Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет16/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

Құмның өсімдігі. Құмда өсетін өсімдіктердің ең көрнектісі 

сексеуіл.  Құм  сексеуілдің  ата  қонысы.  Қалың  құмдардың 

ішінде көбейіп тоғай болып өскен сексеуілдер де кездеседі.

Сексеуіл  тоғайын  —  өлі  тоғай  деседі.  Үйткені  бұнда 

жапырақ жоқ. Жасыл жіңішке бұтақтары ғана бар. Сыртқы 

түрі жалаңаш, бұтақталған ағаш сияқты болады.

Және  сексеуіл  тоғайында  ешбір  сыбдыр,  ешбір  дыбыс 

та естілмейді. Бұның ішінде бір аз ғана құстар мен аз ғана 

жануарлардан басқа ешкім болмайды. Жануардан да жалғыз 

сарышұнақ тышқан ғана кездеседі. Сексеуіл тоғайы өлген 

табиғат, жансыз мола сияқты көрінеді. Сексеуіл қисық-қисық 

болып бұралып өседі.

Ең биік ағашы 3—6 метрдей болады. Сексеуіл биіктемей, 

жа йылып  өседі.  Бұл  ағаштың  екі  тұқымы  бар.  Бірі  қара 

сексеуіл. Ол аласа болады. Өзі ащыға жақын жерде өседі. 

Екіншісі ақ сексеуіл. Онысы биігірек болады. Ұсақ құмда 

өседі.

Сексеуіл ағашы 40—60 жыл жасайды, әр жылда бірнеше 



қабат жасайды. Бұрын жұрт әр қабатын әрбір жылда жасайтын 

шығар деп түсінуші еді. Ол қате болып шықты.

Сексеуіл тамыры жуан болады да, жердің астына тереңдеп 

кіреді. Тамыры ағаштың бойынан жуанырақ болады.

Сексеуілді “шөлдің патшасы” деп атайды. Себебі бұдан 

үлкен ағашы жоқ.

Сексеуіл ағашының қажеттігі зор. Орта Азияның ең жақсы 

отыны — сол сексеуіл.

Көшпелі елдер құрғақ сексеуілден жақсы көмір де өртеп 

алады. Қара сексеуілдің жас бұтақтарынан сақар да істейді.

Сексеуілдің  күлі  ыдысқа  арналған  терілерді  түзеуге  де 

жақсы болады.

Бұлардың бәрінің үстіне сексеуіл — жел қуалайтын құмды 

бекітуші де болып отыр.



267

Кәрі сексеуіл тамырын тереңге жіберіп алған соң, құмды 

жел айдап кете алмайтын болады.

Қамыс. Құсайын үйіне кіре беріп:

— Бүгін түнде тағы бір сиырды жолбарыс жарып тастап-

ты, деді.

—  Бұл  жолбарыс  қайдан  келеді?  Неге  біздің  ауылдың 

жанына келіп жүр? — деп баласы Ақымет әкесінен сұрай 

бастады.


— Біздің ауылдың жанында Сыр ағады емес пе. Оның бойы 

толған қалың қамыс. Сол қамыста жолбарыс та, қабан да бар. 

Қамыс оларға үлкен пана. Адам ол қамыстың ішінде жүре 

алмайды. Қабандар оңай жүреді. Қамыстың ішінен қабанды 

іздесең де таба алмайсың. Қабанның көбі тобымен жүреді де, 

анда-санда қамыстан шығып, адамға залал келтіреді.

Жолбарыс қабанды жейді. Ол сол қабанды іздеп келеді. 

Бұрын жолбарыс қамыста көп болушы еді. Қабан мен жол-

барыс ұдайы жауласушы еді. Жолбарыс ыңғайлы. Сондықтан 

ол жеңетін. Бірақ бұл күнде жолбарыс азайды. Қалғаны болса 

бірен-саран ғана, олардың да болғаны Сыр мен Әмударияның 

аяқ жағында болады. Бұл күнде жолбарыстан келетін залал 

көп емес. Олардан әлдеқайда залалды болып отырған қабан.

Кеше түнде егіндікке бір қабан түскен екен, үш рет айдап 

шығып едім. Сонда да болмай қайта келіп түсті.

— Жолбарыс азайды дейсің, со сияқты қабанды да азайтуға 

болмай ма? — деді баласы.

— Құртуға болады. Аңшылар мылтықпен атып өлтіреді. 

Бірақ біздің жеріміз өзгелерден алыста. Сондықтан мергендер 

көп келмейді. Және қабанға шығуға жалғыз аңшыға қиын. Көп 

кісі бірігіп шығу керек. Көп кісі болса қабанды қамап алады.

Ал жалғыз-жарым кісіден қашып, құтылып кетеді. Қамыс 

пана болады. Қамыстың сондай залалы да бар.

Онан соң қамыстың үлкен бір залалы тағы бар.

— Ол немене?

—  Өзен  жағасында  қамыс  өскен  жер  дымқыл  болады. 

Қамыстың түбінде су жатады. Ол су ешқайда ақпайды. Бір 

жатқан жерінде тұрып, сасып бұзыла береді. Бетіне салынды 



бітіп көгереді. Ондай судан жаман иіс шығады. Сол су жерге 

тарайды. Сондықтан қамыс айналасындағы топырақ дымқыл 

болады. Ондай жерді батпақ шалшық дейміз. Сол шалшықта 

маса көбейеді. Қамыс пен күріш еккен жерлерімізде маса көп 

болатынын байқағаның бар ма?

— Иә, тіпті көп болады. Маза бермейді.

— Міні, сол масалар адамның үлкен жауы. Көбінесе сол 

маса шаққаннан кейін адам безгек ауру болады. Ол ауру адам-

ды көп қинайды. Біздің ауылдардағы аурудың көбі безгек.

— Масадан кісі қалай ауырады?

— Масаның денесінде көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктер 

болады. Солар масаның тұмсығымен адамның қанына кіреді 

де, көбейіп өсе бастайды. Содан кісі бір қызып, бір тоңатын 

болады.


— Жаман екен ғой. Құрту керек екен масаны.

— Құрту керек. Бірақ масаны құрту үшін жаңағы қамысты 

батпақты құрту керек. Сол себепті қазір қамысты өртеп, орны-

на құм сеуіп, топырақ салып, жерді құрғатып отыр бірталай 

жерде.

Егер сүйтіп біздің батпақтарды құртса да жақсы болар еді. 



Сонда ауру да, қабан да, жолбарыс та болмас еді.

Сұраулар: Қамыстың келтіретін пайдасы бар ма? Зиянынан 

басқа қандай пайда келтіреді?



269

II  б ө л і м



ҚАЗАҚСТАН  БАЙЛЫҒЫ

Қазақстанда  халық  шаруасы.  Қазақстанның  жалпы 

ша руасында бірінші орын алатын — мал шаруасы. Себебі, 

Қазақстан жерінің көпшілігі мал шаруасына ғана қолайлы.

Бұнда  мал  шаруасын  кәсіп  қылатын  ел,  Қазақстанның 

байырғы  елі  —  қазақ  елі.  Бірақ  бақташылық  ата  кәсібі 

болғанмен, қазақ әлі күнге малды білім жолымен асырамай-

ды. Көшпелі аудандардың бәрі де малды құр жерге жайып, 

тебінмен асырайды. Қысқа қор жимайды. Жиюға да болмай-

ды. Үйткені, бұл аудандарда пішендік тапшы.

Сондықтан, қыс қатты болғанда қазақ малы көп жұтайды.

Осындай жұттар жиі болып тұрады. Соңғы 1921 жылғы 

жұтта барлық Қазақстан малының тең жартысы қырылып 

қалды.

Бұдан соңғы ауыл шаруасындағы негізгі түр — егін, мал 



шаруашылығы. Бұндай түрлі шаруашылыққа айналған жер-

лерде егін кәсібі басымдау, мал шаруасы егінге еріп отырады.

Қазақстанның терістік-батыс аудандарында егілетін егін: 

бидай, сұлы, арпа, қара бидай, тары. Жетісу мен Сырдария ау-

дандарында — суарма бидай мен шөл бидайы. Бұлардан кейін 

тары, жоңышқа, арпа, сұлы, мақта тағы басқалар. Қарақалпақ 

облы сында мақта, бидай, күріш, жүгері, жоңышқа егіледі. 

Бұлардың бәрі де суарып егіледі.

Қазақстанда  өнерлі  кәсіп  те  бар.  Бұның  ішінде  ілгергі 

орынды алатын үлгірту кәсібі. Тері, былғары, сабын, мақта, 

май заводтары бар. Бірақ олар әзірге малдан шығатын өлі 

бұйымдарды тегіс үлгіртетін күйге жеткен жоқ. Бұл сияқты 

ұсақ өндірістен басқа Қазақстанда жалпы одақтық маңызы 

бар  үлкен  кәсіп  дүкендері  де  бар.  Ондайлардың  ретіне 

қосылатындар: Жемнің мұнай кәсібі. Риддер кені. Риддерде 

қалайы, қорғасын, күміс, алтын, жез қазылады

89

.

Қарсақпайда мыс, жез қазылып шығарылады



90

. Спасск


91

Екібастұзда



92

 тас көмір шығарылады.

Қазақстанда тұз кені де мол. Тұз төбе

93

 мұнда 100 миллиард 



пұт шамасындай болады.

270

Қазақстанның жаратылыс күштері. Бізде халық шаруа-

сының барлық жоспары жаратылыс күшін пайдалану негізіне 

құрылған.  Жаратылыс  күші  жағынан  Қазақстанды  үшке 

бөлуге болады:

1. Қызулық күші. 2. Ақ көмір. 3. Мұнай кені.

Қызулық  күші  бар  жерлер:  Ертістің  сол  қабағынан 

Қарағанды ға  шейін.  Бұл  —  батыс  жағы.  Терістігінде 

Екібастұзға жетеді. Түстікте — Спаск заводы, Успен кені

94



Кеңтөбе



95

 сияқты жерлер.

Бұл  аудандарда  тас  көмір  қоры  өте  көп.  Көмірдің  көп 

шыға тын жері — Қарағанды. Бұдан бес миллиард тонна көмір 

шығуға тиіс. Қарағанды көмірінің жалпы одақтық маңызы зор.

Екібастұздан Успен кеніне шейін, одан түстікке таман, Бал-

қашқа шейін жайылған ауданда тас көмірден басқа жез, күміс, 

қорғасын болуы Қарағанды көмірінің маңызын тіпті арттырып 

жібереді. Бұдан соңғы тас көмір кенінің үлкені — Екібастұз.

Қазақстандағы  екінші  байлық  —  ақ  көмір.  Бұның  мол 

жері  —  Алтай  мен  түстік  Қазақстан.  Шаруашылыққа 

пайдалануға  келетін  су  күші  2  миллион  400  мың  аттың 

күшіндей бар. Ал тай дағы Үбі

96

, Бұқтарма



97

 өзендері, түстік 

Қазақстандағы Шу

98

, Шыршық



99

 өзендерінің ғана су күшін 

алсақ та 270 мың аттың күшіндей болады. Тентек

100


, Лепсі

101


 

өзендері бұл есепке кірмеген. Мұнда бірінші орын алатын 

Алтай ауданы. Риддер осының алабына кіреді.

Ақ көмірдің екінші ауданы Іле өзені

102

.

Іле өзенінің жылдық тасқынын алсақ, дөңгелек есептегенде 



секундына 505 текше метр су болады екен. Жетісудың барлық 

суларының 43 процентіне жетеді. Бұл өзеннің қазірдегі бір 

маңызы — өзенде пароход жүретін болды. Пароход Іленің 

жоғарғы  бойында  жүреді.  Қытай  шегіне,  одан  ары  Құлжа 

қаласына қатынасатын болады.

Үшінші  байлық  —  мұнай.  Бірақ  Қазақстан  мұнайы  әлі 

түгел зерттелген жоқ.

Зерттелген  жерлердің  мұнай  қорын  күшке  айналды-

рып  есептегенде,  жылына  450  мың  аттың  күшіндей  мұ-

най  шығаруға  болады.  Мұнай  кені  бізде  Жайық  суының 



271

жағасындағы Гурьевтен басталып, Жосалыға шейін созыла-

ды

103


 (бұл Актөбенің терістік шығыс жағында). Бірақ желісі 

үзіліп, әр жерде иірім-иірім болып кездеседі.



Қазақстан өсімдігі. Қазақстан жерінің өсімдігі топырақ 

ыңғайына қарай әр ауданда әр түрлі болып кездеседі. Қара 

топырақты тау аудандарында, су шаятын жерлерде өсімдік 

қалың. Өсімдігі кілемнің түріндей түрлі гүлді. Әр түрлі дәмді, 

шөбіне боз араласып шығады. Өсімдікке қолайлы аудандарда 

ел жиі болады.

Топырағы жақсы ауданнан түстікке қарай баса берсек ащы 

шөп молая береді. Бүйірқұм, баялыш, қара сораң, қызыл сораң 

сияқты өсімдіктер көбейеді

104


. Шөбі сирек, бойы тым аласа, 

пішен қылып жинауға өнімсіз болады.

Қазақстанда шөпсіз татыр, тақырлар да тіпті көп. Сондай 

ауданның бірі — аты шулы Бетпақ дала. Бетпақтан батысқа 

қарай басқа құмдар бірінен-бірі жалғаса береді. Аяғы Бөкейдің 

құмдарынан шығады. Жаздығүні құмда тіршілік мүмкін емес. 

Құмда мал қыстыгүні ғана тіршілік ете алады.

Қазақстан жерінде ормандар да бар. Бұнда күргелі орман, 

жапырақты орман да бар.

Күргелі орман — терістік Қазақстанда, Жайсаң, Өскемен, 

Көкшетау аудандарында

105


. Онан соң Алатауда, тағы басқа 

кейбір аудандарда болады. Жапырақты ағаштар терістіктегі 

өзендердің алаптарында көп болады.

Қазақстанның шөл сахараларында сексеуіл өседі. Түстік 

жағында жеміс ағаштарын өсіру кәсібі мол.

Сұраулар:

Жерлеріңнің  топырағы  қандай?  Қандай  өсімдік  көп 

кездеседі?

Тас көмір. Тас көмір қалай пайда болған. Баяғы еткен 

замандарда біздің жерімізді қалың шың тоғай басқан еді. Ол 

кезде қазіргі уақытқа қарағанда күн анағұрлым жылы еді. 

Жаңбыр көп жауып тұрушы еді, су мол болушы еді. Ана жерде, 

мына жерде шалшық су болушы еді.

Сондықтан  ол  кезде  осы  күнгі  емен,  қарағай,  қайың 

сықылды ағаштар болмай, қамыс, жөке текті ағаштар өте көп, 

қалың өсетін болған.

Ол кездегі өсімдіктер тез өсіп, тез жығылушы еді. Жы-

ғылғанда  маңайындағы  шалшық  суларға  жығылушы  еді. 



272

Осындай жығылған ағаштарды артынан құм, топырақ басып, 

оның үстіне тағы басқа ағаштар құлап, судың асты қабат-қабат 

өлі ағаш болып қалып отырған.

Мұнан кейін талай-талай заман өткен. Су астындағы не 

жердің терең қабаттарындағы ағаштар ұзаққа дейін шірімеген. 

Олар бара-бара көмірленіп, қатайып, бірнеше замандардан 

кейін кәдімгі өзіміз білетін қап-қара тас көмірге айналған.



Мұнай. Мұнай деген — қоңыр түсті қою жер майы. Мұнай 

от тисе жанады. Қызулы болады. Бір килограмм мұнай екі 

килограмм тас көмірдің жылылығын береді. Сондықтан ең 

жақсы отын. Әсіресе ол теңіз пароходтары үшін қолайлы отын. 

Себебі кең дарияларды жүзіп өту үшін, оларға көп отын керек. 

Көп отынға көп орын керек. Мұнай аз орын алады, отынның 

орнына жүреді. Мұнай жалғыз отын емес, басқа керекке де жа-

ратылады. Айырым заводтарда одан керосин, бензин, вазелин 

сияқты заттар тартылады. Мұнайдан машина майлайтын май, 

түрлі бояу, жұпар да жасалады. Кеңес Одағында мұнайдың ең 

мол кені — Баку қаласының қасы

106


.

Қазақстанда мұнай Жем өзенінің бойында. Ауданы 70 мың 

шаршы шақырым.

1915 жылы бұдан 16 жарым миллион пұт мұнай шығарылған 

еді. 1925—26 жылы 17 миллион пұт мұнай алынды.

Қарсақпай ауданы. Аудан шаруасының келешегі маңызды. 

Үйткені ауданның ішінде мыс, қорғасын, күміс, темір, көмір 

кендері аса мол. Бұлардың ең күрделісі — мыс кендері. Мыс 

кендерінің аудандағы ең күшті жері — Жезқазған заводы.

Жезқазған — жалғыз Қазақстан емес, барлық Одақтағы 

мыс  кендерінің  күрделісінің  бірі

107


.  Жезқазған  кені  ерте 

замандағы теңізге тұнған қалың құм тастарға жер астынан 

көтерілген ыстық мысты булардың кірігуінен жасалған кен.

Жезқазған  кенінің  жеке  өзінің  ауданы  100  шаршы 

шақырымдай.  Бұлардың  қазірге  шейін  бұрғымен  зерттел-

ген  бөлімі  90  ғана  десятина.  Кен  шығарылатын  штрех, 

шахталарының ауданы 9 десятинадан аспайды. Осы 90 десяти-

на жердегі бар кеннің мөлшері — 86 метр тереңдіктен жоғарғы 



273

жақтарын алғанда, айқын шамасы 1 миллион 700 мың пұт 

таза мыс беру керек.

Болжау шамасы 42 миллион пұт.

Қарсақпай ауданында мыс жалғыз Жезқазғанда емес, басқа 

жерлерде де көп. Қысқасы, Қарсақпай ауданы енді біраз жыл-

дарда кен балқыту, завод кәсібін орнату жақтарынан қарағанда 

Қазақстанда бірінші орында тұруы даусыз.



Сұраулар:

Сендер тұрған жердің маңында кен заводтары бар ма?

Онда  бардыңдар  ма?  Барсаңдар,  көргендеріңді  әңгіме 

қылып айтындар.



Түркістан — Сібір бойындағы аудандардың кен байлығы. 

Жақын  арада  Түркістан

108

  Сібір


109

  жолы  бойындағы 

аудандардың кен байлығын зерттеу жұмысы туралы баянда-

ма тыңдалды. Бұл баяндама бойынша пайдалы кен жолдың 

терістік жағында көп көрінеді. Екібас сияқты бұрын ашылған 

кәсіпорындары  да  жолға  жақын.  1928  жылы  жер  кенін 

зерттеуші Русаков Балқаш көлінің терістік жағасынан мыс 

кенін тапқан

110

. Оның есебінше басқасын былай қойғанда, 



тек Қоңырат деген жердің өзінде 25 миллион тонна мыс кені 

бар көрінеді.

Мұнан жылына 31 мың тонна таза мыс шығарып тұруға 

болады. Жолға тартымды басқа аудандарда көмір, қорғасын 

сияқты  кендер  де  аз  емес.  Жол  салынып,  Балқаш  көліне 

су  жолы  ашылғаннан  кейін  бұл  кендер  пайдаға  асырыла 

бастамақ. Және Балқаштың балығы да керекке дұрыстап жа-

ратылатын болады. Кен зерттейтін комитетке, жақын арада 

темір жолға жуық кендерді, оның ішінде Балқаштың терістік 

жағындағы аудан, Алматы, Қапал

111

, Аягөз аудандарындағы 



кендерді толық зерттеу тапсырылды. Әсіресе жолға жақын 

Тарбағатай,  Іле,  Ысық

112

  аудандарындағы  тас  көмір  кенін 



зерттеуте айрықша көңіл бөлінбекші.

(Газеттен.)



Риддер кені. Патша үкіметі Риддер кенін өзі пайдаға 

асыра алмай, 1912 жылы ағылшын байларына жалға бер-

ген. Ағылшын байлары сол жылдан бастап ескі шахталар- 

18–1248


274

ды  тазартқан.  Бұрғы  салып,  жер  астындағы  кенді  зерт- 

теген.

1914 жылы 36 метр тереңдікте есепсіз көп кен байлығы 



бар екенін білген. Бірақ 1917 жылы Октябрь төңкерісі болып, 

ағылшын байлары еліне қашып кетті. Риддер кені содан бері 

мемлекеттің мүлкі деп жарияланды.

Риддер кені Кеңес қолына өткен мезгілде азамат соғысы 

болып жатыр еді. Сондықтан кезінде оның ісі жақсы реттеле 

алмай, 1921 жылы ғана қайтадан қолға алынды. Бірақ алғашқы 

кірісу 1921 жылдан басталса да, Риддер кәсібін шынымен 

жөндеу  жұмысы  1925  жылда  ғана  ретке  қойыла  бастады. 

Сонымен алғашқы жылдар шахталар жөндетіліп, кен қазу 

жұмысына 1926 жылдың аяқ кезінде кірісілді.

Риддер кенінен шығатын заттар: жез, қалайы, қорғасын, 

күміс, алтын сияқтылар. Сол кендер 1927 жылы дұрыстап 

шығарыла басталды. 1927 жылы октябрьге дейін шығарылған 

кен тасы — 1 миллион 225 мың пұт, айына 100 мың пұттан 

келеді. Содан бері, кен тасын шығару жыл сайын, ай сайын 

артып келеді. Келесі 1928 жылдың октябріне дейін, айына 205 

мың пұт кен шығарылған.

Риддер Қазақстандағы зор өндіріс ауданының бірі болып 

келеді. Бұнда жұмысшы көп. Жылдан-жылға жұмысшы қаласы 

үлкейіп, соның ішінде істейтін қазақ жұмысшыларының да 

саны артып келеді. Бұл жұмысшылар үшін неше алуан мек-

тептер ашылған, саяси сауатсыздықты жоятын клубтар, саяси 

тәрбие орындары да көп.

Алматы тауындағы тоғайлар. Орта Азияда тоғайдың көп 

жері — Ферғана

113

. Бұның тауларынан соң тоғайы қалың бола-



тын таулар Жетісуда. Ағашы таудың бетінде өседі. Алатаудың 

көп жерлерін қалың дүм тоғайлар басқан. Бұл тоғайлардың 

ішінде ағаштың әлденеше атасы бар. Бірақ Іле Алатауының 

тоғайларында ең көп кездесетін ағаш — қарағай мен алма 

ағашы

114


.

Қазақстанның  астанасы  Алматы  деп  аталғанда  —  сол 

жер дің алма ағаштары тоғай болып, жиі өскендіктен аталған. 

Жазғытұрым алма ағашы гүлдегенде алыстан қарасаң — ағаш-

тардың бойларына ақшыл-қызыл кілем жабылғандай болып 

көрінеді.



Алма  ағашы  гүлдегенде  айналаның  барлығына  жәйлі, 

жақсы иіс тарайды.

Алма  ағашынан  басқа  Жетісуда  —  Алатау  беттерінде 

қарағай көп өседі.

Бұл ағашты үй салу үшін пайдаланады. Бірақ бұрын шойын 

жол жоқ болғандықтан алысқа алып шығып сата алмаушы еді. 

Атпен тасуға ауыр, өнімсіз жұмыс болады.

Бұрын Жетісудан өзге жерлерге апарып сатылатын нәрсе 

алма болатын. Бірақ шойын жол жоқтықтан оны да тым алысқа 

апара алмайтын еді. Енді Алматының алмасы Одақтың бар 

жеріне де баратын болады. Үйткені Алматы алмасы — дәміне 

қарағанда  ең  жақсы  алманың  бірі.  Жетісудың  тауларында 

өсетін тоғайлардың барлық ауданы 300 000 гектар шамасында.


276

III  б ө л і м



Қазақстанда  ауыл  шаруасы.  Жол қатынастары

Мал тұқымын асылдандыру. Малды асылдандыруға екі 

түрлі жол бар. Бірі — қазақ малының өз тұқымын сұрыптап 

асылдандыру.  Екіншісі  —  басқа  жердің  асыл  малының 

тұқымынан қошқар, бұқа, айғыр салып асылдандыру.

Көшпелі қазақ елінде жылы, жақсы қора, малға беретін 

жем кем. Қазақ шөпті аз үйеді. Малға беретін өсімдіктерді 

екпейді.

Басқа жердің асыл малының тұқымы нәзік келеді. Ыстық-

суыққа көнбіс болмайды. Жылы қорасыз, жемсіз күн көре 

алмайды.


Қазақ малы, қазақ жерінің ауа райына, жалпы жағдайына 

үйренген. Қысы, жазы жайылумен жүреді. Суыққа шыдам-

ды, көнбіс болады. Шөпті аз үйетін, көшпелі қыр елдерінің 

малы,  қар  қалың  түсіп,  мұз  болмаса,  жайылумен  жүріп 

қыстан шығады.

Тәжірибеге қарағанда басқа тұқым араластырмай-ақ, қазақ 

малының өз тұқымынан да асыл мал шығаруға болады.

Әдемі, жүрісті, жақсы биелерді сұрыптап, мініске берік, 

күшті, зор, сүйегі сұлу айғыр салу керек. Сиырдың да сүттісін, 

құнарлысын алып жақсы бұқаға қашыртса, оның да тұқымы 

бара-бара іріленіп, сүтті болып асылдануға болады.

Қысқа азық жия алмайтын көшпелі ауданда мал тұқымын 

асылдандыру осылайша жүруге болады.

Ал енді жақсы қорасы бар, жем тауып бере алатын шару-

алар басқа жердің айғырын салып та асылдандыруға болады.

Осы күнде ел арасында агрономдық орындары бар. Олар-

дың қолында жақсы айғырлар, бұқалар, қошқарлар бар.

Малын асылдандырамын деген шаруалар соларды пайда-

лануы керек.

Бірлескен шаруа (колхоз). Бірлескен шаруа жоқшылықтан 

құтылудың ең жақсы шарасы екенін қара шаруалар күннен-

күнге түсініп келеді.


277

Кедей  мен  орта  шаруалардың  бас  қосып,  шаруаларын 

біріктіріп ұйымдасуына кеңес үкіметі мен партия қолынан 

келгенін аяп отырған жоқ.

Бірлесу диқандар мен мал бағушыларға ірі шаруа құруға 

жол ашып отыр.

Ірі шаруаның бытыраған ұсақ шаруадан жақсы болатыны 

анық. “Көп түкірсе көл болады” деп қазақ бекерге айтпайды.

Ірі шаруада машина қолдануға болады. Бірқатар машина-

ларды ірі шаруа болмаса, ұсақ шаруада қолдану мүмкін емес.

Ірі шаруаларда жер жырту, тыңайту, жермен пайдалану 

жұмыстарын жақсы тәртіпке қоюға болады.

Осы күнгі бірқатар ірі шаруалар егіндерінің өнімін көңіл-

дегідей арттыра алып отыр. Бір гектар жерден 3-4 тоннаға 

дейін астық алып отырған ірі шаруалар бар. Мұндай өнімді 

ұсақ шаруалар жалғанда ала алмайды. Бірлескен ірі шаруа 

арқылы  байлар  езгісінен  құтылуға  болады.  Байлар  мен 

құлақтар кедей мен орташаларды басы қосылмағандығымен, 

шашырандылығымен пайдаланып езеді. Өзіне бағындырады.

Бұған қарсы тұру үшін қара шаруалардың бірлесуі керек.

Бірлескен кедей мен орташаны жау ала алмайды.

Күш — бірлікте.



Сұраулар: бірлескен шаруаның жеке шаруадан несі артық? 

Ірі шаруаның ұсақ шаруадан несі артық? Байлардың езгісінен 

құтылу үшін қара шаруаларға не істеу керек?

Кооператив. Біздің мемлекетімізде социализмнің негізгі 

жолы — мемлекет өндірісі мен ауыл шаруасының арасын 

нық байланыстыруда. Ол байланыс кооператив арқылы ғана 

орындалады.

Капитал заманында кооперативтің өсуі сол капитал жолы-

мен жүреді. Еңбекшілдер қожалығының заманында коопера-

тив социализмге апаратын “даңғыл жол” болмақшы.

Кооператив  жұмысы  ауыл  шаруа  заттарын  өндіріске 

өткізіп, ауылға керек заттарды ауылға өткізіп тұруға арнала-

ды. Ауылға машиналарды қарызға алып беріп, сонымен ауыл 

шаруасының өндірісін күшейтуге әрекет етеді.


278

Кооперативтің күшімен ғана орташа мен кедейлер бірігіп, 

ел ішіндегі байлар, саудагерлермен алысуға жарайтын болады. 

Сонда ғана шаруасын күшейтеді.




1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал