Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»


“Қамбар  батырдың”  қысқаша  әңгімесі



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

“Қамбар  батырдың”  қысқаша  әңгімесі

Ерте күнде он екі баулы өзбекте

29

 Азымбай деген бай бола-



ды. Бұл өз маңайындағы өзбек, ноғайлының барлығына даңқы 

шыққан  салтанатты,  абыройлы  бай  болған.  Азымбайдың 

алты ұлы бар. Назым деген елден асқан сұлу қызы бар. Көп 

ел Назымға ынтық болады. Талай бай мен бағлан қызығып, 

алғысы келеді. Бірақ, байдың ерке қызы ешкімді тілемейді, 

ілтипат  қылмайды,  сөйтіп  жүргенде  қыз  ержетеді,  жар 

таңдайтын  уақытқа  толады.  Сондықтан  Азымбайдың 

атырабындағы елдің бәріне бір жерге жиылсын деп жарлық 

шашылады. Сол жиылған елдің ішінен кімді ұнатса, соған 

Назым  тимекші  болады.  Барлық  ел  тайлы-таяғы  қалмай 

айтқан күні уәделі жерге жиналады. Жас-кәрісі түгел болады. 

Жиылған жұрттың бәрі қыздың алдынан біртіндеп өтеді. Бірақ 

бірде-бірін қыз жақтырмайды.

Сол  кезде  Азымбайдың  алпыс  үйлі  арун,  тоқсан  үйлі 

тобыр аз ғана руы бар екен, соның ішінде Атымбай деген 

кісінің қара қасқа атты Қамбар деген батыр баласы болады. 

Назым қыздың көңілі сонда екен. Елге жар шашып жиналсын 

деген қыз Қамбар батыр келетін шығар деп дәме қылып еді. 

Бірақ, өзгенің бәрі келгенде, Қамбар батыр келмеді. Сүйген 

жігіті  келмеген  соң,  қыз  ешкімді  ұнатпай,  назалы  болып 

үйіне  қайтты.  Бұл  кезде  Қамбар  күндіз-түні  аңшылықпен 

күн өткізіп, аз ғана ағайынның аш-арығын асырап жүруші 

еді. Қамбар тыным-тыныштық алмай, иен тау, елсіз жерде аң 

аулап жүргенде бар мақсаты кедей ағайындары ның қамын 

жеп, соларға болысу, жақсылық көрсету болатын.

Қыз Қамбарды кездестіргісі келіп ынтық болады. Батыр 

ескермей, елемей жүре береді. Бір күні Қамбар аңда жүргенде 

бір жолбарыс кез келеді. Жолбарыс батырға шабуға айнала-

ды. Батыр жолбарыспен құр қол алысып, мықтылығының 

арқасында жеңіп, өлтіріп алады. Сол жолбарыстың терісін 

өңгеріп алып, еліне қайтып келе жатады. Бұл уақытта На-

зым қыздың ауылы батыр келетін жолдың үстінде болады 

екен.  Батыр  күнде  ауыл дың  сыртымен  өтіп  кетіп  жүреді 

екен.  Ауылдың  сырт  жағы  көл  болушы  еді.  Назым  қыз 

Қамбарды кездестірудің жөнін таба алмай қойған соң, бір 


103

күні ауылдың сыртына өрмек құрғызып, оның бір шетін көл 

жиегіне апарып қағып, бір шетін ауылының іргесіне әкеліп 

тіреп, Қамбар батырдың жолын бөгеп қояды.

Қамбар жолбарысты алып келе жатып Азымбайдың ауылы-

ның сыртындағы өрмекке тіреледі. Өрмек басында отырған 

Назым қызға кездеседі. Қыз батырды жақсы көреді, ниетін 

айтады. Батыр ашып жауап айтпайды. Бірақ өз мойнындағы 

борышын білдіреді. Бұл кедей елдің баласы. Ағайын-туғанның 

бәрі аш-жалаңаш, соларға еңбек қылып, мал тауып, тамағын 

асырау керек. Ойын-сауық қол еместігін айтады. Осындай 

жайды әңгімелесіп тұрғанда қыздың ағалары, қарындасымен 

жігіттің сөйлесіп тұрғанына намыс қылып, қызғанып, жи-

ылып келіп, ұрыс шығарады. Батырмен жауласып қалады. 

Бірақ, артынан жиылған ағайындары Қамбардай батырдың 

басын кемсіткен лайық емес, Назым қызды соған беру керек 

дейді.  Осымен  жүргенде  өзбектің  маңында  қалған  қалмақ 

бар екен, соның Қараман деген ханы Назым қыздың жайын 

естіп, қалың қолмен келіп елді қамап алып, қызын берсін деп 

Азымбайға елшілікке Кедей ұлы Келмембет деген адамын 

жібереді. Азымбайдың балалары бұл жұмысқа намыс қылып, 

Келмембеттің құлақ-мұрнын кесіп алады. Бірақ, бұны істесе 

де, қалмақтың қолынан ел қорқады. Жиылған көп жұрт ақылға 

салып, қалмақтың ханына қарсы шығуға Қамбар батырды 

шақырмақ болады. Елді жаудан құтқарып, Назым қызды ал 

деп тілек етеді. Қамбар көнеді. Қараманның қолына келеді. 

Қалмақтың ханы елшісін жаралағаны үшін Азымбайдың елін 

шаппақшы болып отыр екен.

Қамбар келіп сөйлескен соң, сөзге ерегесіп кетіп, сол 

арада  жекпе-жек  шығысады.  Қамбар  батыр  Қараманды 

жеңіп, өлтіреді. Хан өлген соң, қалған қол Қамбарға қарсы 

шығып,  соғыс  жасайды.  Қамбар  бірнеше  күн  соғысып, 

барлық жауды қырып шығады. Өз елінен түгелімен алғыс 

алады. Оның үстіне Назым қызды неше күн ойын, неше 

күн  тойын  жасап,  көп  жасау  қазынамен  ырғап-жырғап, 

алып қайтады. Сөйтіп, алпыс үйлі арунның кедей-кепшігіне 

қайырым қылады.


104

“Қамбар  батыр”  әңгімесінің  мәнісі

Біз ұлы батыр, кіші батыр мезгілдерін айтқан уақытта, 

кіші батырдың бір үлкен белгісі бұлар ұлы батырларша өзінің 

өмірі, жүріс, мақсатымен бүтін бір рудың өмірін білдірмейді. 

Бұрынғы батырлар — бір рудың тіршілігін, бір рудың тұтасқан 

күшін білдіретін батырлар. Олар тұтасқан елдіктің үлгісін 

көрсетеді деп едік. Кіші батырларда тұтасқан күшті, ауданды, 

елдікті білдіре тін белгі аз. Бұлар не бір таптың, не бір кәсіптің 

батыры болып шығады. Бір елдің бүтін елдігін білдірудің ор-

нына жартылаған елдік, жартылаған пішінді ғана көрсетеді. Ел 

ішінде бір тап, бір адамның, бір ортаның ғана батыры болады 

дегенбіз. Қамбар сол үлгінің батыры.

Қамбардың әңгімесінде жұрт аузы — кейде оны өзбек, 

кейде ноғайлы дейді. Бұл сөздерді әйтеуір қазақ емес екендігін 

білдіретін сөз деп алсақ, бұл батыр да ертерек мезгілдің адамы 

болады. Тарихи кезіне қарағанда, Қамбар ұлы батыр мен кіші 

батырдың ара жігіндегі жеке орында тұрған батырға ұқсайды.

Әңгімеде  өзбек,  ноғайлы  бір  тілекте,  бір  бетте  болып, 

бұлардың  жауы  қалмақ  болып  шығады.  Бұл  ескі  бірлік 

кездерін білдіргендей болып табылады.

Жалғыз осы белгісіне қарасақ, Қамбарды да бұрынғыша 

ұлы батырлардың ретіне қосуға болар еді. Бірақ Қамбарды 

біз олардың қатарына қоспаймыз. Себебі, Қамбар басында 

ноғайлы деп айтылса да, артынан әңгіменің ішінде ноғайлы 

өзбекпен тең, тұтас ел сияқтанбай, бай, жуан рудың жанында 

қоңсы болып, кішірейіп жүрген руды еске түсіргендей бо-

лады. Бұл ретте Азымбай бергі заманда қазақ ішінде жуан 

жерден шыққан бай сияқты да, Қамбар соның айналасында 

өз бетімен, өз басындық қана болып, күнелтіп жүрген кедей 

сияқты. Шынында, өзбек, ноғайлы жақын дос ел болғанын 

білсек те, олардың айырылысарда ықы ласпен айырылысқан 

тату қарындас болғанын ел әңгімесінен білсек те, дәл мына 

Қамбар  әңгімесіндей  ноғайлының  өзбекке  қоңсы  болып, 

оның Қамбар сияқты батыры өзбектің Азымбайдай байына 

қораш сияқты болған кездерін біз білмейміз. Сондықтан, 

менің ойымша, бұл әңгімедегі адамдардың бірін ноғайлы, 



105

бірін өзбек қылу, бұрынғы ескі әңгімелерден көшкен сыртқы 

бояу ғана секілденеді. Бұрынғы батырлар әңгімесінде батыр 

атымен бірге көп айтылып кететін ел аттары болған. “Он сан 

оймауыт, тоғыз сан торғауыт”, “он екі баулы өзбек”, “қырық 

сан қырым” деген аттар сондайдың мысалы сияқтанады.

Мына Қамбар әңгімесінде, ноғайлы мен өзбек, бергі кез-

дердегі  айтушының  қызулы  жыр  үстінде,  жолшыбай  іліп 

әкеткен сөзі болуға лайықты көрінеді. Сол ретпен ноғайлыны 

бұл әңгімеден шығарсақ, Қамбар өзбек ішінің батыры болуы 

керек. Бірақ соңғы XV ғасырдың орта кезіне шейін біз тарихта 

бүгінгі қазақ, өзбек деген елдің бір ғана өзбек бірлігі деген 

атпен келгенін көреміз. Сондықтан, бүгінгі Қамбар әңгімесі, 

қазақ аузында бұрынғы Алтын орда бірлігінің кезінен алып 

шыққан  жүлде,  сыбағаларындай,  кейінгі  өзбек  бірлігінің 

кезінен қазақ елдігінің алып шыққан жаңа жолдасы болуға 

қисынады. Бұл халде Қамбарды кіші батыр десек те, мезгілі, 

не дәуірі ескі кезді еске түсіреді.

Енді Қамбардың ішкі әңгімесіне келейік. Бұл турада ал-

дымен айтатын сөз Қамбардың батырлық алу аты туралы. 

Қамбардың  басында  біз  бұрынғы  батырлардан  заңы,  сал-

ты  бөлек  кәсіп  иесі,  еңбекшіл  батырды  көреміз.  Бұрынғы 

батырлық  мынамен  салыстырғанда  серілік,  еркелікпен 

сайрандаған  көзге  түсер  батырлық  болса,  мынау  қоңыр, 

момын жүріс сияқты, көптің көзін де, көңілін де тартарлық 

қызыл-жасыл жарқылдағы жоқ, қоңырша салт сияқты. Бірақ 

бұдан да батырдың маңындағы ағайын ауқымға пайда тигізетін 

болыстығы,  достығы  мол  болатын,  ауданының  тілеуіне 

біткен көпшіл мінез кеткен жоқ, жоғалған жоқ. Сондықтан 

Қамбар аңшы болса, кедей ағайын, әлсіз руының қамы үшін, 

соның жетпегенін жеткізіп, аш-арығын асырау үшін шыққан 

аңшы  батыр  болады.  Аңшылық  жолы  Қамбардың  серілік 

пен  молдықты,  атақты  іздеген  жол  емес,  өзінше  игілікке, 

жақсылыққа берілген жол. Қауымның қызметкері, қанат-құй-

рығы. Үміт қылатын жол. Қазақ батырларының әңгімелерінде 

аңшылықтың өзі де көп жайылған үлкен бір салт болады. 

Біздің батырлардың бір алуаны — аңшыдан шыққан батырлар. 

Бұның мысалдары, әсіресе ертегілерде көп. Кәсіп иесі аңшы 



106

батыр. Мал бағушы, бақташы Қодар батыр сияқты, біздің 

батырлардың ол да бір бөлек типі болады.

Аңшы  батырлар  қазақта  жалғыз  бергі  заманда  шыққан 

емес,  бұлар  алыстағы  ескі  заманның  қалдығы  сияқты. 

Кейде  долбарға  қарағанда,  біздің  ертегілерде  екі  жердің 

бірінде кез келетін тас ты, таулы, орманды жерде кездесетін, 

адам  келбетінен  келбеті  бөлек  жалмауыздар,  осы  аңшы 

батырлардың көтеріп, ұлғайтып көрсеткен суреті болуға да 

ықтимал  болар.  Елсіз,  күнсіз  жапан  түзде,  албыр-салбыр 

болып, аң терісін жырып-тесіп, киіп жүрген жалғыз аңшы 

жалғыз-жарым жолаушыға жасырын сырлы бір зат болып 

көрінуі ғажап емес. Сондықтан, жалмауыздың пішіні аңшыдан 

шықты деген долбар, тіпті лағып кеткен сөз болмасқа тиіс.

Қамбар сол тараудың үлгісі, сол алуанды батырлардың 

кіндігінен тарайды. Бұның, бірінші, ел алдында өзіне алған 

міндеті бар. Солардың аш-арығын асырауына керек. Екінші, 

Назым қыздың назына бұрылып ұйыса алмайтын мінезі де 

сол жайын — аңшы адам қауымын жатырқап кеткен тағылау 

мінезді білдіргендей болады.

Қамбар батыр әңгімесінің кейбір уақиғаларын ескі әңгі-

менің түріне ұқсатсақ, кейбір кездері бергі заманға көп жыл-

жытып әкеп тастап отырады.

Жоғарыда айтқан аңшылық Қамбар әңгімесінің ескілікті, 

жаңалықты  боларлық  мезгілін  көрсетпейді.  Ол  есте  болу 

керек.  Жаңа  заманға  Қамбар  уақиғасын  жақындататын 

бір  уақиға  әңгіменің  нағыз  түйіні,  болған  жері  —  қалмақ 

ханының  Назым  қызды  тартып  аламын  деп  келгені  бола-

ды.  Міне,  бұл  уақиға  Қамбар  әңгімесінің  ең  үлкен  негізі. 

Қамбардың батырлығы да, елдің батырды қадірлейтін кезі 

де осы халдің үстінде білінеді. Біз осы уақиғаның өзін алып 

қарасақ,  бұрынғы  замандағы  қалмақпен,  я  басқа  жаумен 

соғысатын  соғыс,  ұрыс,  қағыс  ешбір  уақытта  бір  қызды 

аламын деген әңгімеден тумайтын. Бұрынғы жаулықтар бәс 

таласқан,  тең  түскен,  шабысқан,  егес  қылысқан  ойранды 

уақиғалармен,  тарихи  толқындармен  қанаттасып  кететін. 

Мынадағы  ұрыс,  жанжал  олардан  көп  ұсақтап,  көп  азып 

кеткен  кезді  білдіреді.  Қазіргі  тартыс  бір-ақ  қыздың  бір 

ханның алмақ мақсатынан шығады. Бұл бұрынғы заманда 


107

ел шабысып, егес боларлық іс емес, бұдан басқа да ірі істер 

жеткілікті болатын. Сондықтан бұл әңгіменің тізілуі берірек 

заманда болғандығын білдіреді.



“Алпамыс  батырдың”  қысқаша  әңгімесі

Бұрынғы  заманда  Жиделібайсын  деген  елде

30

  Байбөрі, 



Байсары деген екі бай болады. Екеуі де жасы ұлғайып жеткен-

ше бала көрмеген, көкірегін қарыс айырған армандары бала 

болады. Бала тілеп әулиелердің басына барып түнейді. Көп 

жалынып, жалбарынады. Аяғында екеуінің де әйелдері екі 

қабат болады. Екі бай жан қиысқан дос болатын. Сондықтан 

әйелдері босанбай тұрып, бірінен ұл болса, бірінің қызын 

қоспақшы болып, уәделесіп ежеқабыл жасайды. Байбөрінің 

қатыны бір ұл, бір қыз табады. Байсарының қатыны жалғыз 

қыз табады. Жұрт жиылып той болғанда, балаларының атын 

қойғалы  ғайып  ирен  қырық  шілтен  келеді.  Бұлар  басына 

сәлде салған қариялар болады. Ата пірі — солардың айтуы 

бойынша Байбөрінің ұлының атын Алпамыс, Байсарының 

қызының атын Күлбаршын қояды. Той үстіне үлкен ойын, 

сауық  болады.  Тамам  ел  көкпар  тартысады.  Көкпарға  екі 

байдың өзі де түседі. Бірақ лақ тартысып жүрген де — екі бай 

ерегісіп, ашуланып, төбелесіп қалады. Байсарының руы аз, 

Байбөрі көп екен, бұлар көп болған соң, Байсары таяқ жейді, 

жалғыздығын  айтып,  жылап,  намыс  қылады.  Байбөрінің 

қамшысы тиген соң, бұл елде тұрмаймын деп құдалық пен 

достықтың бәрін тастап, өкпелеп, ауып кетеді. Алты айшылық 

сапар жүріп, Тайша хан деген қалмақ ханының еліне келіп, 

соны мекен етеді. Арада бір талай дәурен өтеді. Күлбаршын 

жасына жетіп сұлу қыз болады. Қалмақтың ханының көзі 

түсе бастайды. Уәзірлерінен Күлбаршынның жайын естіген 

соң, Тайша ханның өзі де келіп Күлбаршынды көреді. Құмар 

болады. Бірақ Күлбаршынға Тайша ханнан басқа әскер басы 

Қаражан деген батыр тағы құмар болады. Екеуінің де алғысы 

келеді. Біріне-бірі разы болмайды, жол бермейді. Сонан соң 

қыздың  өзі  таңдасын  деп,  екі  жағы  бірігіп,  Байсары  мен 

Күлбаршынға елші салады.



108

Қыз екеуіне де тиюге разы емес, ол өзінің алыстағы жарын 

күтеді.  Сондықтан  қалмақтың  ешқайсысын  таңдамаймын, 

әйтеуір  менде  ықтияр  жоқ  болса,  кімге  сәті  келсе  соған 

тиермін,  қырық  күншілік  Байрақтан  ат  шаптырсын,  қай 

қалмақтың аты озып келсе, соған тиемін. Хан, қара демеймін 

дейді. Қалмақтар бәйгеге дайындалады.

Бұл уақытта Алпамыс та қалыңдығын іздейтін мезгілге 

жеткен  еді.  Ата-анасы  жасырып  жүрсе  де,  алысқа  кеткен 

қалыңдығы бар екенін естіп, жылқысынан ат таңдап мінбек 

болып Құлтай деген бабасына келеді.

Құлтайдың,  мұның  жолына  дайындап,  жетіліп  жүрген, 

Байшұбар деген тұлпары болады. Алпамыс көп жылқының 

ішінен соны танып ұстап алып, қалыңдығының елін іздеп, 

жол тартады.

Қалмақтың еліне бұл келген уақытта алдынан Қаражан 

батыр кездеседі. Екеуі бірін-бірі біліспеген соң, жекпе-жекке 

шығады. Алпамыс Қаражанды жеңіп, өлтірмекші болғанда, 

қалмақтың батыры: “Дос болайық, мен мұсылман боламын” 

дейді. Алпамыс мақұл көреді. Екеуі достасқан соң, Қаражан 

Күлбаршыннан  сүйінші  сұрайды.  Ханға  барып,  зынданда 

жатқан Байсары мен қатынын босатады.

Баяғы  айтқан  бәйге  болады.  Алпамыс  та  Байшұбарды 

бәйгеге қосады. Атына Қаражанды мінгізеді. Бәйгеге төрт 

жүз  тоқсан  ат  қосылады.  Қырық  күншілік  жерге  барып 

қайта  қайтатын  мезгіл  болғанда,  қалмақтар  Байшұбарды 

қауіп қылады. Айламен алдап тастап кетуді ниет қылып, бәрі 

бірдей жатып, тынықпақшы болады. Қаражанның жеті күндік 

ұйқысы бар екен, ол ұйықтап қалғанда баласы Досмұқамбет 

әкесінің қол-аяғын байлатып, Байшұбардың төрт аяғын төрт 

қазыққа таңып тастап, өздері шауып кетеді.

Қаражанды ұйықтап жатқанда ақ сәлделі адам келіп оятып, 

қолын шешеді. Батыр атын босатып алып, кеткендердің арты-

нан шабады. Өзге қалмақтың бәрін қуып жетіп, барлығынан 

да озады. Жалғыз-ақ Қаражанның қара ат мінген жалғыз ба-

ласы Досмұқамбет жеткізбейді, озғызбайды. Қаражан қал деп 

тілек етсе де, баласы болмайды. Сондықтан баласын көтеріп 

алып, қара тасқа ұрып өлтіріп, қара аттың басын кесіп алады. 

Осыдан кейін Байшұбар алдында келеді.


109

Бәйгеден аты озса да, қалмақтар Күлбаршынды Алпамысқа 

қимай, “күрес болсын, кімде-кім жықса, сол алсын” дейді. 

Алпамыс күреске шығып, қалмақтың бас палуанын жығады. 

Қалмақтар бұған тағы намыс қылып, Байшұбарды өлтірмекші 

болады.  Алпамыс  келіп,  атына  мінген  уақытта  ханның 

Көкеман  қасқа  деген  уәзірі  мылтық  атады.  Алпамысты 

өлтірмек болады. Бірақ оған тимейді. Сонан соң Алпамыс 

ашуланып, қалмақпен соғысып, қырғын салады. Қалмақтар 

жеңіледі. Бүлік шығарғаны үшін Көкеман қасқаны Тайша хан 

өлімге бұйырып, басын алғызады. Алпамыс Күлбаршындай 

қалыңдығын алып, ата-енесіне қоштасып, өз еліне аман-сау 

қайтып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасайды. Алтын 

қабақ аттырады.



“Алпамыс  батыр”  әңгімесінін  мәнісі

Біз қарастырған Алпамыс батыр әңгімесі, жалпы әңгіме 

түзген  ретіне  қарағанда,  көбінесе  Қозы  Көрпеш  —  Баян 

сияқты  әңгіменің  қайталамасы  болады.  Алпамыстың  туы-

сы, Байбөрі, Байсарының достығы, жас күндегі ежеқабыл, 

араздықпен айырыла көшу, Алпамыстың Баршынды іздеп ба-

рып, көп қиындықтың соңынан алуы, бұл айтылған әңгіменің 

сүрлеуі түгелімен Қозы Көрпеш — Баянның қайталамасы 

болады.

Сондықтан Алпамыс батырдың әңгімесін бұл қалпында 



толық  қарастыру  әдебиет  тарихына  соншалық  міндетті 

сияқтанбайды.  Себебі,  әңгіме  тізу  реті  басынан  аяғына 

шейін  қазақтың  атақты  Қозы  Көрпеш  жырына  жақын 

келетіндіктен,  Алпамысты  көп  қарастырудан  да  Қозы 

Көрпештің өз әңгімесіне көбірек тоқтау керек, бірақ осымен 

бірге  Алпамыстың  жайынан  айтылатын  сөз:  бұл  бұрынғы 

батырлар әңгімесінің ішінде қазақ иісін көбірек сездіретін 

әңгіме болады. Бұрынғы батырлар әңгімесінен біз қазақтың 

ескі  рулары  араласқан  кездерін  көрсек  те,  сол  рулардың 

нағыз қазақ бірлігіне кіріп, жаңа, бүтін елдің жасап келген, 

қалыптанған мінезін, нығайған елдің салтын білдіретін ерек-

ше, қазақша келетін жерлерін көп көре алмаймыз. Бұрынғы 



әңгімелер неше алуан болған түрік бірліктерін көрсетсе де, 

жекеленіп  шыққан  қазақ  елдігін  толық  суреттеп  көрсете 

алмайды.

Алпамыс батыр әңгімесі бұл жағынан қарағанда, нағыз 

қазақ елінің ескілігі болады. Бұл берірек келген заманның 

туындысы.  Әбден  қалыптанған  қазақ  бірлігінің  әңгімесі 

Алпамыс  әңгімесіне  келгенде  ғана  біз  елдің  салт-санасын 

көргендей  боламыз.  Бүгінгі  қазаққа  таныс,  жақын  болған 

әдет-ғұрыпты көреміз. Екі байдың достығы, достық үстіндегі 

ежеқабыл, той, көкпары, жылқышы суреті, бәйгеге ат қосу, 

қайын ата мен қайын енені қадірлеу, барлығы да қазақ иісін 

білдіреді. Алпамыс әңгімесінің бұрынғы әңгімелерден бөлек 

бағасы осы жерінде.

Алпамыстың біздің қолымызға түскен әңгімесі азғын-

даған, бұзылған әңгіме, ескі әңгімесі бұдан толық көлем-

ді,  мағыналы рақ  болса  керек  еді.  Бірақ,  ол  әңгіме  қолда 

болған жоқ. Сондықтан мұның жайындағы сөзді көп ұзарт- 

паймыз.


111

ІІІ  бөлім



ЕЛ  ПОЭМАЛАРЫ

Қазіргі жиналған ел әдебиетінің ішінде қазақ жұртының ел 

поэмасына қосылатын екі үлкен әңгіме, 5 өлең бар. Біреуі — 

“Қозы Көрпеш — Баян”, екіншісі — “Қыз Жібек”. Ел поэ-

масы деп қандай түрдегі әңгімелі өлеңді айтатынымызды осы 

екеуінің мағынасы мен үлгісін қарастырған уақытта анықтап 

айтпақшымыз. Сондықтан, қазір жалпы сөзді айтудың орны-

на сол екі әңгімені бас-басына қарастыруға кірісеміз. Әуелі 

қарастыратынымыз “Қозы Көрпеш — Баян”.

“Қозы  Көрпеш — Баянның”  қысқаша әңгімесі*

Ескерту: екі бай аты 1 — Қарабай,  2 — Сарыбай.

Бұрынғы өткен уақытта Балталы, Бағаналы деген елдің 

ішіне шеттен ауып келген Қарабай, Сарыбай деген екі бай 

келеді.  Сарыбай  келген  жерден  Балталының  еліне  үлкен 

мырзалық көрсетіп, қалың елдің бейілін алып, ханы есепті, 

қадірлі жақсысы болады. Қарабай тоқсан мың жылқы айдаған 

бай  болса  да,  сараңдықпен  құнсыз  болып  елге  қадірі  жоқ 

болады.  Екеуінің  жасы  жетпіс  пен  сексенге  келген  кәрі. 

Бірақ балалары жоқ, зарлы. Бір күні екі бай елсіз тауда аңда 

жүріп, кез келіседі, мұңдарын айтысады. Екеуінің де үйіндегі 

*  Қозы Көрпештің әңгімесі жалғыз қазақ емес, басқа түрік жұрттарының да 

талайының  ішінде  бар.  Бірақ  оларды  қоя  тұрып,  қазақ  ішіндегі  әңгімесін  алсақ, 

соның  өзі  де  неше  алуан  болып  айтылады.  Біздің  қолымызға  үш  түрлі  әңгімесі 

түсіп  еді.  Соның  ішіндегі  ең  толық,  ең  ойлысы  жаңағы  айтқан  Қозы  Көрпеш 

болғандықтан, осы нұсқаны қарастырамыз.



112

қатындары  екі  қабат  екен.  Құдай  атын  айтып  дос  болып, 

бірінен ұл, бірінен қыз туса, екеуін қоспақ болып ежеқабыл 

жасайды. Сол уәденің үстінде, Қарабай Сарыбайдан тілек 

етіп  бір  буаз  маралды  атқызады.  Буаз  аңның  киесі  атып, 

Сарыбай сол жерде өледі. Қарабай егіз лақ маралды алып, 

еліне қайтады.

Жолшыбай “Сарыбайдың қатыны ұл тапты” деп, сүйінші 

тілеп келе жатқан шапқыншыларына жолығады. Ауылына 

келсе, өзінің де қатыны босанып, қыз тапқан екен. Сүйінші 

сұраған сақау қатынға түк бермейді. Мазасын алғаны үшін 

дүре салады.

Сарыбай өлімін Балталы, Бағаналының хан, қарасы болып 

жоқтайды. Қалың ел жиналып, жылап-сықтап, басына күмбез 

орнатады. Қарабай құдама бата оқимын деп, сексен нарға саба 

артып Сарыбайдікіне келе жатады. Бірақ бата оқушылардан 

бұрын  Сарыбайдікіне  өзі  келіп  жөргекте  жатқан  Қозыны 

көріп, мені жұтатын жалмауыз туыпты деп, нардағы сабаның 

бәрін тілгілеп, қымызды ақтарып тастап, үйіне қайтады.

Сарыбайдың ханымы аңдағы уәдені естіп, Қарабайға кісі 

салады, құдалықты бекітпекші болады. Елші болып Тайлақ 

бидің баласы он бір кісіні ертіп барады. Қарабай “Жетім ұлға 

қыз бермеймін” деп елшілердің басын жарып, сабап қайтарады. 

Содан кейін, “Балталыны мекен қылып тұрмаймын” деп ауа 

кешеді, туған жерден көшерде Қарабайдың асырап алған Ай, 

Таңсық деген екі қызы

1

 ел мен жерге қоштасады. Қарабай 



қазақ даласын шыр айналып көшеді. Арада көп жыл өтеді. 

Бір  заманда  шөлге  ұрынып  малы  қырылады.  Сол  уақытта 

торғауыттан алты құлаш бедеу мініп Қодар деген батыр келеді. 

Қайраты зор болғандықтан, Қарабайдың қалған малын шөлден 

аман сақтап алып шығады. Еңбегі үшін ақ Баянды сұрайды. 

Қарабай жалғыз қызын бермек болып уәде қылады.

Балталыдан ауған бай көп көшудің соңынан Аягөзге келіп, 

тұрақтап мекен етеді. Баян сұлудың атағын естіп жан-жақтан 

талай мырза іздеп шыққан. Барлығы Ақ шаулы, Қоңыр ша-

улы  деген  тауларға  жиналып,  Қарабайдың  ауылына  қарай 

жүгіреді.


113

Бұлардың алдынан Қодар шығып, батырлығымен соғысып, 

жеңіп, құл қылып алады. Бұл кезде Сарыбайдың елінде қадірлі 

болып тұрған Тайлақ деген бидің Айбас деген інісі бар еді. 

Бұл “Қозы ер жеткенде не деймін” деп, Баянды іздеп, елінен 

шығады. Арада көп заман жүріп Қарабай жайлаған жерге 

жеткенде, далада жидек теріп жүрген үш қызға жолығады. 

Бұл Баян мен апалары болады. Айбас сөйлесіп танысады. 

Баян Қозыны күтіп жүрген болады. Қодардай жаудың барын 

мәлімдейді. Айбастың келген жолына сый береді. Қозыға бір 

тоғыз  қылып  сәлемдеме  береді.  Айбас  кетерде,  Қодардың 

қайратынан қыздар қорықпасын деп, әдейі Қодарға кездесіп, 

жекпе-жек жасайды. Қодарды ұрып жығып, талдырып кетеді. 

Қыздардың көңілі тынады.

Айбас еліне келген соң, Қозыны шақырып алып, көрген 

жайын баян етеді. Жас жігіт шешесі мен елі-жұрты болып 

жалынғанға тоқтамай, қалыңдығын іздеп, жүріп кетеді. Бірге 

еріп  бармақ  болған  Айбасты  серіктікке  алмайды,  намыс 

көреді. Артындағы ел әлденеше құрбандық етіп, тілеу тілеп, 

бата беріп қала береді.

Қозы елсіз далада көп заман жүрген соң аты арып, тоны то-

зып, жүдеп келіп бір көлдің басында жалғыз жатады. Баласы-

ның түзде жүдеп жүргені шешесінің түсіне кіреді. Ел жиылып, 

садақа беріп, тағы тілеу тілейді. Сол күні Қозыға көп керуен 

кездеседі. Керуеннің ішінде керемет иесі — қожа болады. 

Қозыға дұға үйретіп, өзі мен атының түсін өзгертіп береді. 

Қозы тазша кебін киеді. Содан кейін бір заманда Қарабайдың 

ауылына жақындайды. Далада қой жайып жүрген тазшаға 

келіп, ауылдың жөнін сұрап болған соң, қойшы тазшаға қой 

бөліп  беріп,  еркіне  жіберіп,  өзі  Қарабайдың  қойын  айдап 

ауылға келеді. Бұрынғы тазшадан әрбір мінездері бөлек бола-

ды. Қыздар сезіктеніп сынай бастайды. Ертеңіне Қозы қойға 

кеткенде  бір  қызды  тоқты  қылып  киіндіріп,  қоймен  бірге 

жібереді. Далада Қозы Көрпеш зарын айтып, жыр жырлайды. 

Тоқты қыз көргенін, естігенін айтып келеді. Баян мен Қозы 

біріне-бірі ашылып бір ниет, бір тілеумен табысады. Бірақ 

Қозыға таз кебінімен тазша болып жүру қажет болады.

8–1248


114

Осымен бірталай мезгіл өткен соң, әркім-әркімге Қозы 

қайратын  сездіре  бастайды.  Қодарды  қалжыңмен  түйреп 

мазақ қылып жүреді.

Бір күні ел көшіп келе жатқанда Қодар қыздарға мақтанбақ 

болып Қозы Көрпештің жауырынынан алады. Қозы аудары-

сып, Қодарды аттан аударып алып, желіп жүріп кетеді.

Ауыл жаңа жұртқа қонған соң көпке қайратын сездірмек 

болып желінің қазықтарын бармағымен батырып, қол ағашпен 

жерге  сіңіреді.  Қарабайға  да  анда-санда  тізесін  батырып, 

жаралап жүреді.

Сонымен қыс жақындап, жылқы ортаға шығатын уақытта, 

Қодар қысылшаңда қайраты тиеді деп (тазшаны) Қозыны, 

жылқыны  сұрайды.  Қарабай  беруге  көнеді.  Қодар,  Қозы 

тоқсан құлмен бірге жылқыда болады.

Жазға салым Қодар жеңгеңді сағындым деп ауылға кетеді. 

Қозы Көрпеш “сарқыт әкел” дейді. Қодар келгенде қыздар 

ілтифат қылмайды. Бос қайтады. Содан кейін Қозы келіп, он 

шақты күн қыздың қасында күліп-ойнап жылқыға қайтады. 

Қодарды мазақ етеді.

Осымен біраз дәурен өткен соң жаз шығады. Бұл елдің Са-

сан деген биі сауын айтып, той жасайды. Жұрттың бәрі тойға 

кетеді. Ауылда Қозы мен қыздар қалады. Сол уақытта Қозы 

Көрпеш басындағы кебінін біржолата алып тастап, еркімен 

күйеу болып, қалыңдық ойнап, жата береді.

Бұл  жайды  тойда  жүрген  Қодарға  бір  қатын  жар-жар 

айтып естіртеді. Қодар естісімен талқан болып ашуланып, 

Қарабайды  суымды  бер  деп  қыспаққа  алады,  ел  шаппай 

тынбайтынын айтады, барлық тойға жиылған ел Қодардан 

қорқып, соның кісісі болып, Қозы Көрпешті алдап шақырып, 

өлтірмекші болады. Тойдағы елдің атынан Қозыны күйеу деп 

шақырушы жеңге кіреді. Қыздар жас жігіттің бармағанын 

дұрыс көреді. “Сақ бол” дейді. Баян: “Мені еліңе алып кет” 

дейді. Қозы тойға бармағанды мақұл көрмейді. Барады. Ай, 

Таңсық ере келеді.

Тойдағылар,  сонымен,  арақ-шараппен  сыйлап,  мас 

қылып,  елітеді.  Есі  аууға  айналғанда  екі  қыз  күреңкейді 

көлденең  тартып  тұрып  “Қаш”  дейді.  Қозы  мініп  алып 



115

қашады.  Артынан  көп  ел  жабылып  қуады.  Қозы  Көрпеш 

Қодарды ұрып жығып, құтылып кетеді.

Бұдан  кейін  Қодарға  тоқсан  құл  қарсы  шығып,  соғыс 

салады. Қодар талайын ұрып жығып, жан-жаққа қашырады. 

Солар дың ішінен Көсем сары деген жігіт шығып, даладағы 

Қозыны іздеп, табады. Екеуі жолдас болып достасады, Шоқ 

деген жерді уақытша мекен етеді.

Қозы тойдағы ішкен удан жазылып болған соң, Баянды 

алып еліне кетпекші болады. Сол күйімен жүргенде бір күн 

Қозы жоқта Қодар Шоқ терекке іздеп келіп, ұйықтап жатқан 

Көсем сарының басын кесіп әкетеді. Басты “байыңның басы” 

деп Баянның алдына тастайды. Баян Қозы емес екенін та-

нып, ешкімге білдірмей орап, тығып қояды. Көсем сарыны 

Қодар өлтірген соң, соның кегі үшін Қозы іздеп келіп, “Сенің 

қылғаның жетті” деп, Қодарды өлтіреді. Содан кейін сүйгенін 

алып еліне қайтады.

Жанақтың  айтуындағы  Қозы  Көрпеш  осылай  бітеді. 

Бірақ, бұдан басқа Қозы Көрпеш жайындағы көп әңгімені 

алсақ, оларда шоқ теректің түбінде ұйықтап жатып өлетін 

Қозы болады. Қозының шоқ теректің түбінде екенін Қодар 

торғайдан біледі, торғай Баян мен Қозының арасында тілші 

болып жүреді екен. Бір шаңыраққа келіп қонып отырғанда 

Қодарға тілеулес бір кемпір ұстап алып, мойнын бұрағанда: 

“шоқ терек” деп өліп кетеді. Сонымен Қодар тауып алып, 

әлгідей өлтірген болады.

Қозы өлген соң, Баян Қодардан кек алады. Қодар “ала-

мын” деп келгенде әуелі күйеуімнің басына бірге барып, бата 

оқиын дейді. Келе жатқанда Қодарға бір шыңырау құдықтан 

су әпер дейді. Қодар Баянның қырық құлаш шашынан ұстап 

шыңырауға түседі. Суды әперіп қайта шығып келе жатқанда 

Баян бұрымын қиып жіберіп, құдыққа қайта құлатып, таспен 

атып өлтіреді.

Содан Қозының басына келгенде, қалың керуенге кездесіп, 

барлығы бірдей Баян сұлуға қызығып алғысы келеді. Баян 

“Күйеуімнің басына күмбез орнатындар, сонан соң тиемін” 

депті. Керуен айтқанын істеп, зират салады. (Осы күнгі Же-

тісудағы зират)

2

. Содан керуендер тағы таласқан соң Баян: 



“Бәріңе бірдей тиюіме бола ма, Ана бейіттің басына шығып 

116

секіріңдер, қай аман қалғаныңа тиемін”, — дейді. Бәрі бірдей 

секіріп, құлап өледі. Жалғыз аман қалған біреуін Баян өзі 

өлтіреді.

Содан кейін Қозының қабіріне кіріп, қара пышақтың сабын 

жарының кеудесіне тіреп қойып, өзі соның жүзіне жүрегін 

төсеп Қозыны құшақтап, жығылып өледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет