Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет7/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

“Ер  Сайынның”  қысқаша  әңгімесі

Сайын  ноғайлының  ортасында  Бозмұнай  деген  байдан 

туған.  Бозмұнай  көп  малдың  иесі  —  бай  болса  да,  бала 

жоқтығынан қайғы шегіп, қатынымен бірге зарығып жүргенде 

жылқысын бағып жүрген тоқсан құл астыртын кеңес жасап, 

бірігіп алып, қол-аяғын байлап, сабайды. Бұл қайғыны көрген 

соң Бозмұнай құсалы болып жатқанда түсінде ақ сәлделі адам 

келеді. Бір өзі мыңға татитын асыл балаң болады, — дейді. 

Жалғыз-ақ Баба түкті Шашты Әзіз деген әулиенің қабірін 

тауып, соның басына барып, құдайдан тілек тіле, — дейді. 

Бозмұнай қатынын ертіп алып, әулиелердің бәрінің басына 

барып түнеп, тентіреп жүріп, аяғында Шашты Әзіздің қабірін 

табады. Соның басына түнеген күні бала бітеді. Баласы Ер 

Сайын болады.

Бұның атын қоюға ел жиылып кім болатынын таба алмай 

отырғанда, ғайыптан бір адам келіп: “Аты Сайын болмас па” 

деп ат қояды. Сайын ата пірінің қолдауымен туады. Өмірінде 

сол пірді ұмытпасын, қысылған жерде сыйынып, есіне алып 

жүрсін дейді. Сайын ер жетеді. Құлдарынан әкесінің кегін 

алады.


Елінде  Көбікті  деген  байдың  Аюбике  деген  сұлуын 

алмақшы болады. Бозмұнай қызын сұрап барғанда, Көбікті 

бермей  жібереді.  Соған  батыр  мен  әкесі  ашуланып,  шап-


90

пақшы болғанда, Көбіктінің еліндегі ханы келіп, қызыңды 

бер дейді. Көбікті береді. Сайынға қызды алған соң, ата пірі 

түсінде келіп аян береді. “Екі ұлың болады. Піріңді есіңе алып 

жүр”, — дейді.

Батырдың ерлігі елге жайылып, атағы шыққан соң, алыстан 

Қобыланды естіп, қалмаққа аттануға жанына серік қылып 

алып кетпекші болады.

Сайын көнеді. Бірақ әке-шешесі үш жылға рұқсат сұрап, 

Қобыландыны тоқтатады. Уәделі үш жыл жеткен соң, Сайын 

мен Қобыланды көп қолмен қалмаққа аттанады. Арада он екі 

күн жүріп қалмақтың шетіне жақындап келіп, дамыл алып 

жатқанда, Жағалбайлы деген жауырыншылары жауырынға 

қарап: “Алдымызда жау тосқыны бар. Бұл бетте жолымыз 

болмайды, қолдың обалына қаламыз, қайтамыз”, — дейді. 

Қобыланды  кәрі  жауырыншының  айтқанын  қабылдап, 

қайтпақшы болады. Бұған Сайын қарсы болып:

Хабар алып сайтаннан, 

Қалмақпенен атыспай,

Бұл жолымнан қайта алман! 

Қара қанға батыспай,

Алғанымның қойнында 

Ақылыңды ала алман,

Күлкі болып жата алман! 

Елге қашып бара алман, —

Аюдайын алыспай,

дейді. Өзге қолдың бәрі қайтып кетеді. Қасына қырық жігітті 

ертіп алып (Сайын) жол тартады. Жаудын қаласына келгенде 

қырық жігіт ере алмай қорқып қалады. Сайын жалғыз кіріп, 

көп қалмақпен соғысады. Күні бойы қырып, жолы болуға ай-

налады, бірақ кешке жақын болғанда Сайын ата пірін ұмытып, 

сиынбағандықтан батырдан әл кете бастайды. Көп жерінен 

оқ тиіп, жаралы болады. Ақырында жауды жеңе алмай, өзі 

жеңіліп, меңдеуге айналған соң, майданнан қашады. Артынан 

қуған қалмақ жете алмай қалады.

Сайын артта қалған қырық жігіт жолдасына келеді. Өне 

бойының жарасы көп болған соң қансырап, ел шетін көре 

алмай, зарлап өкініп жатып өледі.

Сайынның  басына  түскен  қайғысын,  үйіндегі  қатыны 

түсінде көріп, енесіне:



91

Мен бір бүгін түс көрдім,

Келіспеген іс көрдім.

Жауырыным толған қара шаш

Жайылыңқы көрінді.

Бедерленген бес тырнақ,

Білектен шыққан қос бармақ.

Қызыл қанға, енеке,

Малыныңқы көрінді.

Шешем берген боқшасы

Шашылыңқы көрінді.

Қолындағы ақ сүңгі

Балдағы алтын ой болат

Ортасынан, енеке-ай,

Үзіліңкі көрінді, —

дейді.


Сайын  өлген  соң,  қырық  жігіт  еліне  келіп,  батырдың 

қазасын әке-шешесіне естіртеді.



“Ер  Сайын”  әңгімесінің  мәнісі

Қазақтың ұлы батырларының бірі — Ер Сайын. Ер Сайын-

ды тарихтағы белгілі мезгілімен жамастырып, тарих шеңберіне 

кіргізіп, қарастыруға әзірше қолға түскен әңгімелердің беретін 

тарихи  мағлұматы  жоққа  тәндік.  Әңгімеде  Ер  Сайынның 

болған мезгілін мөлшермен ғана білуге болады. Ер Сайын 

Қобыландының өкшесін басып шыққан батыр.

Қобыланды  шал  батыр,  қартаң  тартқан  батыр  болған 

кезінде Ер Сайын шығады. Ер Сайын ноғайлы елінің батыры. 

Бірақ ол кезде ноғайлы мен қыпшақ сияқты түрік таптарының 

бірінен-бірі  жігі  ашылмай,  қоныс  та,  жүріс  те,  араластық 

жақындығы да болған уақыт. Бергі заманда Еуропа шегіне 

кеткен ноғайлы жұрты ерте уақытта, қазіргі қазақ даласының 

бүгінгі Кіші жүз отырған ауданында болғаны рас. Ноғайлы да 

қазақ руларындай көшпелі елдің бірі болған.

Әңгімеде Ер Сайынның аттанып шыққан жері Ойыл мен 

Қиыл дейді. Ол бұл күндегі Орал

*

 облысының бір ауданы. 



*  Қазіргі  Ақтөбе  облысына  қарайды.

92

Сол мезгілдегі қыпшақ жүрген ауданда сол ноғайлы жеріне 

көршілес жер болған. Бұл әңгіме Орта Азия елінің тарихында 

қыпшақ пен ноғайлы сияқты елдердің бірігіп, іс қылып жүрген 

кездерін  көрсетеді.  Маңайында  қалмақ  сияқты  күшті  жау 

болғанда жеке рулардың арасында жасалған саяси бірлікті 

сездіреді.  Бұл  жағынан  қарағанда  Ер  Сайын  да  ескі  түрік 

жұрттарының әңгімесі. Ежелден іргелі болып, тарихтан орын 

алған қыпшақ руы ноғайлы жұртына аға есебінде болған. 

Қобыландының Сайынға ағалығы — ноғайлыға қыпшақ аға 

болғанның белгісі.

Әңгімеде  ел  қиялы  бұрыннан  бекіліп,  қалыптанған 

әдебиет салтынан адаспайды. Сайын да өзге ұлы батырлар 

сияқты ерекше туыспен туады. Бозмұнайдай шал жалғыздық, 

баласыздығынан  қолындағы  құлдарынан  қорлық  көріп, 

әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып, жылаған көз жасы, 

зарыққан көңілмен ертелі-кеш тілеп, Сайын сияқты балалы 

болады.


Сайынның туысына ата пірі араласады. Бұл пір бұрынғы 

батырлардың туысын қолдаған әулиелердей емес, олардан 

гөрі батырға жақын келген пір оның жалғыз ғана туысына 

араласып қоймайды. Атын да қояды. Ер Сайын туып, ер жет-

кен уақытта, өзінің де түсіне кіріп, одан туатын бала жайынан 

аян береді. Балалардың атын да айтады, олардың келешекте 

кім болатынын да айтады.

Алғашқы Бозмұнайдың түсіне кірген де Сайынның қол-

даушысы, ата пірі. Сондықтан ол пірін ұмытпасын, қысылған-

тарылған жерде есіне алып, көмекке шақырып жүрсін дейді.

Сайынның туысында пірдің араласы осы сияқты болса, 

ол туған соң атын табуға ел жиналады, ешкім таба алмайды. 

Сонда белгісіз қария келіп “Аты Сайын болмас па” дейді. 

Сайынның  өз  туысы  да  сәті  келген  туыс,  аты  табылу  да 

сондайлық сәтпен табылғандығын білдіреді.

Сайын Қобыландыға кездеседі. Егескен ұлы жауы, қалмаққа 

бірге аттанады. Жолда жауырыншы, жау тосқынының барын 

айтады. Бұл сапардың жолсыз сапар болатынын, қауіпті бо-

латынын сездіреді.

Қобыланды ескі жауырын болжаушының сөзіне нанып, 

ескі  тәжірибесіне  бағынып,  қайтпақшы  болады.  Сайын 


93

тоқтамайды, кетеді. Бұл сапар Сайынға бақытсыз сапар болып, 

сол жолда өледі.

Сайынның бұл әңгімесі өзге батырлар әңгімесіне ұқсамай-

ды.  Өзгеден  гөрі  жат  келеді.  Ел  қиялы  Сайынды  батыр 

десе де, туысын өзгемен тең қылып, ерекшелік билеп, сәт 

билеп туғанын айтса да, Сайынды әлдеқандай мінезі үшін 

жазалағандай болады.

Теріс  мінезді  батыр  болғандықтан,  оның  өрісін  ұзақ 

қылмайды. Олай болса, ел қиялы құр батыр атына құлай бер-

мейді. Батырлыққа, ерлік пен мықтылықтан басқа мінезділік, 

негізділік сияқты шарттар қояды. Батыр құр ғана қол батыры 

емес, ақылға шалымды, мінезге тартымды, тоқтаулы болсын 

дейді. Ақылға шолақ, мінезсіз болса, оның өрісі ұзақ болмай-

ды. Сайынның әңгімесінде ел қиялы сондай шолақ батырды 

жазалағандай  болады.  Батырға  қоятын  үлкен  шарттар  бар 

екенін білдіреді. Сайынның алғашқы жорықта өлсе де, өлмесе 

де жолы болмай, қайғыға ұшырайтын себебі не?

Оның  себебі,  алдымен,  Сайын  өзінің  туысын  билеп, 

дүниеге келуіне себеп болған қолдаушысы ата пірін ұмытады. 

Батыр бұл үшін бір жазалы болу керек.

Екінші,  ескіден  келе  жатқан  батырдың  тәжірибесі  бар, 

дағдысы бар, қолданатын салты бар. Ол жауырыншы сияқты 

тұспал айтатын серіктеріне сүйену... Соның айтқанына тоқтап, 

оның ауыспайтын тәжірибесіне сену. Ғайыптан болжап айтқан 

сөзге батырлық қылып, қарсыласпайтын әдет бар.

Бұрынғы  бар  батыр  соған  бағынған,  кәрі  батыр  Қобы- 

ланды  да  соның  сөзіне  тоқтайды.  Одан  асып,  құлшынып, 

екіленбейді.  Сайын,  сол  бұрынғы-соңғы  батырдың  бәрі 

тоқтаған жерге тоқтамайды. Жауырыншының сөзін жынның 

сөзі, сайтаннан келген хабар дейді. Алқынып, алып ұшады. 

Бұл Сайынның жазалы болатын мінезінің бірі. Үшінші, Сай-

ын Қобыланды сияқты ағаға қарсы шығады. Өзінің қайраты 

сыналмай  тұрып,  жол  бейнетін  көріп,  білмей  батырлық 

дәмін татпай жатып, алдындағы ағадан асқысы келеді. Оның 

ақылы,  тәжірибесімен  есептескісі  келмейді.  Жалпы  түрік 

жұртының  салтында  ру  жігі  күшті  болған  уақыттардың 

барлығында кішінің үлкенді сыйлауы, үлкеннің алдындағы 



94

әдептілік, тоқтаулық, ұлыға жол беру, соған бағыну сияқты 

әдет, дін парызындай мықты байланған жол болатын.

Оның үстіне Қобыланды сияқты ұлы батыр Сайын сияқты 

жастың қадірлейтін, сыйлайтын батыры болуы керек. Бата 

алатын алдындағы үлкен сияқты болу керек. Сайын бұнымен 

де есептеспейді. Сондықтан Сайын осы айтылғандай барлық 

алыптық, барлық терістік жеңілтектігі үшін жаза тартуына 

керек. Сайынның өмірі мен ісінде ескінің батырға қоятын 

шарты не екені осы мысалдардан анық көрінеді. Көптің сүйген 

мінезі, көп сүйген әдеттен теріс жайылған жан батыр болса 

да, ерекше туыспен туса да, терістігі үшін жазықты болып, 

жаза да тартатынын білдіреді.

Сайынды әңгіме қылып шығаруда, ел қиялының бұрынғы 

салттан бөлек, айрықша бір сұлу салт шығарғаны көрінеді. 

Ел  қиялының  толғаулы  ырғақтылығын,  ой  байлығын 

білдіргендей болады.

Алғашқы сапарда Сайынның өлуі, өлмесе өлімші болып 

жолсыз сапарға кездесуі Сайын әңгімесін бітіреді.

Соңғы  қоспа,  Сайынның  аяғы  деп  айтылған.  Әңгіме 

алғаш қыны азсынып, әңгіменің сыртқы қызығына қана алмай 

қалған қиялдың қосқаны. Онда да әңгіме Сайынды жарылқап 

жібермейді. Сайынға алғашқы берілген баға, алғашқы істелген 

жаза, бұрынғы қалпынан төмендеп, жоғалмайды.

Сайынның қатыны, Бозмұнай мен енесі сияқты, күйеуі 

туралы арманда қалған әйел. Күйеуі барында ерекше мінез, 

ерекше достылық белгісін көрсете алмай қалады. Бірақ күйеуі 

өлген соң пәлен жылдай соның артын тосып, жалғыз соның 

қайғысымен бар өмір тілегін талақ қылып отыруы — бұрынғы 

әйелдерден көрінген адал достыққа, тағы бір сұлу қосымша 

болып жалғасады.

Бұл  әйел  ерімен  тілеуі  біріккеннің  артынан,  тағдырда 

қо сақталды деп ұғынады. Ерге тиген соң тіршіліктің қызық 

— рахаты жалғыз сонымен ғана бірге болуға керек, сонымен 

ғана үміт, тілек болуға болады. Ол жоқ болса — бірге жоқ 

болып өледі. Өлмесе тіршілік қызығынан кетіп, дүниені талақ 

қылады. Жалғыз ғана қайғысымен күйеуінің басына қойған 

ескерткіш тастай болып, қатып отырып қалады.



95

“Нәрікұлы  Шора  батырдың”  қысқаша  әңгімесі

Шораның  әкесі  Нәрік  деген  батыр  болады.  Бұның  руы 

Тама,  қаласы  Қазан.  Өз  қаласын  тастап,  Ақшаханның 

еліне  келіп  тұрған  адам  болады.  Ақшахан  Нәрікті  басты 

адам қылып өз қасына ұстайды. Ханның аңшысы болады. 

Жүйрік тазы асырайды. Бір күні хан сапарда жүргенде тазы 

ит жоғалады. Соны іздеп жүріп Нәрік тау ішіндегі үңгірден 

алтын қазынасын көреді. Көргенін ешкімге айтпайды. Бірақ 

сол  көргеннен  құса  ауруға  ұшырайды.  Емдеуге  жиылған 

дәрігердің біреуі алтын қазынасын көргенін табады. Нәрік 

шынын  айтады.  Хан  қазынаны  алып,  қуанышты  болады. 

Нәрікті бір елге би сайлайды.

Бірақ ханның қасындағы басты адамдары күндестік қыла-

ды. Нәрік елін сағынып, кеткісі келеді. Хан қасындағы жиынға 

кетпек болып жүрген мақсатын айтады. Меңдісұлу деген қыз 

бұның дертіне ем айтады. Сол айтылған ем бойынша, Нәрік 

Меңдісұлуды қатындыққа алып, тұрып қалады.

Екеуінен Шора деген ұл туады. Шора ер жетеді. Ойнап 

жүр ген балалардан “қаңғырған Нәріктің баласы” деген сөзді 

есітеді. Содан кейін шешесіне келіп, туған жерін естіп біледі.

Бұл  уақытта  Қазан  қаласын  орыс  алған  болады.  Шора 

сол  қаланы  құтқарғалы  аттанбақшы  болады.  Шешесі  мен 

қарындасы жібергісі келмейді. Шора, айтқандарына болмай, 

аттанып  кетеді.  Қасына  Құлыншақ  деген  жолдасы  ереді. 

Келе жатқанда, жолындағы ноғайлы елінде: Арун Мақтұм 

деген батыр болады, сол қайда барасың деп жөн сұрағанда, 

Шораның айтқаны:

Нәрік ұлы Шорамын,

Мен Қазанға барамын.

Мен Қазанға барғанша,

Қар жаумасын, нұр жаусын.

Мен Қазанға барған соң,

Қар жаумақтан қан жаусын, —

дейді.


Осыдан кейін Шора жолдасымен жүріп отырып, Қазанға 

келеді.  Қазанды  орыс  алғаны  рас  екен.  Қаланың  ішіндегі 



96

халықтан  алым  алып  жүрген  орыстың  ұлықтарын  көреді. 

Солардың бірнешесін, қарсы келіп, өлтіреді.

Содан кейін орыс әскері шеру тартып, жиналып, Шораны 

ұстап алмақ болады. Сонда Шораның айтқан сөзі:

“Станбол, Қазан екеуі

27

Тірек еді еліме.



Мұсылманның жұртының

Сүйеніші еді еліне.

Бұрынғылар надан-ау,

Қазанды қалай салдырған,

Қалай орыс төріне?

.............................................

Бұл Қазанды құтқарсам

Кәуірлердің қолынан,

“Іс бітірдім” дер едім, —

дейді.


Бұл уақытта орыс қолы жиналып келіп соғысуға айнала-

ды. Шора мен Құлыншақ қарсы шығып, соғысады. Орысты 

жеңіп, қаланы кәпірлерден тазартады. Содан кейін, еркін өзіне 

әперіп, еліне, әке-шешесіне қайтады.



“Шора  батыр”  әңгімесінің  мәнісі

Қазақ әңгімелерінде аттары аталатын ұлы батырлардың 

арты — Шора.

Алтын орда бірлігінің мезгілінен кейін шықса да, Шора 

сол бірлік түрік руларында ұмытылмаған, ниет бірлігі, тілеу 

бірлігі жоғалмаған кезінде шыққан батыр. Алтын орда бірлігі 

жоғалып, кешегі бірлігімен әлді болған елдер соңғы заманда 

тоз-тоз болып әлсіреп, маңайындағы бастас елдерден таяқ же-

уге айналғанда, ескі күнді көксеп, жоқтап жырлауы, қиялының 

соған қарай тартуы табиғи жұмыс. Қазанға Қобыландыны 

аттандырудың себебі де сол дегенбіз.

Қазір біз қарастырып отырған Шора батыр әңгімесі де сол 

Қобыланды әңгімесін туғызған Қазан уақиғасынан туады. Бұл 

тарихта анық болған уақиғаның ізі сияқты болып, ескіліктен 

қалған, ескі әңгіменің бірі болады.

Шора — Қазан хандығының ішіне кірген тамалардың ба-

тыры. Руы — Тама. Бұл тарихта орын алған адам.


97

Орыс тарихшыларының ішінде Карамзин тарихында Қазан 

хандығының белгілі адамы болып Шораның да аты атала-

ды. Қазан хандығы құлаған соң, Шораның нәсілі Османлы 

түрігіне ауып кеткен

28

.



Оның нәсілдері осы күнге шейін, түрік ішінде бар. Өздерін 

Шораның тұқымымыз дейді.

Шора батырдың батырлық әңгімесін туғызған, Қазан хан-

дығының құлағанына қайғырған, қамыққан ел қиялы дейміз.

Алтын орда бірлігі құлаған соң, бұрынғы көп батырдың 

көп жорығын туғызып, түрлеп отырған ел қиялы бәсеңдеп, 

жаси  бастаған.  Батырлар  әңгімесі  ертегіге  айналып,  ескі 

сұлу күйінен, жанды күйінен айырылған, енді ескі күн, өткен 

дәуреннің алысқа елестеп кеткен қызық шағындай, ел рухынан 

алыстаған кезі болатын. Сол уақытта Қазан құлайды.

Қазан  құлауы  өзге  түрік  жұртын  бір  жалаудың  астына 

біріктіре алмаса да, тілеу бірлігі бар екенін білдіріп, қиялымен 

жүрекке қозғау салады.

Кей жерлерде батырлардың аттануы да болады. Алыстағы 

қыпшақтан Қобыланды аттанса, Қырымдағы ноғайлы ішінен 

Шора аттанады.

Бұл батырлар әңгімесі Қазан уақиғасымен бірге туғаны, 

Қазан  хандығы  құлағаны,  түрік  жұртының  ұлы  батырлар 

әңгімесінде ақырғы бір қозғалыстай болады.

Батыр қаны, батырлық рухының ел көңілінде ақырғы рет 

қызып, басылған кезін білдіреді.

Бұрын батырлар әңгімесі жалпы түрік бірлігінің кезінде, 

соның  айналасында  туса,  енді  ақырғы  рет  біріккен  бетті, 

бірлескен  ниетті  білдіретін  әңгімелер  Қазан  хандығының 

айналасында туады.

Бұл сияқты біріккен беттің ақырғы батыры — Шора.

Қазақ  ішінде  қазіргі  жиналған  ескі  сөзде  Шораның  екі 

әңгімесі  бар.  Бұның  бірі  —  ескілікті  өлеңмен  жазылған. 

Екіншісі  ертегіден,  ауызша  әңгімеден  жиналған,  ертегі 

сияқты қара сөзбен айтылған әңгіменің тез өзгеріп, қандай-

лық күйлерге ұшырайтынын біз бұрын айтқамыз. Сондағы 

айтылған мөлшер сөздің шындығын Шора батырдың қазіргі 

7–1248


98

қолымыздағы  екі  әңгімесін  салыстырудан  білуге  болады. 

Өлеңдегі Шора — шынға жақын әңгіме.

Өлең  сөз  заман  өткен  сайын  көп  ақын  ауыздарында 

өзгеріске  ұшыраса  да,  оның  өзгерісі  онша  мол  болмайды. 

Себебі өлең күйінде айтушы, алдымен көп болмайды. Онан 

соң  олардың  бір-бірінен  ұғып  алып  айтуы  бар,  қосатын 

қоспасы өлгенше көп емес. Қара сөз талай заманнан, талай 

айтушының  аузынан  өтеді.  Сол  сансыз  көп  айтушы  көп 

түрлер қосып, өз заманына жақындатып, өзі айтып жүрген 

ертегілеріне ұқсатып әкетеді.

Сондықтан өлеңдегі Шора Нәрік сияқты жас батырдан 

жабайы адамша зарықпай-ақ, тілемей-ақ алған бала болса, 

ертегіше әңгімеде бұрынғы батырларша жаралып, соларша 

туады.

Нәрікбай зарығып жүріп, жалғыздығынан қорлық-зорлық 



көрген  заманда  күндіз-түні  тілеп,  тентіреп,  қаңғырып 

жүргенде түсінде аруақ аян беріп, Баба түкті Шашты Әзіздің 

қабірін нұсқап, соның басына барып, тілеу тілесең бала бітеді 

дейді. Айтқандай көп қинау, көп азаптың артынан әулиенің 

басына  барған  сапарда  бала  бітеді.  Бұл  арада,  Баба  түкті 

Шашты Әзіздің жайынан бір аз сөз айту керек.

Шашты Әзіз түрік жұртынан шыққан ұлы батыр — Едіге-

нің әкесі. Сонан кейінгі Қобыланды, Ер Сайынның ата пірі, 

қолдаушысы,  Шораның  дүниеге  келуіне  себепші  болған, 

зарыққанның  тілегін  қолдаған.  Батырды  туғызған  атасы. 

Бұған қарағанда Шашты Әзіз бұрынғы барлық ескі батыр-

лар әңгімесінде ұмытылмайтын бір ие. Барлық батырлардың 

сүйеу қылатын бабасы. Көрінбейтін қорғаны. Жалпы түрік 

жұртының тілеуіне қарай, қысылған шақта ерекше ұл тудырып 

береді. Қиналғанын демейді. Шашты Әзіз тілек пен құдірет 

тағдырға  сенген  мұсылманшылықтың  белгісі.  Мұсылман 

ғаламындағы барлық әулие мен пайғамбар пірдің бір жиналған 

керемет қуаты. Бұл мұсылманшылықтағы әулиелік белгісі, 

сондықтан ертегі Шораның тағдырына да Баба түкті Шашты 

Әзізді алып келіп отыр.

Бұдан  соңғы  ертегі  мен  өлең  арасындағы  айырмасы 

Қазан да ғы  жаудың  атында.  Қазандағы  жауды  өлең  орыс 

деп,  анық  қылып  айтады.  Шораның  сөздерін  “аузы  түкті 


99

кәпір”  дегенде  күн  батыстан  келген  жау  анық  білінеді. 

Ертегі,  бұрынғы  Қобыланды  әңгімесінде  жазылғандай, 

бұнда да Қазандағы жау қалмақ екен. Оның ханы Қараман 

екен дейді.

Бұл Қараман аты Қобыланды әңгімесіндегі Қараманме-

нен  шатасқан  ат  болуға  да  мүмкін.  Бұдан  басқа  жерлерін 

салыс тырсақ, екі әңгімеде Шораның туғанын, әке, шешесі 

кім  болғанын,  оның  ер  жеткенін,  содан  Қазан  қаласына 

аттанғанын әңгіме қылады.

Бірақ екі әңгімеде бұл халдер, айырықша екі сөз болып 

кетеді. Нәрік пен Нәрікбай бір-біріне өмірде де, мінезде де тым 

ұқсайды. Бұл екеуінің өміріндегі ұқсасы өз елінің Қазаннан 

ауып кетуі. Бұл әңгіме шын уақиғадан шығуға мүмкін. Бірақ 

бұл Қазанның алынуынан бұрын емес, Қазан алынған соң 

Шораның өзі ауған әңгімесінің айналасынан тууға ықтимал 

бар. Екі әңгіменің ішіндегі ірі уақиғалардың бәрінде негізі 

болған сияқты ұқсас тық болса да, әңгіме қылуында, түрлеуінде 

бір-бірінен жат қылып, арасын алыстатып әкеткен айырмы-

стар бар. Бірақ, екі әңгіме алғашқыда, ескіден болған бір шын 

уақиғаның сүрлеуінен туғандықтан, екеуі де бір әңгіменің 

әр түрлі қайталамасы болып отыр. Бұл хал алғашқы тарихта 

болған әңгімелердің қаншалық танымастық болып өзгеріп 

кететіндігін көрсетеді. Екі әңгіменің сыртқы пішіні екі бөлек 

әңгіме  болып  шығып  отыр.  Бұның  біреуінде  (ертегісінде) 

Шора туысымен де, жүрісімен де барлық әңгіменің ұзын бой-

ында, бұрынғы ұлы батырлар әңгімесіне ұқсайтын, солардың 

бір қайталамасы сияқтанады.

Өлеңдегі  Шора  әңгімесі  шынға  жақын  сияқты.  Бұнда 

жаңалық исі бар. Бұрынғы батырлар әңгімесінен өзгелік бар 

сияқты. Шораның туысы мен жүрісі, жақын заман адамының 

туысы мен жүрісіне ұқсайды.

Бірақ қалайда болса Шора, әуелгіде айтқандай, ұлы батыр-

лардың ретіне қосылады, мұны ұлы батыр қылатын — мезгілі, 

онан соң мұның Қырымнан Қазанды құтқаруы шын болып, 

барған жүрісі. Ерте заманнан қалған ұлы батырлар әңгімесінің 

арты осы, Шора батырдың әңгімесі болады.


100

Кіші  батырлар

Бұл күнге шейін біз қарастырған 4-5 батырдың әңгімесі, 

қазақ ескілігінде сақталып, ескі күннен сарқылып қалған ұлы 

батырлар әңгімелері. Сол әңгімелермен қазақ ішінде қалған 

ұлы батырлардың әңгімесі бітеді.

Ол — батырларды ұлы батыр ретіне қосатын, әуелі, тарихи 

мезгіл дегеніміз. Екінші, олардың өзге жабайы адамнан гөрі 

жатырақ болып ерекше туатын туысы. Онан соң, оларды ұлы 

батыр ретіне қосатын елге істеген еңбектері. Бұл айтылған 

белгілерден басқа, ол замандағы батырлардың әңгімесі жалғыз 

батыр басының әңгімесі емес, жалғыз ғана бір батырдың айна-

ласына жиылған ел өмірі, тұтасқан ру өмірі көрінетін. Әрбір 

батыр әңгімесі әрбір рудың күшті болған кезі мен басынан 

әр  түрлі  қылып  кешірген  тарихи  уақиғаларын  білдіретін. 

Сондық тан  ондағы  әңгімелер  де  бір  адамның  өмірімен 

тұтас елдің өмірін көрсеткен, тұтас елдің тілеуі мен үмітін 

көрсеткендей, кең аудандылық болатын. Бір елдің барлық ішкі 

өмірі, сезім-қиялы бір. Батырдың айналасына мол ауданды 

болып кіргендіктен, сол батыр басына жиналған зор тілеу, 

зор үміт білініп тұрғандай бо латын. Сондықтан ол батырлар 

әңгімесінде ерекше жандылық бар. Батыр басы — бағалы, 

батыр аты — ардақты болған кез білінеді.

Батырға бас мұқтаждығы, бас кемдігі жоқ. Ол қайда барса 

абиырлы, бақытты. Олар бірдемеге кездессе, асып төгіліп, 

бағы көтере алмай, мөлшерінен асып барып кездесетін.

Сондықтан ұлы батырлар әңгімесі — батырлар тарихында 

бір бөлек орын алатын әңгімелер. Бұлар тарих жолында екі 

жікке бөлінген, екі үлкен дәуірдің алғашқы буынындағы ба-

тырлар, олардан соң кіші батырлар келеді.

Кіші  батырлар  —  бұрынғы  түрік  батырларының  ізі 

жоғалып, әрбір ру отырған жер ыңғайына қарап, бөлек-бөлек 

елдің  жасап  кеткен  кезінде  шыққан  батырлар.  Бұлардың 

көпшілігі бергі жерде жасалған жаңа елдің, жаңа бірліктердің 

батыры. Бірақ ол бірліктер ірі елдер емес, тарих жолында 

үлкен орын алып, кең майданда көрінген ел емес. Көпшілігі 

тозып,  азғындап  кеткен,  бұрынғыдан  ұсақтап  қалған  ел 

болады.


101

Тарих уақиғалары, бұлардың өмірінде бұрынғы жауын-

гер лік шағына ұқсатпақ болса да, ол бірлікте ірі уақиғаларды 

туғыза алған жоқ, Алтын орда кезіндей атағы жайылып, айды-

ны асқан елдер бұлардың ортасынан шыға алмаған және әрбір 

жаңа жасалған елдің арасы бір-бірінен алыстаған, жат болып 

кеткен. Сондықтан Алтын орданың бұрынғы өз бірлігі бір 

кез болса, одан кейін Алтын орда бөлінген күнде де, көңілде, 

ниетте жүретін бірлік бар еді.

Ұлы батырлардың кейбірінің әңгімесі сондай ескі бірлікті 

ұмытпай,  қиял  мен  тілек  шығарған  да  жерлері  бар  еді. 

Қазіргі кіші батырлар заманында бұрынғы ұсақ рулар ескі 

бірлікті біржолата ұмытқандай кез болған. Біріне бірі жат 

болған. Сондықтан бұл кездің батыры да бұрынғы пішінінен 

айырылғандай болады. Батырлық бұрынғы дәрежеден төмен 

түскендей, батыр бұрынғыша түгел ел емес, не бір таптың, 

не бір кәсіптің батыры сияқты.

Осы бетімен батыр аты сиреп, батыр пішіні ел қиялында 

жүдей береді. Бұл замандардың батыры бұрынғыша елдің 

тұтас елдігін білдіретін, не болмаса елдің ескі өмірі, үміт, қиял, 

тілегін түгел білдіретін батыр емес. Кірген сезім, қиял жар-

тылап, әлсіреп келіп кірген сияқтанады. Не болмаса бұрынғы 

батырлар әңгімелерінің қайталамасы сияқтанып кетеді. Уақыт 

өткен сайын кіші батырлардың пішіні алыстағы ерекше жан 

сияқтанбай, өмірге жақындап келе жатқан сияқтанады. Өзіміз 

көріп жүрген адамдарға жақындап келіп, ұқсап қалған сияқты 

болады. Бірақ батырлар әңгімесінің бұл пішінін айыру үшін 

әуелі  кіші  батырлардың  барлығын  жеке-жеке  қарастырып 

шығу қажет. Солардың ізіне түскендей, өмірі мен ісіне еріп 

отырған кісі ғана әлгі сияқты ерекшелікті айыруға болады. 

Болмаса сырт көрінісінде кіші батырлар әңгімесінің, өзге ұлы 

батырлардан  айыр масы  аз  сияқтанып  көрінуге  де  болады. 

Өйткені бергі кездегі ел қиялы соңғы батырларын шығарарда 

олардың өмірін жыр қыларда ескілікке қатты еліктеп келген 

жерлері бар. Сондықтан сырт пішіні ұқсастығына бір жағынан 

еліктеу себеп болса, кейде шын сезімнің ұқсап кеткен кездері 

болады.

Осы  сияқты  алдын  ала  белгіленген  жалпы  бетпен  кіші 



батырлар әңгімесінің өзіне көшеміз. Кіші батырлар ішінде 

алдымен қарастыратынымыз Қамбар батыр.



102


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал