханның әділетсіз ауыр билігі үшін үлкен наразылық болады. 

Алым-салықтың ауыртпалығы басқа ел қамын ұқпайтын жат 

пен жаманның билігі жалғыз ғана қара халық емес, ел-елдің 

басты адамдарын да наразылыққа салады. Көп елдің кеңесі 

ханға  қарсылық  жасап,  ауыртпалығынан  құтылуды  қажет 

деп біледі.

Қалың елдің өз тілегін орындап, өз билігін жүргізуді тілек 

етеді. Осы көптің ішінде Жәңгір ханға Исатай да ырза емес 

болады.  Оның  үстіне  Беріштен  би  сайлау  керек  болғанда, 

қалаған кісісін көрсету елдің өзіне тапсырылып еді. Беріштің 

ішінен шыққан Жақсымбет, Шомбал, Балқы деген билер ел 

қамын  жейтін  Исатайға  билікті  беруді  қимады.  Сонымен 

11–1248


162

талас болуға айналған соң, барлығы ортасынан Балқы деген 

кісіге билікті береді.

Балқы елдің қамын бүктемеге тастап, ылғи Жәңгір ханның 

сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап, соған жағынуды мақсат қылды. 

Беріш атаулы бұған бұрынғыдан да жаман наразы болды. Осы-

мен жүргенде Исатай хан ордасына келіп отырып, бір биліктің 

үстінде Жәңгірдің мінін айтады. Хан алдына бір мырза мен 

бір жарлы дауласып келген уақытта мырзаға бұрылып үкім 

айтылып еді. Осыдан шығып Исатай, ханда әуелден адалдық 

жоқтығын бетіне айтады.

Хан бұл сөзге намыстанып, қарсы сөйлейді. Исатайға тілін 

тигізеді. Исатай да ерегісіп жуан сөйлейді. Жәңгір мұндай 

қарсылыққа шыдай алмай, Исатайды тұтқын қылып, күреспен 

ұстап отырып, жанындағы он екі биге билік айтқызады. Билер 

ханға тіл тигізгені үшін Исатайға алпыс атан айып кеседі. 

Исатай ықтиярсыз айып төлеп, еліне қайтады.

Әділетті жоқтадың деп жазаға ұшыратқан соң, намысына 

шыдамай қол жиып, ханмен соғысуға қамданады. Исатайша 

наразы болған елдің тобы осы тудың астына жиналады. Бір 

мыңдай қол болады. Бастығы Исатай — Махамбет болып қол 

хан ордасына қарай бет қояды.

Келе жатқан қолдың хабары ханға естілген соң, о да әскер 

жинайды. Орысы бар, қазағы бар екі мыңдай кісі болады. 

Әскеріне бастық қылып Қарауыл деген қожаны сайлайды.

Екі әскер далада айтқан жерге жиналып, соғыс салады. 

Басында  алыстан  атысып,  қашықтан  ұрысады.  Артынан 

Исатайдың қолына Махамбет келеді. Бұл басында кейіндеп 

қалған  екен.  Келісімен  Махамбет  қолды  бастап,  жауына 

қарай тура беттеп, шабуыл жасайды. Ханның әскері бұлармен 

қарсыласуға шыдамай, тоз-тоз болып қашады. Бұл жолы хан 

жеңілген болады. Исатайдың қайраты мен ерлігіне көп ел 

сүйініп, жеккөрінішті ханнан құтылу үстіне батырдың тобын 

көбейтпек болып, бұ рынғыдан жаман ағыла бастайды. Көп 

елдің тілеуі де артынан еріп, өрісіне сенімі артқан соң Исатай 

келесі жылы алты мың қолмен хан ордасының өзін алмақ 

болып тағы аттанады. Бұл жолғы мақсаты ханның ордасын 

талқандап, өзін тұтқын қылып, орнынан түсірмек болатын.



163

Ойда жоқта Исатай әскері келіп қалған соң, хан есінен 

танып қорқады. Сасқан жерде ойына келген шараның бәрін 

қолданады. Бір жағынан жақын маңдағы орыс қалаларының 

барлығына тілші шаптырып: “Ордамды Исатай қамап жатыр, 

ақыл менен көмек бер, Исатай патшаға қарсы көтеріліс жасап 

отыр”, — дейді. Екінші жағынан қасындағы ел кісілерін де 

Исатайға салып, айтқанын орындамақ болып, бітім тілейді. 

Үшіншіден, өз басының аман, жаман болатынына сене алмай, 

ордасын  тастап,  қашпақшы  болады.  Бірақ  сол  жұмыстан 

маңындағы  ақылшылары,  ханымы  болып,  “тақсыр...”  деп 

тоқтатады. Бітімшілер Исатай қолына келіп, айып-анжы төлеп, 

табыспақ болып, сөз сөйлейді. Бұлардың сөзіне Махамбеттің 

тоқтағысы келмейді, “Алдап жүр, орысты тосып жүр, біз қайда 

қаламыз, одан да елшілерін қырып, орданы алайық” дейді. Бұл 

ақылды Исатай орынсыз көреді. Бері қарай ойыса бастайды. 

Көп қол наразы болады. Бірнеше күн бітім жайындағы сөз со-

зылып, аяғы жерге тимеуге айналады. Бұл уақытта Исатайдың 

ісіне  ырза  болмағандар  шығып,  ыдырап,  тарай  бастайды. 

Оның  үстіне  ханға  көмек  бермек  болып,  орыс  әскерлері 

келіп қалады. Исатай дегеніне жете алмай, қапыда қалып, 

шегініп  кетеді.  Жаудан  қашығырақ  жердегі  құмды  мекен 

қылып жатып, Жайықтың суы қатқанын тосады

17

. Бұл кезде 



қасындағы барлық көп қолы бытырап, тоз-тоз болып кетеді. 

Құмда жүргенде орыстан қуғын келеді. Исатай соғысып аман 

құтылады. Саны аз ғана болса да алдырмайды. Сол ұрыстан 

кейін Жайықтан өтіп, бұрынғы шыққан еліне келеді. Махамбет 

екеуі бірталай заман қашқын болады.

“Исатай — Махамбет”  жырының  мәнісі

Баспаға шыққан тарихи өлеңнің бірі — “Исатай — Ма-

хамбет”. Исатайдың жорығын жыр қылған Ығылман ақын

18



Ақынның  жыры  тарихта  ізі  қалған  жыр,  анық  оқиғаның 

дәл  өзінен  туған  шындық  тазалықпен  айтылады.  Мұнда 

көмескілеген жасырын жоқ. Болған оқиғаны өлең өлшеуіне 

түсіру жыршының алдыңғы мақсаты болған сияқты. Ығылман 

Исатай жырын тізуіне қарағанда, кейде Кенесары қолындағы 


164

Нысамбайға ұқсайды. Бұ да батыр сапарына тілеулес, соның 

ісінен  жеміс  күтіп,  үміт  етеді.  Бұл  жағынан  қарағанда  ел 

мұңын  жоқтап  шыққан  қолдың  ақыны  сияқты.  Ығылман 

анығында Исатай қолында болмаса да, сол оқиғаның артынан 

ел есінде қалған жанды әңгіменің қызуын өз басынан атқарған 

ақын. Мұның да жайылған өрісі мен тыныс алған әуесі — Иса-

тай оқиғасын тудырған әуе, Исатай қолының шаңы басылмай, 

дүбірі мен даңқы ел аузында ескірмей тұрған уақытта шыққан. 

Ол оқиға көпке шейін ескіруге мүмкін де емес. Себебі — 

Исатайды шығарған себептер, сол оқиғаны тудырған тарихи 

халдер Ығылман заманында да кеміген жоқ-ты, көп істе патша 

үкіметі бұрынғыдан да жауызырақ, бұрынғыдан да қаталырақ 

болып алған. Сондықтан Исатайлар заманында Абылай, Бұқар 

жыраудың атақ, даңқы қандай болса, Ығылман заманында 

Исатай Махамбеттер де сондайлық қадірлі аруақ болған.

Исатай өз заманында зор іс істеп өтті. Ол құр ғана сөз 

сөйлеуді  қанағат  қылған  жоқ.  Барлық  ақыл  мен  қайратын 

іске жұмсады. Сол іс пен мақсаттың жолына басын құрбан 

қылды. Сондықтан кейінгі ұрпақ оның басын бағалап, оның 

қадірін ұққан болса, ең алдымен сол жақсысын ұмытпау керек. 

Соның аруағы қалың елдің аузында үнемі аталып, үнемі еске 

алынып жүруі керек. Олай болса, Исатайдан соңғы бір алуан 

жақсысының міндеті сол батырдың аруағын тірілту.

Бұл міндетті атқаратын кім? Немен тірілтеді? Атқаратын 

сол  тарихи  дәуір  туғызған  екі  алуан  жақсының  бірі  деп 

саналған кемеңгер қария мен ойшыл жырау. Исатайлар қол 

қызметін  атқарып  өткенде,  бұлар  сол  оқиғалардың  бетіне 

қарай, ел ойы мен ел сезімін тәрбиелеуге міндетті.

Бірақ елге арналған жақсы сөз өлеңмен жақсы ұғылады, 

өлеңмен  айтылса  ұмытылмайды.  Сондықтан  Исатайдың 

жорығын жыр қылуды екінші түрлі батырлық міндеті деп 

санаған ақын шығады. Исатайды қадірлеген ел соның жүрісін 

өлең қылуды ақынға әлеумет міңдеті сияқты қылып артады. 

Осы  сияқты  ел  ортасына  ертеден  орнаған  салт  бойынша 

қазақтың өлең өлшеуіне түскен тарихы жасалады. “Исатай” 

жырының тарихи өлең болатын зор себебінің бірі — осы. 


165

Осы  хал  Ығылман  жырында  өзге  өлеңдерден  анығырақ, 

ашығырақ көрінеді. Бұрынғы батырлар жырының барлығын 

туғызған себептер қандай екенін ашып бергендей болады. 

Оларды туғызған да осы ұғым, осы салт. Кенесары жорығын 

Нысамбайға жырлатқан себеп те сол, сондықтан Ығылман 

Исатайдың жырын бастап келе жатып:

Үйренген бастан бір мінез

Шабан едім бой күйез.

Ұйқымнан жатқан оятып,

Тұрғызды сөз жетектеп,

Даусын естіп халқымның,

Ұйқымнан жатқан тұрғанмын.

Ел қамын жеген ер үшін,

Шыбын жанын фидә еткен —

Мен бір даяр құрбанмын, —

дейді.

Халқының дауысын есітіп, бой күйез мінезін тастап, ұйқы-



сынан оятып, батыр жолына басын фидә қылатын тілеулестігін 

білдіріп, ақын жыр жырлап, жер күңірентеді. Ақынды бұл 

міндетке айдап салған ел басшысы болған батырдың артында 

күңірентіп қалған қарашы арманда кеткен жақсысына белгі 

қойып, ескерткіш жасауға міндетті. Әйтпесе, ер еңбегі зая 

кеткендей арман болар еді. Сондықтан:

Тәржіма халін ерлердің

Жырлап жазсаң не етер деп,

Ел үшін еткен еңбегі

Жарыққа шықпай кетер деп.

Ел айтқан соң, Ығылман Исатайдың ісіне өлеңнен күмбез 

орнатуға кіріскен. Батырдың басына зират салған ісмер сияқты 

өз қолынан келетін ескерткіш жасаған.

Жырдағы  әңгімені  алсақ:  тарихи  оқиғаның  жылы  ізі 

суымай  тұрған  уақытта,  сол  оқиғаның  өкшесін  басып 

шыққандықтан  үлкен  шыншылдықпен  жазылған.  Өмірде 

анық болған оқиға көмескісіз, күңгіртсіз, айнаға түскендей 

ашық  түскен.  Бұрынғы  батырлар  жырының  жасырынды 

сүйетін тұманды сарыны Исатай жырында суалып, жоғалған 

сияқты да, оның орнына ел тіршілігі мен ел салты көлемдірек 



166

болып көрінуге айналған. Бұл жағынан қарағанда Кенесары, 

Исатай  жырлары  сияқты  тарихи  өлеңдер  әдебиетте  жаңа 

бағыт туғызып, өмірге жанасуды мақсат қылған сияқтанады. 

Ел әдебиетіндегі өміршілдік, нағызшылдық толық пішінде 

ең алғашқы рет осы өлеңдерден шығады. Исатайдың Жәңгір 

ханға астамдық сөз айтып, айып тартып, алпыс атан төлеуі, 

ел билерінің кесім айтуы, онан соң жырдың ішіне шай мен 

жылы үй, құс төсектің кіруі барлығы да әдебиетке ел өмірі 

көлемді суретпен кіре бастағанының белгісі. Бұлардан басқа 

орыс әскері, зеңбірек, қазақша соғыстың суреттері болсын, 

бәрі де бүгінгі заман адамдарына Исатай оқиғасы кеше ғана 

болған іс екенін анық білдіреді. “Исатай” жырында “Кенеса-

рыда” кез келетін жекпе-жек жоқ. О да ескі өмірдің ескі салты 

еді. Оның аржағында баяғы ескі батырлар жекпе-жегі кезең 

астында ғана тұрған сияқты еді. Мына заман ол салт пен ол 

дағдыны жоғалтқан. Бұл көріксіз, көңілсіз болса да өмір.

Күндегі тәжірибенің анық ұғындырған даусыз ақиқаты. 

Сондықтан  Ығылман  өзі  көрген  суретті  ғана  жырлайды. 

Исатай жорығын ертегілі батырлар ісіндей қылып бұлдырата 

алмайды.  Солай  болмасқа  ақынның  шарасы  да  жоқ  еді. 

Өйткені, зеңбірек пен әскер қазақ өмірінің төрінен өзіне де-

ген орынды ойып алған. Баяғы заманда бұлар ертегі болса, 

Ығылман заманында асау басқа киілген ноқта тым-ақ анық, 

ақиқат болған. Зеңбіректен тізе көрген жалғыз Исатай мен 

соған ерген ел емес, ақынның қиялы да сол қазаны көрген. 

Бұрын ертегілі, сағымды тұманмен тіршілік еткен ақындық 

қиялы алғашқы рет қазақ даласында зеңбірек даусын естіп, 

ел ішіне жат ниетпен келіп, жат тілмен сөйлеп жүрген шен 

мен шекпенді көргенде бұрынғы ұйқылы-ояу түстен еріксіз 

оянған. Ел етіне “құба құстың суық тұмсығы тиіп” шошынып 

мұздатқан  заманда  ақын  қиялы  да,  бала  шағынан  шығып, 

қызылды-жасылды күндеріне қош айтып, ақыл мен ойға бой 

ұра бастаған. Сол ақылға бой ұру барлық тарихи өлеңдердің 

бояуын бұзып, бағытын өзгертіп, жоғарыда айтқан өміршілдік 

сарынын күшейткен.

Бірақ, Исатай жырын жалғыз осы белгісіне қарай сынап 

кетсек, тексеруіміз бір беткей, солақай болар еді. Сондықтан 

осы  жырды  ескі  батырлар  жырымен  жалғастыратын  үлгі 


167

қандай, соған біраз тоқтау керек. Ығылманға “Исатай” жы-

рын айтқызған себеп, ескі жырларды туғызған себеппен бір 

болғандықтан, әрине бұған да ескі үлгінің көшкені бар, ол 

үлгісі — Исатайдың өмірін баяндауда, рас Ығылман ең алды-

мен, Исатай басының жоқшысы. Сондықтан әуелгі сөздерді 

жоқтау үлгісімен бас тайды, Нысамбай Кенесарыны жырдың 

аяғында жоқтаса, ЬІғылман басында жоқтайды.

Ағайынның арына,

Қарындастың қамына,

Қысқа күнде қырық шапқан.

Қысылғанның панасы —

Асыл едің Исатай

Ер Тайманның баласы, —

деген  сөздер  Исатайға  арнаған  сөз  екенінде  дау  жоқ. 

Жырдың бұл жері бергі өмірдің табысы болса, осыдан ке-

йін келетін өлеңдерінің көбі: Исатайды тудырған ата-ана, 

тудырған  орта,  туып-өскен  жерге  арналады.  Содан  кейін 

бала  күнінен  жігіт  болып,  жетілген  шағына  шейін  кім 

болғанын айтады.

Он жасына келгенде,

Бұлбұлдай тілі сайрады.

Жасы он беске келгенде

Жұрт пайдасын ойлады.

Жиырмаға келгенде,

Жиылған дуды көргенде,

Оза шауып бәйге алды.

Жиырма беске келгенде,

Астананың қамы үшін

Түн ұйқысын бөлгенде,

Түгесілмес қайғы алды.

Отыз жасқа келгенде

Өлімді жауды көргенде,

Жасақпенен сайланды, —

дейді.

Міне, мұның бәрі батыр шынын толық қылып суреттеп 



“нағыз батыр” дегізу үшін ескі батырлар әңгімесінен алған 

үлгі. Ақынның түсінуінше, Исатай орыс заманы ғана туғызған 



168

батыр емес. Туысы баяғы батырдың туысы. Сол батырдың бел 

баласы. Бірақ мұның сорына бұзылған кер заманға кез болып, 

кедергіге ілінген, заманы бұрынғы болса, бұ дағы “қоңыраулы 

найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып, жауды көрсе 

шүйіліп, жеңсіз берен киетін” ұлы батыр болар еді. Қазірде 

мұның басын тағдыр қуатындай болып, басып тұрған ауырлық 

бар. Ол ауырлық, ол кезең: “Батыр бір оқтық, бай бір жұттық” 

болып қалғаны. Бірақ заман халі өз бетіне. Сондай сұм заман 

болса да, баяғыдай батыр туа алған, сол батыр — Исатай. 

Сондықтан жаңағы туып-өскен өмірін айтқан жыр Ақжүніс-

тің Қожаққа айтқан:

Бес жасында, қарт Қожақ,

Жас шыбықтан жай тарттың,

Жалғыз шиден оқ аттың,

Атқан оғың жоғалттың,

Қане шыққан мүйізің?!

Жиырма беске келгенде,

..........................................

Ақ балтырың түрініп

Оймақтай аузың бүріліп,

Қарт бурадай шамданып,

Қас батырдай қамданып,

Бір дұшпаның сөз айтса,

Шыныңменен арланып,

Қызды бақтың бір кезде,

Қане шыққан мүйізің?! —

деген сөздеріне даусыз ұқсастығын білдіреді. Бұл үлгіні ел 

әдебиетінің бір түрінен екінші түріне еркін көшіп жүретін 

үлгі деп есептесек, ол уақытында Исатай, Махамбеттің жыры 

өзге халіне қарағанда, жоғарыда айтқан жаңа заманның жаңа 

түрлі жыры болады. Заманның толық суреті сияқты болып 

түскен әңгімелі өлеңі — тарихи өлең болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет