-менен, дағы, -лық тұлғалары жиірек ұшырасады: «Шеше,
ат мінгестіретұғын емес, үйіңе баста, – деді («Қисса Алпа-
112
Әрі қарай томның нөмірі мен беті ғана көрсетіліп отырылды.
490
мыш», 1901); «Сол Тарғын тіліне нанатұғын бір кісі тауып бер
(В.В.Радлов Образцы народной литературы тюркских племен,
живуших в Южной Сибири и Джунгарской степи. - СПб, 1870.
- Ч. III. Киргизское наречие); «Егерім ақылдың бәрі сақалда
болатұғын болса, менің патсам мені қойып, ешкіні жіберер
еді депті (Хрестоматия турецкая персидская, киргизская и уз-
бекская. Составил М.Терентьев. - Книга вторая. - САб, 1876.
- С. 66); «Олай болса, екеуміз де атпалық», – деді (Туреская
хрестоматия, составленная И.Березиным. - Т. III. - 1876. - С.
10); «Көрдің бе, кедей Қамбар менен Назымның сөйлесіп
тұрғанын?» («Қамбар батыр»).
Сөз етіп отырған тұлғалардың сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті
тілінің нормасына жататын -тұғын, -менен, дағы, -лық вари-
анттары жалғыз Абай прозасына ғана емес, сондай-ақ ішінара
Ыбырай Алтынсарин новеллаларының тіліне де, қазақтың
тұңғыш баспасөзінің бірі «Дала уалаяты газетінің» тіліне де,
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде әртүрлі
азаматтық тақырыптарға қазақша жазылып шыға бастаған ұсақ
кітапшалардың тіліне де тән болғанын байқаймыз. Осы жерде
біз қазақша проза үлгілерінің тілін ғана сөз етіп отырмыз. Ал
өлеңмен берілген шығармалардың тіліне келетін болсақ, әңгіме
біраз басқаша сипат алады. Өлеңнің буын саны, ұйқасы сияқты
заңдылықтарына қарай онда біз талдап отырған тұлғалардың
толық түрлері де, ықшам түрлері де (-тын, -мен, да) келе
береді. Абайдың өзі өлеңдерінде бұлардың екі вариантын да
бірдей пайдаланып, оларды бір-біріне «кезекші» элемент етіп
қойған: буын саны асып жатса, -тын, -мен, да түрлері, жет-
пей жатса, -тұғын, -менен, дағы түрлері тіпті бір шумақтың
ішінде де кездесе береді (бұл амал – фольклор тіліне де, қазіргі
ақындарымызға да жат емес):
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең оқитұғын дұғам менің (II, III).
Жалын мен оттай жаралған
Сөзді ұғатын қайсың бар?
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін (I, 250)
Абайдың «Қара сөздерінде» пайданылған бірқатар тұлғалар
қазіргі кездегі нормамен салыстырғанда, өзінің қызметі жағы-
491
нан өзгешелеу болып келіп, морфологиялық «ерекшеліктер-
дің» екінші тобын құрайды. Оларға -мақ жұрнағы арқылы
жасалған тұлғаның, -ар жұрнағы арқылы жасалған есімшенің,
шартты рай тұлғасының керек сөзімен тіркесінің қызметтері
жатады. Бұл тұста біз мынадай екі мәселені байқаймыз:
бірінші – қазақ әдеби тілінің қалыптаса бастаған алғашқы
дәуірінде, оның ішінде Абай тілінде морфологиялық бір тұлға
бірнеше қызмет атқарған. Оған -мақ, -ар жұрнақты етістіктер
мысал бола алады. -мақ жұрнақты тұлға Абайда өте жиі
қолданылады, ол, ең алдымен, шақты, райды, жақты, жекеше-
көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы ұғымын білдіретін
қимыл атауы ретінде жұмсалады, яғни осы күнгі -у жұрнақты
тұйық етістікпен қызметтес келеді: «Ішпек, жемек, кимек,
күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, ман-
сап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің
бәрінің де өлшеуі бар (II, 218).
Екіншіден, Абайда бұл тұлға қазіргідей етістіктің шақтық
қатынасын білдіреді, яғни мақсатты келер шақ категориясын
жасайды. Үшіншіден, ол Абайдың әсіресе өлеңдерінде әрдай-
ым бола беретін, бір нәрсеге тән, тұрақты, үздіксіз іс-әрекетті
білдіріп, ар немесе осы күнгі -а + ды аффиксті тұлғалармен
қызметтес түседі:
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек ( = бөлер = бөледі).
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек (= берер = береді) (I, 27).
Күшті жықпақ ( = жығар, = жығады), бай жеңбек ( =
жеңер = жеңеді) әуел бастан (I, 32).
-мақ-пен жасалған тұлға Абайда барыс септігінде келіп,
қимылдың мақсатын білдіреді, яғни супиндік мәнге ие болады
(бұл да өлеңдерінде жиі ұшырасады):
Мал жияды мақтанын білдірмекке
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке (I, 197).
-ар жұрнағымен жасалған есімше тұлғасы да Абай тілінде
бірнеше қызмет атқарады: ол көбінесе белгілі бір шаққа қатысы
жоқ, әрдайым, үздіксіз болып тұратын іс-әрекеттің мағынасын
береді. Бұл әсіресе өлеңдерінде өте жиі ұшырайды:
Өлсе – өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес (I, 178).
492
Екіншіден, -ар жұрнағы болжалды келер шақ формасын жа-
сайды: «Оның мәнісі – ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің
амалшы, айлалығынан жетерсің деген сөз» (II, 160).
Үшіншіден, анықтауыш позициясында келіп, осы қызмет-
тегі -тұғын (>тын) жұрнақты тұлғамен әуендес болады:
«Ғылым сөзін сөйлесер (~сөйлесетін) адам жоқ (II, 157); «Мына
мен айтқан жол мал аяр (~аяйтын) жол емес» (ІІ, 180).
Сондай-ақ Абай шығармадарының тілінде бір грамматика-
лық категория бірнеше тұлғамен беріледі. Мысалы, осы күнгі
-у жұрнақты қимыл есімінің қызметін төрт түрлі тұлға қатар
атқарады: бірі және ең жиі қолданылатыны –-мақ жұрнақты
тұлға, одан кейін Абай қимыл есімі қызметінде осы күнгідей -у
жұрнағын да жұмсаған (әсіресе нақтылы қимыл атауларын -у
арқылы бергені байқалады), үшіншісі – -ар жұрнақты есімшенің
барыс септіктегі тұлғасын Абай -у жұрнақты тұлғаның дубли-
каты ретінде пайдаланады: «Жоқ, ғылым бағарға да ғылым
сөзін сөйлесер адам жоқ» (II, 160); «Жан қуаты деген қуат бек
көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды» (II, 216).
Төртіншісі – шартты рай тұлғасының керек сөзімен келген
тіркесін де Абай осы тіркестегі -у жұрнақты қимыл есімінің
орнына жиі жұмсайды: «Әрбір байқаған адам білсе керек ( =
жалпы білуі керек)» (II, 161); «Тәнді жанға бас ұрғызса керек
еді ( = ұрғызу керек еді), жоқ, біз олай қылмадық» (II, 165).
Сондай-ақ Абай бір қызметте -а + тын және -ар + лық
аффиксті тұлғаларды жарыстыра жұмсайды: «Солардан
сақтарлық ( = сақтайтын) кісі таппақ» (II, 166); «Баланың
мал табарлық болары ( = табатын болуы), мал шашарлық бо-
лары ( = шашатын болуы) – ол да екіталай» (II, 167).
Қысқасы, Абай жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен ауыз әде-
биеті тілінде қолданылатын кейбір морфологиялық тұлғалар-
дың қызмет өрісін кеңейтіп активтендірген. Олардың бірқа-
тарын (мысалы, -мақ, -ар, -ар + лық жұрнақты тұлғаларды)
өзінің шеберлік талғамына қарай ұнатып жұмсағанға ұқсайды
(яғни бұл мәселе Абайдың грамматикалық тұлға-тәсілдерді
таңдаудағы индивидуалдық шеберлік ерекшелігіне де барып
тіреледі).
Абайдың прозалық шығармаларындағы морфологиялық
ерекшеліктерді құрайтын үшінші топ – ондағы өзге тілдік
493
тұлға-тәсілдер. Бұларға -мыш, -дүр форманттары, III жақтағы
етістікке -лар көптік аффиксінің жалғануы (бардылар) және
бұйрық райдың III жақтағы тұлғасының үшін шылауымен
тіркесі (болсын үшін) жатады. Әрине, қолданылу жиілігі
жағынан бұлар қазақ тілі элементтерімен мүлде теңесе ал-
майды, яғнн бұлардың қай-қайсысы да аса сирек ұшырасады.
Қазақтың өткендегі де, сол тұстағы да халықтық тіліне мүлде
тән емес, өзге түркі тілдік бұл тұлға-тәсілдерді Абай «Қара
сөздерінің» өн бойында қолданбай, белгілі бір «Сөздерінде»
ғана пайдаланады: «Жоғарыда жазылмыш сипаттар бірлән
тағрифлап танымаққа керек» (II, 38-сөз, 197); «Бұл айтылмыш
үш хисләттің иелерінің алды – пайғамбарлар» (II, 38-сөз, 202);
«Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – хақиқат, оған ғашықтық
өзі де хақлық һәм адамдық дүр» (II, 38-сөз, 216); «[Әулиелер]
бәлки хисапқа алмадылар» (II, 38-сөз, 202); «Бұл жолдағылар...
сабырменен бір қарар тұрамын дегені болып кетселер де ке-
рек» (II, 38-сөз, 224); «...Ол көз нәзіктігінен керегіне қарай
ашып, жауып тұрсын үшін қабақ беріпті. Желден, ұшқыннан
қаға берсін болсын үшін кірпік беріпті» (II, 27-сөз, 182).
Біздің анықтауымызша, Абайдың «Сөздері» тематикасы,
баяндау стилі және тілдік элементтерді қолдануы жағынан
айқын екі топқа бөлініп тұрады. «Сөздердің» басым көпшілігі
қалың оқушы жұртшылыққа арналады. Олардың тілі қазақтың
жалпыхалықтық тілін негіз еткен жазба әдеби тілдің үлгісін
көрсетеді. Ал «Сөздердің» шағын бір тобы (12, 13, 32, 43, әсі-
ресе38-сөздер) – белгілі бір адресаттарды көздеп, басқалары-
нан бір қыдыру ерекшеленен тұратып шығармалар. Бұлар
көбінесе діни оқуға қатысы бар, сол тұстағы түркі халық-
тарының бірқатарына ортақ әдеби тіл – кітаби тіл дегенмен
таныс адамдарға арналады, немесе кейбірі (43-сөз) «жибли,
кәсіби нәрселердің» сырын білмек болғандарға, яғни фило-
софия саласынан хабар барларға бағышталады. Автор бұл
«Сөздерінде» шеттілдік элементтерді лексика саласынан да
(араб-парсы сөздері, сөйлемдері), грамматика саласынан да
(-дүр, -мыш форманттары) пайдаланады. Қысқасы, Абай
ишан-молдалармен айтысқан бұл шығармаларын олардың
«өз» тілдері – кітаби тілге бір табан жуықтатып жазғаны
494
байқалады. Демек, оның белгілі бір сөздерінде ғана кездесетін
өзге түркі тілдік морфологиялық элементтер стилистік мақсат
көздеп, әдейі қолданылған тәсілдер болып табылады. Бұлар
«Қара сөздердің» қалған көпшілігі сияқты, өлеңдерінің тілінде
де ұшыраспайды.
Талдауымыздың нәтижесінде мынадай пікірге келеміз:
жазба әдебиеттегі қазақ прозасы тілінің енді-енді қалыптаса
бастаған кезеңінде кейбір сөздердің фонетикалық трансфор-
мация жолымен грамматикалану процесінің (тұрған>тұғын>
тын ~ тін; менен>мен; дағын>дағы>да; ған-ған + соң>ған+
соң>>ғасын т.т.) әлі аяқталып болмағандығын байқалады.
Қазірдің өзінде әдеби тілімізде ықшам формаларды (мен, да,
-тын, -ғасын т.б.) қол көру тенденциясы басым болғанмен,
бұлардың фонетикалық ықшамдалу процесі әбден аяқталды
деп есептеуге болмайды: -менен, дағы, -тұғын форманттары-
ның осы күнгі ақындарымыздың өлеңдерінде кездесетіндігіне
назар аударыңыз). Бұл – бір. Екіншіден, бұл кезеңде граммати-
каның белгілі бір категорияларына арнаулы тұлғалар бекітіліп,
нормаға түсу процесінің де қызу жүріп жатқаны сезіледі.
Мұнда қазіргі кезбен салыстырғанда кейбір категориялар-
дың морфологиялық көрсеткіштері әлі тұрақталып бітпеген
жайды аңғарамыз. (Мысалы, тұйық етістік қызметінің 3-4
тұлғаға ауысуына көңіл бөліңіз). Осыған орай, бірқатар етістік
тұлғалары көп қызметті болып келетінін көреміз (-ар жұрнақ-
ты есімшені қараңыз).
Сөйтіп, Абайдың прозалық шығармалары жалпыхалықтық
сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті тілі нормаларының негізінде
жазылғандықтан және біздің дәуірімізбен екі араға ғасырлар
емес, ондаған жылдар салып өткен күні кешегі мұраға жата-
тындықтан, әдеби тіліміздің қазіргі даму сатысымен салыс-
тырғанда ондағы «ерекшеліктерден гөрі ұқсастықтардың
әлдеқайда көп екені даусыз. Біз бұл мақалада ұқсастықтарды
сөз етпей, әртүрлі дәрежеде, әр алуан планда алынған
«ерекшеліктердің» басты-бастыларын көрсетіп айту арқылы
жазба әдеби тіліміздің қалыптаса бастаған дәуіріндегі кейбір
жайлардан (морфология саласынан) мәлімет беруді көздедік.
Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы. - 1959. -
№5. - 30-34-б.
495
Абай тілінің көркемдігі
Соңғы бір-екі жылдың барысында Абай мұрасын танып-білу,
әрі қарай талдап-зерттеу әрекеттері жандана бастады. Мұның
бір себебі – ұлы ойшыл суреткердің алдымызда келе жатқан
150 жылдық мүшелтойына дайындыққа қатысты болса, екінші
себебі – біздіңше, мынада сияқты. Бұл күндерде қоғамымыздың
тіршілік-тынысы душар болып отырған таршылықтың
(дефициттің) зоры – адамгершілік, ізгілік қасиеттердің, ұлттық
этикалық мәдениеттің құлдырап түсіп бара жатқандығы.
Бұларды көтеру үшін осы жолдағы барлық құралды, барша
мүмкіндікті іздеуіміз қажет болып отыр. Мұндай құралдың бірі
– ұлы гуманистердің, демократ-ағартушылардың еңбектері,
пікірлері, жеке бастарының үлгілері болмақ. Сондықтан Абай-
дай алыпты қазақ жұртшылығының, әсіресе бүгінгі жаста-
рының, оқушыларының әрі қарай жақсы тани түсулері қажет-
ақ. Абайдың ақындық, жазушылық мұрасының мән-мазмұнын
ғана біліп қоймай, оның әдеби тіліміздің тарихи көшінде
алған орнын да біле түссек, қазақ тілінің көркемдік дүниесіне
сіңірген еңбегі мен қосқан үлесіне де үңіліп, бағалап отыру –
қажетіміз бен парызымыздай. Осы мақсатты көздеп ұлы сурет-
кер тілінің көркемдігіне қатысты шағын талдау ұсынып отыр-
мыз.
Көркем шығарманың әр жанрының өзіне тән стильдік
белгілері, соған орай тілдік-көркемдік ерекшеліктері болады.
Қазақ поэзиясының тілі көркем проза, публицистика, ғылы-
ми шығармалар тілімен салыстырғанда, сөзқолданысы, грам-
матикалық тұлға-тәсілдерді көркемдеуіш құралға айналды-
руы, яғни поэтикасы жағынан едәуір өзгеше болып келеді.
Ең алдымен, қазақ поэзиясы тілінің көпғасырлық дәстүрі
бар, нормалары біршама қалыптасқан құбылыс екенін айту
керек. Сонымен қатар әр кезеңде ірі-ірі ақындардың қаламы
арқылы өлең сөз тіліне жетілу, түрлену тұрғысынан өзгеріс,
жаңалықтар қосылып отырады. Абай өзіне дейінгі және
өзімен тұстас қазақтың өлең сөзіне қатаң талап қойып, кей
сәттерін сынай отырып, қазақ поэтикасының жасалу және
даму заңдылықтары мен шарттарына мойынсұнбай кетпеді,
496
өйткені, бұл – көркем сөз дамуының объективті заңдарының
бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің өзіне дейін болмаған
жаңа түрін жасағанымен, олардың барлығы да силлабикалық
құрылыс заңдылығына бағынады, өйткені қазақ өлеңінің жа-
салу табиғаты силлабикалық буын өлшеміне құрылған. Абай
өлеңнің тармақ саны мен ұйқасуына қарай небір алуан жаңа
түрлерін ұсынғанымен, сайып келгенде, олар өлеңді ұйқасқа
құру шартына бағынады, өйткені соңғы дәуірлердегі қазақ
өлеңінің негізгі белгісі – аллитерация емес, ұйқас. Абай қазақ
өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа
түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу принциптері мен
жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән бола-
тын. Бұл шарттан да Абайдың аттап өтуі мүмкін емес. Бірақ
осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, жаңа сапалық
белгілер қосу тұрғысынан поэзия тілін дамытуда Абайдың
еңбегі орасан зор болды.
Абай Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы
болуына күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі
етіп беретін амал-тәсілдерді іздеттіреді. Сондықтан да Абай-
да өлеңнің мазмұнын, ақынның айтпақ идеясын білдіретін
элементтердің айқындала түсуі басым.
Ең алдымен, Абай қазақ поэзиясы тілінің сөздік құрамына
өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қол-
данылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөз-
дерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең
тіліне қосып, оларды поэтиканың құралына айналдырды. Абай
шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы – адам,
оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі,
іс-әрекеті және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жал-
пы түрде, өсиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр
қимыл-әрекетті, әр мінез-құлықты дәл көрсету түрінде жыр-
лайды. Сондықтан адамның белгілі бір сәттегі психологиялық
күй-қалпын дәл беру үшін бұрыннан тілде қолданылатын
жүрегі лүпілдеу, буыны босау, сағыну, ләззат алу тәрізді
дағдылы сөздермен қатар, қазақ өлең-жырлары тілінде көп
кездеспейтін суыну, ысыну, елең қағу, бос шошу, қызару,
сұрлану деген сияқты жай-күй атауларын пайдаланды. Абай-
497
да жалпы адамды әр алуан жақтан бейнелейтін етістіктердің
көптігін және олардың образ жасауға қатысатынын айту ке-
рек. Сырт қарағанда, «поэтикалық паспорты» жоқ бұртақтау,
тыртыңдау, арсаңдау, босқа талтаңдау, ит көрген ешкі
көздену, тізесін созғылау деген сияқты сөздердің өзіне стильдік
жүк артып, поэтикалық құралға айналдырған.
Абай поэтикасына көзге елестетіліп берілетін образдар тән.
Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін көзге
елестетіп беру үшін ақын қайқаң қағу, салаң ету, аузын ашып
қоқақтау, қанат-құйрық суылдау сияқты сөздерді таңдайды
немесе наданның намаз оқыған кездегі суретін елестету үшін
құржаң-құржаң ету, тоңқаңдау деген тіпті тұрпайы сөздерді
алады және бұл сөздер образ жасауға қатысады.
Мағына ауыстыру, теңеу сияқты поэтикалық құрал ретінде
«прозалық» сөздерді пайдалануды Абай жүйеге айналдырған.
Мысалы, бақсының моласындай жалғыз қалу, безгек ауру
сықылды жүдететін ғашықтық, піскен алма секілді тәтті
қыз, өмір жолы – иген жақ т.б. Лексикалық топтардың ішінде
жалғыз тек күнделікті тұрмысқа қатысты немесе поэтикалық
сөз болу қасиеті (мағынасы мен бояуында) бейтарап сөздерді
ғана емес, қоғамның саяси-экономикалық құрылысына, оқу-
білімге, философия мен дінге қатысты сөздердің поэзия тіліне
молынан қатыстырылуы және көбінің образ жасауға қатысып,
көркемдік құралына айналуы – Абай өлеңдері тілінің бір
ерекшелігі.
Абай поэтикасында көзге түсетін тағы бір құбылыс –
образдардың ауызша әдеби тілдегідей, көбінесе қазақ халқы-
ның санғасырлық күнкөріс тіршілігінің негізі малға немесе өз
кезіндегі қазақ тіршілігіне таныс құбылыстарға байланысты
болып келетіндігінде ғана емес, сол образдардың тыңдығында,
бұрын айтылмаған теңеу, бейнелеулерде. Мысалы, мұнда
күлкіні мәліш саудаға, алыс-берісті асық ұтысқа, бозбаланы
оңғақ бұлға теңеу немесе ұрлық пенен қулыққа байлағанда
кестің бау деуі осыны көрсетеді. Абай талаптың аты,
талаптың тұлпары, асау жүрек, жүйрік уақыт, үміттің
аты, қу тілмен қулық сауу деген соны фразеологизмдерді жа-
сауда да малға қатысты образдарды алады.
498
Абай негізін қалап, әрі қарай жүйеге айналдырған поэти-
калық тәсілдің бірі текст түзу саласына қатысты. Текст түзу
дегеніміз – шығарманың бір бөлігінде немесе шағын бір
өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын,
модальдық реңктері біртектес сөздерді шоғырлап беру болса,
Абай сөздің белгілі бір поэтикалық мақсатты өтеуі сол текстегі
өзге сөздерге де иек артатынын, яғни сөздердің бір-біріне
«қызмет көрсетулері» керек екенін жақсы сезеді. Мысалы,
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген шағын өлеңінде
ақын өз заманындағы қоғамның аса жағымсыз мүшелерін
суреттейді. Сондықтан мұнда сұм-сұрқия, қу, білгіш деген зат
есімдерден бастап, Құдай ату, бұтып-шату, есіру, ісіп-кебу (ау-
ыспалы мағынада), қабару (бұл да), ит ырылдату, сілесі қату,
Құдай қалжыратып құмар қылу деген етістіктерді қолданады.
Бұлардың әрқайсысы – экспрессоид, яғни әрқайсысында
жағымсыз қылық, іс-әрекетті білдіретін мағынамен қатар, сол
мағынаны әсерлі етіп көрсететін бояу бар: жоқтан барды жай
айту емес, бұтып-шату; құр мақтану емес, есіру; жай шығынды
болу емес, шығынға белшесінен бату; жай құмар емес, Құдай
қалжыратып құмар қылу т.б. Бұл сөздердің әрбіреуі осындай
экспрессияға ие болса, олар бір жерге, бір өлеңге шоғырланып
берілгенде, әсері мен бояуы одан сайын күшейіп, өлеңді
«жұмыр, тұтас» дүниеге айналдырады.
Текст түзудің тағы бір жақсы үлгісіне «Сегіз аяқ» өлеңін
келтіруге болады. Бұл өлең – Абайдың ақындық, азаматтық ар-
ұжданының толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы,
философиясы, сондықтан ақын мұнда абстракт ұғымдарды сөз
етеді, ол үшін сол ұғымдардың атауын таңдайды. Бұл өлеңде
қызыл тіл (бұл атау «толғаныс, философия, поэзия, сөз» деген
ұғымдарды білдіреді), ой, әдет, қайрат, сөз («толғаныс, өлең,
пікір»), мінез, насихат, өсек, нысап, ұят, дәулет, нәсіп, еңбек,
ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
қулық, сұмдық, қорлық, мақсұт, абұйыр, талап, ғылым, дерт,
жалғыздық деген сияқты 40-қа жуық абстракт ұғым атаула-
рын қолданады. Бұлардың шоғырланып келуінде стильдік мән
бар: осы сөздерді талғап, тандап келтірудің арқасында өлеңге
философиялық сипат беріліп тұр.
499
Сол сияқты өз замандастары – болыс пен пысықтардың,
«әсемсіп, сәнсіген кербез, керімдерді», «бойы бұлғаң, сөзі
жылмаңдарды» – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі
етіп беретін эмоциялық әсері күшті поэтикалық құралдарды
іздеп, ол үшін экспрессивтік бояуы қалың, яғни семантикасын-
да жағымсыз реңкі бар етістік сөздерді шоғырымен келтіреді.
Бір ғана «Болыс болдым, мінекей» деген өлеңінде болыс, ша-
барман, пысықтардың портретін жасауда ақын далпылдап,
жалпылдап, барқылдап, бартылдап, тарқылдап, қарқылдап,
шартылдап, лепілдеп, күпілдеп деген сияқты образды сөздерді
топтап келтіреді. Бұл өлеңнің тексін құрайтын өзге сөздер де
модальдық реңкі жағынан осылармен «үндес» келеді: мұнда
бейтарап мағыналы беру етістігі емес, тығындау сөзі бейнелі
немесе мықтап ұстау, қатты ұстау деген сөздер әлдеқайда
әлсіз, бояусыз, бейтарап іс-әрекет атаулары болар еді, сондықтан
бұлардың орнына мығымдап ұстау сөзі қатысқан, «сияз бар»
десе, болыстың жүрегі жай лүпілдемейді, суылдайды т.т. Об-
раз жасауға қатысқан бұл етістіктердің баршасы өткен шақ
көсемше тұлғасында (барқылдап, қарқылдап...) қолданылған.
Тегі, бұл тұлғаны белгілі бір стильдік жүкті көтеретін құрал
есебінде жұмсау қазақ поэзиясында, оның ішінде Абайда
әбден қалыптасқан амал деп санау керек. Абай өлеңнің «іші –
алтын, сырты – күміс» болуын қалағанда, құлаққа әсерлі боп
естілетін әсіреқызыл сөздерден аулақ болу принципін ұстайды.
Сондықтан ол дәстүрлі эпитеттерді қолданудан гөрі соныла-
рын іздейді. Мысалы, Абайда бұрынғы әдеби мұраларда жиі
қолданылған ару («сұлу» және «таза, пәк» мағынасындағы),
берен («берік»), байтақ («хандық», «ел, жұрт»), ауыр («көп,
күшті») сияқты эпитеттерді мүлде қолданбаған. Қанша әдемі
болса да, дағдылы образдар (ару қыз, берен қылыш, ауыр қол,
ауыр жұрт, байтақ-жұрт т.б.) кез келген идеяға сай келе
бермей, құр әсем жылтырақ фраза болып шығуы мүмкін.
Мұны Абайдың өзі де бірнеше рет ескертіп өтеді: бірде
«сөзімнен әсіреқызыл емес деп жиренбеңіз» десе, енді бірде
«өлең деген – әр сөздің орайлы жарасымы» дейді. Қысқасы,
өз өлеңі тілінің бұрынғыдан өзгеше, жаңа екенін ескертеді.
Ол жаңалық – поэтикалық элементтердің кәнігі түрлерін
500
қолдана бермейтіндігі. Сол сияқты халықтық символдар-
ды немесе байырғы қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі сөз-
образдарды да Абай кемде-кем алады. Мысалы, еркіндіктің об-
разы – тарлан, тарпаң сөздері Абайда жоқ, ал алғырлықтың
дәстүрлі символы – қыран құс, бүркіт, биіктіктің символы –
бәйтерек, тойымсыздықтың, қаскөйліктің образы – аш бөрі,
ержүректіліктің символы – арыстан сөздерін Абай сөз-образ
етіп емес, өздерінің тура номинативтік мағынасында жұмсаған,
ал бұлан, бөкен сияқты сөз-образдар Абайда тек мақал-мәтел,
фраза құрамында келген. Дәстүрлі символдардан Абайда
кездесетіні қызыл гүл – жастықты, сұлулықты, жолбарыс –
қайраттылықты білдіретін образдар ғана. Поэтикалық трафа-
реттерден қашуы – көне мұрадан мүлде бас тартуы емес не-
месе қайткенде де жаңалыққа құмарлығы да емес, поэзияның
жаңа талабын орындау мақсаты.
Абай, әрине, қазақ поэзиясы тілінің бұрынғы амал-тәсіл-
дерінің бәрінен мүлде бас тартқан жоқ. Ауыз әдебиетіндегі
қатуланды, қаттанды... буырқанды, бұрсанды... ерлер жан-
нан түңілді, аш күзендей бүгілді... қылаң етіп, қылт етіп...
деген сияқты штамптарды олардың «жамандығынан» емес,
шығармашылығының жанрлық сипатына сай келмегендіктен
қолданбаған, өйткені бұлар – батырлық жырларға тән, өзге
орында, әсіресе, лирикаға мүлде жанаспайтын образдар. Ал
реті келген жерде, мысалы, жоқтау цикліндегі өлеңдерінде
бұрынғы ауызша әдеби тілден келе жатқан образдарды –
тұрақты тіркестерді таба аламыз: Қолдан ұшқан ақ сұңқар
қайтып келіп қонбайды. Кешегі өткен ер Әбіш. Артына қарап
аһ ұрып. Тіпті өзге өлеңдерінде де Абай иіні келсе, бұрынғы сте-
ротип образдардан қашпайды. Мысалы, Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні. Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
Бірақ бұлар сан жағынан көп емес.
Абай өзіне дейінгі ауызша әдеби тілдің поэтизмдерінің
көбін орынды пайдаланады. Мысалы, оның тіліндегі алаш
(қауым), айдыну (жасқану), азырқану (қомсыну, азсыну), ағын
(екпін, қарқын), арай (қызыл арай – таң), арзу (тілек, арман),
әз (құрметті), дидар (жүз), алқау (қолдау) сияқты сөздер – се-
мантикасында көтеріңкі реңк бар дәстүрлі поэтизмдер. Жал-
501
пы, поэтикалық образдар жасауда бұрынғы дәстүрдің кейбір
модельдерін пайдалана отырып, ол образдардың беретін әсерін
күшейте түсті.
Абай поэтикалық экспрессияның құралы ретінде фразео-
логизмдерді, оның ішінде өз қаламынан туған жаңаларын
жұмсауды күшейтті. Ақын жас адамның (Әбдірахманның)
өнер-білімге ұмтылғанын құр талаптанды, ұмтылды деп
білдірсе, бұл сөздердің поэтикалық бояуы талаптың мініп
тұлпарын дегенмен мүлде шендесе алмас еді. Алғашқы ва-
риантта тек баяндау бар, образ жоқ, екіншіде поэтикалық об-
раз бар. Сол сияқты қуатты, қажырлы, күшті деген сөздер
мен қуаты оттай бұрқырау деген фразаның экспрессивтік
колориті (күші, бояуы) бірдей емес.
Поэтикалық жүк арқалауда кез келген тіркес образ жасау
міндетін көтере бермейді. Мысалы, өмір сүру, өмір кешу де-
гендер де – қалыпты тіркестер, бірақ осылар Абайдың өмір
тонын кию, өмірдің өріне шығу деген тіркестерінің эмоциялық
әсеріне, образдылығына теңесе алмайды. Сондықтан Абай
фразеологизмдердің образдылығын дамытқанда, бұрынғы
дайындарын өлең тіліне енгізе салу емес, жаңаларын жасау,
бұрынғыларының мағынасын құбылту сияқты қызмет істеді.
Қазақ әдеби тілі образды фразеологияға бұрыннан да өте
бай болатын. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда
қалыптасып, поэтизмге айналған тұрақты тіркестер қазақ
ақын-жырауларының бірден-бір мықты құралы болып келеді.
Мұны Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлын-
тайдай айқасу, алты бақан ала ауыз болу, малына шылбыр
беру, басқа шауып, төске өрлеу, қарағайды талға жалғау, су
төккісіз жорға тәрізді өте образды фразеологизмдерді Абай
да еркін пайдаланады. Мұндай дағдылы тіркестерді өзге
сөздермен және қосақтап, олардың экспрессивтік бояуын тіпті
қалыңдатып жібереді. Мысалы, іспен емес, құрғақ сөзбен
көрінетін мылжың, берекесіздің образын беруде аузымен орақ
орған деген фразаның өзі өте әсерлі, күшті, осыны Абай ау-
зымен орақ орған өңкей қыртың деп үстемелеп экспрессивтік
өңін одан әрі аша түседі. Әрине, Абай мұндай күллі фраза-
ны өзгертіп, сөз қосып, сөз алып күшейте бермейді, басым
көпшілігін өзгертпей, өз мағынасында қолданады.
502
Жаңа перифрастық тіркестер жасап, оларды тың образдарға
пайдалануды Абай жүйеге айналдырды. Тың образды тір-
кестер ұсыну – Абай поэтикасының аса көрнекті, ерекше
тұсы. Әсіресе, семантикасы жағынан бір-бірімен жанаспайтын
сөздерді тіркестіріп, оларды поэтизмге айналдыруда Абай қазақ
көркем тіліне үлкен жол ашты. Мысалы, Күйлі, күйсіз бәйгеге
Қажыды көңілім көп шауып деген жолдарда көңілдің бәйгеге
шабуы дегеннің өзі – мүлде тың образ, оны тың етіп тұрған –
көңіл деген дерексіз ұғымның бәйгеге шабу деген нақты қимыл
атауымен тіркесуі, ал сол көңілдің бәйгеге бірде күйлі, бірде
күйсіз түсуі – тағы да образды метафора.
Жаңа образ жасайтын немесе айтпақ идеяны күшейтетін
тіркестер құрастыру үшін бір сөзді қазық етіп алу тәсілін Абай
ұсынды. Бұл – Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде
ұшыраспаған құбылыс. Мысалы, Абай сату етістігін қазық
етіп, бұрыннан бар сақалын сату, арын сату дегендердің үстіне
қулық сату, еңбек сату, күлкі сату, құлағын сату, жүзін сату,
өз басын сату, жүрегін ұстап сату, сөз сату деген жаңаларын
қосады. Бұлардың көпшілігі – әсерлі, әсіресе, жағымсыз образ
жасайтын тіркестер.
Сол сияқты күйлеу (мақтан күйлеу, әуейілік күйлеу, күлкі
күйлеу, ойнас күйлеу) сауу ( қулық сауу, адам сауу, еңбек сауу),
бағу ( күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу), табу ( ақыл табу – «ақылды
болу» деген, жаңа мағынада, өнер табу, ғылым табу) сөздерін
қазық етіп жасаған жаңа фразеологизмдер тек сонылығымен
ғана емес, тың образдылығымен құнды. Абай мұндай жаңа
тіркестердің семантикалық ұйытқысы етіп есім сөздерді де
алады. Мысалы, жеке алғанда сирек кездесетін мақтан сөзін
56 рет қолданып мақтанға салыну, мақтанға орналастыру,
мақтан күйлеу, мақтан іздеу, мақтан қуу сияқты тіркестердің
мағыналық тірегі етіп алады.
Абай поэтикасында елеулі орын алатын құбылыстың бірі –
динамизм көрінісі, яғни белгілі бір стильдік мақсатпен образды
етістіктерді жеке де, шоғырлап та жиі қолдану. Бұл динамизм
көбінесе көсемшенің -ып жұрнақты түрімен және етістіктің
Достарыңызбен бөлісу: |