Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет29/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

кейбір кездері”, “Өлең — сөздің патшасы”, “Аңшылық” — “Төрт 

мезгіл”  өлеңдеріне:  “Жаз”  (“Жаздыкүн  шілде  болғанда”),  “Күз” 

(“Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан”), “Қараша, желтоқсан мен сол 

бір екі ай”, “Қыс” (“Ақ киімді, денелі, ақ сақалды”), “Жазғытұры” 

(“Жазғытұры қалмайды қыстың сызы”) жатады. “Адамның кейбір 

кездері, көңілде алаң басылса”, “Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы, 

қиыннан қиыстырар ер данасы” деп басталатын белгілі өлеңдер. 

29–1248


442

“Аңшылыққа”  —  “Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға”,  “Қыран 

бүркіт не алмайды, салса баптап” деген өлеңдері кіреді.

62.  344-бет.  “Мұрат  ақын  өлеңдері”  —  Мұрат  Мөңкеұлы 

(1843—1906)  “Үш  қиян”,  “Қазтуған”,  “Әттең,  бір  қапы  дүние” 

сияқты көптеген жыр-толғауларымен белгілі болған акын.

63, 64. 344-бет. “Махамбет сөздері” — “Исатай жыры”, “Бе-

кет”  —  Бөкейдегі  көтерілістің  басшысы  Исатай  Тайманұлына 

Махамбет біраз жырлар арнаған. “Бекет” атты белгілі дастан бар.

65, 66, 67, 68, 69, 70. 344-бет. “Бейімбет — “Күлпаш”, “Аштық 



құрбаны”, “Кедейге”, “Бәрі де тиылды”, “Жәке” — “Күлпаш” 

әңгімесінде екі әйелдің ауыр халі, оған өздерінің оғаш мінездерінің 

алып барғандығы, “Аштық құрбанында” тыянақсыз өмір сүрген 

әйел халі суреттеледі. “Жәке” Бейімбеттің сықақ өлеңі. Оның сыры:

— Е, оның байы бар ғой!

— Қайсы? Елудегі шал ғой...

Өзім сөйлесіп қойғам,

Не қыласың, қарағым, мал ғой, мал ғой! —

деген жолдардың өзінен-ақ аңғарылады.

71, 72, 73, 74, 75, 76. 344-бет. “Сәкен — “Экспресс”, “Отарба”, 



“Қара жер”, “Қарлы аязда”, “Баспахана”, “Теру шілер” — “Экс-

пресс” (1926) жинақ. Жинаққа: “Қара жер”, “Міне көл”, “Орман”, 

“Далада”, “Бозторғай”, “Аққу”, “Отарба” сияқты өлендері мен по-

эмалары енген. “Экспрестегі”:

“Бұрын атым тұлпар еді — бәйге көк,

Енді міне, поезд болды — тұлпар жоқ.

Ұзақ жолға, тұлпар қол ма? Мейлі жорға,

Тұлпар міну — Сарыарқада жүрсе тек.

...Ісі ерен, ұқсас көрем,

Отарбаны біздің осы тұрмысқа”, —

деген жолдардан ақынның нені айтпақ болғандығы сезіледі. “Бас-

пахана”, “Терушілер” деген өлеңдерін М. Әуезов ересек жастар 

мектебіне арнаған “Жеткіншек” атғты оқу кітабына пайдаланған.

77. 344-бет. “Мұқанұлы — өлеңдері” — Қай өлеңдері екендігі 

нақтылы көрсетілмеген.

78, 79, 80. 344-бет. “Мұхтар — “Қанды түн”, “Бәйбіше тоқал”, 



“Қараш-Қараш оқиғасы” — “Қанды түн” әңгімесі кейін “Барым-

та” атанды. “Бәйбіше-тоқал” 1922 жылы жеке кітап болып басылған 

белгілі пьесасы. “Қараш-Қараш оқиғасы” повесі “Жаңа мектепте” 

(1927, № 11-12. 1928. № 2-3) жарық көрді.



443

81, 82. 344-бет. “Сұлтанмахмұт — “Кедей”, “Қала ақыны — 



мен  дала  ақынының  айтысқаны”  —  Жиырмасыншы  ғасыр 

басындағы  қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі  Сұлтанмахмұт 

Торайғыров (1893—1920). “Кедей” поэмасында:

“Бишараны шын досқа санар едім,

Сол үшін оқ астына барар едім.

Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз,

Қорықпай-ақ жалғыз жақта қалар едім”, —

деп,  өз  көзқарасын  білдіреді.  “Қала  ақыны  мен  дала  ақынының 

айтысында”  (“Айтыс”)  Сұлтанмахмұт  шығармашылықтың  жаңа 

қырына көтерілген.

83.  344-бет.  “Сәбит  Дөнентайұлы”  —  “Уақ-түйектен”  — 

Белгілі  ақын  С.  Дөнентаевтың  (1894—1933)  алғашқы  өлеңдер 

жинағы  “Уақтүйек  ”  (1915)  деген  атпен  шықты.  Жинаққа  осы 

уақытқа дейін жазған өлеңдерінің едәуірі енді.

84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92. 344-бет. “Абай — “Масғұт”, Лер-

монтовтан жасаған аудармалары: “Жолға шықтым”, “Қарасам 

қайғыртар  жұрт”,  “Сал  демеймін  сөзім”,  “Кинжал”,  “Терек 

сиы”,  “Қараңғы  тұнде”,  “Дума”,  Пушкиннен:  “Татьяна—

Онегин” — “Масғұт” Абайдың санаулы поэмасының бірі. “Арун 

Рашид халифа заманында, Бағдадға бір жігіт бар аты Масғұт” деп 

басталады. Аударма деген аты болмаса, бұлардың барлығы негізінен 

ақынның өз төл туындылары сияқты.

93, 94, 95, 96, 97. 344-бет. “Максим Горький — “Челкаш”, 

“Сұңқар жыры”, “Ана” — М. Горькийдің (1868—1936) алғашқы 

екі әңгімесі күрескерлік рухтағы шығармалар. “Ана” романының 

арқауы 1905 жылғы Ресейдегі жұмысшы қозғалысы.

98, 99, 100. 344-бет. “Пушкиннен — “Тас мейман”, “Сараң 



сері”, “Дубровский” — А. С. Пушкиннің (1799—1937) ақ өлеңмен 

жазылған  драмалары  “Сараң  сері”,  “Тас  мейман”.  “Сараң  сері” 

Мольердің “Сараңына” ұқсас тақырыпты қозғаса, “Тас мейманда” 

Дон Жуан типтес бейнені жасады. “Дубровский” прозалық туын-

дысы.

101. 344-бет. “Всеволод Иванов — төрт әңгіме” — В. Иванов 



(1895—1963) орыс жазушысы. Қандай әңгімелері екені айтылмаған.

102, 103. 344-бет. “Лавренев “Қырық бірінші” — Б. А. Лавре-

нев (1891—1959) орыс жазушысы, драматургі. 1924 жылы жазылған 

“Қырық  бірінші”  повесі  Азамат  соғысы  жылдарының  оқиғасын 

қозғайды.


444

“ЗҰЛЫС”

Абайдың үлкен ұлы Ақылбайдың бұл дастанын М. Әуезов алғаш 

рет 1924 жылы “Сана” журналының 2-3 санында “Арқалық” деген 

бүркеншік  атпен  жариялайды.  Осы  шығармадан  кейін  Абайдың 

екі өлеңі “Сап, сап, көңілім, сап, көңілім” мен “Ескілік заманның 

киімін”  қоса  берген.  М.  Әуезов  осы  бүркеншік  атпен  Мамин-

Сибиряктың “Чусовойдағы бурлактар” әңгімесі мен (журналдың осы 

сандарында) “Асыл нәсілдер” (1974) пьесасының бәйгеге ұсынған 

нұсқасын жариялаған.

Журналда жарық көрген нұсқасы 104 жол, поэманың кейінгі 

жарияланымына тағы да 140 жол (Қайым Мұхаметханов, “Абайдың 

ақын  шәкірттері”,  1993,  75—78-беттер)  қосылды.  Алғашқы 

журналдық нұсқасынан:

Құралайды көзге атқан екен мерген,

Мекен ғып өмір сүрген қандай жерден.

Көз көргенін кітап қып тасниф еткен,

Өнер қылдым өнерлі сондай ерден, —

деген бір шумақ өлең қалып қойған. Кейінгі табылғандары журналда 

жарық көргенінің жалғасы екендігі көрінеді. Осы үзік “Зұлыстың” 

мазмұны мен көркемдік қасиетін толықтырып, бұрынғысынан да 

аша түсті, оның үстіне оқиғасы қайдан алынып жырланғандығын 

анықтауға мүмкіндік туғызады. Соңғы қосылған 35 шумаққа келсек 

олар мыналар:

— Сол туралы менің де көрген кісім,

Сіз айтқанға ұқсайды айтсам түсін.

