Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»


“Бекет  батырдың”  қысқаша  әңгімесі



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

Бекет  батырдың”  қысқаша  әңгімесі

Алшын,  Жаппас  деген  елдің  ішінде

19

  ер  Көтібар  деген 



бай  болады.  Оның  жеті  баласы  болады.  Үлкені  Серкебай 

екен. Соның жалғыз баласы — Бекет батыр болады. Бұның 

тұсында Арыстан деген хан болып Орынбор, Петербор деген 

қалалар болады. Арыстан хан сол Орынбор, Мәскеу, Томск 



169

деген  қалалардан  лек-лек  болып  шыққан  орыс  әскер лерін 

бастап келіп, қазақ елінің шырқын бұзып, қастық істейді. Елді 

жылатып, зарлатады. Соған Бекет батыр шыдамай, Арыстан 

ханды  өлтіреді.  Ханды  өлтірген  соң,  орыстың  ұлықтары 

Бекеттің соңына түседі. Патшаға айыпты болып, қылмысты 

кісі атанады.

Орыс  атаулының  бәрі  жау  болып,  қуғынға  ұшыратқан 

соң Бекет қолға түспей қашқын болып жүреді. Сол уақытта 

дуандардың әкімдері батырды қалай ұстауды білмей айланың 

бәрін тауысып келіп, аяғында Бекеттің жолдасы Шерниязды 

айналдырады. Көп пұл беріп, сатып алып, жолдасын ұстап 

беруге уәде алады.

Шернияз Бекетті алдау үшін орыстан пәлен жүз теңге ақша 

алып, соны саған сыйға жіберді, өзіңмен татуласпақшы дейді.

Бекет осының тіліне нанып дуанға келгенде, дайындалып 

тұрған әскер ұстап алып, қол-аяғына қолөткі салып, көк арбаға 

таңып, Сібір айдап жібереді. Бекеттің тұтқын болғанын естіген 

соң амандасып қалмақ болып, артынан қуып шешесі келеді. 

Жылап, зарлап жыр айтады, Бекет те сүйегі босап жылайды. 

Артта қалған елі мен әкесіне, үй ішіне, ағайын-туысқанына 

сәлем айтады. Сонымен Бекет Сібірге кетеді. Шешесі үйіне 

жылап қайтқан соң, Бекеттің қатыны байын іздеп, жүрмекші 

болады. Ата-енесінен бата алып, сегіз мың теңге ақша алып, 

ноғайдың саудагері болып киініп, алыс сапарға жүріп кетеді.

Жолда талай күн жол жүріп, күйеуі тұрған жерге жетеді. 

Тұтқын болып жұмыста жүрген күйеуін көреді. Бірін-бірі та-

ниды. Қатыны күйеуінің жолына бірнеше рет ат айтып сояды. 

Абақтыдағы Бекетке асын пісіріп бергенде, ішіне батырдың 

алмас  пышағын  тығып  беріп  жібереді.  Жолығатын  жерін 

айтып хат салады. Бекет түн болған соң, алмас пышақпен 

қол-аяғының шынжырын қиып, абақтыдан қашып шығады. 

Мұнымен бірге жатқан Жаппар төре бар екен, ол Кенесарының 

баласы. Бекетке бұ да қосылып алып, барлығы бірдей қашады. 

Артынан солдаттар біліп, қуғын жасайды. Батыр барлығын 

қырып, қуғыннан құтылып шығады. Содан кейін аман-есен 

еліне  келіп,  Шерниязды  өлтіріп,  баяғыдай  дәурен  сүріп, 

мұратына жетеді.



170

“Бекет  батыр”  жырының  мәнісі

Тарихи  өлеңнің  ақырғы  бірі  —  “Бекет  батыр”  өлеңі. 

Бекеттің оқиғасы Кенесары мен Исатай оқиғаларының кезінен 

20—25  жылдан  кейін  болған.  Мұны  туғызған  тарихи  хал 

де Кенесары, Исатай оқиғалары туғызған халмен желілес. 

Сондағы сияқты қалың елдің наразылығы. Қазақтан сайланған 

ханның арамдық, зұлымдығы. Елге келтірген ауыртпалығы, 

сондай  күйлердің  салдарынан  Бекет  Арыстан  деген  ханға 

қарсы шығып, ел кегін алып, өлтіреді. Бірақ жырда Бекет 

оқиғасының  қалай  туып,  ұлғайып  өскені  айтылмайды. 

Жыр Бекет оқиғасының арты немен біткенін ғана айтады. 

Сондықтан,  тарихта  Бекетпен  бірге  үлкен  іс  істеген  Есет, 

Көтібар батырлардың істері жырдың ішінде айтылмайды.

Бекеттің өз ісі де қалың елмен, қолмен жүріп істеген іс 

емес,  жалғыз  ердің  жалғыз  аттанған  жорығы  сияқтанып 

келеді. Бұдан бұрынғы тарихи өлеңдерде ел қаһарманының 

артынан ерген қалың елдің қозғалысы көрінсе, мына өлеңде 

ол әлдеқайда бой көрсетпей, бұғып қалған сияқты. Сондықтан 

Бекет жал-құйрығы жоқ жалғыз жігіт болып, басына келген 

ауыртпалықты жалғыз атқарып, қазаны да жалғыз көреді.

Бекеттің жыршысы өмірде болған үлкен оқиғаның соңғы 

әңгімелерін ғана алып жырлаған дедік. Осылай болудың себебі 

не? Бізше, мұның көп себебі бар. Ең әуелгі себебі — Бекет 

бастаған істі ел басында сүйеп, сүйсініп, соңынан ерсе де 

артынан іс ұлғайып кетіп, Арыстандай хан өліп, орыс үкіметі 

соның кегі үшін қуғын жасап, тізе қылған соң, баяғыдай емес, 

жасқаншақ болып қалған ел Бекет басына тілеулестігін білдіре 

алмай, жарым жолда басылып қалған болу керек. Көп ел басы-

лып қалған бетінде жау да емес, жолдас та емес болып, орта 

жерде қалғанда орыс қысымшылығын көп көрген адамдардың 

кейбірі Бекетті тентек деп санай бастаған болуға да мүмкін. 

Сондықтан аяздай қысып тұрған орысқа бет қарай алмай, 

ықтап кетіп, Бекетті ұстап беруге де көнгендер болуға керек.

Бекет батырды Шернияздай досына ұстату көп елдің соңғы 

уақытқа  шейін  Бекеттің  артынан  еруге  жарамағандығын 


171

сездіргендей болады. Соның белгісі жырдың ішінде талай 

жерде көрінетін сияқты. Бекетті ұлықтар көк арбаға таңып, 

айдап кеткенде артынан амандасқалы жалғыз шешесінің ба-

ратыны, одан кейін артынан іздеуші есебінде өзінің қатыны 

кетті. Барлығы да Бекеттің бұрынғылар сияқты қалың қолдың 

ортасындағы  хан  көрген  басшы  емес,  салт  атты,  сабау 

қамшылы ер жігіт қана болып қалғандығын білдіреді. Содан 

басқа бұрынғы тарихи өлеңдерден “Бекет” жырының тағы бір 

көзге түсетін ерекше жері: осы оқиғаны жыр қылған ақынның 

жайы. “Бекет” жырын шығарған ақын бұрынғы Нысамбай, 

Ығылман емес, оларға қарағанда, бұл Бекет оқиғасынан алыс-

та тұрған көлденең әңгімеші сияқты. Сондықтан аналардың 

сөзі жоқтаумен, жалынмен, шындықпен келсе, мынау денесі 

сергек ертегіші сияқты, Бекет оқиғасын қиялына ерік берген 

еркіндікпен әңгімелейді.

Әңгімесінің басы, қайдан шыққаны белгісіз Арыстан де-

ген ханнан, Орынбор, Петрбор деген қаладан басталса, аяғы 

“мұратқа  жету”  болған  амандықпен  бітеді.  Тарихи  елеңге 

шын тарих пішінін беру өлеңшінің ықтиярында, ол тарихи 

оқиғаның әлін білсе, өлеңі тарихи дәуірдің айнасы сияқты 

болады. Әлін білмей шала есітіп, көмескі түсінсе, әңгімесі 

ескі сарынға тартып, ескі үлгіні жағалап, ертегішелеу болып 

кетеді.  “Бекет”  жыры  “Кенесары”  жырынан  сона  құрым 

кейін шықса да, әлде қандай себеппен жаңағы айтқан соңғы 

үлгімен кеткен. Жырға қарасақ, “Бекет” тарихи өлеңнен де 

баяғының  кіші  батырларына  көбірек  ұқсайды.  Өлең  мен 

әңгіме үлгісі Бекетті еріксіз кіші батырдың азғыны сияқты 

қылып көрсетеді. Әңгіме бөйынша, ханды өлтірсе — жалғыз 

өлтіріп,  қаза  көрсе  —  жалғыз  көретін  себептен  баяғының 

жалғыз  аттанатын  батырына  ұқсатпақ  болған  мақсаттан 

тууға  мүмкін,  өлең  үлгісі  бір  емес,  әлде  неше  жерде  ескі 

батыр жырының кәрі үлгісін көзге елестетеді. Кейде мұны 

тастап, қисса дағдысына салып “әлқисса” деп те кетеді. Ескі 

батыр жырының үлгісі — Бекет айдалып кетіп бара жатқанда 

шешесінің қоштасып айтқаны:



172

Арба салып, ат мініп,

Сапар етіп жол шектік,

Құтты болсын тұғырың.

Мінген атың аласың

Өлгенде көрген баласың.

Адал бала тастай ма

Атасы менен анасын?

Мен келгенде тоқтамай,

Жалғыз қайда барасың.

Кетер болсаң, қарағым,

Еме кет, анаң мамасын, —

деген сөздерінен көрінеді. Бұл жері Қобыланды Қазанға кетіп 

бара жатқанда Аналық айтқан сөздің азғыны. Кейінгі ақынға 

ескінің үлгісі қызықты көрінген. Сол себепті ескінің үлгісін 

тілеген жерге жапсыра берген. Әйтпесе, қол-аяғы кісенделіп, 

ықтиярсыз айдалып бара жатқан Бекетке қоштасып жатқан 

шешесінің әлгі айтқан сөзі лайық емес. Бұл арадағы сөздің 

ықтиярымен ізденіп бара жатқан Қобыландыға айтқан сөзге 

ұқсайтын жөні жоқ. Бірақ үлгі қуған олақ ақын Бекетті ескі 

батыр қылып жырлаймын деп, өзі білген “қошқар мүйізін” 

салған. Осы сияқты үлгі Бекеттің:

Сіздер қалдың, мен кеттім

Мен сіздерден садаға, —

деген жауабында да көрініп тұрған сияқты. “Бекет” жырын 

тек сере қараған кісіге жаңағы айтьшғандарға ұқсайтын ескі 

батырлар жырының сарыны басқа жерлерден де көрінуі оңай. 

Жалғыз  осы  белгілерге  қарасақ,  Бекетті  де  кіші  батырлар 

ретінде қосуға керек.

Бірақ бұл жерде де Исатай жырының тұсында айтқан бір 

сөзді оқушының есіне саламыз. Ол сөз: тарихи өлеңдердің 

тұсында  ақындық  қиялы  қаншалық  шарықтаймын  деген-

мен, өмір кісенімен тұсалып қалғандығы туралы болатын. 

Сондықтан жаңағы сияқты ескілік бояуын алып тастасақ, “Бе-

кет” өлеңі де батырдың нағыз әңгімесіне келгенде өміршілдік 

соқпағына түседі. Әңгіменің ішінде көп аталатын Орынбор, 

Петрбор  сияқты  қазақ  елінің  тағдырын  шешетін  қалалар, 


173

үйездік әкім, батырды айдаған солдат, қолға салған қолөткі, 

көк арба — барлығы да өмір. Өмір болғанда сол дәуірдегі 

тіршіліктің нағыз ауыр, нағыз жүдеу суреттері. Сол суреттің 

у  сияқты  ащы  дерті  батырдың  да  қайратын  буып,  еңсесін 

түсірген. Жүректе жалын басылып, алдыңғы күннің сенімінен 

айырылған. Сол себепті шешесінен айырылар жерде:

Есен барып, сау келіп,

Көремін де демеймін,

Көрмеймін де демеймін,

Кер шабақ пен күреңді

Мінемін де демеймін,

Мінбеймін де демеймін.

Есен барып, сау келіп,

Сүйемін де демеймін,

Сүймеймін де демеймін, —

дейді.

Батырдың иығына қайғы шығып, көңілін күдік басқандығын 



осы сөздер білдіреді.

Бекеттің  қоштасқан  сөзінің  ішінде  елі  мен  әкесіне, 

қатынына  айтқан  сәлемі  түгелімен  өзіміз  көрген  өмірдің 

анық  қалпы.  Оның  ішінде  қиялмен  қоспа  қосып,  көтеріп 

айтқан сөздер жоқ. Барлығы да айдалып бара жатқан жігіттің 

артқыға айтқан зар-мұңы. Жырдың ішінде “Бекетті” тарихи 

өлеңнің нағыз батыры қылып көрсететін жалғыз-ақ жер бар. 

Ол Арыстан ханның өлімі туралы:

Арыстан жатқан орданы,

Дулап жанған қорданы,

Тайсалмай барып енгенмін.

Арыстан мінген көк қасқа,

Астынан алып мінгенмін.

Жібек баулы қолшы тон,

Үстінен алып кигенмін.

Бүгін өліп кетсем де,

Арманым жоқ алдаға.

Талтаңдаған төрені,

Сақалынан ұстап ап,

Қонаққа сойған қозыдай,

Қолымнан өлім бергенмін, —


деген сөздері. Бекеттің тарихи ісі осы. Батыр атын әперген 

ұлы дүбір жорығы да осы. Заманында Исатай істеген ерлікті 

істеп, қалың елдің қамын ойлап, көптің тілеуіне сүйеніп, өз 

басын құрбандыққа шалған. Қылышынан қан тамған ұлықты 

өлтіріп,  патша  үкіметіне  қазақ  елінің  жүрегінде  жатқан 

қарсылықты  ақырғы  рет  осындай  үлкен  іспен  көрсеткен. 

Сондықтан  Бекеттің  даңқы  қазақ  даласына  көп  жайылып, 

жоғарыда  айтқандай  ертегіге  ұқсас  әңгіме  болған.  Бекетті 

тарихи өлеңнің қаһарманы на қосатын себеп осы.


175

V  б ө л і м



ЕРТЕГІ

Адам  баласы  білім-өнер  жүзінде  болған  уақытта  маңа-

йындағы дүниенің жасырын сырларын білмегендіктен, өзіне 

белгісіз заттың барлығына құдай деп табынған. Сол табынған 

нәрселері  көп  болғандықтан,  әрқайсысы  туралы  арнаулы 

әңгімелері болған, осындай құдайлар әңгімелері ескі грек, 

рум халқында көп болған

1

.



Заман  өткен  сайын,  ақыл,  білім  өскен  соң,  ол  табиғат 

нәрселерінің  құдай  емес  екені  білінген.  Сондықтан  олар 

жа йындағы  әңгімелер  бұрынғы  мағынасынан  айырылып, 

кейінгі айтушылардың аузында ертегі болып кеткен. Өмірде 

болмайтын істер, қиялдың көтеріп суреттеген әңгімелері деп 

танылған. Қа зақ ескілігінде кездесетін жалмауыз, диюлар, 

мыстан кемпірлер араласқан әңгімелердің барлығы да сондай 

көтерген қиялдың табысы.

Бұл  ертегілердің  ішінде  араласатын  заттар  әншейін 

адамнан  бөлек  ерекше  істер  істейді.  Әр  түрлі  күйге  түсіп 

құбылады. Төрт көз ит болып, бір уақытта есек болып, бір 

кезде  түлкі  болып  кететін  сияқты  жерлері  түгелімен  сол 

ерекшелікті білдіреді. Ертегінің жері де, мезгілі де белгісіз 

болады. Баяғы тағы заманда болған оқиға, белгісіз от дари-

ясы, жын, пері мекені, алтын сарай, күміс бәйтерек, аспанда 

салынған  үйлермен  келеді.  Осы  сияқты  жай  өмірден  жат 

болып  жасалатын  істер  ертегінің  дағдысы  деп  саналады. 

Ертегілі сөздердің белгісі болады. Бірақ барлық ертегі сөзін 

түгелімен  ойдан  шыққан  деп  есептеуге  келмейді.  Оның 

ішінде  белгілі  шындық  болған.  Кейбір  ертегілер  ескілікті 

дүние ні  түсінуін  білдіретін  болып,  сол  ескі  замандағы 


176

ұғымның  белгісін  сақтап  қалғаны  бар.  Ондай  ертегілерді, 

ескілік әңгімесін — әуезе дейді.

Екінші  бір  түрі:  сол  ескілікті  ұғымды  білдірумен  бірге 

елдің ескі салт әдетін де білдіретін болады. Белгілі үлгі, өсиет 

шығаратын да ертегілер бар. Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі 

ертегі дейді.

Қазақтағы “Құла мерген” сондай салт пен үлгі ертегісі деп 

саналуға болады.

Құла мергеннің аңшылық кәсібі өзге елден бөлек. Жалғыз 

өмір  сүріп,  ылғи  мергендікпен  күн  кешіруі  оның  салтын 

білдіреді. Құла мергенге қас болған қатын, жалмауыз кемпір, 

барлығы  да  адам  баласының  өміріне  қастық  қылатын, 

қараңғы, сырлы заттар болады. Құла мергеннің кегін алушы 

баласы Шүйе мерген. Мергеннің ісі ақ, сондықтан ол жеңеді. 

Қас болған қатыннан кек алады. Жалмауызды өлтіреді. Бұл 

“Аққа зауал жоқ”, “қараның ісі оңға баспайды” деген ұғымның 

белгісі. Сондықтан бұл жері өсиет сияқты үлгі сөзі болады.

Салт ертегісінің бір түрі мысқыл, мазақ ертегілер. Бұдан да 

дұрыстық пен терістіктің тартысы көрсетілетін болады. Бірақ 

жамандық иесі мазақ, күлкі болып көрсетіледі. Мысалы: қу 

шал мен жалмауыз, диюлар әңгімелері. Бұлай болғанда ертегі 

деп баяғы замандағы елдің дүниеге көз қарасын білдіретін я 

сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң белгілі елдің 

салтын білдіріп, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, 

жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені 

айтады. Қазақ ертегісі өте көп. Осы күнге шейін қыстың ұзақ 

түндері қыр елінің барлығында ертегі тыңдап, ертегі айтумен 

өтеді. Сол ертегілердің ішінде ең ескірегін алсақ, бұрынғы ескі 

нанымды білдіретін жалмауыздар араласқан ертегі мен кәсіп 

ертегілері болады. Кәсіптен ертегіге көп кіретін аңшылық. 

Өте ескі ертегілер “Еділ Жайық”, “Құла мерген” сияқтылар 

болса, мұнда иен тау, елсіз өзендерді жапа-жалғыз мекен еткен 

баяғының батыр аңшылары әңгімеге кіреді.

Баяғы қазақтың бір алуан батыры аңшы болғаны рас. Біз 

Қамбар әңгімесін қарастырғанда бұл турадағы пікірді айтқан-

быз. Қазір де сол ескі әңгімелерде кездесетін қараңғы, сырлы 


177

жалмауыз, жез тырнақ сияқты жанды заттар, тескен тау сияқты 

жат жерлер қиялдың өзінен ғана туады ма, жоқ болмаса со-

ларды туғызған болымсыз себептер бар ма, соны айтайық.

Қазақтың ұғымында жалмауыз, жез тырнақ бұрынғы ескі 

діннің мұрасы. Дүниедегі жанды, жансыз нәрсенің барлығын 

жаратқан,  барлығын  билейтін  бөлек-бөлек  иелер  бар, 

солардың бірі — адамға қас, бірі дос иелер. Мәселен, жарық — 

жылы күнді билейтін адамға дос ие болса, қара түн — қараңғы, 

сырлы науқастарды жіберетін адамға қас болған иелер. Сондай 

иелер кейде тау, тас, тоғайлы жерде, елсізде мекен етеді. Адам 

кездессе қастық қылады деген ұғым бар.

Сондықтан,  жұрттың  бәрі  әншейінде  күдікті  көрінетін 

елсіз жерде бұзылған молалар көрсе, тау ішінің үңгірін көрсе, 

бұлардың  бәрінен  әлгідей  қастық  иесін  күтетін.  Сондай 

күткен, қорыққан кездерге, иен далада жалғыз жүрген, жайын 

адам болып кеткен алып аңшылар кездессе, қорыққан қиял 

соларды жалмауызға, не жез тырнаққа айналдырып әкетуге 

әбден  мүмкін.  Тескен  тау,  бұрын  дүние  сырын  білмеген, 

табиғатпен таныстығы жоқ, көр бала халінде болған адамға 

сағым  көтерген  алыстағы  көк  таулардың  сиқынан  тууға 

мүмкін.  Міне,  осы  сияқты  ретпен  салыстырып,  сынап 

қарағанда, бұрынғы ертегінің ішіндегі өтіріктің барлығы да 

белгілі себептен шынға ұсаған, жаңылыс ұғымынан туған 

деп білу керек. Бұрынғы елдің қиялы өзіне таныс емес жат 

бір нәрсені құрдан-құр жанынан шығарып әңгімеге кіргізген 

емес, қайта бұрынғы заманда сол ертегіге кірген нәрсенің 

барлығы да даусыз шын сияқты көрінетін. Ол кездегі ертегі, 

бүгінгі елдің өмірінен алған шын әңгімелер сияқты, даусыз 

шын оқиға болып көрінген. Бері келіп ел есі кіріп, ержеткен 

соң ғана ертегіні өтірік деуші шығады. Ол елдің білім, зейіні 

артып,  дүниеге  таныстығы  молайғандықтан,  бұрынғының 

ұғым, нанымынан кейінгілердің ақыл, білімі артып, бой жетіп, 

асып  кеткендігінен.  Қазақтың  көп  ертегісін  жинап,  сынап 

қарастыру біздің жақын зор міндетіміздің бірі болады.

Қазақ ертегілерінде жоғарыда айтылған ескі түрлерінен 

басқа, берірек заманда шыққан жаңарақ әңгімелер де бар. 

12–1248


178

Мәселен,  өлең  өлшеуіне  түскен  батырлар  әңгімелерінің 

барлығы ертегі болып кеткен, батыр әңгімесін көп ел құмартып 

тыңдайтын болғандықтан, ел қиялы бергі замандардың батыр-

ларын да ертегінің қаһарманы қылып әкеткен.

Мәселен, Наурызбай, Ағыбайлар әңгімесі

2

 сияқты кешегі 



болған батырлар да кейбір ертегіге айналып, жалмауыз, жез 

тырнаққа кездесіп кстеді. Елдің сүйіп, сүйсінген батырының 

барлығы да көпке жайылған, сансыз көп ертегі болған.

Бұлардан соңғы бір алуан ертегі, күлдіру мақсатымен айты-

латын нағыз өтірік әңгімелер болады. Мәселен, Алдар көсенің 

қырық өтірігі сияқтылар. Кейде тапқыштық, шешендік қулық 

та ертегіге кіретіні болады. Сол ретке косылатын Алдар көсе 

мен Жиренше шешен әңгімелері, ел әңгімесі бұларды болған 

адам дейді. Бірақ, осындай адамдардың болғаны рас болса 

да, бері келе ел бір жолата ертегі адамы қылып жіберген. 

Біреуі шешендік үлгісі болып, екіншісі қулық, тапқыштықтың 

үлгісі болып, арғы-бергі замандағы осындай жайдан туатын, 

әңгіменің  барлығын  өз  бастарына  жиып  алған.  Ел  қиялы 

соларға  неше  түрлі  шешендік  әңгімесін,  әлденеше  түрлі 

қулық әңгімесін апарып жамап, барлық өмірлерін тұтас әңгіме 

қылып әкеткен.

Мұсылман  күн  шығысында  осыларға  ұқсайтын  бір 

адам Қожанәсір. Ол аңқау қу. Аңқау күлдіргі, барлық өмірі 

түгелімен күлдіргінің қулық әңгімесі болып кеткен. Жиренше 

мен Алдар көсе де бар өмірі бір-ақ тараулы мінездің соңында 

кеткен

3

. Сол мінездің ертегісі болып кеткен адамдар. Қазақтың 



қара сөзді ескілігінде, бұл екеуінің әңгімесі ертегі мен ұқсас 

әңгіменің арасындағы бір ерекше қызықты түр болады.



179

VI  бөлім



АЙТЫС  ӨЛЕҢДЕР

Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы — айтыс өлеңдер. Ауыз-

ша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ. Баяғы 

ескі заманнан бастап соңғы күндерге шейін қай ру болса да ор-

тасында айтыс өлең айтылмаған ел болмайды. Бұрынғы үлкен 

айтыстың арты бұл күнде құда мен құдағидың бірін-біріне не 

жақсылап, не жамандап айтқан айтысы сияқты болса да, осы 

күнге шейін көп жерде айтысы бар. Болатын себебі қазақтың 

ұғымынша: жаттама өлеңдерді айтысса да, әнге қосып сөз та-

ласып жасамаса, барлық ойын, айт пен той қызықсыз, көңілсіз 

болатын. Сондықтан ақындық қуаты болмаған жас жігіт “Әри 

айдай бойдай талай” деп айтысса да, айтыстың ырымын істеп, 

жол алып, жолды алуды ұмытқан жоқ.

Бұл  өлеңдер  туралы  сөз  қозғағанда,  әзірше  айтыстың 

қандай түрге бөлінетінін айтпасақ, барлық айтыс сөздерді 

түгел  жиып,  барлығын  түгелімен  мысалға  келтіруімізге 

болмайды. Себебі, күнде баспаға басылып, ол жазба күйінде 

жиналып  жүрген  айтыстардан  басқа  талай-талай  жақсы 

айтыстардың әлі күнге жатқа білген, бірен-саранның аузында 

жазылмай, жиналмай жүргені де толып жатыр. Осы айтылған 

сөздерге қарағанда, айтыс сөз қазақ ескілігінде өте жанды, өте 

қызулы, бағалы сөз болғанында дау жоқ.

Айтыс  сөздерінің  молдығы  мен  көп  жайылғандығына 

қарасақ,  қазақ  елі  ақындық  теңізі  сияқты  көрінеді.  Өзге 

жұрттың әдебиет тарихын өлең түріне бөлгенде, айтыс өлеңі 

деген  бөлім,  не  жоқ  болады,  не  болмаса  өте  аз  кездеседі. 

Қазақтың өзге түрдегі ескілігінің барлығында өзге елдікіне 

ұқсастық  болса  да,  айтыс  өлеңдері  барлығынан  да  жат, 



180

жаңа түр. Қазақ әдебиетінің өзіне ғана меншікті саналады. 

Басқа жұртта өлең болса, мұншалықты мол болып етек алып 

жайылған емес. Анда-санда кездесетін шашыраған өлеңдер 

сияқты көрінеді. Мысалы: ескі француз әдебиетіндегі тен-

сондар, бұлардың түрі қазақ айтысына ұқсайды. Онда да екі 

ақын көп жиынның алдында сөз жарыс жасайды. Айтыстың 

өзге өлеңнен айырмасы: суырып салма өлеңдермен айтысатын 

болса, тенсондарда сондай, жанынан шұғылдан шығарылған 

ауызша өлеңдер. Айтысатын сөздері де кейде қазақ айтысында 

кездесетін білім талас сияқты, жұмбақ пен ой тартысы болады. 

Мәселен, кейбір тенсондар “адам қауымында әйелдің қандай 

бағасы бар” деген жайға арналған. Француз әдебиетінен басқа, 

ескі араб әдебиетінде “Мұғалла хат” деген өлеңдер болған, 

бірақ бұл нағыз айтыс емес, көбінесе өлең жарысы сияқты. 

Бұрынғы замандағы жәрмеңкедей ұлы жиында көп ақынның 

бір тақырыпқа айтқан жарысы, өлеңдері көптің сынына түсіп, 

соның ішіндегі ең жақсы жәрмеңкенің ең жиын, ең қызулы 

жеріне  жібекке  жазылып,  ілініп  қойылатын.  Сондықтан 

“Мұғалла хат” деп — ілулі өлеңдер аталған.

Міне,  өзге  жұрттың  әдебиетінде  айтыс  өлеңдердің  осы 

сияқты түрлері болғаны рас. Бірақ мұның бірде-бірі қазақ 

айтысындай көпке тарап, көп жұрттың барлығын бірдей ермек 

қылатындай болған жоқ. Қазақтікі сияқты әдебиет тарихының 

бөлімі болуға жарайтындай болып етек алып тараған емес. 

Қазақтың кәрі, жасындай айтысты қызық көріп қызуланып, 

тегіс өнер қылып, жалпақ ел ұстанған емес. Қазақтағы айтыс 

әдебиет бөлімі болудан басқа ел тартысының бұрынғыдан 

келе жатқан театры сияқты көпке бірдей қызық беретін жиын 

сауығы болған.

Сондықтан, айтысқыш ақындар жүрген жер ел ортасында 

көшпелі сауықшылар жүргендей қалың думан, жиын болатын. 

Елдің айтыс өлеңді қатты қадірлегендігінен айтыс ақындары: 

Шөже, Кемпірбай, Жанақ, Сабырбай, Мұрат, Тоғжан, Біржан, 

Сара

1

 сияқтылардың атағы қазақ ішіне тегіс жайылған. Барған 



елінің барлығында бағалы, қадірлі болып, қайда барса да сый, 

құрмет, қызық, сауық болатындықтан, айтыс ақындары сол 

жүрісін біржолата салт қылып әкеткен. Көбінің кәсібі: сән-


181

сал танатпен, қобыз, домбырамен нөкер алып, ел қыдырып 

жүріп айтысқа шығатын ақындарды іздеумен өткен. Бұрынғы 

заманның осы сияқты жиыны болса да айтыссыз өтпейтін. 

Талай ақын өз елінен шығып, жат елді аралап, кектеніп, кез 

келген ақынмен айтысып, не жол алып, не жол беріп, жеңіп, 

жеңіліп жүрген. Баяғы заманда жауынгер батыр алыста тоят 

іздеп,  білегінің  қайратына  сеніп,  соғыс  майданында  жау 

іздесе, айтыс ақындары тіл-жағының қайратына сеніп, соғыс 

майданының  жекпе-жегін  іздейді.  Қазақ  елінің  бұрынғы 

жортуылшыл батырдан кейін тапқан, екінші алуандас баты-

ры, қызыл тілдің иесі ақындар. Ел тіршілігінің жауынгерлік 

дәуірінен шығып, тыныштыққа бет алған кезінде, Сарыарқаны 

сайқалдап, онды-солды шарлап жүрген бір алуан адамдары, 

осындай  сөз  батырлары  кешегі  Жанақ,  Кемпірбай,  Шөже, 

сол ақындардың үлгісі ел ортасында соларға ұқсамақ болған 

жігіттер көбейген.

Ақындық,  әншілік  өнері  жақсы  жігіттің  белгісі  сияқты 

саналған. Сондықтан ел ішінің қызық сауығы үшін сән түзеп, 

қыдырумен жүретін салдар шыққан. Атақты ақындарға елік-

теуден серілік молайып бері келген заманда Біржандай сал, 

Ақандай ақын серіні шығарған. Бұлардың жайы қай елдің 

ортасында болса да, кейінгіге үлкен әңгіме болып қалған.

Соның барлығы бұрынғы айтыс ақындарының сарқыты. 

Онан  соң  бұрынғы  ел,  ақын  айтысын  қызық  сауықтың 

ермегі  сияқты  көрсе  де,  екі  рудың  ақыны  айтысатын  кез-

де  құр  ғана  көлденең  тындаушы  болып  отыра  алмайтын. 

Біреуінің тілеуінде болып, ұранына қызып, өзі жекпе-жекке 

шыққандай болып тыңдаған. Айтысқа шығаратын ақынын, 

қанды  майданға  баратын  батырын  шығарғандай  қылып, 

іштен  тілеу  тілеп  шығаратын.  Сондықтан,  Қаптағайдың 

қызы Сара айтысқа шығарда: “Найман шал аруағың жебей 

гөр деп, ақ үйден шыға келдім мен де айқайлап” дейді. Сара 

айтысқа  шығарда  найманның  игі  жақсысы  болып  келіп, 

бата беріп, тілек етіп шығарады. Найманда тағы бір ақын 

өз тұсындағы ірі ақынның бірімен айтысқалы бара жатып: 

“Дүние салдыр-гүлдір өтер дедім, сонымен аз сөйлесем не 

етер  дедім.  Қой  айтып,  дүйсембі  күн  атқа  міндім,  найман 



182

шал  аруағың  көтер  дедім”  дейді.  Ескі  қазаққа  айтыс  өлең 

ең қадірлі сөз болған. Сондықтан “сөз тапқанға қолқа жоқ” 

деп, өлең сөзді кім кестелі қылып, сұлу айта алатын болса, 

оның  кәрі-жасына,  келін-кепшіктігіне  қарамай  ұлы  жиын, 

игі жақсының барлығы да ілтифат қылып тыңдап, ықылас 

құрмет  көрсететін.  Сол  себепті  Тоғжан  Орманшыға  келін 

болып түсіп, бетіне шымылдық тұтып әкеле жатқан жерде 

алдынан шығып, баяғыда айтысып жеңе алмай жүрген адам 

әдейі алдынан тосып тұрып:

Жамағат шымылдықтан серпіліңіз,

Ақынсыған немені келтіріңіз.

Үйінен буаз келген мұндар қарды

Жұрт көзіне көрсетпей өлтіріңіз, —

дегенде.

Тоғжан:


Орманшы жиылыпты жамағатың,

Әлі санға толған жоқ азаматың

Ұл туса, таяқ соғар қолғанатың,

Қыз туса, керек қылар қанағатың

Оның несін бетіме салық қылдың

Ініңнің сақтап келдім аманатын, —

деген.

Сонда Тоғжанды сол заманның елі абыройсыз деп сөккен 



емес. Себебі, оның айтып тұрғаны өлең сөз, жүйелі, кестелі 

сөз. Бұл мысалдарға қарағанда, айтыс өлең құр ғана қызу 

сауықтың сөзі емес, қанды қыздырып, аруақты шақыратын 

жанды сөз екені көрінеді.

Ауызша әдебиетте өлең тақпақ пен айтыс ретінде айтыла-

тын сөздер екі жікке бөлінеді. Біреуі ақындар айтысы, екіншісі 

билердің билік үстінде, ру тартысының тұсында айтысатын 

сөздері — билер айтысы. Сырт көрінісіне қарағанда, ақындар 

айтысы мен билер айтысы қазақ ескілігіндегі екі алуан сөз 

сияқты. Бірақ, кейбір мағыналарымен, ел тұрмысымен бай-

ланысына қарағанда, екеуі бір түрге қосылады.

Бұларды бір түрге қосатын себеп: ескі қазақ ішінде өте 

күшті болған ру жігі. Бұрын қазақ әдебиетінде кездесетін 

өлең түрлері әр кезде әр түрлі болып ел кезегі үшін қызмет 

еткенін айтқанбыз. Мысалы: сыршылдық өлеңдері көздегі 


183

жас, көңілдегі қайғыны уатып, сүйеу беретін сөздер болса, 

кейбір жерде жылату үшін, көзден жас шығару үшін көңілдің 

зар-мұңын  шығаратын  сөз  болған.  Бұл  түрдегі  өлеңдер 

көңілдің қайғылы, күңгірт сырымен байланысқан өлеңдері. 

Бұдан  соңғы  бір  алуан  өлең  —  бұрынғы  өткен  батыр,  би 

сияқты, сүйіскен жастар сияқты жақсылардың жайын жыр 

қылған,  солардың  жүрісіне  сүйсініп,  қошаметтеп  келіп, 

кейінгіге  үлгі  бергендей,  ой  салғандай,  шынымен  ел  қиял 

қылған жақсылардың түр сыпатын, неше алуанын көрсетпек 

болған әңгімелер еді. Бұларда жақсылық үлгісі көрініп, ақыл 

мен ой сезімге азық беріп, кейінгіге үлгі айтып, бет нұсқамақ 

болған талап бар. Ол өлеңдегі мағына осы сияқты мақсаттарға 

арналған.

Қазақ ескілігінің бұлардан соңғы бір алуаны соңғы заман-

дарда ел жақсыларының заман жайына қайғырып, мұңайып 

айтқан сөзі. Олар ескірген ақындардың ел мінін айтып, ал-

дында келе жатқан қауіпті, қайғылы күнді ескертіп, елдікке-

бірлікке шақырып айтқан өлеңдері. Бұл сөздер ел тіршілігінің 

дертін емдеуге арналған.

Ел қайғысының емін іздегені ескі ақындардың өлеңдері. 

Бұлардай  өлең  айтқан  ақындарды  зар  заман  өлеңшісі  де-

ген  жікпенен  өзге  барлық  ескілік  өлеңдерінен  бір  бөлек 

шығарамыз. Енді қазіргі қарастыратын айтыс өлеңдерді алып, 

соны жаңағы саналып өткен ескілік түрлерімен салыстырғанда 

қандай айырманы, қандай ерекшелікті көреміз? Соған келейік.

Айтыс  өлеңдердің  ішінде  мұң  менен  зар  айтылмайды. 

Мұның  ішінде  елге  бүгінгі  мінін  айтып,  пәлендей  жолға 

түсіп,  түзел  деген  өсиет  сөздер  жоқ.  Мұндағы  сөздердің 

барлығы  екі  кісінің  тартыс-таласы.  Бұл  өлең  түрімен 

айтылған  сөз  күресі,  сөз  жекпе-жегі.  Ішкі  мағынасына 

қарағанда, мұндай айтыстар бұрынғы елдің сауығы, желігі 

үшін  айтылатын  айт  пен  той,  ойын,  жиынның  әлеңдері. 

Айтыс өлеңдерінің тұсында қазақ еліне бұрын әлде неше 

күйлердің үстінде бірде уатып, бірде жылатуға жараған өлең, 

енді күлдіріп, қуантып, желіктіруге қызмет еткендей болады. 

Сол күлдіріп, қызық пен сауық үшін қызмет еткен уақытта, 

айтыс өлеңдер қазақтың жоғарыда айтылған ру жігі сияқты 



184

ерекше  бір  тіршілік  салтымен  байланысқан  өлең  болады. 

Ру  жігіне  бөлінген  ел  кей  кезде  ұранымен  бас  құралып, 

ұран атымен тіршілік еткенде рудың бәйгеге қосқан атын 

қызықтаса, күреске түскен палуанын қызықтап, намыспен 

сүйсе, мынау өлеңдердің тұсында сол сияқты ру талас, ру на-

мысы, ру бәйгесіне сөз жүйрігін қосқандай болып, жік-жікке 

бөлініп, солардың тілеуін тілесіп, қызығын қызықтасады. 

Айтыстың ақыны бәйгеге қосқан ат, күреске түсірген палуан 

есепті қызық, сауықтың қызметшісі болған. Бұл айтылған 

сөздердің барлығы — көбінесе ақындар айтысына арнала-

тын сөздер. Ақын айтысының билер айтысымен бір түрге 

қосылатын себебі жоғарыда айтқан ру жігімен байланысқан 

бұрынғы  қазақ  жақсысының  барлығы  да  өзінің  руымен, 

туысымен жақсысы деп саналатын. Сондықтан өзі шыққан 

руының  өзге  рулардан  артық  болуы  әрбір  адамға  мақтан, 

жұбаныш  болатын.  Би  болса  жақсы,  мықты,  басты  деген 

ат  алғанда  өз  руының  іргесін  көрмегені  үшін,  өз  руының 

телісі мен тентегін болса да, жатқа жем қылмағаны үшін, 

өз руына өзгеден артық жуандық, ірілік олжа әпергені үшін 

жақсы деп аталатын, сол сияқты батыр да, палуан да, төре 

мен ақын да өз руына жақсы ат әпергендігі үшін жақсы деп 

бағаланады. Қазақ тұрмысының осы сияқты ерекшелігінен 

айтыс  өлеңінің  ақыны  мен  билік  жолындағы  билер  сөз 

сөйлесе,  сол  жоғары  ру  жігін  тереңдетуге,  ру  намысын 

айқындап шығаруға қызмет қылған. Бұл жағынан қарағанда 

ешбір ру жігіне бөлінген елде сол ру тіршілігін өнер жүзіне 

шейін түсіріп, мұншалық ұлғайтып әкеткен ел жоқ.

Қазақтың ақыны мен биінің біріне-бірі ұқсайтын жері осы 

арада. Әрқайсысы әр алуан жолда, әр алуан сөз сөйлейтін 

болса да, сол өздері шыққан рулардың күреске түскен палуаны 

есепті болғандықтан, екеуінің айтысында жалпы әдебиетте 

бір-ақ түрлі өнер есебінде болуға лайық.

Енді  айтыс  ақындарының  өлеңі  мағына  жағынан 

қандай  түрге  бөлінеді?  Соған  келейік.  Ақындар  айтыста-

ры ішкі мағынасына қарағанда, көбінесе ру күндестігі, ру 

жарысының, ру мақтаны ның өлеңдері. Мысалы Біржан мен 

Сара өлеңдері:



185

Б і р ж а н:

Арғынның көз жеткісіз аймағы бар,

Дөңгелек жеті рудан ойнағы бар,

Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы

Алты жүз ботасы мен тайлағы бар.

Шалқыған Жәнібек пен Тұрсын, Жанай

Айт, Жүсіп, Нұрмұхамбет, Досан, Қанай,

Солардың қысабына көз жетпейді,

Ол түгіл, бір Шақамдай болсаң қалай.

Қаржаста бір құтым бар Мұса, Шорман

Үзілмей келе жатыр ескі қордан.

Қазының бел баласы Садуақас

Құтқарған сан қыранды түскен тордан.

Ұл тумас Қазанқаптай ата ұлынан,

Тұқымы дегдар шыққан жақынынан.

Шыныбай асып па еді бір шағында

Жан жетпес ер Қазекем аруағына.

Жамантай, Құспек, Шыңғыс, Сартай төрем

2

Ілінген талай найман қармағына,



Тәттімбет арда керім арғын асқан

Қырық түрлі күй ілінген бармағына

Ежелден әрі баймын, әрі молмын,

Шын қызсам, шыдамайсың зардабыма.

Адамның ақ иығы қажы Құнанбай,

Сан жүйрік сау кеткен жоқ бір сыналмай.

Найманның әулиесі батыр Барақ

Шын құса болып кеткен түк қыла алмай.

Ыбырай жас жолбарыс білектенген

3

,



Дұшпанға арыстандай жүректенген.

Өзінің заманының бозбаласы,

Перінің жігітіндей іріктелген.

Ей, Сара, қайсысың бар оған жетер,

Өнерін көрген жанның есі кетер.

Адамның жалғыз басты білімдісі,

Оны да жамандамас найман бекер.

Орта жүз Абай қойды атын батпай,

Үйіне үйез кірмес жауап қатпай,

Арғынның асылдығы міне осындай

Наймандай ағайының жүрген сатпай.

Бар болса, бұған орай болмай сөйле,

Әйтпесе сөзіңді қой босқа шатпай.


186

С а р а:


Ей, Біржан, сөз сөйлейін анықтатып,

Көңілің ауырмасын қабақ қатып,

Көкшетау, Қызылжарда талай арғын

Күн көрген қызын жалдап, жатақ жатып.

Бармаған соң жайымды білмейді деп,

Құр босқа мақтанасың тәңір атып.

Найманда қара Керей, Сыбан, Мұрын

4

,



Жеті ата Жолымбетке құйған нұрын.

Шерубай, Тана мырза, ер Тәукебай,

Қай қазақ сөз бастаған одан бұрын.

Баласы Қозыбайдың Тілеуберді,

Алтыбай оның ұлын әркім көрді.

Құдайдан қорыққан арғын осал да емес,

Қарадан хан боп шыққан Қисық еді.

Жан жетпес Бабатайға, Жалбы, Жанақ,

Аққожа би, Ақтайлақ асқан манап.

Ақтамберді, Алтыбай, ер Әйімбет,

Қалмақты қолмен сатқан қойдай талап.

Кенжеғұл, қазақ жетпес бабасына,

Төрт арыс билік айтқан баласына.

Байтоқа, Кеңесбай мен құт Данияр

Таймаған сөйлер сөздің шамасына.

Арғын жоқ мақтағанмен, Тойғұлыдай

Құт құйған қыдыр келіп сабасына.

Бірін-бірі аңдыған қу арғынсың,

Мақтанған мінсең орыс шанасына.

Екі жыл бақ айналса біреуіңе,

Қайдағы жаулық қылған данасына.

Арғында кісілік жоқ мен білмейтін,

Қарны ашта қастық етер анасына.

Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың,

Жайымды адам күймен айтайын мен.

Өнерге екі жағым бәрі бірдей,

Құр босқа бөгелемін келіспей нем.

Сайраған бүкіл найман бұлбұлымын,

Ұрғашы ғой демесең қай жерім кем.

Өз басым ұрғашының қара тілі

Ыйырам бағы, бітісім, қызыл гүлі.

Айтыстың бұдан соңғы бір алуаны бас мінесуге арналған 

өлеңдер. Мысалы, Мұрат пен Жантолы:


187

М ұ р а т:

Жантолы, асыранды қазың қашты,

Жүргенде өзімсініп жазым қашты.

Әсеттің туысына қарсы болды,

Байғұс-ау қандай қой тазың қашты.

Ж а н т о л ы:

Құдаеке-ау, әжептәуір сөзің сенің,

Қудалау сын емес пе ердің кемін,

Елбіреп іші бауырың түсе берсе,

Айтып кет, кұдаеке таздың емін.

М ұ р а т:

Тамырын тазыңыздың қиған болар,

Күл сеуіп аққан қанын тиған болар,

Бір шерік іскеметар, күкірт, сынап,

Қайнатып, көк дәріні құйған болар.

Бір жұма көк шүберекпен орап тастап,

Қан-жынын ыстық сумен жуған болар.

Ж а н т о л ы:

Аз екен ел қыдырып көрмегенің,

Ойында тағы бар ма көздегенің.

Дәрудің жеті түрлі бәрін біліп,

Таз ба еді он жасыңнан емдегенің.

М ұ р а т:

Аз еді ел қыдырып көрмегенім,

Ойымда тағы да бар көздегенім.

Таз бенен ақ бас қотыр бір нәсілді,

Ақ басты көрмеймін бе емдегенін.

Ж а н т о л ы  (байына)

Бір қақтың ақ етіме ашуменен,

Жігітке ашу ұят, асыл деген.

Ұрынған өзі келіп берішке тимей,

Мен бе едім ақ қара бас қотыр басың жеген.


188

М ұ р а т:

Бір қақты ақ етіңе ашуменен,

Жігітке ашу ұят, асыл деген.

Бір түгіл, екі соқса жаның шықсын,

Осының кісі келер ме басын көрген.

Бұдан  кейінгі  ақындар  айтысы  Кемпірбай  мен  Шөже. 

Бұ да жаңағы үлгі сияқты бас мінесу.

К е м п і р б а й:

Бес намаз, он екі иман жанға пайда,

Қалайын бір сөйлесіп осындайда.

Біреуге мал, біреуге бас қайғы ғой.

Барасың, соқыр азбан, жаяу қайда?

Ш ө ж е:


Ұстараның жүзіндей ауған дүние,

Мені көріп шабықтың мұнша неге.

Ай мен күн, жер мен көкті көргенім жоқ

Кемпірбай ақылың болса, маған тиме.

Баласы Жаныс марқұм Сәтбай мырза

Құран оқи барамын қаралы үйге.

К е м п і р б а й:

Асыма шақырмаған келдің жетіп,

Бұғылы, Тұғылыдан жаяу өтіп

5

.



Бұл елде қожа, молда жоқ деп пе едің,

Соқыр ит, кім шақырды жекелетіп.

Ш ө ж е:

Салмағы екі көздің дәл кеудемде,

Алданың әр не қылса, еркі өзінде,

Бар болса қасиетің, кәзімді жаз,

Ұрайын жаза алмасаң қу сөзіңді.

К е м п і р б а й:

Ішінде мен Шаншардың дегдәрі едім

6

,



Ішінде ауған қырғыз сен жарлы едің.

Көзіңді көрінгенге теле дейсің,

Көзің шыққан жерінде мен бар ма едім?


189

Ш ө ж е:


Қазақтың дін мұсылман жедім қамын,

Сөйлеймін мойныма ала көздің ағын.

Жиылып он екі ақын түк қылған жоқ,

Сен қылармын деймісің енең...

Мұқтасар сөзім майда қақ тасындай

7

,



Омырауым Бұхардың қақпасындай

8

.



Екі аруақ орнаған жер бос қалмайды.

Қырғыздың алтынымын ат басындай.

К е м п і р б а й:

Бұл елге ақын болды Шөже қайдан.

Жүр екен Шөже дәндеп Шортанбайдан.

Жас өсіп, жарлы байып жеткен заман,

Жүрмесін жаның шошып Кемпірбайдан

Жолықпай дүр ақынға жүр екенсің

Берейін сыбағаңды соқыр хайуан.

Ш ө ж е:


Кемпірбай, көңілінді тындырайын,

Аруаққа, асса құдайға ұрдырайын.

Оралдан түлеп ұшқан мен ақ иық,

Топшыңды қанатыммен сындырайын.

Айтыстың  бұлардан  соңғы  бір  алуаны  рулардың 

арасындағы жуандық, зорлық өлеңі. Бір руға екінші рудың 

істеген  астамдық  артықтығын  айтатын  өлеңдер.  Мысалы: 

Сабырбай мен Тасыбай:

С а б ы р б а й:

Ақтайлақтың баласы Сабыр ермін,

Бәйгеден күнде келген қарагермін,

Қанай төбет елімді екі шапты,

Бәлем, арғын, етінді тірі жермін.

Т а с ы б а й:

Мені өлтірсең пышақ ал, маған таян,

Менің қылған қылығым алдаға аян.

Мен өлместен еліңді екі шапса,

Мен өлген соң боларсың бақа-шаян.



190

С а б ы р б а й:

Жылқыны сен алғанда мен де алғанмын.

Қайда мен кезегімнен құр қалғанмын.

Мықты жігіт жылқыны алатұғын

Кісіңді орынынан мен салғанмын.

Т а с ы б а й:

Бәсе, жылқыны сен алғанда мен де алғанмын,

Қайдан мен кезегімде құр қалғанмын.

Ажалды адам әр жерде-ақ өлетұғын.

Мен шаңырақ пен түңлікке көз салғанмын.

Сен қотан бұлақ, қызыл кен құлды шаптың,

Қыдырбай елден шыққан тұлды шаптың

Мен Ақтайлақ, Балпандай биді шаптым,

Кәнекей, соған орай кімді шаптың.

Төртінші түрі сирек кез келсе де, жеке бір түр болатын білім 

таласы. Ол күндегі білім — дін білімі. Сондықтан құранның 

аятын  айтысады.  Дін  жүзінен  жұмбақтар  айтып,  соны 

шешіседі. Мұның мысалы, Кемпірбай мен Шөже өлеңдерінің 

аяғындағы айтыс:

Ш ө ж е:

Кемпірбай, көкте не бар, жерде не бар.

Жаратқан неше мақлұқ қадір жаппар.

Алданың достысы кім, дұшпаны кім?

Өзіңнен сұрайтұғын әр сөзім бар.

Қай күні қарасақ та майдан болып,

Қай күні өлім қошқар бауыздалар.

Күнәсін пенделердің кешіргін деп,

Күнәңді, ей лағынат, мойныңа ал деп,

Шайтанға қандай адам қазы болар.

Неше адам пенделерге жәрдем қылар.

Қолына қанды тон мен кесені алып,

Кімнің кім мақшар күні құнын даулар.

Алданың әмірінен жәрдем болып,

Кіммен кім мақшар күні күрес салар.

Артылып бақ дәреже бағы асып,

Мақшарда қандай адам мансап алар

9

.



Бұл сөзге ақын болсаң, ақылың жетер.

Ойланып бата алмасаң есің кетер.

Біреуін қайта айтсаң кәпір болдың

Ойланып шеше алмасаң, шешпе бекер.



191

К е м п і р б а й:

Болғанда жерде Мәди, көкте Айса

10

,



Алты күнде жаралды екі дүние

11

Жүйтілік



12

, Тәбілт


13

, Жәбілт


14

 екі жылан

Мұнзалда

15

 көріп едім осылайша.



Жеті қат жер астында көк өгіз бар,

Дүние бұзылғанша өлмей тұрар,

Қай күні қарасатқа майдан болса,

Сол күні өлім қошқар бауыздалар.

Күнәсін пенделердің кешіргей деп,

Төрт шадияр пендеге жәрдем қылар

16

.

Күнәңді, ей лағынет, мойныңа ал деп



17

,

Шайғанға имам ағзам қазы болар.



Қолына қанды тон мен кесені алып,

Би-Фатима

18

, Қасен


15

, Құсайын

20

 құны даулар.



Алланың өмірімен жәрдем болып,

Мұхамбет Мәриямға неқақтанар

21

.

Бұлардың тойларының қызығы үшін,



Ер Ғали, Қаһарманмен күрес салар

22

.



Артылып бақ дәреже, бақыты асып,

Арыслан сүріндіріп, жолын алар.

Қаһарман тіленсе де жібермейді,

Алдадан ұлықсат жоқ деп періштелер.

Әкең Қаржау Жайықтың басы бар ма,

Ит соқыр мұнша нең бар құмарланар.

Ш ө ж е:

Бұл сөзім орта жүзді араласын,

Сөзіме ақын болсаң табыласың.

Туғалы аға сыйлап көрмеген ит,

Ағаңмен топ ішінде жағаластың.

“Уаттори миналбатғы мын биләй”

Тауып бер осы сөздің мағынасын

23

.



К е м п і р б а й:

Ей Шөже, сенің өзің кәпір болдың,

Айрылып таза малдан тақыр болдың,

Өлеңге құран сөзін қосамын деп

Қатының талақ, өзің және кәпір болдың.


192

Ш ө ж е:


Кемпірбай, жай жүр десем, жай жүрмейсің,

Антұрған, жас жапыннан түңілмейсің

Құранның хадісінен аят айтсам

24

.



Осындай жақсы сөзден түк білмейсің.

“Уатторы” Тор тауына Мұса барған,

Алладан төрт-ақ ауыз жауап алған,

Дидарын бұл жалғанның көрсетем деп,

Бір алла Мұсаны аяп тасты салған.

Мұсаның бойы балқып, тасты ерітіп,

Таяғы еріп кетіп, таста қалған.

Алланың төрт сөзінен түк білмейсің,

Қасымнан былшылдамай тұр, кет, арман.

Кейде  осы  өлеңдердің  барлығы  аралас  келетін  өлең  де 

болады. Айтыс өлеңдерінің сыртқы түріне келсек, барлық 

ақын айтысы екі түрге бөлінеді. Біреуі қайым өлең, екіншісі 

қара өлең. Қайым өлеңнің мысалы Мұрат пен Жантолының 

қайымдасқаны.

М ұ р а т:

Жантолы, жас күніңнен болдың телі,

Қыдыртқан жігіттікті тентек желі.

Көп айдың көрмегелі болды жүзі

Жантолы, үйіңнен шық көріскелі.

Ж а н т о л ы:

Құдаеке, жас күніңнен болдың телі,

Қыдыртқан жігіттікті тентек желі.

Көп айдың көрмегелі болды жүзі

Асықпай атыңнан түс сөйлеселі.

М ұ р а т:

Жантолы, жас күніңнен болдың телі,

Қыдыртқан жігітгікті тентек желі.

Ақырып, ат ұстамай аттан түс деп

Қарағым, маған айтшы, ненің желі.

Ж а н т о л ы:

Болғанда сары жұлдыз қаз келеді,

Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.



193

Асығып, ат ұстамады деп айып етпе,

Көңіліміз ояу, көзіміз ұйқыда еді.

М ұ р а т:

Болғанда сары жұлдыз қаз келеді,

Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді,

Болғанша тапа тал түс үйқың қанбай,

Деп пе едің қас әулие таз немені, —

деген сияқты...

Қайым өлеңнің белгісі: бір ауыз өлеңнің алғашқы екі жолы 

екі ақынға ортақ сөз болады. Қара өлеңнің мысалы осыдан 

бұрынғы айтыстар. Айтыс ретінде қосылатын тағы бір түрлі 

өлеңдер — мақтау мен жамандау өлеңдері. Онан соң арыз айту, 

ақы сұрау өлеңдері, бұлар да айтыстағы сияқты шұғылдан 

шығарылған, суырып салма өлеңдер.

Айтыс ақындарының көбінде, ұлы дүбір айтыстардан басқа 

көп уақытта ел ішінің басты адамдары мен бай-бәйбішелеріне 

кейде мақтап, кейде жамандап айтатын өлеңдер болған. Кейбір 

ақындар ел ортасында аз атадан шыққандықтан, кедей-кепшік 

болғандықтан, ақындық сөзді кәсіп қылып жүрген.

Онан соң ел ішінің тіршілігі де теңдік қара қайратқа, ру 

жуандығына байланғандықтан, нашардың көбі есесіз болып, 

теңдігіне іліне алмай, қақпай көретін жері көп.

Сондайда біреуден көрген зорлық, қиянат болса, бұрынғы 

төремен бастас сияқты ортаның ұлықтарына өлеңмен арыз 

айтып, есе, теңдік алу да көп жайылған дағды болған.

Ескі қазаққа сөз бағасы зор болған. Сондықтан жақсы сөзді 

бала болсын, қатын-қалаш, келін-кепшік болсын барлығы да 

елеусіз, ескерусіз қалмайтын.

Сондай өлеңдердің мысалы, қазақ ескілігінде айтыстар 

сияқты көп кездеседі. Бұларды айтыс өлеңіне қосқызатын 

себеп, бірінші суырып салма өлеңдері болса, екінші әркімнің 

көз алдында айтылатын арнау сөз болғандығы. Кісіге арнап 

айтқан мақтау, жамандау, я арыз айту сияқты сөздер болса, 

бәрі де екі ақынның айтысында кездесетін не қошемет, не 

дау сөздерге ұқсайтын. Мұндай өлеңнің мысалы Бижанның 

қожаға  айтқаны,  Шернияздың  Баймағамбет  төреге  айтқан 

өлеңдері.

13–1248


194

Қарқаралы  үйезінде  болған

25

  бір  жиылыста  Бижанның 



елге құрметті бір қожаның үстінен шағымы болып, арызын 

айтқалы келеді. Сонда жиылыстың ішінен Ақай

26

 Бижанға


27

 

арызыңды өлеңмен айт дегенде:



Б и ж а н:

Тыю сал, Ақай-еке, қожаңызға,

Қой қоймайтын болды ғой қорамызға.

Қожадан несиеге ақша алған жан,

Өлгенде бата қылмас молаңызға.

Қабағын қатты шытса, қой береміз,

Аз қойды бұған беріп тұрамыз ба.

Мына сарт қырады ма мойны жуан,

Құтырды байыған соң бұрынғыдан.

Кәріптер сонда көзін ашар еді,

Хат салса қара тауға біздің дуан.

Келгелі қылғаныңның бәрі зорлық,

Құтылдық, Ақай-еке, қайтсек мұнан.

Кеп қусаң жамандықты болмай ма мәрт.

Ақты ойласаң арамнан бойыңды тарт,

Қатынынды Арқабай, Ермек ұрған,

Мұнша неге елердің, ақ тамыр сарт.

Бұған қожа ашуланып, Ақай отырған съез үйден шығып, 

өз үйіне барып, Бижанды шақырып алып, босағасына байлап 

қояды. Жас шыбықты суға салып ұрайын деп жатыр деген 

сөзді  Ақай  есітіп,  қожаның  үйіне  келіп,  Бижанға  қожаны 

мақтап өлең айт дегенде:

Б и ж а н:

Жатпайды қисық ағаш тез алдында,

Бермейді жақсы жауға кез алдында.

Жақсының арты зындан, алды дария,

Сөйлейін қожаекемнің өз алдында.

Кел дария кепір салған еткелмен тең,

Тоқталмай тілім сөйле көп алдында.

Сен тұрған заманында бір бәйтерек,

Күнелткен көлеңкеңде мен көбелек.

Көтермей көбелекті сынып кетсең,

Бәйтерек болып-болмай неге керек.

Кез келсем қарсы алдыңа ажалды аңдай,



195

Атқанда тау бұзатын сен зеңбірек.

Еш адам байлығыңа шақ келмейді,

Төрт жағың, төрт құбылаң дөп-дөңгелек.

Несібе жерден еніп, көктен жауып,

Қор қылма бөтен жауға қойдай бағып.

Жаз сауын, күзгі егіндей молшылығың,

Мен пақыр қол үзейін сізден неғып.

Кәріп, міскін күнелткен панайында,

Қысқа күнде күнелткен қырық сауып.

Қызылжар

28

, Омбы



29

, Семей


30

 алты айшылық

Он күнде оған бардың пошта шауып

Аспан мен күн жарқырап жай түскендей,

Қалмай ма қапы ақырсаң есім ауып.

Торғай жеп тояттамас қара бүркіт,

Не шабытың қанады маған шауып.

Шаншарда ақыл табар жалғыз жігіт

Дос болдың Ақайменен ақыл тауып.

Бірі озар екі жүйрік жарысқанда,

Екі ердің бірі өлмейді алысқанда

Барлықтың бар пайдасын көрмеп пе едің,

Кешегі Қазанқаппен

31

 жарысқанда.



Жарылғаптың ұлы еді Ақтамберлі

32

,



Үш есе малың асты Жаныстан да.

Бір көрсет көптігіңді көп алдында

Іздеп кеп пақыр мұртың табысқанда.

Сын болмас ер жігіттің жоқтығынан,

Баршылық үміт қылдым тоқтығыңнан.

Асылдым алдың биік арғымақ деп,

Туладың бір алғанда шоқтығыңнан.

Қойым түгіл, атымды ал, не қылайын,

Жалғанның кім кетпейді боқтығынан.

Қожа-екем ұлық болған тым жасынан,

Жақсылар сөз жасырмас сырласынан.

Былтыр маған бес теңге бер деп едің,

Тақсыр-ау неке қияр турасынан.

Баласына атасы не айтпайды,

Атаң жұртқа пір болған ту басынан.

Бетіңе тура қарап, сен деп пе едім,

Сөзіңе ақыл айтқан ермеп пе едім.

Сүлеймен Ұзақпенен мал жиғанда,

Бір ісек, бір серкешті бермеп пе едім.

Қарасу лақ баға өзенінде

Өзіңе жайын айта келмеп пе едім.


196

Қожа-еке, жырдың кілті көк аспанда

Жол көрсет ақылыңмен адасқанда.

Зейінің Сүлейменнің байғызындай

Қалмайды іште назым сырласқанда

33

.



Атан түйе сен болсаң, мен көбелек,

Нем қалар табаныңмен бір басқанда.

Жеп-жеңіл топырағым, бишарамын,

Топанша ағызасың шын тасқанда,

Қожа-еке, ішім толған қайғы, құса,

Тентекті тегіс тиып, баса ұста,

Бәрінен өзге жанның асып тұрсың

Алдыңда осы күні жалғыз Мұса.

Бізге қиын болғанмен, тәңірге оңай,

Онымен бір сағатта бірдей қылса.

Қожа-еке, ақыл — серік, дәулет — қорған,

Түскен сұңқар құтылмас жібек тордан.

Бұрынғы әкім атаң әулие өтіп

Жеті атаң туғаннан соң сорым сорған.

Кешегі Қояндының базарында

34

Бай келді Қызылжар мен Петрбордан.



Шаншардың мырзалары шама қылды,

Сонда да жан болмады сізден озған.

Бұдан кейін мақтау өлеңінің бір мысалы Шернияз өлеңдері. 

Баймағамбет хан “Қызымды мақта” дегенде, Шернияз былай 

деген:

35

Байеке, сіздің қызда жаман бар ма?



Жамандар біз байғұста заман бар ма?

Еркек болса, әр жұртқа хан болғандай,

Әйел қылған алдаға амал бар ма.

Орынбор сыр салдырған қалалары

Ақылға бәрі бірдей даналары.

Өңшең абзал баланы таба берген,

Бұлардың қандай екен аналары.

Жұмақтың қор қызындай тегіс туған,

Ай, алдай, қалай мінсіз балалары.

Сонда хан: “Енді жамандашы”, — дейді.

Ш е р н и я з:

Байеке-ау, сіздің қызда жаман бар ма?

Жамандар біз байғұста заман бар ма,


197

Шот желке, шолақ айдар күң дер едім,

Бармайды ауыз шіркін жамандарға,

Бес тиындық қызыңның біреуі жоқ,

Қылған соң құдай ханша амал бар ма.

Хан:


“Ханымды мақташы” дегенде:

Шеріңнің сөйлер сөзге желгенін-ай.

Шүкір қылдым алданың бергенін-ай.

Жұмақтың сипатындай дәл айбаты,

Ханымның келбетінің келгенін-ай.

Содан кейін хан: “Ханымды жамандашы”, — дейді:

Шеріңнің сөйлер сөзге басуын-ай.

Аруағы Алдиярдың асуын-ай.

Ханымның мұрны кейкі, бойы аласа,

Келбеті мегежіннің қашырындай.

Көк иттей күшіктеген құржың қағып,

Жататын шығар тыр-тыр қасынып-ай.

Тұрпаты ит, шошқадан былай емес,

Бай-еке, көргенімді жасырдым ба-ай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет