-у+шы+лық аффикстер шоғыры кездеспейді.
-мақ жұрнағы арқылы инфинитив жасалатын оғұз тілдерін-
де бұл тұлға тәуелдік, көптік және ілік септік жалғауларын
қабылдамайды
98
. Ал Абай тілінде бұл тұлга морфологиялық
белгілері жағынан да қазақ тіліне тән -у жұрнақты тұлғаға сино-
нимдес болып келетіндіктен, ол септік, тәуелдік жалғауларын
түгел жалғай береді: Ләкин өз дәулетінен артық киінбегі,
не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым
айналдырмақ – кербездің ісі (II, 174). Қайуан артын, осы күнін
де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тегіс тексермекке тіпті жоқ
(II, 183). Әншейін біреуді ыза қылмақтық, несін дәулет біліп,
қуанады екен (II, 180). Әуелден өзін өзі билеп, азаттықпен
жүрген халық біржолата біреуге бағынбақты ауыр көріпті
(II, 221). Ойын-күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен,
мақтанмен әуре бол да... (II, 216).
Абай прозасында -мақ жұрнағының мақсатты келер шақ
98
А.Н.Кононовтың «Грамматика современного турецкого литературного языка»
(1956) деген кітабының 62-бетін қараңыз.
479
қызметінде қолданылуын аса сирек кездестіреміз (біз 3-4 жер-
де ғана барын таптық): Қалған дүниенің қамын сен жемек пе
едің (II, 167). Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз (II, 207).
Мал мен ғылым кәсіп қылмақпын (II, 207). Сол махаббатпен
[ен] ғаделетке қарай тартпақпыз (II, 219).
Тегі, Абай прозасында -мақ жұрнақты тұлғаның қимыл
есімі ретінде жиі қолданылуы оның осы шақтың бір түрін
білдіретін тұлға ретінде жұмсалуын көлеңкелеп кеткен
тәрізді. Оның үстіне Абай «Сөздерінің» мазмұнының өзі
мақсатты келер шақтағы етістікті онша көп қажет ете қой-
мағанға ұқсайды.
Абай шығармаларында -мақ жұрнақты тұлғаның керек,
тиіс деген сөздермен келген тіркесі көңіл аударады. Аталған
тұлғаның қазіргі -у жұрнағы арқылы жасалатын етістік
түріне мағынасы мен қызметі тұрғысынан синонимдес болып
келетіндігі осы тіркесте айқын сезіледі -мақ немесе -у арқы-
лы жасалған тұлғалардың керек, тиіс сөздерімен тіркесі қи-
мылдың мақсатын білдіріп, орыс тіліндегі етістіктің инфини-
тив формасына жақындайды: Әрнешік білмек керек, жоғарғы
екі түрліден басқа иман жоқ (II, 370). Екінші: ғылымды
үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек ке-
рек (II, 187). Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек
(II, 188). Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?
(II, 192). Кімде-кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын
десе, білмек керек... (II, 190).
-мақ жұрнақты тұлға мен -у жұрнақты тұлғаның керек
сөзімен тіркескенде бірдей мағынаны беретіндігі автордың
өзін екі тұлғаны да бір сөйлемнің ішінде жарыстыра қолдану-
ға итермелеген: Әуелі – иманның ихтихатын махкамлемек
керек, екінші – үйреніп жеткенше осы да болады ғой деп
тоқтамай, үйрене беру керек (II, 169).
Бір көңіл аударатын жай – Абайда керек сөзімен тіркескен
етістік, негізінен, атау тұлғада (барыс септікте емес) тұрады.
Абай прозасында керек сөзінің барыс септігіндігі сөзбсн
тіркескені өте сирек ұшырасады: Әуел – білім-ғылым та-
былса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір
480
қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек (II,
187). Растың бір аты – Хақ, Хақтың бір аты – Алла, бұған
қарсы қаруласқанша, мұны ұғып, ғаделетпен тәптештеуге
керек (II, 206).
Керек деген сөз табиғатында барыс септіктегі қимыл атауын
меңгеруге тиіс. Башқұрт тіліндегі -ырға (-ерге, -орға, -өрге)
жұрнақты түрінде қалыптасқан инфинитив I деген тұлғаға
көңіл аударыңыз. Инфинитивтің бұл түрінің қолданылуы
керек сөзіне тәуелді.
99
Бір қызық факт – қазақ тілі грамматикасы жайында өткен
ғасырда шыққан материалдарда және кейбір сөздіктерде қазақ
тіліндегі тұйық етістік барыс септігі тұлғасында берілген.
Мысалы, Ы.Алтынсарин «Начальное руководство к обу-
чению киргизов русскому языку» деген кітабының (1879)
«Глагол» атты VII тарауында орыс тіліндегі иифинитивті у + ға
тұлғасымен аударып көрсеткен:
оқуға – читать,
жазуға – писать
жаттауға – твердить
жүруге – ходить
тұруға – стоять
100
,
Бұдан да қызығырағы – Алтынсарин орыс етістіктерін
аударған кезде орыс тіліндегі етістіктің инфинитив формасы
үшін -у жұрнақты тұлғаның барыс септіктегі түрін алады да
етістіктен жасалған есім үшін -у жұрнақты сөзді атау күйінде
қалдырады: Абайлап, ойланып қарасаңыз, осы глаголдардың
қайсысы существительноеға, қайсысы прилагательноеға
ұқсас. Ондай сөздердің асыл түбі бір екені рас; қай тілде
де болса, сөзден сөз шығады, қарасаңыз: ақсауға – хромать,
ақсақ – хромой, тігуге – шить, тігу – шитье, жығылуға – па-
дать, жығылу – падение, ішуге – пить, ішу – питье
101
.
Барыс септігінің «инфинитив дүниесіне» бұлайша «килігіп,
кіріп» кетуі, сірә, -мақ жұрнақты (осыдан барып -у жұрнақты)
тұлғаның супиндік (қимылдың мақсаты) мағынасымен байла-
99
Дмитриев Н. К. Грамматика башкирского языка. - М., 1948. - С.172.
100
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1955. - 174-бет.
101
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1955. - 174-бет.
481
нысты болу керек. -мақ жұрнақты тұлғаның супиндік (мақ-
саттық) мәні қазақ тілінде ерекше айқын көрінеді: -мақ аф-
фиксі келер шақтың басқа түркі тілдерінде жоқ бір түрі –
мақсатты келер шақ дегенді жасайды.
Проф. А. Н. Кононов -мақ аффиксіне этимологиялық тал-
дау жасап, оны екі элементтен құралған болар деп топшылай-
ды: -ма – етістіктен есім жасайтын аффикс + <қа//ға – барыс
септігінің аффиксі, бұл соңғы аффикс етістіктен жасалған
есімге супин (мақсат) мағынасын берген болар дейді
102
.
Супин мағынасын берудегі барыс септігінің қызметі рево-
люцияға дейін шыққан қазақ тілі грамматикалары мен сөздік-
терінің авторларын -мақ (кейде -у) жұрнақты тұлғаның барыс
жалғауы тіркелген түрін инфинитив деп тануға итермелегені
байқалады.
О баста -мақ (немесе -у) аффиксті сөздің керек сөзімен
тіркесі алдыңғы тұлғаның барыс септігінде тұруын талап
еткен (бармаққа керек ~ баруға керек), бірақ келе-келе бұл
қасиетін жоғалтып, бірінші сөз нуль керсеткішімен (жалғаусыз)
қалған (бармақ керек ~ бару керек). Біздіңше, бұған екі нәрсе
себеп болған сияқты: біріншіден, -мақ жұрнақты тұлға-
ның жалғыз Абай тілінде емес, жалпы XIX ғасырдың II жар-
тысындағы қазақтың жазба тілінде қимыл атауы (масдар)
ретінде молынан қолданылуы оны оғұз тілдеріндегі (түрік,
әзірбайжан, түрікмен) -мақ аффиксті тұлғаға жақындастырып
жіберген, ал бұл тұлғаның оғұз тілдерінде супин мағынасы
жоғалып кеткен. Екіншіден, шылаулармен, модаль сөздермен
тіркескенде, сөздің септік, тәуелдік жалғаулары түсіріліп
айтылуға, яғни ықшамдала беруіне бет бұрған жалпы тен-
денция да әсер еткен болар. Мысалы: менің үшін > мен үшін,
барғаннан соң > барған соң>барғасын, оның туралы>ол тура-
лы дегендермен салыстырыңыз.
Абайдың «Қара сөздерінің» тілінде -мақ аффиксті тұлға-
ның орын алғандығы былай тұрсын, оның тіпті жиі қолда-
нылғандығын ақынның прозалық тіліне шағатай әдебиетінің
102
Кононов А. Н. Тюркские этимологии // Ученые записки ЛГУ. - 1954. - Вып. 4. -
Серия востоковедческих наук. - С. 276.
482
тигізген әсерінен ғана деп дәлелдеуге және бұл тек Абайдың
«Қара сөздерінің» ғана ерекшелігі деп қарауға болмайды.
-мақ-пен жасалған тұлға Абайдың өлеңдерінде «Қара
сөздеріндегіден» кем ұшырамайды. Абай кейде тұтас өлеңі
бастан-аяқ -мақ, -бақ, -дақ, -пақ және -мек, -бек, -пек ұйқас-
тарына құрады:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайтып келмек,
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқанын бәрі өзгермек.
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.. . (1,26)
Прозасындағы сияқты, өлеңдерінде де Абай -мақ-пен
жасалған тұлғаны қимыл атауы қызметінде жұмсайды, бұл
тұлға қажетіне қарай септік, тәуелдік жалғауларымен түрленіп
отырады:
Күншіліксіз тату бол шын көңілден,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз (I, 38).
Не қылса да надандар алмақты ойлар (І, 266).
Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық (І, 266).
Ең болмаса білмеді сый бермекті (І, 262).
Жай жатпағым
Тыныш таппағым
Күш болып (І, 115).
Ағайынға іс түспек –
Ол бір үлкен қарғыс қой (II, 123).
Мал жияды мақтанын білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке (І, 197).
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде қазақ тілі грамматика-
сы жайында шыққан материалдарда, екі тілдік сөздіктерде
олардың авторлары мен құрастырушылары қазақ тіліндегі
тұйық етістіктің көрсеткіші -мақ жұрнағы деп есептеді, ал
-у жұрнағын көбінесе етістіктен есім жасайтын аффикске
жатқызды
103
. Революцияға дейінгі авторлардың қазақ тіліндегі
103
Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861.
- С. 19-32; Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. -
Кн. I. - СПб, 1875. - С. 138; Грамматика киргизского языка. Фонетика, Этимология и
синтаксис. - Оренбург, 1898. - С.17-18, 67.
483
тұйық етістіктің көрсеткішін -у жұрнағы емес, -мақ жұрнағы
деп табуға бейімдеу болғандарының себебі – ең алдымен,
сол кезде қазақ тілінің сыры әбден сараланып зерттеліп
болмағандығында. Соның салдарынан қазақ грамматикасы-
ның көптеген категориялары басқа түркі тілдерінің факті-
лерімен араласып, шатастырылып берілгені де болды. Мы-
салы,
бұл авторларда III жақтағы етістікке -лар жалғауы
жалғанады (жазадылар, отырлар) деп көрсеткен немесе қазақ
тіліне тән норманың бірі шартты өткен шақтың «жазсадым,
жазсадың, жазсады» болып жіктелген түрі
104
деп жазғандарын
да кездестіреміз.
Дегенмен өткен ғасырдағы қазақ тілін зерттеушілердің
-мақ аффиксін актив тұлға деп тануы себепсіз де емес.
Халықтың ауыз әдебиетінің, өткен ғасырдың II жартысында
қазақ тілінде шыққан газеттер мен басқа да материалдардың,
Абай шығармаларының, ішінара Ыбырай шығармаларының
тілдерін алып қарасақ, сөз етіп отырған тұлғаның қызметі
мен семантикасы жағынан әр алуан құбылып келіп, өте жиі
қолданылғанын көреміз.
-мақ жұрнақты тұлғаны супиндік мағынада эпостық жыр-
лардан таба аламыз:
Назымды малсыз алмаққа
Шалдар да жаман желіккен («Қамбар батыр», 1957, 39-бет).
Ал Тайшыққа жүрмекке
Алпамыс қыран ойлады («Қисса Алпамыш», 1901).
Ойланды елге бармаққа,
Елінен хабар алмаққа («Алпамыс», 1957, 15-бет).
Кейқуат бір диірмен тасты ап келіп Алпамысты өлтірмекке
төбесіне тастап жіберді («Қисса Алпамыш», 1901).
Эпостардың тілінде -мақ жұрнақты тұлғаны супин мағы-
насынсыз да кездестіреміз:
Қаршығадан өзгеге
Жібектен жауап алмағы
Қиын-қыстау іс еді («Қыз Жібек», 1957, 31-бет).
104
Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская.
- Кн. I. - СПб, 1875.
484
Сізді көрсетпекке дүниенің малын алмаспын (Сонда, 23-
бет).
Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда?
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда?
Азар жақсы болса да қайын атамыз,
Айналайын әкемдей болмақ қайда? (В.В.Радлов Образцы...
- Жар-жар. - С.7).
Көптеген мақал-мәтелдерде -мақ жұрнақты тұлға қимыл
есімі мағыасында келеді: Бірге тумақ бар, бірге жүрмек жоқ.
Қашпақ, қумақ ерге сын, Көшпек, қонбақ жерге сын. Бас
болмақ оңай, бастамақ қиын. Баланың тентек болмағы үйінен,
Жігіттің тентек болмағы биінен. Алыспақ бар, атыспақ жоқ.
-мақ жұрнақты тұлғаны ертегілерде кездесстін «алыспақ
керек пе, жұлыспақ керек пе?» деген сияқты қалыптасқан
тіркестерден де табуға болады.
«Дала уалаяты газеті»
105
- мақ аффиксті тұлғаны қимыл
есімі ретінде де, тіпті етістікпен семантикалас зат есім ретінде
де өте жиі қолданған.
«Охота в Туркестанском крае» деген мақаланың аты
«Аң ауламақ Түркстан уалаятында» деп аударылған
106
(15/
ІІІ.1891. №15). Осы мақаланың ішіндегі «охота, охотиться»
деген сөздердің бәрі ауламақ болып берілген: «Және нағыз аң
ауламақты Орта Азиядағы мұсылмандар машық қылмайды».
«Аңшылар өзге шаруадан босаған уақыттарында көп аң
ауламаққа келеді Сырдарияның жағасына» (Сонда).
Әрине, газет өз тәжірибесінде -мақ-қа біткен тұлғаны бұл-
жытпай қолданып отырмайды, оның орнына кейде -мақ +
тық, кейде -у аффикстерін пайдаланып кетеді: «Сол айтыл-
мыш жобалар төменде мағлұм етіладүр әуелі қасқырды қырып
жоғалтмақлық турасынан, екінші болыснай мехкемесін салу
турасынан, үшіншісі қазақ халқының қисаптарына тері илейтін
зауод ашмақлыққа, сол зауодта жас қазақ балалары тері илеуін
үйренмеклікке» (№15, 9/ІУ.1893).
Салыстыру үшін текстің орыс тіліндегі оригиналын
келтірейік: «Вопросы эти следующие: 1) об уничтожении вол-
105
1888-1902 жылдарда Омбы қаласында шығып тұрған жергілікті әкімшілік
органы.
106
Бұл газет орыс тілінде шығып, қазақша аудармасы қатар беріліп отырған.
485
ков, 2) об устройстве зданий для помещений волостных прав-
лений и 3) об устройстве на общественный счет образцовых
кожевенных заводов, на которых подрастающее поколение
киргиз изучало бы кожевенное производство» (Сонда).
Сөйтіп, -мақ-қа біткен тұлға қызметі жағынан айқын диф-
ференциациясы болмаса да, сөз етіп отырған дәуіріміздегі
казақтың жазба әдеби тілінде жиі қолданылып келген.
-мақ жұрнақты тұлға мен - у жұрнақты тұлғаны қолдану-
да Алтын-сарин шығармалары біраз оқшау тұрады. Алтын-
сариннің әңгімелері көркем новеллалар болып келетіні мәлім.
Олардың барлығының да арқауы – азаматтық (діни емес)
тақырыптар. Тек «Лұқпан хакім» деген бір әңгімесінде автор
шығармасының кейіпкері Лұқпанға адам баласының «құдай
тағаланың бұйрығына» сай келетін қылықтары мен істері жай-
ында сөйлетеді. -мақ-қа біткен тұлғаны Алтынсариннің осы
әңгімесінен кездестіреміз: «Құдай тағала адамға әртүрлі дене
берді. Қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін,
аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді есітуге, ақыл берді ойла-
нып, жақсы-жаманды аңғаруға (Алтынсарин Ы. Таңдамалы
шығармалар. - Алматы, 1955. - 98-бет).
Қалған әңгімелерінің бәрінде Алтынсарин -у жұрнақты
тұлғаны қолданады. Бұл арқылы қимылдың супиндік
(мақсаттық) мәнін де білдіреді, ол үшін -у жұрнақты тұлғаны
барыс септігіне қояды немесе үшін шылауымен тіркестіреді:
Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне бір
қолайлы көпір салуға жүріп...» (Алтынсарин Ы. Таңдамалы
шығармалар. - Алматы, 1955. - 98-бет); «Мінеки, достым
Мұратбай, мен екінші класқа шығып, енді бір екі жұмадан соң
елге де қайтуға тұрмын» (96-бет); «Бір үлкен мейрам алдында
әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді»
(78-6.).
Алтынсарин қимыл есімін де -у жұрнағы арқылы жасайды:
«Соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс»
(74-бет); «Бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін» (75-бет);
«Бір еңкеюдің орнына он еңкейдің» (75-бет).
Алтынсариннің -мақ жұрнақты тұлғадан бұлайша бас тар-
туында себептер бар сияқты. Ағартушы-педагог Алтынсарин
486
өзінің хрестоматиясын жазған кезде оны тек мектепте оқыту
мақсатын көздеп қоймай, «Қырғыз хрестоматиясының» қалың
көпшіліктің оқу кітабы болуын көздеген
107
. Осыған орай ав-
тор өз шығармаларының «кәдімгі қазақ тілінде»
108
жазылуын,
яғни қазақ тілінің лексика жағынан да, грамматикасы жағынан
да арабизм, фарсизм, арабизмдерден шұбарланбауын мақсат
еткен. Сондықтан ол өз тұсында кітаби тілде
109
қолданылып
жүрген қазақ тіліне жат жеке сөздерді ғана емес, грамматикалық
тұлғаларды да байқамай отыра алмады. Соңғылардың қатарына
Алтынсарин -мақ аффиксті тұлғаны жатқызғанға ұқсайды.
Сондықтан қимыл атауын да, супинді де, тіпті етістіктен туған
есімді де білдіру үшін Алтынсариннің халық тіліне әлдеқайда
тән -у аффиксін таңдағаны көрінеді.
Сөйтіп, әр алуан қызметте жиі қолданылған -мақ жұрнақты
тұлғаны Абайдың тек прозасының тіліне тән ерекшелік деп
есептеуге болмайды. Қазақтың өте ерте замандардан келе
жатқан фольклорлық мұраларынан және Абаймен тұстас
басқа да жазу үлгілерінен алынған материалдарға қарап, бұл
тұлға қазақтың жалпыхалықтық тіліне жат болмағандығын
дәлелдейміз. -мақ жұрнақты тұлға Абай шығармаларында
қандай мағынада, қай қызметте кездессе, жоғарғы нұсқаларда
да сол мағынада, сол қызметте ұшырасады: ең алдымен, ол
қимыл атауын білдіреді, супиндік, шақтық мәнге де ие болады,
етістіктен жасалған есім де болып келеді. Бұл тұлға қазақтың
қазіргі тіліне де жат емес, бірақ оның атқаратын қызметі едәуір
тарылған: ол қазір көбінесе мақсатты келер шақ формасын жа-
сайды.
Сөз шебері Абай - мақ аффиксті тұлғаның мағынасының кең
диапазонын сезіп, оны жалғыз прозасында емес, өлеңдерінде
де молынан пайдаланған. Егер Абай тану саласындағы
зерттеушілердің кейбіреулері оның «Қара сөздерінде»-мақ-
107
Бейсембиев К. Из истории общественной мысли Казахстана II половины XIX
в. - Алматы, 1957. - С. 150.
108
Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге 1876 жылы жазған хатынан.
109
Бұл жерде біз «кітаби тіл» деп ішінде араб, парсы тілдері мен басқа түркі
тілдерінің сөздері молынан енгізілген, өзге тілдік грамматикалық та элементтері бар,
орфограммасы қазақ тілі нормасына бағындырылмаған, көбінесе діни тақырыпта
жазылған шығармалардың тілін айтып отырмыз.
487
пен жасалған тұлғаның көзге түсетінін ептеп болса да айтып,
бұны кітаби тілдің элементіне (демек, халық тілінен біршама
алшақтанатын элементке) жатқызса, осы тұлғаның Абайдың
өлеңдерінде де аса жиі қолданылатындығы туралы әлі ешкім
ешбір пікір айтқан емес. Айта қалған күнде де ешбір зерттеуші
Абайдың -мақ аффиксті сөзі бар өлеңдерін кітаби тілде жа-
зылды демеген (әрі дей алмаған) болар еді. Халық тілінде бар,
бірақ синонимдес басқа тұлғамен (-у аффиксі) жарысып отыра-
тын -мақ жұрнағын Абай актив қорлардың біріне айналдырған.
Тегі, Абай тілінің морфологиялық ерекшеліктері жөнінде сөз
еткенде, Абай халық тілінен өзге тілде, «Абай тілінде», жаз-
ды деп ешкім де айта алмайды. Оның ерекшелігі – халық
тіліндегі кейбір грамматикалық тұлғаларды әр алуан қызметте
құбылтып, мағыналық сферасын кеңейтіп қолдануында. Мұнда
жалғыз -мақ жұрнақты тұлға емес, -ар, -ар + ға, -ар + лық, -са
жұрнақтарымен жасалған сөздерді де атауға болады.
Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология және
искусствотану сериясы. -1959. - 1-шығ. - 76-84-б.
488
Абайдың прозалық шығармаларындағы кейбір
морфологиялық тұлғалардың сипаты
Қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнан-
баевтың «Қара сөздер» деп аталатын прозалық мұрасы,
негізінен, тіліміздегі публицистикалық, ғылыми баяндау және
көркем проза стильдерінің тұңғыш үлгісіне жатады. Сондықтан
әдеби тіліміздің іргетасы қаланып, әрі қарай қалыптаса түсу
процесінің тарихын зерттеуде Абай шығармаларының тілін
әр алуан тұрғыдан талдаудың мәні өте зор. Бұл мақаламызда
Абайдың «Қара сөздерінің» текстері бойынша оның тіліне
морфологиялық сипаттама беруді көздедік. Мұның өзінде
морфологияға қарасты барлық тұлғаларды түгел алмай, азды-
көпті дәрежеде «ерекшелік»
110
деп атауға болатындарын ғана
талдамақпыз. Ерекшелікке жатқызған элементтеріміздің сыр-
сипаты тағы да біркелкі емес. Олардың бірқатары қазақ тіліне
мүлде тән емес, шеттілдік элементтер екендігімен ерекшелен-
се, енді біреулері әдеби тіліміздің қазіргі даму дәрежесімен
салыстырғандағы айырмашылығымен ерекшеленеді. Бұл
айырмашылық сыртқы тұлға жағынан да, сөздің семантикасы
мен қызметі жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан біз Абай
прозасындағы морфологиялық ерекшеліктерді үш үлкен топқа
бөліп алып талдадық.
Алғашқы топқа қазіргі әдеби тіліміздегі қалыптасқан нор-
малармен салыстырғанда сыртқы тұлғалануы жағынан өзге-
шелеу болып келетін элементтер жатады. Қазірде есімшенің бір
түрін жасайтын -тын/-тін жұрнағы Абай прозасының тілінде
түгелімен -тұғын түрінде келеді
111
: «Жұрттың бәрі біледі
өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір
110
Жеке жазушының тілі мәселесіне келгенде, «ерекшелік» деген терминнің
шартты екендігін, басқа зерттеушілер сияқты біз де мойындаймыз.
111
Абай шығармаларының кітап болып басылуларында текстология жағынан,
әсіресе грамматикалық тұлға-тәсілдерді дұрыс беру жөнінен, әлі де ағаттықтар жоқ
емес. Абай шығармаларының 1954 және 1957 жылдарда шыққан кітаптары мен Абай
мұраларын жазып қалдырған Мүрсейіттің 1905, 1910 жылдардағы көшірме
қолжазбаларын мұқият салыстырып өткенімізде, соңғыларда есімше жұрнағының
ықшамдалған тың түрінің мүлде кездеспейтінін байқадық. Ал кітап болып ең
соңғы басылуының (1957) өзінде оның бірнеше бетінен -тұғын-ның орнына -тын
жұрнағымен берілген есімшені оқимыз.
489
алғанды қайта жібермейтұғынын» (Абай Құнанбаев Шығар-
маларының толық жинағы. - Алматы, 1957. - II том. - 173-
бет)
112
. «Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының
тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?» (II, 169).
Сондай-ақ қазірде жалғаулық шылау мен көмектес септік
көрсеткіші деп аталып жүрген -мен форманты Абай проза-
сында көбінесе менен түрінде келеді: «Ол болыс болғандар
өзі қулық арамдықпенен болыстыққа жеткен соң момынды
қадірлемейді»(ІІ, 160). Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол
демеймін (II, 162).
Қазіргі әдеби тілімізде да (~ де, та, те) варианттарында ак-
тив қолданылатын энклитика Абай «Қара сөздерінің» текстінде
дағы түрінде де кездеседі: «Адам ата-анадан туғанда есті бол-
майды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-
жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады» (II, 175).
Осы күнгі прозамызда, әсіресе қоғамдық-саяси, ғылыми-
публицистикалық стильдерімізде -йық вариантында қалып-
тасқан I жақтық бұйрық райдың көпше түрінің аффиксі Абай-
да дәйім -лық қалпында қолданылады. Бұл оның жалғыз про-
засына ғана емес, өлеңдерінің тіліне де тән (Абайдың кейбір
өлеңдері тұтасымен -лық ұйқасына құрылған: «Бір дәурен
кемді күнге бозбалалық» т.б. өлеңдерін қараңыз).
Абай тіліндегі морфологиялық тұлғалардың мұндай «ерек-
шеліктерінің» себебі неде? Абай қазақтың жазба әдеби тілінің
іргетасын қалағанда, оның арқауы етіп халықтың ауызекі
сөйлеу тілі мен ғасырлар бойы шыңдалып келе жатқан асыл
мұра –– ауыз әдебиеті тілін алды. Сондықтан Абай тіліндегі
бірсыпыра грамматикалық тұлға-тәсілдер сөйлеу тілі мен ауыз
әдебиеті тілінің нормаларымен ұштасып жатты да сыртқы
тұлғалық көріністері жағынан да одан ұзап кетпеді. Жоғарыда
келтірілген тұлғалардың бәрін де ауыз әдебиеті нұсқаларының
тілінен кездестіре аламыз. Әсіресе ірілі-ұсақты фольклорлық
шығармалардың ертеректе басылған варианттарында -тұғын,
Достарыңызбен бөлісу: |