Барма деген тілімді алмаған соң,

Копия бердім қолымнан келген ісім.

Генри естіп, ренжіп ойға кетті,

Ылайық көрді інісін іздемекті.

Қайда өлімнен құтылар адам басы,

Не де болса бұл жолға жүрдім депті.

— Осы жолы менімен болсаң жолдас,

Дос боламын өмірге жанды аямас.

Сыбағаң өзімменен бірдей болсын,

Құдай ондап табылса бриллиант тас.

Аңшы отырды бір сағат аял сұрап,

Қатыным жоқ артымда қалар жылап.

Школда оқып жүрген бір ұлым бар,

Жалғыз шырақ ақшасыз қалды-ау бір-ақ.


445

Деп, ойлады балама берсе ақша,

Оқып балам онымен ғылым тапса.

Көп берсе капитал ғып қалдырайын,

Не бітеді кісіге қарап жатса, —

Деп, ойлап Кватермэн жүрмек болды,

Бұлармен бір пәтерге келіп қонды.

— Школда оқып жүрген бір ұлым бар,

Бересің керегіне он мың сомды.

Генри айтты: Және ақша ал мұның болмас,

Оқуына балаңның он мың толмас.

Менің халім келмес деп ойыңа алма,

Ризамын ықыласыңмен болсаң жолдас.

— Ризамын ғой отыз мың бергеніңе,

Мен де ынтық көрмеген жер көргеніме.

Жан берген жалғыз хаққа қылдым шүкір,

Сен сықылды жолдасқа ергеніме.

Кватермэн бұлармен бірге кетті,

Генри извозчикпен барып жетті.

Төрт кезден бойы асарлық қара шұбар

Бір жігіт есік ашып кіріп кепті.

— Сіз шығарсыз іздеген менің кісім,

Сіздерге дәл ұқсайды айтсам түсін.

Зұлыстан асады деп естіп келдім,

Жолдас болсақ қайтеді демек үшін.

Гуд айтты: Неде болса ерік байда,

Жолдастың көптігінен бізге пайда.

Бір айналып келсеңіз жолығарсыз,

Мағлұм емес екені қазір қайда.

Ол кеткен соң Генри келді жетіп,

Отыз мыңды берді де тамам етіп.

Гуд, Омпапа бар сөзін түгел айтты,

Жаңа кетіп қалды деп, сізді күтіп.

Ол айтқанша Омпапа келді қайтып,

Қайта басар ер емес жолдан тайқып.

Генриден жолдастық рұхсат алып,

Бірге жүрмек жүрісін ауыз айтып.

Омпапа айтты: Ұзын ғой менің бойым,

Генри де талықпас менің ойым

Ми қайнарлық ыстық бар, қатты суық,

Кім көйлектеп жүреді салмай ойын.


446

— Құдайым екеумізге берген сыйын,

Жүк емес азық-тамақ, мылтық, киім.

Гуд пенен Кватермэн қысқа жілік,

Задор Зулыс асуға ісі қиын.

Отырды ішкілікпен ойнап-күліп,

Бірінің айтқан сөзін бірі іліп.

Не десе де сөзі жөн Омпапаның,

Құдай артық жаратқан атан жілік.

Таң атты аздан кейін күн қызарып,

Айта берсе кетеді сөз ұзарып,

Бар керегін толтырып тройка атпен,

Бектеріне Зұлыстың жетті барып.

* * *


Зор Зұлыс, зодыр Зұлыс түсі суық,

Басына жан бармаған мұның жуық.

Алабас ақ бурадай бұрқыраған,

Үскірік, қарлы боран басын жуып.

Зор кеудемен бұлттан асқан басы,

Күн ашықта жалтырап жылтыр тасы.

Аю, арыстан, піл, барыс — хайуанаттар,

Қойнында бір сақтаған — ол анасы.

Аю, арыстан үн берер кешке таман,

Жан иесі көрінсе қалмайды аман.

Жалбырап қалың шашы көзін жауып,

Ақырып аю да жүр жалпақ табан.

Кірсең тұрар сайынан күн көрінбей,

Шытырманнан жан өтпес бір сүрінбей.

Ажал иісі шығады ор сайынан,

Қараңғы жаһаннамның үңгіріндей.

Адам байқап болмайды Зұлыс басын,

Мекен қылған бір қабат көктің тасын.

Бауыры толған шаһар жайлап жатқан,

Қарашы бір тәңірінің тамашасын.

Генри барып жиды бір қаланы,

Ойларлық адам еді әр шаманы.

Жолдастыққа жарарлық түрі бар деп,

Құнын беріп әкелді бір баланы.

Баланы қарап тұрсам бір ет пішін,

Он мың сом ақша берді бұл бала үшін.



447

Шырағы жанып тұрған адуын жас,

Ыңғайлы көрсетер деп жолға күшін.

                      (бұл жерде бірталай өлең жоқ)

Жеті күн тоқтамастан ұдай жүрді,

Қасынан шыққан шаһар көзі көрді

Адам әзер барарлық орта жерде,

Піл ойнақ қылған екен талай жерді.

Бұлар да қапылыста келіп қапты,

Бір жеті піл алдында жусап жатты.

Гуд пенен Кватермэн мылтық алып,

Көрінбестен екеуін екеуі атты.

Генри атқан жығылды сонда барып,

Гуд атқан жығылмады жараланып.

Түтінге қарсы өкіріп жүгіреді,

Гудты талқан қылмақ боп ызаланып.

Піл жүгірді тоқтамай терең сайдан,

Қойсын ба ұмтылған соң анадайдан.

Гуд жанына таянып келген кезде,

Бала келіп жабысты әлде қайдан.

Жан қиған ерлік шықты мұндай жастан,

Өлмеймін деп келген жоқ байқамастан.

Гуд жанынан күдерін үзген кезде,

Бала қанжар салады тайқамастан.

Күшті піл бір-ақ тарпып жерге басты,

Ашуланса сындырған қара тасты.

Басып тұрып, денесін дар айырып,

Ақырып лақтырды есіл жасты.

Оны өлтіріп жүгірді Гудқа таман,

Не қылса қояр емес оны да аман.

Тез оқтап екі кездің ортасынан,

Генри саспай атты ол майталман.

Генри талай көрген мұндай істі,

Сөйтсе өлтірер деп зәресі ұшты.

Қақ мандайдан қапысыз оғы тиіп,

Өкіріп піл бұқасы шөке түсті.

Баланың бар денесін алды теріп,

Әрқайсысы жыласты бойы еріп.

Жас жанын жолдас үшін құрбан қылған,

Әділ ер кез болмас деп, мұндай берік.



448

Міне,  бұлар  аса  көлемді  дастандағы  негізгі  желілердің  бас-

талуы ғана болса, одан арғы шытырман оқиғалы туындының толық 

аяқталмағандығы М. Әуезов ойларынан да айқын көрінеді. Ұлы 

ақын туралы монографиясында: “Зұлыстың” бас жағы ғана сақталып 

қалып, барлық поэма және де жалғыз сақталған қолжазба өртенумен 

жоғалып кетті... “Зұлыс” Ақылбайдың аса қою оқиғалы роман-по-

эма түрінде жазылған үлкен көлемді шығармасы еді. Сол ұзақтық 

себебінен алғаш жазылып шыққан жылында ұқыпты көшірушінің 

қолына  кездеспеген.  Жас  оқушы  Ақылбай  қасындағы  жігіттер 

ақынның  қолжазбасын  біреуінен  біреуі  ауыстырып,  қыдыртып 

жүріп, көшіріп алуға еңбек етпеген” (“Әр жылдар ойлары”. 1959, 

184-бет) деп жазады.

Енді бұл шығарманың толық жай-жапсарын жазушының мына 

бір  түйіндеулерінен  ұғынуға  болады:  “Ақылбайдың  үшінші  по-

эмасы “Зұлыс”, алғашқы кіріспе бөлімі Ақылбайдың талантына 

сай көркемдіктерді танытып, біраз адамдардың жадында сақталып 

қалған екен. Солардың ауызша айтуымен, жаңағы кіріспе бөлімі 

1921—1922  жылдарда  қайтадан  хатқа  түсіріліп,  1924  жылы 

“Сана” журналының екінші санында жарияланды. Жоғалып кет-

кен поэманың ол жарияланғаны тек кіріспе жағы болған соң, бір 

поэманың тым құрса сюжеті де білінбей, мәлімсіз кетіп барады. 

Мен поэмасын түгел оқымасам да, жас шәкірт шағымда “Зұлыстың” 

әңгімесін естіген едім. Ақылбай шығармасына арналған осы жолғы 

алғашқы бір еңбекте сол “Зұлыстың” оқиғасын қысқаша айтып өтуім 

қажет деп білемін.

“Зұлыс” әңгімесі Генри дейтін ер азаматтың әңгімесінен баста-

лады. Ол өзінің жалғыз інісімен өкпелескен де, сол өкпе арқылы 

інісінен  айрылған  адам.  Еміс  хабар  бойынша  інісі  Зұлыстарға 

өтіп кетіпті. Енді сол інісін іздеп табу үшін Зұлыс тауын асып, ақ 

жұрттың адамдары бұрын бармаған зеңгілердің арасына тәуекелмен 

сапар шекпекші.

Қасына жолдас етіп, Зұлыс тауында мергендікпен әмір кешкен 

— Гвартермен дейтін атақты аңшыны жалдап алады. Бұлар жүргелі 

тұрғанда, “Зұлыс еліне мен де барушы ем” — деп, бір жас зәңгі, ба-

тыр денелі Омпапа деген жігіт келеді. Ол жігіт бұрын бала күнінде 

зәңгілерден зорлықпен ақ жұрттың адамдары кепілге алып кеткен 

жан болады. Қазір ақ жұрт ішінде өсіп, ержетіп болған соң, өзінің 

елі-жұртын, ата-мекенін таппақшы.

Үшеуі  жолдас  боп,  жүруге  беттеген  соң,  қастарына  таулық 

қыстақтан бір пысық, өжет баланы ертіп алады. Бірақ жолшыбай 

төртеуі  пілдердің  ойнағына  кездеседі.  Бір  үлкен  пілмен  төртеуі 

амалсыз алысады. Сонда жаңағы бала қатты ерлік көрсетіп жүріп, 

пілдің тұмсығына ілініп қалады да, қаза табады.



449

Қалған үшеуі калың бейнетпен ұзақ жол кешіп, Зұлыстың адам 

баласы баспаған қарлы биік асқарынан асады. Зұлыстың осы қарлы, 

мәңгілі бір асқарын Ақылбай былай сыпаттайды:

Зор Зұлыс, зодыр Зұлыс түсі суық,

Басына жан бармаған оның жуық.

Алабас ақ бурадай бұрқыраған,

Үскірік, қарлы боран басын жуып.

Осындай ерекше көркем күшті сурет береді.

Ақыры бірталай мезгіл өткен соң жолаушылар Зұлыстың жабайы 

еліне жетеді. Ол ел дәрімен атылатын мылтық дегенді көрмеген 

болады. Бірақ ақ жұрттың адамдарын жат көріп, жаулық ойлайды. 

Бұларды өлтірмек ниетке де бекінеді. Сонда Генри “мен қарғаймын” 

дейді,  “қарғағаным  өледі”  дейді.  Бір  топ  зәңгінің  біреуін  атып 

өлтіреді. Өздерін жер адамы емес, айдан түскен етіп танытады. 

Зәңгілер бұлардың сиқыр күші бар деп қорқып, сыйлай бастайды. 

Бірақ зәңгінің әміршісі жауыз әкім екен. Ол халқын қан қақсатып 

тұрған адам. Омпапа біртіндей сөйлесіп, өз халқының кейбір адам-

дарымен ұғыса бастайды.

Бұның  өзін  білетін  қарттар  табылады.  Анығында  Омпапа 

осы зұлыстың бұрынғы жақсы әкімінің баласы екен. Қазіргі әкім 

Омпапаның әкесін өлтіріп, орнын тартып алған, тұқымын құртып 

жіберген дұспаны екен.

Осы  әкімнің  ақылшысы  аяр  кемпір  Гаула  деген  бар.  Жо-

лаушылардың сырын, жайын әкім мен Гаула естігенде бұларға қарсы 

қатты  жауығады.  Бар  зәңгілерді  жиып  алып,  солардың  көзінше 

Генрилерді  сынамақ,  әшкерелемек  болады.  Мезгіл  кеш,  қалың 

ел  жолаушыларды  қоршап  тұрғанда,  зәңгінің  әкімі  “әулиелікті 

көрсетіңдер” деп, бұларға шарт қояды. Сонда Генри “әулиелігім 

сол, қазір аспандағы айды ұрлаймын” дейді.

Календарь  бойынша  сол  кеш  айдың  тұтылатын  күні  екен. 

Генридің айтқанындай, біразда ай тұтылып, барлық зәңгі сәжда 

ғып, мыналарға табына бастайды. Бірақ Гаула кемпір жұртты қайта 

толқытады. “Ай тұтылу әр кезде болатын. Ол адам ұрлайтын зат 

емес” — деп, бұларға қайта сын қояды. Әкімі мен Гаула: “Шын 

қасиеттерің болса, анау тұрған өгізді қарғап өлтір” — деп, бір үлкен 

өгізді нұсқайды.

Генри егізді атып өлгіреді. Осыдан кейін зәңгілердің көпшілігі 

бұларға мүлде табынады. Омпапа сол халмен пайдаланып, жауыз 

әкімді өлтіреді де, өзінің кім екенін жариялайды.

Сөйтіп, Омпапа әкім болады.

Гауланы дұспан санап, өлтірмекші болғанда Генри одан інісінің 

жөнін сұрайды. Қарт зөңгілер мен Гаула бұрын бір адамның келіп, 


450

бір үңгірдегі тылсыммен бекітілген қазынаны іздеп кеткенін айтады. 

Басқа дерек білмейді.

Сонда Генри мен Гвартермен Гауланы ертіп, сол тылсым буған 

қазыналы үңгірге сапар шегеді. Онда барғанда Гаула бұларды бір 

тесіктен үлкен үңгірге түсіріп жіберіп, өзі тас қамалды тарс жауып, 

қашып кетеді.

Генрилер үңгір ішінде көп бейнет көріп жүріп, зорға дегенде 

бір жол тауып шығады. Үңгір ішінде бастарына күн туған шақта 

бұлар асыл тастар қазынасына кездесіп, бірер кесектерін ғана алған 

болады. Олары таза гауһар екен дейді.

Інісін таба алмай қайта оралып, Омпапаға Генрилер жеткен соң, 

бұлар еліне қайтуды мақсат етеді. Омпапа “ақ жұрт зорлықшыл, 

біздің елімізге қастан ойы көп, жол таба алмайтындықтан ғана мұнда 

жете  алмай  жүр.  Сендерді  жолдастық  қарызым  үшін  жерлеріңе 

жеткізіп саламын. Бірақ басшы берем, олар көздерінді таңып ертеді 

де, асудан асырады” дейді. Сөйтіп, айтқандай Генри мен Гвартер-

менды  асырып  етекке  түсіріп  қоя  береді.  “Зұлыс”  поэмасының 

оқиғасы осымен бітеді”.

Абай айналасының, әсіресе, ақын шәкірттерінің оқығыштығы, 

жан-жақты  ізденгіштігі  осындай  шығармалардың  жазылуынан 

да  көрінеді;  Мағауияның  “Медғат  —  Қасымы”,  Ақылбайдың 

“Зұлыстан” баска “Жаррақ”, “Дағыстан” поэмалары да осындай 

ізденіс, өзге елдер дүниелеріне айрықша зер салуларынан туған. 

“Жаррақ” Шығыстың “Жеті үй” деп аталатын ертегісінің негізінде 

жазылса, “Дағыстанда” Кавказдағы бір тартысты окиғаның желісі 

баяндалады. “Зұлыс” та осы жолмен жазылады, акын XIX ғасырдың 

соңғы жылдарында басылып, жұртшылыққа кеңінен белгілі болған 

“Сүлеймен  патшаның  қазынасы”  (“Копи  царя  Соломона”)  атты 

романның  оқиғасын  арқау  еткен.  Ағылшын  жазушысы  Хаггард 

Райдердің  (1856—1925)  бұл  романы  даңқты  дүниелерге  құлақ 

түргіш Абай ауылы білімпаздарының назарларын да бірден аударған 

және көп соз бай Ақылбай бұны жырға айналдырған. Әуелде бұл 

тақырыпты Мағауия жазбақ болыпты, бірақ мұны қолға алудың 

мүмкіншілігі  жоқтығын  сезген  Мағауия  оны  жырлауды  ағасы 

Ақылбайға тапсырғанда, ол қолға алған ісінің басаяғын тез қайырып, 

жылдам  орындап  шығады.  М.  Әуезов  дастандағы  Омпапаның 

адамгершілігі ақ нәсілділермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, 

жағымды  қырынан  көрінгендігін,  тәуелділікке  қарсы  күрескен 

қайраткер сыпатында суреттелгендігін, ақын бұл жерде Хаггард 

романының отаршылдығын ғана пайдаланып, ондағы әдет-ғұрып, 

салт-дәстүрді өзінше жырлағанын айтады.

Заң  ғылымын  меңгерген  роман  авторы  он  тоғыз  жасында 

Оңтүстік  Африкадағы  Наталь  губернаторының  секретарлығына 



451

бекітіледі де, онда көп жылдар тұрып қалады. Осы кезде ол істеген 

губернаторлық пен Кейптаун провинциясынан үлкен алмас кенінің 

табылуы оңай олжа көздеген алаяқтар легін ағылдырып жібереді; 

олардың тайпалар мен тайпаларды айдап салып қырқыстырғанын, 

шырқын  бұзып,  тыныштығын,  берекесін  қашырғанын  көзімен 

көрген  жазушы  сол  сезіп-түй гендерін  көркем  шығарма  арқылы 

ашып ақтауды ойлайды. Оның тайпа көсемдерімен де, былайғы 

жұртшылықпен де тіл табыса білуі тұрмысы мен салт-дәстүрлеріне 

тереңдеп үңілуіне мүмкіндік туғызады. Осының барлығы романның 

ойдағыдай жазылуына көмегін тигізді. “Монтеску қызы”, “Ғажап 

ару  Маргарет”,  “Савская  ханымның  жүзігі”  сияқты  көптеген 

шығармалары болғанымен, оның есімін дүние жүзіне мәлім еткен 

жоғарыдағы Сүлеймен қазынасына арналған романы еді.

1. 359-бет. “Зұлыс деген бір тау бар үлкен, биік” — Негір 

халықтарын Зұлыс деген. Солардың жеріндегі тауды ақын халықтын 

атымен алды.

2, 3. 359-бет. “Қарапқа өзі түсіп, пұлын салды” — Қарап — 

кеме, пұлын салды — ақшасын салды, жұмсады.

4. 360-бет. “Кемел кісі сықылды білімге ойлы” — Кемел — 

кемел, ақылы толық.

5.  361-бет.  “Жалғыз  інім  Джорджға  меһирбанмын”  — 

Меһирбан  —  мейірімді,  бұл  жерде  барымды  аямаймын,  соның 

жолына жаным құрбан деген мағынада айтылып отыр.

6.  361-бет.  “Сүлейменнің  қазынасын  іздемекке”  — 

Христиандардың  кітабында  —  Соломон,  “Құран  Кәрімде” 

Сүлеймен,  ел  аузында  Сүлейменнен  қазына  қалды  деген  аңыз 

сақталған. Оған бағынышты жын-шайтандар есепсіз қазына жиып 

берген деп айтылады ол туралы әңгімелерде.

7. 361-бет. “Ақыры болмаған соң копия бердім” — Копия — 

Сүлеймен қазынасы жатқан жердің және соған баратын жолдың 

көшірме картасы.

8. 361-бет. “Көтеріп алып келдім балағанға” — балағанның 

әуел бастағы мағынасы парсыша жоғарғы бөлме дегенді білдіреді, 

кейін ойын-сауық көрсету үшін уақытша жасалған үй-жайға айна-

лады да, бертін келе іргесі ағаштан тұрғызылып, төбесі кенеппен 

жабылатын түрлері пайда болды. Қазақтар жазды күндері үстін 

шөппен жауып жасалатын күркені, қосжаппаны балаған деді.

9. 361-бет. “Табамыз деп планның жөніменен” — План ның — 

жобаның, сөз Сүлеймен қазынасына алып барар карта туралы болып 

отыр.

Т. Әкім


452

АБАЙДЫҢ БАСПАДАН ҚАЛҒАН ӨЛЕҢДЕРІ

“Сап, сап, көңілім, сап, көңілім ”

Өлең алғаш рет “Сана” журналының 1924 жылғы № 2-3 санда-

рында жарияланды. “Арқалық” деген бүркеншік атпен журналға 

тапсырған Мұхтар Әуезов. Осыдан кейін 1933, 1939, 1945, 1957, 

1967,  1995  жылдарда  жарық  көрген  жинақтарынан  орын  алды. 

Осы басылымдардағы мына жолдар журналдағы жарияланымында 

кездеспейді:

Не күн туды басыңа,

Күні-түні жай таппай...

* * *


Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!

Сабыр түбі — сары алтын.

Сабыр қылсаң, жайынды

Білер ме екен бекзатым?

Көңіл аулап сөз айтар,

Арадағы тіл хатым,

Ағын судай екпіндеп,

Лайы жоқ суатым.

Ауру да емес, сау да емес,

Құрыды ел-куатым.

* * *

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!



Сана қылма бекерге,

Сан қылғанмен пайда жоқ,

Дүние даяр өтерге,

Ажал даяр жетерге.

Қош, қыз алсын қойнына,

Бейнет көрмей, дәулет жоқ

Әлі барып кетерге,

Оныменен бойыңа

Иман, дәулет бітер ме?

Қыз сүйеді мені деп,

Оған көңіл көтерме!

Өртенесің, жанасың,

Өз-өзіңнен бейнетке

Өз басыңды саласың...

Журналдағы “Бүгін өзің айтсаң да”, “Тілімді алсаң, тыныш жүр” 

деген жолдар 1945 жылғы басылымда: “Бәрін өзің білсең де”, “Қыз 

іздесең қалың бер” дегендермен өзгертілген. Осы сияқты “Әлі-ақ 

өзің танарсың”, “Әлі-ақ өзің танасың”, “Қашан беріп тоғыздың” — 

“Қай мезгілде тойғыздың”, “Бұным ақыл болмай ма?” — “Мұным 


453

ақыл болмай ма?”, “Сонда да көңлің толмай ма?” — “Сонда да көңіл 

толмай ма?” деп өзгертілген.

Өлең жөнінде 1945 жылғы басылымда: “Мұны Абай жас кезінде 

өзі ғашық болған бір әйелі — Сүгірдің қызына айтқан дейді. Бірақ 

соңғы  айтушылардың  сөзіне  қарағанда,  бұл  өлең  Сүгір  қызына 

емес, Сүйіндік қызы Тоғжанға арналған көрінеді. Жігітектер мен 

Құнанбай жауласып жүргенде, Абайдың қауіп-қатерге қарамастан, 

бейнетпен барып жүрген қызы — осы Тоғжан. Ерболмен достығы да 

сол қыз арқылы болған және Тұмабайдың айтуынша, бұл өлеңдегі 

қыз  Сүйіндік  қызы  екенін  білдіреді.  “Қыз  ағасы  ұстап  ап  дүре 

салмай ма?” деген бір-екі жол өлең де бар екен” (456-457-беттер), 

Мұрсейіт қолжазбасында бар “Қыз ағасы Әлібек” деген жол өлеңнің 

қай тұсынан орын алатыны белгісіз болғандықтан, басылымдардың 

барлығына енгізілмей қалып қойып жүр.

Т. Әкім

“Ескі  заманның  киімі”

Абайдың бұл өлеңін М. Әуезов “Сана” журналында (1924. № 

2-3) “Арқалық” деген бүркеншік атпен жариялаған. “Зұлыс” пен 

“Сап,  сап,  көңілім,  сап,  көңілім”,  ауыз  әдебиетінің  нұсқалары 

журналдың осы санында қатар берілді. Осыдан кейін ақынның 1933, 

1939 жылдардағы жинақтарынан бастап кейінгі басылымдарының 

барлығынан  дерлік  орын  алып  келеді.  1945  жылғы  жинақтың 

түсінігінде өлеңнің жазылу тарихы туралы: “1894 жылы Абайдың 

інісі Ысқақ қасына Қаржаубай деген шалды ертіп, Абайға сәлем 

беруге келеді. Сонда келіп отырған Қаржаубайдың киімдерін көріп, 

беліне байлаған кісесін көріп жазған екен” дегендер беріледі.

Енді өлеңдегі түсінікті қажет ететін сөздер:

1. 362-бет. “Дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп” — Дәндәку кісенің 

оқшантайымен қатар жүретін қалта.

2.  362-бет.  “Артын  белге  қыстырған  бар  кұрысқақ”  — 

Құрысқақ тобылғыдан жасалған тиек.

3. 362-бет. “Жарғақ жастық көпшігім жезді пыстан” — Пыс-

тан  —  парсы  сөзі,  былғарыдан  істелген  көпшіктің  алды-артын, 

айналасын бастырған жез.

Т. Әкім


М А З М Ұ Н Ы

I. ЗЕРТТЕУЛЕР ..............................................................................................3

Әдебиет  тарихы ...............................................................................................5



II. ОҚУЛЫҚТАР ........................................................................................237

Жеткіншек .....................................................................................................239

Қазақ  шаруа  жастар  мектебіне  арналған программа

және  түсінік  хат ....................................................................................337



III. ӘДЕБИ  НҰСҚАЛАР ..........................................................................357

Зұлыс .............................................................................................................359

Абайдың  баспадан  қалған  өлеңдері ........................................................361

IV. ҒЫЛЫМИ  ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР ......................................................363

454


УЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ

Шығармаларының елу томдық толық жинағы

4-том

Академиялық ғылыми басылым

М.О.  уезов атындағы  дебиет және  нер институтының

ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылған

Баспа жобасының жетекшілері: 

С. Назарбаева, Б. Қанапиянов

Редакторлары: Б. Хабдина, Б. Мұсахан

К ркемдеуші редакторы Л.  тебаева

Техникалық редакторы И. Селиванова

Компьютерде беттеген И. Селиванова



Тапсырыс № 1248.

11.03.2014 ж.




1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал