Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.55 Mb.

бет24/29
Дата22.12.2016
өлшемі3.55 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ақынның Қуандық деген қызына айтқан сөздері” — Кемпірбай, 

Сабырбай, Қуандық туралы 2-томның 364, 374, 375-беттерінде гі 

түсініктерден оқып білуге болады. Әсет Найманбайұлы (1867—

1923)  ақын,  әнші-композитор.  Абайдың  алдын  көрген,  оның 

“Әсетке” дейтін өлеңі де бар.

38. 30-бет. “Ер Дәуіт” екі жаста иектеген” — “Құран кәрімде” 

есімдері  аталатын  пайғамбарлардың  бірі  Дәуіт.  Таурат  Мұсаға, 

Інжіл Исаға, Фурхан (“Құран”) Мұхаммедке, Забур Дәуітке түскен 

делінеді. Діни әңгімелерде: ғылым Қызыр пайғамбардан, разылық 

Смағұл пайғамбардан, сабырлылық Айуп пайғамбардан, шүкірлік 

Дәуіт  пайғамбардан  қалды  деп  айтылады.  Бұл  жерде  ол  өнер 

(ақындық) дарудың иесі мағынасында қолданылып отыр.

39.  31-бет.  “Хан  Бертіс,  Қарқаралы  Жандар  аға,  Атығай, 

Қарауыл мен өрдегі Үйсін, Қараөткел таныс едім екі араға, 

Семейде  топырағым  болар  білем”    Қарауыл,  Үйсін  рулар. 

Құнанбайды қарадан шыққан хан дегені сияқты болмаса, Бертіс 

есімді белгілі хан жоқ. Ақмоланы, қазіргі Астананы Қараөткел деп 

те атаған.

Семей XIX ғасырдың орта шенінде-ақ Қазақстанның сол түстік 

шығысындағы  үлкен  мәдени,  әлеуметтік-экономикалық  маңызы 

бар қалаға айналды. Бұның ежелгі аты Доржикит немесе Түзқала. 

Осындағы әсемдігімен, аумақтылығымен көз тартар үлкен-үлкен 

сарайларды орыс үкіметінің жіберген адамдары Миллер, Бухгольц, 

Чередовтар  көріп  қайран  қалады.  Олардың  есеп  ретінде  берген 

анықтамаларында бұл сарайлар “Гудские каменные палаты”, “Семь 

палат”  деп  аталады.  Осыдан  он-он  бес  жылдай  өткенде  екінші 

рет  келген  Миллер  (1633  жыл)  сол  сарайлардың  қирап,  есепсіз 


398

жазулар  мен  суреттердің  шашылып,  аяқасты  болып  жатқанын 

жазады. Осыдан орыстардың әлгідей ғажап ескерткіш-мұраларды 

жойып, жоқ етіп барып өздерінің қамалдарын салғандығы көрінеді. 

Маңайындағы Абылайкит, Қолбасын сияқты мекендер де осының 

кебін киеді. Бұл қалада Абай оқыды, ілім-білімге Әуезовтің өзі де 

осында сусындады.

40.  32-бет.  “Қаратоқай  Есет  бидің  қартайғанда  айтқан 



өлеңі”  ХVІІІ ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың бірінші жартысында 

өмір сүрген би, сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр. Белгілі 

Мұрат ақынның жақын туысы және ұстазы.

41. 33-бет. “Тезек төренің “Сексен” деген әні”  Тезек Ұлы 

жүздің аға сұлтаны. Өз сөзіне қарағанда, Абылайға немере, ал оның 

бойында ақындық өнерінің барлығы Сүйінбайдың айтқан сөздерінен 

де көрінеді. Жоғарыдағы сөз оның ән де шығаратындығынан ха-

бардар етіп тұр.

42. 34-бет. “Сүйіндік Едіге бидің Жәңгір ханға айтқан сөзін 

аламыз”  Тәуке хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі 

Едіге би “Жеті жарғыны” түзуге қатысқан, “Ердің құнын екі ауыз 

сөзбен бітірген” деп Едігені айтады. Оның қанатты сөздері ел ау-

зында сақталып қалған. Жәңгір хан (1652 жылы өлген) Есім ханның 

ұлы.  Ол  қазақтар  мен  жоңғарлар  арасында  болған  соғыста  қаза 

тапты. Халық арасында “Салқам Жәңгір” атанды.

43. 37-бет. “...Шақшақ Жәнібек кенже қызын бір досы ның 

баласына берген”  Шақшақұлы Жәнібек қазақ шон жарларының 

арасында 1742 жылы бірінші болып тархан (маршал) атағын алған. 

Ол Орта жүз бен Кіші жүздің саяси өміріне белсене араласады. За-

манында белгілі билердің бірі болды.

44. 38-бет.  “Мысалы, Жаман бақсының сарыны” —  Қой-

лыбай, Берікбай, Жамансарт бақсылардың аттары аталғаны болмаса, 

олар жөнінде нақтылы деректер еш жерде кездеспейді.

45. 39-бет. “Бақсы атаулының барлығы да қобызбен Қорқыт 



күйіндей”  Қорқыт VІІІ ғасырда өмір сүрген, бейіті Қызылорда 

облысының Қармақшы ауданында тұр. Жалғыз қазақ емес, ол бүкіл 

түркі  халықтарындағы  аңыз  кейіпкері,  данышпан  адам  ретінде 

бейнеленеді. Қазақтар оны күй атасы санайды, біраз күйлері бүгінге 

жеткен.

“II бөлім.  БАТЫРЛАР  ӘҢГІМЕСІ”:



1. 60-бет. “Батырлар әңгімесінің басы ескі түрік бірлігінің 

заманындағы әңгімелерден шығады”  Бұл бірлік Алтын Орда, 

Ақ  Орда,  Көк  Орда  атанған  кездерден  арғы  Орталық  Азиядағы 

тайпалық  одақтардың  біріккен  мемлекеті  Түрік  қағандығы  за-

мандарына  барып  тіреледі.  Түрік  атауы  алғаш  Алтайдағы  Ғұн 



399

тайпаларының біріне басшылық еткен Ашнаның кезінде шыққан, 

соңынан бұл этноним осы тілдес халықтардың барлығының атау-

ына айналып кетті. Осы түріктер VІ ғасырдың орта тұсында жуж-

жан, ұйғыр тайпаларын жеңді, одан кейін қытайдың Чжоу, Цин 

мемлекеттерін талқандады. Орта Азиядағы көптеген тайпалар осы 

бірлікке қосылды. Осылайша үлкен күшке айналған түріктер Иранға 

шабуыл жасап, Амударияның батыс жағын, 576 жылы Босфорға 

дейін басып алды. Эпостардың ішінде “Алпамыс батыр” жыры осы 

көне замандар дәуіріне жақындайды.

2. 60-бет. “Ноғайлы, қырым, қыпшақ, қырғыздардың бір 

жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады”  

Алты алаш атанған ұлыстар, әсіресе, қасқа жолды салған Қасымның 

тұсында  біріккен  еді,  олар:  қазақты,  ноғайлы,  кыпшақ,  өзбекті 

қамтыған рулары мен (Үш жүзге бөлінуде осыдан кейін болды) 

қырғыз,  қарақалпақ,  құрамалар  еді.  Қасым  хан  өлген  соң  бұл 

бірлестік ыдырап кетті. Хақназар хан қайта қалпына келтіргендей 

болды,  бірақ  көпке  бармады,  ол  күй  тек  Тәуке  ханның  кезінде 

қайталанды.

3.  61-бет. “Алғашқы  жікке  кіретін  ұлы  батырлар:  туысы 

бөлек, орны басқа ел қиялындағы баға — жоғары болған”  

Бұл жерде зерттеуші ұлы батырларға “Едіге”, “Қобыланды батыр”, 

“Ер Тарғын”, “Ер Сайын”, “Шора батырларды”, кіші батырларға 

“Алпамыс  батыр”  мен  “Қамбар  батырды”  жатқызады.  Осындай 

жіктеу, жүйелеулер кейінгі жылдардағы зерттеулерінен кездеспейді.

4. 61-бет. “Бұрынғы Едіге, Қобыландылар бір жағы періден, 



бір жағы керемет иесі — әулиеден туса”  Мұнда эпос кейіпкері 

ретінде қарастырса да, олардың тарихи тұлғалар екендігіне назарды 

аударып отырады. Қобыланды Әбілхайырдың қадірлеген батыры 

екендігі, оның өзі сияқты тағы бір батыры Дайырқожаны өлтіргенде 

әкесі Қыдан тайшының: “Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, 

құлыным? Сексен асып таянғанда тоқсанға тұра алмастай үзілді ме 

жұлыным” деп жоқтағанын айтады. Осы сияқты әңгімелер болмаса, 

Қобыландының өмір тарихынан, тарих сахнасындағы қызметтерінен 

нақтылай  деректер  келтіру  қиын.  Ал  Едіге  жөнінде  олай  емес, 

ол  Алтын  Орданың  белгілі  қолбасшыларының,  билеушілерінін 

бірі. Едіге қазіргі Оңтүстік Қазақстанның Қаратау бауырындағы 

Құмкент  қаласының  әкімі  Құтлы  Қабаның  отбасында  дүниеге 

келді. Барлық өмірі тартыспен, күреспен өтті, осындай кездерде 

біресе Тоқтамыс, біресе Ақсақ Темір жағында болуына тура келді. 

Тоқтамыс жеңілгеннен кейін Еділ мен Жайық аралығындағы жерлер-

ге әміршілік етті. Өзі қолдаған Темір Құтлық, Шәдібек тұстарында 

Алтын Орданың негізгі билігі (1396—1411) оның қолында болды. 

Ол Ноғай Ордасының негізін қалады. 1408—1409 жылдары Руське 

шабуыл жасап, көптеген қалалары мен Мәскеуді басып алды. Жошы 


400

ұлысының жері ақырғы рет Едіге тұсында біріктірілді. Оның қазасы 

Тоқтамыс балаларының қолынан болды.

5. 61-бет. “Бұрынғы өткен заманда Баба түкті Шашты Әзіз 



деген”  Бұл есім қазақтың ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Бір 

деректе ол Ахмет Иассауйдың арғы бабалары екендігі айтылады, 

тағы бір деректе оның Құтлыбек деген баласынан Едіге туған десе, 

енді бірде Едіге соның батасынан туған деп айтылады. Оның аты-

мен аталатын бұлақ Қаратаудың теріскейіндегі Қызыл көлге құяды.

6.  62-бет.  “Баланың  әділ,  есті  би  екенін  Тоқтамыс  хан 



естиді”  Тоқтамыс 1380—1396 жылдар аралығындағы Алтын 

Орданың ханы. Алғашында ол Ақсақ Темірдің көмегімен Отырар, 

Сауран, Сығанақты биледі. Мамайдың орыстардан жеңілісін пай-

даланып, Орданың тағына отырды. Жошы тұқымының тақ үшін 

25  жылға  созылған  қырқыстарын  тоқтатты.  Ұлысты  бұрынғы 

қалпына келтіру мақсатымен орыс қалаларына шабуылдар жасады. 

Мәскеуді талқандады. Бір кездері өзін қолдап, қамқорлық көрсеткен 

Темірмен соғысу, Едігемен келіспеу өзін ғана күйреткен жоқ, Алтын 

Ордадай құдіретті мемлекеттің ыдырауын жақындата түсті.

7.  63-бет.  “Сонан  кейін  пері  қызын  қатын  қылып  алып, 



Сатемір  ханға  келеді”    Сатемір  эпостағы  бейне,  ол  Ақсақ 

Темірдің  прототипі  болуы  да  мүмкін.  Автор  да:  Тоқтамыс  пен 

Едігенің  араздығы,  Тоқтамыс  пен  Сатемірдің  жаулығы  —  бұл 

әңгіменің тарихқа жанасатын да жері бар. Тарихта болған Тоқтамыс, 

Ақсақ Темірдің жаулығы бар” деп жазады.

8.  65-бет.  “Бұл  Шәкір-Шәкірәт  сияқты  әңгіменің  қай-



тармасы”  —“Мың  бір  түн”  және  қиял-ғажайып  ертегілері нен 

алынып қиссаға айналдырылған “Шәкір-Шәкірәт” ел арасына кең 

тараған дастандардың бірі. Алғаш рет 1840 жылы жарық көрген. 

“Қисса-и  Шәкір-Шәкірәт  патша  һашим  балалары”  деген  атпен 

Қазан университетіндегі Ш. Құсайынов баспасынан 12 рет басылып 

шыққан.


9.  65-бет.  “Бұл  Сүлеймен  пайғамбардың  билігі  деп  айты-

лады”  Қасиетті “Құран Кәрімде” аты аталатын пай ғамбарлардың 

бірі. Аңыз бойынша, ол жан-жануарлардың барлығының тілін біледі, 

жындар, диюлар оған бағынады, ғажайып ғимараттар салады, теңіз 

түбінен қазыналар өндіреді. Алла атынан сиқыр ғылымын меңгерген 

Сүлейменге бәрі де қызмет етеді.

10. 65-бет. “Сол кезде Қияттың Қараман бастаған қолы”  

Қият түріктің көне руларының бірі.

11. 65-бет. “Бибі Фатимаға тапсырдым”  Фатима Мұхаммед 

пайғамбардың қызы. Арабтағы фатимидтер халифатын осы Фати-

мадан тараған әулет билеген. Қазақ жырларында басына қиын іс 

түскенде әйелдер Фатима атын айтып сиынады.


401

12. 65-бет. “Қарашаш ханымға тапсырдым” Ахмет Иассауйдің 

анасы.

13. 66-бет. “Осы жүрісімен батыр Қазанға келеді”  Қазан 



жөнінде 2-томның 268-269-беттеріндегі түсінікте айтылған.

14.  68-бет.  “Европа  ғалымдарының  қазақ  елінде  ескі 



заманның сарқыты мен белгілері көп болу керек”  Бұл жерде 

автор, әсіресе, В. В. Радловтың (1837—1918) ойларын меңзеп отыр.

15. 68-бет. “Елек қорғанынан Ойылға қарай жүретін қара 

жолдың үстінде”  Елек Ресейдің Орынбор, Қазақстанның Ақтөбе, 

Орал облыстарының жеріндегі өзен. Қобыландының бейіті Електің 

Орынбор бөлігіндегі жағалауында деп айтылады. Ойыл Ақтөбе, 

Атырау, Орал облыстарындағы өзен.

16. 68-бет. “Шәкәрім ақсақалдың шежіресінде”  “Абай дың 

ағасының  баласы  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  (1858—1931)  ақын, 

философ, тарихшы, композитор. М. Әуезов осы сөзі ар қылы оның 

“Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі” деп аталатын еңбегін 

еске алып отыр.

17.  68-бет.  “Қобыланды  батыр  Жәнібек  пен  Әбілхайыр 



ханның тұстасы делінеді”  Осы жөніндегі түсінікті 2-томның 

370-бетінен қарауға болады.

18. 71-бет. “Өз бетімен еркін өмір сүріп тұрғанда Қазанда 

14  хан  болған.  Алғашқысы  Мақымет,  соңғысы  1552  жылы 

орыстың Иван Грозныйы Қазан қаласын алған уақытта хан бо-

лып тұрған Ядігер (Жәдігер)”  Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі 

Еділ-Кама бұлғарларының жерінде құрылған Қазан хандығының 

алғашқы ханы Ұлығ Мұхаммед (1438—1445) болса, оның баласы 

Махымет  (1445)  хандықтың  дербес  өмір  сүруіне  негіз  қалады. 

Астрахан, Қырым хандықтарымен тіл табыса алмаған Жәдігер (оны 

кейбір деректерде Сібір ханы деп те атайды) орыс шабуылдарына 

төтеп бере алмай хандықты құлатты. Иван Грозный туралы деректі 

2-томның 270-бетіндегі түсінігінен қараңыз.

19. 71-бет. 

“Орыс жұртының батырлар ескілігінің барлы-

ғы  “Қызыл  күндей  Владимирдың”  айналасына  жиналғаны 

сияқты”  Орыс халқының фольклорлық шығармаларына негіз 

болған Киев Русінің князы Всеволод Ярославичтың ұлы Владимир 

Мономах. Шешесі Константин Мономахтың қызы. Соңынан оның 

есіміне шешесі шыққан тек қосылып аталатын болды.

20. 71-бет. “Араб жұртының ескіліктегі әңгіме-ертегісінің 

Арон  Рашит  айналасына  жиналғаны  сияқты”  —  Атақты 

“Мың бір түннің” кейіпкері, Һарон Рашид (763—809) Мұхаммед 

пайғамбардың немере ағасы Аббас әулетінен шыққан халиф. Оның 

ширек ғасырдай (786—809) халифтығы аңызға айналып, көптеген 

шығармалар туғызды.


402

21. 73-бет. “Қазан құлайтын заманның өзінде болған батыр 



Нәрік ұлы Шора өледі”  Туған, өлген жылы белгісіз. Тамадан 

шыққан ноғайлы батырларының бірі. “Нәрік”, “Шора” деген жеке-

жеке дастандар бар. “Нәрік” жырында:

“Қазаннан Шора қайтқанда,

Баяғы көрген Құлыншақ

Шора Қазанға кетті дегесін,

Мен де артынан барайын,

Қалмаққа барып соғыс салайын”, —

деген жолдар бар.

22. 73-бет. “Қазандағы жау қалмақ, бір жерінде қызыл бас, 



тағы  бір  жерде  қырғыз  болады”  — Қызылбас  сөзі  шейиттер 

имамының құрметіне тігілген он екі сайлы бас киімге байланысты 

шыққан. ХV ғасырда қызылбастардың әскери-діни туысқандығы 

Сефевидің шейиттік, дәруіштік тірегіне айналды. Олар “діни наным 

соғысы” дегенді ұстанып, іргелес жатқан елдерге жиі-жиі шабуыл-

дар жасаумен болады.

23. 77-бет. “Қобыландыны” соңғы түзеп айтқан Марабай 

сияқты ақынның” Марабай Құлбайұлы (1841—1898) қазақтың 

батырлық  жырларын  жырлаған  ақын,  жырау.  Оның  айтуынан 

Ы.  Алтынсарин  “Қобыланды  батырды”,  Н.  И.  Ильминский  “Ер 

Тарғынды” жазып алған.

24.  80-бет.  “Соларды  жерінен  қуып,  бізге  Шағанды  әпер 

деп өтініш істейді”  Ақтөбе облысының қазіргі Шалқар және 

Байғанин ауданындағы өзен.

25. 81-бет. “Сол жиынға Тарғын келген соң Сыпыра жырау 

сөз бастап”  Сыпыра жырау ХІV ғасырдағы Дешті Қыпшақтың 

белгілі ақыны. “Едіге” жырында ол жүз сексенге келген ақылшы, 

қамқоршы қария болып көрінеді. Атақты Мұрын жырау өзін Сыпыра 

жыраудың ұрпағы санайды.

26. 89-бет. “Еркектің досы болатын әйелді орыс әдебиетіне ең 

алғашқы кіргізген ақын Карамзин”  Н. И. Карамзин (1776—

1826) ақын, жазушы, тарихшы. Көптеген әдеби шығармаларынан 

бөлек ‘‘Россия мемлекетінің тарихы” атты 12 томдық еңбек жазған.

27. 96-бет. “Станбол, Қазан екеуі”  Стамбул — Түркиядағы 

ірі қала. 1453 жылға дейін Константинополь атанған.

28.  97-бет.  “Қазан  хандығы  құлаған  соң  Шораның  нәсілі 



Османлы  түрігіне  ауып  кеткен”    Осман  Түркияның  ХV—

ХVІ  ғасырлардағы  ресми  атауы.  Ертоғырұлдың  баласы  Осман 

иелігіндегі мемлекетті өз есімімен атады. Осман әулетінің негізін 

салды, ол мемлекет бертін келе үлкен империяға айналды.



403

29.  102-бет.  “Ерте  күнде  он  екі  баулы  өзбекте”    Қазақ, 

өзбек бөлінбей өзбек атымен тұрғанда “алпыс баулы өзбек, тоқсан 

баулы  қыпшақ”  деп  те  айтылатын.  “Он  сан  оймауыт,  тоғыз  сан 

торғауыт” деген де осыған ұқсайды. Осындағы Торғауыт Ойраттар 

құрамындағы тайпалық топ болса, Оймауыт Дулаттың Жанысына 

жататын ру екендігінен басқа ол замандардағы жай-жағдайынан 

дерек жоқ. Баулы үлкен-үлкен топтардан тұратындығын көрсетеді.

30. 107-бет. 

“Бұрынғы заманда Жиделібайсын деген елде”  

Жиделібайсын жер аты, бұл атау қазақтың ‘‘Алпамыс батыр” жыры 

мен Асан қайғы туралы әңгімелерден кездеседі. Мұхаммед Шайбани 

бастаған Дешті Қыпшақтың көшпелі рулары Орта Азия жерлерін 

басып алғанда қазақ, қарақалпақ құрамындағы Қоңырат тайпасының 

үлесіне Жиделібайсынды береді. Қазір бұл аймақ Өзбекстанның 

Сұрхандария облысына қарайды. Осы жердің халқы әлі күнге дейін 

не өзбекпіз, не қазақпыз демейді, Қоңыратпыз дейді.

“III  бөлім.  ЕЛ  ПОЭМАЛАРЫ”:

1. 112-бет. “Қарабайдың асырап алған Ай, Таңсық деген екі 



қызы”  Қазір Семей облысының Аягөз ауданында Ай, Таңсық 

аталатын өзендер бар. Ай — Тарбағатай тауы ның Ақшәулі жотасы-

нан бастау алып, Сасықкөлге құяды да, Таңсық — Тарбағатайдың 

батыс сілемдерінен шығып, Көлдер көліне барып бітеді.

2.  115-бет.  “Осы  күнгі  Жетісудағы  зират”    Осы  еңбек 

жазылған кезде “Қозы Көрпеш — Баянның сағанасы тұрған жер 

Жетісуға қараған.

3. 116-бет. 



“Тобықты ауданынан жиналған әңгіме”  Тобықты 

ауданы деп, қазіргі Абай ауданына қарасты Шыңғыстау өңірін ай-

тып отыр.

4.  116-бет.  “Мәскеуде  басылған  Радлов  жиған  әңгіме”   

В.  В.  Радловтың  “Түркі  тайпалары  халық  әдебиетінің  үлгілері” 

(“Народной литературы тюркских племен”) деп аталатын еңбектері 

басылған. Осының 3-томы түгелдей қазақ әдебиетіне арналған.

5.  116-бет.  “Жетісу  қазағының  арасынан  Колпаковский 



жандаралдың жиғызған әңгімесі”  Г. А. Колпаковский (1819—

1896)  орыс  армиясының  генералы.  Орта  Азия  мен  Қазақстанда 

патша үкіметінің отарлау саясатын жүзеге асырған. Ол Северцов 

пен Дарвинге Жетісу өлкесінен өзі жинаған аңдар мен жәндіктердің, 

өсімдіктердің коллекциясын сыйға тартқан. Ш. Уәлихановпен хат 

жазысып тұрған.

6.  121-бет.  “...осы  әңгіменің  якут  (сақаның)  ішінде  бол-

ғандығы”  Сахалар түрік тілдес халықтар тобына жатады. Мекені 

Краснояр өлкесі мен Магадан, Сахалин, Амур облыстары.



404

7. 121-бет. “Он екі ақынның ішінде Жанақ та бар екен”  

Жанақ жөнінде 2-томның 376-бетіндегі түсінікте айтылған.

8. 122-бет. “Сыбанбай, Бекбау, Жанақ айтады екен”  Сы-

банбай мен Бекбауға қатысты нақтылы деректер кездеспеді.

9. 123-бет. “Италия өнерінің алтын дәуірінде туған Дантенің 



“Тәңір комедиясы”  Данте Алигьери (1265—1321) ұлы ақын. 

‘Жаңа өмір” (1293), “Пир” (1305), “Халық сөзі туралы” (1308), “Мо-

нархия туралы трактат” (1312) сияқты еңбектері емес, оның есімін 

“Құдыретті комедиясы” (1307—1321) белгілі етті. Еңбек “Тамұқ”, 

“Күнәдан тазару”, “Ұжмақ” деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

10. 124-бет. “...сол адасып бара жатқан қауымды ұялт қандай 



болып “Ромео Джульетта” шыққан”  Халық арасына кеңінен 

тараған осы аңыз-әңгімені Уильям Шекспир (1564—1616) драмаға 

(трагедия) айналдырған.

11.  124-бет.  “Бері  келген  уақытта  өз  өмірінің  ең  жоғары 



шыққан басқышында сопылық дәруіштің салтына бе рілген”  

Сопылық, дәруіштік XII ғасырдан бастап үлкен ағымға айналды; 

ұстанған бағыты шыдамдылық, құлшылық, дүние қызығынан, сән-

салтанатынан безіну. Сопылықтың әдебиетте қалдырған із-белгісі 

орасан болды. Бұл ретте атақты ақындар Жалаладдин Руми мен 

Муслихидцин Сағдиды (1203—1292) ерекше бөліп атауға болады. 

Бұлар сопылық-дәруіштіктің жолдарынан өтіп, шарттарына жауап 

берерлік  іс-әрекетті,  еңбектерімен,  ой-танымдарымен,  бағыт-

бағдарларымен де көрсетті.

12,  13,  14,  15,  16.  124-бет.  “Бұның  мысалы  Физули,  Қожа 



Хафиз, Мағыри, Қожа Ахмет Яссауи, Сопы Аллаяр”  Физули 

(1494—1556) араб, парсы тілдерінде жазған әзірбайжан ақыны. Ол 

Әмір Хысрау, Дехлеуи, Жәми дәстүрлерін жалғастырушы. Ахмет 

Иассауи (туған жылы белгісіз, 1166 жылы өлген) бүкіл дүниеге 

әулиелігімен,  ақындығымен  танылған  тұлға.  Бүкіл  ислам  әлемі 

оны  Мұхаммед  пайғамбардан  кейінгі  орынға  қояды,  сондықтан 

да, ол жатқан жер — Түркістанды екінші Мекке санайды. “Диуани 

хикметі” даналықтың, ақындықтың қуатын танытады, Хожа Хафиз 

(1325—1390) парсы ақыны, Әбуғала Әл-Мағри (973—1057) арабтың 

соқыр  ақыны.  Көптеген  поэзиялық,  прозалық,  философиялық, 

ғылыми шығармалардың авторы. Оның “Фейннәл үсідә тәтбағұһа 

зиһабен,  уағбәнән  фәмен  ғұрен  уәғүр  жән”  (арыстан  жүріп  ет-

кен ізбен ақсақ, соқыр бәрі де, қарға-құзғын да ілесе жүріп азық 

айырады)  деген  толғаулы  сөзін  кейінірек  жазушы  “Абай  жолы” 

эпопеясындағы  Сармолданың  аузына  салды.  Сопы  Аллаяр 

(Алланың досы) туған, өлген жылы белгісіз, ХVІІІ ғасырдың орта 



405

тұсында өмір сүрген. “Ғазизиге бағыштау”, “Аллаяр сопы” деген 

сияқты төрт кітабы белгілі. Әл-Мағри сияқты бұның да “Болур бір 

фәрдәден юз фәрдә бижай” деген сөзін “Абай жолы” мен “Қасеннің 

құбылыстары” әңгімесіне пайдаланды.

17. 124-бет. “Адам баласының қазынасына күншығыстың 



тартқан сыбағасы осы “Ләйлі — Мәжнүн”  Бұл жыр аңыз 

сияқты айтылғанмен, оның тарихи негізі болған, бұған VІІ ғасырда 

өмір  сүрген  ақын  Имрул  Қайыстың  ғашықтық  хикаясы  арқау 

болған деседі. Низами, Науаи, Жәми бастаған ақындар бұл аңызды 

әрқайсысы өздерінше дастанға айналдырды.

18. 124-бет. “Мен түрік жұртының “Қозы Көрпешін” “Фа-



устпен” салыстырғаннан да осы жырлармен салыстыру лайық 

деймін”    “Қозы  Көрпеш  —  Баян  сұлу”  түрік  халықтарының 

біразында  бар.  Қазақ  бұл  жырдың  Сыбанбай,  Бекбау,  Шөже, 

Жанақ айтуындағы бірнеше нұсқаларын біледі. Мазмұн-мәнінің 

қызықтырғаны сонша, А. С. Пушкин (1799—1837) жырды 1733 

жылы түгелдей жазып алады. “Фауст” та Еуропа халықтарының 

бірсыпырасында аңыз ретінде белгілі, онда Фауст білім мен байлық 

үшін жын-перілермен (Мефистофель) одақтасқан болып көрінеді. 

Иоган  Вольфганг  Гете  (1749—1832)  бұны  1773—1775  жылдар 

аралығында поэмаға айналдырды.

19. 127-бет. “...лауқыл мақпузға” жазылған тағдыр”  Адам 

о  баста  жаратылғанда  тағдыр-талайының  қандай  бол мақтығы 

белгіленетін кітап.

20. 127-бет. “Не болмаса белгісіз теңіздің Барса келмес деген 



1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал