Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Қос өкімет

Түрік,  Ұйғыр  жəне  Қырғыз  қағанаттары  секілді  Найман 

мемлекетінің  де  Орталық  Азияның  ежелгі  феодалдық  саяси 

ұйымына  тəн  ортақ  белгілері  мол  болды.  Сөйте  тұра  Найман 

мемлекетінің өзіне ғана тəн ерекшеліктері бар-ды. 

Найман  ұлысының  ең  жоғарғы  лауазымы – хан  болды.  Де-

ректер XII ғасырдың  аяғынан  бастап  Найман  мемлекетінің 

басындағы хан атағы екі жүйеге: “күшлік” жəне “бұйрық” ла-

уазымдарына  бөлінді.  Жеке-дара  билікке  ие  болған  барлық 

хандардың  алдындағы  қағанаттардың  дəстүріне  атүсті  қарау 

қасиетті  Күшлік  ханға  да  тəн  еді.  Рашид-ад-дин  найман  ха-

нын  “найман  патшасы”  деп  атайды.  Шыңғыс  хан  мен  найман 

арасындағы  жанжалға  дейінгі  арадағы  найман  ханы  Инаншы-

Білге-Бұқа болып саналған. “Инаншы” – сену, илану, “білге” – 

білгіш, дана, ұлы деген ұғымды білдіреді. Рашид-ад-дин Най-

ман мемлекетінің Шыңғыс ханның хандық дəуірінің бастапқы 

кезеңінде  билік  құрған  ағайынды  екі  жігіт  Нарқыш  Таян  мен 

Эниат  ханның  атын  атайды  да,  басқа  бір  тарихи  кезеңнің 

шежіресін еске түсіргендей болады. 

Найман хандары Инаншы-Білге-Бұқа ханнан таратылуы ту-

ралы  мəлімет  шындыққа  жақын  секілді.  Мұндай  ұйғарымның 

мынадай негіздері бар:



Біріншіден,  бір  ұлысты  бір-біріне  тəуелді  “күшлік” 

жəне  “Бұйрық”  лауазымды  екі  хан  билеген  қос  саяси  жүйе 

(орындаушы  жəне заң шығарушы делік) жеке билеуші жүйенің 

құлдырауын аңғартады. Шындығында, XIII ғасырдың басында  

Найман  мемлекетінің  əлсіреуіне  биліктің  екіге  бөлінуі  себеп 

болды. 


Екіншіден,  “инаншы”, “білге”  лауазымдары  Орталық 

Азияның ежелгі тарихы үшін маңызды рөл атқарғанын білеміз. 

Мəселен, көне түрік тас жазбаларында бұл лауазымдар əр түрлі 

мағынада  ұшырасады  да, XIII ғасыр  аясында  мүлдем  жоғала 

бас тайды.  Лауазымның  бір  түрін  “тоғыз  оғыздың”  хан  тағы 

үшін  таласында  Мойыншораның  бақталасы  Тай  Білгенің  аты-

нан  кездестіреміз.  Г.  Рамстедт  осы  Мойыншораның  Күл  Білге 


45

қаған лауазымы үлкен, ұлы əрі “сегіз оғыз” бен “тоғыз татардың” 

жағбысы  дейді.  Мойыншораның  əкесінің  де  Күл  Білге  қаған 

лауазымы  болғанын  білеміз.  Аталмыш  лауазымның  “Бұқа 

хан”  бөлігі  шыққан  тегін  білдіреді.  Рашид-ад-дин  бұл  аттың 

шығу  төркінін  Өгіз  ханның  оғыз  тайпаларындағы  арғы  ата-

бабаларына барып тірелетінін түсіндіреді. “Бұқа хан ұйғырлар 

мен басқа да көптеген тайпалардың сеніміндегі бір ұлы мемле-

кет қайраткерінің аты”. 

Үшіншіден, Рашид-ад-дин 1129 жылдан ертерек пе, əлде де-

ректерде  дəл  көрсетілгендей 840 жылы  ма,  Ұйғыр  мемлекеті 

қырғыздарды  талқандаған  соң  Қырғыз  қағанаты  құлап, 

наймандарға үстемдігін жүргізуін тоқтатқаннан кейін Нарқыш 

Таян мен Эниат ханның найман азаттығын жеңіп алғанын еске 

салады.  Соғыс 1129 жылдан  кеш  болуы  мүмкін  емес,  өйткені 

бұл уақыттан кейін Қырғыз қағанаты əскери-саяси өмір сүруін 

тоқтатқан  болатын.  Бұдан  шығатын  қорытынды,  найман 

хандарының ноқта ағасы Инаншы-Бұқа хан өз балалары Нарқыш 

Таян мен Эниат ханның найман əулетіне билік жүргізген мерзімі 

1129 жылға дейін сүріп, үкімет басында отырған. 

Төртіншіден,  оқшау  басқа  бір  дерек  наймандардың  тəуел-

сіздік  алуына  Инаншы-Білге-Бұқа  ханның  атымен  айқын  бай-

ланыстыратын  жорамал  жасауға  боларлық  тың  ой  тастайды. 

Бұл дерек Инаншы Білге Бұқа ханның өмір сүрген уақытын дəл 

анықтайды. Ол – Антиохияның бірінші крест жорығы болған – 

1098 жыл. Дəл сол Антиохияны франктер алған кезде аты атал-

ған солтүстік елдер Кон-хамның қол астында болып,   соған ғана 

бағынған, – деп жазады саяхатшы Г. Рубрук, – Кон – өз аты, ал 

хам – сəуегей дегенді білдіреді. Ол барлық билеушілерді хам деп 

атайды. Хамдар халықты сəуегейлікпен басқарды. Сол себепті 

түріктердің  франктерге  Кон-хам  корольге  көмек  жібергенін 

Антиохия  тарихынан  білеміз.  Бұл  Кон – қара  қытай  еді.  Қара 

(қытай) – халықтың аты. Бұл қара қытайлар мен айналып өткен 

тауларда тұрған. Бұл таулардың арасында найман атауы  халыққа 

билік жүргізген құдіретті, өзі христиан-несторианға жататын бір 

бақташы-несториан өмір сүрді. Кон-хам өлгеннен кейін ол өзін-

өзі корольмін деп жариялады, несториандар мұны Иоан деп ата-


46

ды. Иоан корольдің атағы жайыла берді, ал мен бақташыларды 

аралап,  сұрастырсам,  ол  туралы  аз  ғана  несторианнан  басқа 

ешкім  де  білмейтін  боп  шықты.  Король  Иоанның  артын-

да қалған мұрагері жоқ”. Егер бір Г. Рубрук келтірген “аз ғана 

несторианға  сенетін  болсақ,  онда  бұл  оқиға  қидандар  Монғол 

далалары  мен  Шығыс  Қазақстанның  солтүстік-батысына  қара 

наймандар  мекендеген  жерге  қидан  əулетінің  негізін  салушы 

Елюей  Амбагай  басып  алғаннан  кейін  жаңадан  құрылған  Ляо 

(Темір) империясының тағына Дагуань отырған 924–947 жыл-

дар аралығында орын алған болып шығады. Шындығына кел-

генде,  қидандардың  билігін  мойындағаннан  кейін,  наймандар 

көп кешікпей жартылай егемендігін алды. Осы оқиға жөнінде 

Инаншы-Білге-Бұқа ханнан кейін билік еткен Нарқыш Таян мен 

Таян  ханның  есімдері  олардың  шендік  дəрежесін  білдіретінін 

айта кету керек” (“Таян” қытайша – “да – ван”, да – ұлы, ван – 

кінəз). 

Рашид-ад-диннен қосымша мынадай деректерді табуға бола-

ды. “Қорыта айтқанда, Инаншы-Білге-Бұқа хан құрметті үкімет 

басшысы  болды,  оның  ұлдары  бар  еді.  Оның  үлкен  ұлының 

шын  аты  Бай-Бұқа  болатын.  Ұлы  хан  Инаншы-Білге-Бұқа  хан 

мен  Эниат  ханның  терезелерін  тең  етеміз  деулері  “Инаншы” 

мен “эниат” сөздерінің үндестігіне негізделген. 

Тарихтан  аты  белгілі  Инаншы-Білге-Бұқа  ханды  Найман 

мемлекетін аяғынан тік тұрғызған алғашқы хан деп тануымыз 

керек. Сөйте тұра, Мойыншораға қарсы “сегіз оғыз” бен “тоғыз 

татар” күресін бастап, сол тайпалар одағының жағбысы болған 

Тай-Білге-Тұтықтың қызметін ұмытпағанымыз жөн. А. Н. Берн-

штам Тай-Білге-Тұтықты 757 жылы ұйғырлар өлтірген атақты 

бүлікші Ань-Лу-шанмен қатар қояды. 

XII  ғасырдың  басына  қарай  Найман  мемлекетіндегі  дара 

билік  əлсірей  бастағаны  байқалады.  Ұлысты  екі  хан  билейтін 

дəстүр  қалыптасады.  Оның  біріне  найманша  күшлік  (күшті), 

яғни  күшті,  құдіретті  деген  найманша  атаумен  жəне  қытайша 

“да + ван”  деген  атпен  жоғары  дəрежелі  маңызы  бар  билік 

берілсе,  екіншісіне  тағы  да  найманша,  дəлірек  айтқанда,  көне 

түрікше  “бұйрық”  деген  лауазым – орындау  құқығы  берілді. 


47

“бұйрық”  лауазымы  көне  түрік  жазбаларында  кездеседі.  Бұл 

атау  Рашид-ад-дин  “Жылнамалар  жинағында”  татар,  керей, 

тікін  тайпаларының  ел  басшыларына  да  осындай  лауазым 

берілгені жазылғанын айтады. Ұйғыр мемлекетінің уəзірі Мэй-

ду  Ду-ду-бирун  (Бұйрық-Тұтық)  деп  аталады.  Бұйрық – түрік 

сөзі,  ол  қазіргі  түрік  тілдерінде  өзінің  ескі  мағынасына  орай 

“бұйрық  беру”  деген  ұғымды  білдіреді.  Бұл  сөз  монғолдарға 

белгісіз,  ал  қазіргі  монғолдың  бұйр  (маңыздылық)  сөзінің 

түрікше  “бұйрық”  сөзімен  ешқандай  тектік  байланысы  жоқ. 

Орыс зерттеушісі Г.  И. Михайлованың мағынасы екі түрлі бұл 

сөздердің  сыртқы  ұқсастығына  қарап, “Бұйрықтың”  монғол 

сөзінен шыққан деп өзінше пайымдаған жорамалын əуесқойлық 

деңгейде  ғана  қабылдауға  болады.  П.  Мелиоранскийдің 

пікірінше, “бұйрық”, “бұйрық  қылған  адам” – “басқарушы” 

сөзінің мағынасын береді. Ханға бағынышты жекелеген əскери 

топтардың  бастықтарын,  кейде  құпия  тапсырмаларды  орын-

дайтын ханның өкілдері мен сарай маңындағы жандарды осы-

лай атаған. А. Н. Бернштамның шамалауынша, бұйрықтар көне 

түрік  қоғамында  дербес  қазы,  би  қызметін  атқарды.  Расында, 

“бұйрық” сөзі Күлтегіннің қызметіне арналған руна текстінің екі 

жерінде (Үлкен Жазуда) ұшырасады жəне екеуі де толық билігі 

бар  адамды  көрсетеді: “Олар  (яғни,  Бұмын  қаған  мен  Ісметі 

қаған.  –  С.  А.)  ақылгөй  қағандар  болды,  олар  ержүрек  қаған 

болды  жəне  олардың  басшысы  мен  халқы  тура  (яғни,  қағанға 

сенімді .  –  С. А.)  болды.  Сондықтан  олар  тайпалар  одағын  (өз 

билігінде) соншалықты (ұзақ уақыт) ұстап тұрды, сотты дүниеге 

əкелді”.  Текст  əрі  қарай  қағандармен  қатар  бұйрықтардың 

түріктерді  өлтіргенін  айыптайды: “Кішілер  үлкендердің  ісіне 

араласпайтыны  сияқты,  ұлдары  əкелерінің  ісіне  араласпайды, 

егер патша тағына ақылсыз қағандар отырса, қорқақ қағандар 

отырды деп ойлау керек жəне олардың “бұйырған” қағандары 

да  ақылсыз,  қорқақ  болған”.  А. Н.  Бернштам  бұл  екі  үзіндінің 

негізінде  “бұйрықтардың  бірінші  кезекте  ақыл-санасы  есепке 

алынады,  олардан  турашылдық  талап  етіледі,  шындығында – 

солар арқылы (бұйрықтар арқылы. – С. А.) халықтың қағанға де-

ген көзқарасы байқалады, əйтпесе қаған бұйрықтар арқылы сот 


48

жасап, шындықты айтқызған”, – деп қорытынды жасайды. Бұл 

қорытындыға  таласпай-ақ,  бұйрықтардың  сот  жұмысын  ғана 

емес, мемлекет ішіндегі оның толық орындаушылық бөлігін де 

игергенін қосып айтқымыз келеді. Бұйрықтар қағанның əмірін 

орындауға  тікелей  қатысы  бар  бас  уəзір  тəрізді. “Жоғарыдан 

көк  аспан  мен  төмендегі  қара  жер  жаралғанда,  осы  екеуінің 

арасында  адам  баласы  жаратылды.  Адам  ұлдарының  үстінде 

менің (яғни, Күлтегіннің. – С. А.) ата-бабаларым Бұмын қаған 

мен Ісметі қаған отырды. Патшалықта отырып, олар тайпалар 

одағын құрып, түрік халқы орналастыруға қолғабыс етті”. 

Демек,  түріктердің  мемлекеттік  аппаратындағы  бұйрық  ин-

ституты  қаған  институтымен  бірлікте  болған  құбылыс  деп 

пайымдаудың орны бар деп қорытындылаймыз. 

Бұйрықтардан  ілгері  қаған  тобына  жататын  жағбы  мен 

шад  бекзадалар  мен  жаулап  алынған  тайпалардың  өкілдері 

мемлекеттің  сыртқы  саясатына  орай  орын  алды.  Сондықтан 

да оларды тудырған себептердің жойылуына байланысты олар 

да  заңды  түрде  сахнадан  кетіп  отырды.  Бұл  лауазымдар  төрт 

ғасырға  жуық  үстемдік  еткен  империялардың  салған  жарасы-

нан  толық  жазылып  үлгермеген  жас  Найман  мемлекетінің  ти-

тулатурасында (лауазымдық атаулар) кездеспейді. Бұлар үлкен 

қанды жорықтарға қатыса алмады, өзінің жақын қоңсыларымен, 

мəселен, керейлермен, қырғыздармен шайқасудан аса алмады. 

Мұндай  қақтығыстардың  маңызы  халықаралық  деңгейде  бол-

мады. Ал, “бұйрық “ лауазымының мемлекеттік үлкен өкілеттігі 

болды, оның қызметі кеңінен насихатталып отырды. 

Найман қоғамында “бұйрық “ қызметінің елеулі өзгерістерге 

ұшырағанын да атап өткеніміз жөн. Найманға қатысты дерек тер  

“бұйрықтың”  да  заңды  дара  билеуші  құдіреті  болғанын  аңға  -

рамыз. Мəселен, Күшлік ханның жеке билігіне қатысты кей бір 

белгілер оның өкілеттігінің аса мəртебелі болғандығын бай қа -

тады. Алайда, бұл баяғы дара хандық биліктің əлсіреуінен болуы  

да кəдік. Аса ауыр саяси жағдайда билік тегін анықтау қиын. 

Найман əлеуметінде орталық билікті күшейтуге бағытталған 

əр түрлі əрекеттер жасалғаны да мəлім. Сондай бір əрекеттердің 

ізі – көптеген ғалымдар арасында дау туғызған “Төрлік” атауы. 


49

“Төрлік” – тақтың мұрагерлік заңдылығын белгілейтін саяси-

əлеуметтік  категория  деп  шамалаймыз.  Демек,  біз  өзімізден 

бұрынғы зерттеушілердің ешқайсысымен де келісе алмаймыз. 

Мəселен, С. Мураяма “төрлікті” жалқау деп аударады. Егер 

осы  аударманы  дұрыс  деп  тапқан  болса,  онда  Таян  ханның

1

 

əкесінің  Инаншы-Білге-Бұқа  ханның  ұлына  айтқан  өсиетінің 



мəні  былай  болып  шығады: “Менің  əйелім  жас.  Осы  Таянды 

құдай үшін туған екенбіз. Бұл бала қандай жалқау болып туды? 

Менің  құзырымдағы  төмен  де  ақымақ  адамдарды  мықтап 

ұстап,  олардың  қамын  жей  алатындай  жағдайы  бола  ма  екен 

оның?”  Енді  Таян  ханның  шешесі,  наймандардың  асыл  анасы 

Гүрбесі-қатынның  сөзіне  құлақ  асалық: “Сен  менің  ханым, 

жалқау Таян, сен қатты еркелеп кеттің. Құс атып, аң аулағаннан 

басқа уайымың да, еш нəрсеге ебің де жоқ”. Əскер басы Көксау-

Сабырақтың  ханның  тікелей  өзіне  айтқаны: “Сіз  өте  асқақ 

сөйлейсіз.  Ей,  жалқау  хан,  тартынып  сөйлеу  керек.  Осылай 

сөйлеу жараса ма екен?” Байқап қарасақ, “төрлік” сөзі ханмен 

арада болған əңгімелерде əр түрлі мағынада қолданылады. 

Бұл  жағдайда  Таян  ханға  қойылып, “төрлік”  деген  лақап 

ат  оның  адамгершілік  кейпін  сипаттайтын  жалпы  есім  деп 

қарайтындай негіз жоқ екен. 

Гүрбесі-қатын аналық хұқын желеу етіп, Таян ханды жалқау 

(ұқыпсыз,  салақ)  деп  атасын-ақ  делік,  ал  əскер  басы  Көксау-

Сабырақтың онсыз да шамшыл Таян ханды “жалқау” деп атауы  

қандай этикалық қалыпқа сыймақ? Найманның үкімет басшы -

лары  сол  қоғамдағы  бүкіл  игілікті  өз  иелігім  деп  жариялады. 

Сондық тан қолбасының өз ханына қатынасы реттелмеуі мүмкін 

емес. Көксау-Сабырақ ханына назар аударғанда, əдепсіз сөйлеуі 

қалай? Қайта, керісінше, алдияр ханымен тіл қатысқанда, өзінің 

оған  деген  жанқиярлығын  білдіруі  лазым.  Ханға  қарап,  оны 

“жалқау” деуі жүгенсіздік болар. 

Наймандар  көші-қонды  жеке-дара  адамдардың  жиынтығы 

əлде  болмаса  тобыр  емес.  Əр  түрлі  деректегі  мəліметтер 

1

  Таян  хан – кейбір  деректер  бойынша  наймандардың  екінші  ханы, 



Инаншы-Білге-Бұқа ханның ұлы.

50

наймандар дың бұрынғы өткен тарихтың үлкен тəжірибесі мен 

əлеуметтік жүйесіне, тұрмыстық-философиялық концепциясы-

на арқа сүйеген күрделі саяси-əлеуметтік қондырмалы қоғамы 

болды. Олардың қолбасыларының бір кəсіптік этикасының бол-

мауы мүмкін емес. 

Осындай  жəйттер  С.  Мураяманың  аудармасын  жоққа 

шығарады. Наймандардың шымылдық артында белгісіз жатқан 

саяси  тарихының  кейбір  детальдарын  реттеуде  көмектесетін 

осы сөздің өз түсіндірмесін дəлелдеуге тырысайық. 

Біздің пікірімізше, “Алтын топшыдағы” “төрлік” сөзі “төр” 

түбірінен  жəне  “лік”  жалғауынан  тұрады  (мəселен,  күш+лік, 

қар+лық, жар+лық, т. б.). Төр түбірінің мағынасы: 1) құрметті 

орын; 2) заңдылық, заң; 3) “Тора” – оң сөз – Европа  халықтарының 

тарихында ертедегі Европа заңдылығы, заң кітабы, бес кітаптан 

“Ветхий  завет”,  осыдан 1) кінəз  шешімі,  кінəз  өкіметі,  үкімді 

билік; 2) мырза, бекзада. 

“Төр” мен “лік” жалғауы қосылған төрлік сөзінің көне түріктік 

мағынасы: 1) заң тəртібін білетін адам; 2) заңды əділ ұстанушы. 

Бартольдтің  сөздігінде  де  осылай  Ж.  Баласағұнидің  “Құтадғу 

білігінде”  кездесетін  біздің  əңгіме  қып  отырған  сөзіміз  бен 

оның  мағынасы XIII ғ. (1210 ж.)  жазылған  “Құпия  шежіреде” 

кездесетінін  айта  кеткіміз  келеді.  Бұл  сөздің  қытайша  транс-

крипциясы (ту + ли) кінəз дегенді білдіреді. 

Егер “төрлік” сөзін біз айтқан мағынаның бірінде түсінсек, 

анасы  мен  Көксау-Сабырақтың  Таян  ханға  айтқандарында  еш 

логикалық қайшылық жоқ екенін көреміз. Сөйтіп, “төрлік” бірін -

ші  мағынасында  құрмет  пен  сый,  тағы  бір  мағынасында  Таян 

ханның  таққа  деген  заңды  мұрагерлігін  білдірмек.  Несториан  

жəне  манихей  келеңдерінің  (монахтарының)  жəрдемімен 

“төрлік” ұғымы наймандар арасына оңай сіңіп кетті делік. Ал 

бұған  көне  Европалық  діни  “тора”  ұғымының  қатысы  қанша? 

Ол да христиан дінін таратушылардың қызметіне байланысты.  

Дəл осы кезде наймандар мен керейлер арасында христиан діні-

нің  кең  қанат  жая  бастағаны  мəлім.  Манихейлік  түрік  тілдес 

халықтардың  арасында  осыдан  сəл  ертерек  тарай  бастағанын 

білеміз. 


51

Демек, Шыңғыстың ұрпағын қазақтардың төре деп құрмет теуі 

тегін емес. Мұның шын мағынасы – “алтын ұрық” (алтын  ру) 

(“ақсүйек”, айнымас нағыз хан тұқымы), ауыспалы мағына сын-

да – мырза, тақсыр болды. Сөйте тұра, бұл сөз көне түрікше – 

заңдылық,  заң.  Күлтегін  ескерткішінде  “заң  орнату”  де ген 

мағынаны білдіретін тора сөзіне тектік жағынан да жақын екен. 

Осындай  байланыс  хақында  академик  Б.  Я.  Владимирцов: 

“Шыңғыс  хан  əулеті  ұлыстардың  үстінен  билік  жүргізу  үшін 

монғол тəртібі бойынша ағайындар кеңесінде өзара ақылдасып, 

араларынан тақтың мұрагері етіп, бүкіл империяны билеп тұра 

алатын  бір  адамды  император  етіп  сайлайды.  Əулеттің  ер-

кек  кіндіктілері  өздерін  ұлыстың  мұрагер  ханзадасымыз  деп 

есептейді. Бұл құқық иелері жошы тілінде “төре” деп аталып, 

“заңды  мұрагер  мырза”  дегенді  білдіреді.  Монғол  əлеуметіне 

сай  дүние  найман  мемлекетінде  неге  болмасқа?  Біздіңше,  қос 

негізбен  ұйымдастырылған  Найман  мемлекетінің  ішкі  саяси 

қарым-қатынасының ерекшелігінен бастау алса керек. Найман-

дар да көне түрік тайпаларының “қаған” жəне “бұйрық” атты қос 

негізге жіктелген саяси принципін өздеріне мирас етуі мүмкін. 

Ғұн қоғамының алғашында да билеуші əулетті екі одаққа бөліп, 

əрі қарай үштік жүйеге ауысқанын білеміз. Асылы, қос негізді 

жүйе адамдық тұрмыстың алғашқы сатыларына тəн некесіз (эк-

зогамды) қауымдық құрылысқа сай келеді. 

Наймандардың  “қос  өкіметтік”  жүйесі  мемлекеттің  əр 

қанатының  бірінің  ісін  бірі  бақылауынан  дамыған  құбылыс 

болды.  Мұны  Рашид-ад-дин  былайша  сипаттайды: “Олардың 

(наймандардың. –  С.  А.)  ерте  замандағы  (астын  біз  сыздық. – 



С. А.)  патшаларының  аты  “Күшлік  хан”  немесе  “Бұйрық  хан” 

болды.   “Күшлік  хан”  сөзінің  мағынасы – “күшті”  жəне  “ұлы 

мемлекет  қайраткері”... “Бұйрықтың мағынасы – бұйрық беруші. 

Соған  қарамастан,  олардың  əрқайсысының  өз  əке-шешелері 

қойған  басқаша  өз  аттары  да  бар”.  Бұл  дерек  үстемдік  етуші 

əулеттің əлеуметтік жағдайы мен мəртебесін көрсететін белгілі 

əлеуметтік құбылыстың орын алғандығын аңғартады. 

Найман  қоғамының  бүкіл  рухани  жəне  саяси  дүниесі 

“күшлік хан” лауазымын алған адам назарында болды. Кең аяда 


52

халықаралық  байланысқа  түспеген  найман  əлеуметінің  ішкі 

қажеттілігін  өтеу  үшін  бұл  лауазым  қажет  болғанға  ұқсайды. 

Наймандардың екілік саяси жүйесі жəне осы жүйеден шыққан 

“бұйрық”  хан  жүйесіне  қарсы,  ал  “күшлік”  хан  жүйесіне 

тұрақты  идеялық  қолдау  жасау  қажеттілігіне  сай  ұлыстың 

шартты  екі  мемлекеттік  жүйеге  бөлінгені  қазіргі  ұрпақ  үшін 

түсінікті-ақ  жайт.  Қазіргі  демократиялық  Қазақстанды  құруда 

“үш үкіметтік” жүйенің мəнін бұрын да іздестіргенге ұқсаймыз. 

Əділ жүйені таптық деу ағаттық болар, бірақ ізденімпаздыққа 

не жетсін! Қазақ халқының болашағы тарихпен сабақтасады. 

“Күшлік  хан”  жүйесіне  ағартушылық-мəдени  болмыспен  

қатар  рухани  байлықты  таратушы  қызметі  тиген  секілді. 

“Күшлік аталуының басқа да бір себебі бар дейді. Бұл тайпаның 

кейбір қайраткерлері жындар мен жындардың сүтін сауып, ай-

ран  ұйытып,  құрт  жасады,  адамдарды  қатар  билеп  тұрды,  бек 

құдіретті болды, қымыз ашытып ішті”, – деп түсіндіреді тарихи 

деректер. Осыған қарағанда, өткен ғасырлардағы наймандардың 

“күшлік” лауазымды мемлекет қайраткерлері жоғары абыздық 

(бақсылық) қызмет атқарғанға да ұқсайды. Бұл құбылыс өте ер-

теде орын алған деп кесіп айту да қиын. Бірақ хатқа түскен кез-

де  мұның  тек  жұрнағы  ғана  қалған  секілді.  Рашид-ад-диннің 

жазуына зер салалық: (“Күшлік хан жын шақырғанда”) əмірлер 

“Бұл  күнə!” – деп  ескерту  жасады.  Патша  (бұл)  істі  тоқтатып 

тастады. Бұл (аңыз) əңгіме түрінде”. Бұл жағдай Таян хан мен 

оның  айналасындағылардың  абыздығына  байланысты  басқа 

фактілерге  қатысты  тең  сенімді  дəрежеде: “Оң  хан  Шыңғыс 

ханмен соңғы рет шайқасқанда, ол соққыға түсіп қашып кетті: 

Некүн-Үсіп  жерінде  Таян  ханның  əмірлері  Кəрі-Сүбеші  мен 

Тін-Шал Оң ханды ұстап алды, олардың (оған деген) ескі кегі 

бар болатын, оны өлтіріп, басын кесіп Таянға алып келді, Хан 

бұған риза болмай, əмірлерді жазалауға бұйрық беріп: “Мұндай 

ұлы да жасы келген қайраткерді неге өлтірдіңдер? Тірі əкелсе 

болмас  па  еді?” – деді.  Оң  ханның  басын  күміспен  қаптауға 

бұйрық  берді;  біраз  уақыт  оны  сəн-салтанат  пен  құрмет  үшін 

өз тағының үстіне қойып ұстады... Сөйтіп, бір күні Таян хан Оң 

ханның басына: “Бірдеңе деші!” деді. Бас солай жатып, бірнеше 


53

рет тілін шығарған көрінеді. Таян ханның əмірлері: “Бұл – жа-

ман  ырымның  белгісі.  Ол  өлім  өзіміз  бен  патшалығымыздың 

түбіне жетпесе не қылсын!”, – деді. 

Мұндай салт ғұндардың, массагеттер мен скифтердің арасын-

да жиі кездесетінін Геродоттан байқаймыз: “скиф жауынгерлері 

олармен  (парсылармен. –  С.  А.)  соғыста  өлгендердің  басын 

патшаға сыйға тартады. Жауының басын əкелген адам қазынадан 

өз  үлесін  алады  екен,  əкелмесе,  олжадан  құр  алақан  қалады 

екен.  Дұшпандарының  (бəрінің  емес,  тек  ең  жауыздарының) 

бас тары мен   олар  осылай  “ойнайтын”.  Бас  сүйекті  қасқа  дейін 

арамен кесіп алып, əбден тазалайды. Кедей байғұс бас сүйекті 

тек  сырты нан   иленбеген  өгіз  терісімен  қаптайды  да,  сол 

қалпында пайдалана береді. Ал байлар əуелі бас сүйекті сырты-

нан иленбеген  өгіз терісімен қаптап, содан кейін ішінен алтын 

жалатып, ыдыс орнына қолданған. Құрметті қонақтары келген-

де үй иесі олардың алдына бас сүйектерді қойып, бұған олардың 

жау болып, соңында өзі солардың түбіне жеткенін айтып оты -

ратын”.  Геродоттың  мəліметінше,  исседондарда  да  осындай 

болған екен... Өлген адамның бас терісін сыпырып алып, ішін 

əбден  тазалайды.  Содан  кейін  алтын  жалатып,  қасиетті  тұмар 

ретінде сақтап, соған табынады. Бұл тұмарға жыл сайын өте көп 

адамды əкеп, құрбандыққа шалатын. 

Қытай  деректерінде  ғұн  патшасы  Маодунның  баласы 

Лаошань  б. д. д. 174 жылы ертедегі Қазақстанның юэчжилерін 

қырып  тастап,  олардың  басшыларының  бас  сүйегінен  сусын  

ішетін  ыдыс  жасағанын  айтады.  Мұндай  көнеден  жеткен 

деректерді ерте жəне орта ғасырдағы көшпелілердің, сондай-ақ, 

ХІІ–ХІІІ ғасырлардағы найман əлеуметінің этнографиялық хал-

ахуалын деректеуде елемеуге бола қоймас. 

Найман  мемлекеті  айтақырға  аспаннан  түсе  қалмағаны  мə-

лім. Оның тамыры Қазақстан топырағында. Ол ең алдымен өте 

ер те дегі көшпелілердің өзіне тəн қондырмасымен бірге дамыды, 

алдыңғы буынның көшпелі өмір жүйесін негіз етті. Сол негіздің 

ішінде қолбасшыларға, көсемдерге мінəжат ету салты жетекші 

орын  алды.  Мемлекет  басында  жергілікті  өмірдің  идеялық 

өрістеуі дүниеге Күшлік ханның басқару жүйесін тудырды. 


54

Күшлік ханның саяси өмірі оның отбасынан басталады. “Ал-

тын топшы” бойынша шығыстан шапқыншылық төнген шақта 

өзекті мəселелер Таян хан Бай-Бұқаның ордасында талқыланып 

шешілді. Ан-Насавидің дерегі бойынша, Таян ханның найман-

ша лауазымы қытайша “Ай-Уаң” деп аталса да, “күшлік” болып 

қала берді. 

“Күшлік”  атағы  “ағайынның  үлкені”  деген  ұғым  бермейді. 

В.  Бартольдтің  бағалауынша,  Рашид-ад-диннің  шығармасы – 

Орталық  Азия  халықтарының  тарихи  энциклопедиясы.  Сол 

энциклопедия  наймандардың  тақ  мұрагерлігі  туралы  мына-

дай  дерек  береді: “Найманның  Бұйрық  хан  деген  (Таян  хан-

нан басқа.  –  С. А.) ұлы болды. Əкесі өлген соң ағайынды екеуі 

əкесінің жақсы көрген тоқалына таласты: олар жауласып, ажы-

расып кетті. Бірқатар əмірлер мен сарбаздар үлкеніне жақтасса, 

тағы  біреулері  кішісін  қолдады.  Сондықтан,  ру  тағына  Таян 

хан отырды. Оның иелігіне жазық жерлер тиді де, Бұйрық хан 

жоғарыда айтқан таулы жерлерді иемденді”. 

Найман ханының отбасындағы дау-жанжалдың дəстүрлік си-

паты жоқ емес. Данышпан əке тақ үшін талас болатынын күні 

бұрын  білді: “Əкесі  тірі  кезінде-ақ  олардың  бір-біріне  деген 

өшпенділігі  мен  бірін-бірі  жақтырмауы  оларды  алда  не  күтіп 

тұрғандай белгі берді. Таян хан тіпті біраз күнге өз орнын бер-

се де, оған Бұйрық хан келіспейді – бұл маған белгілі. Бұйрық 

жарты етін кесіп алса да, орнынан қозғалмайтын сабырлы еді”. 

Найман  ұлысын  басқа  бір  тайпалармен  одақтастыра  отырып, 

бір орталыққа бағынған феодалдық монархияға біріктіру үшін 

Инаныш-Білге-Бұқа ханның саяси бағытының құрдымға кеткені 

де  айқын  аңғарылады.  Ағайынды  екі  жігіт  арасындағы  талас 

өршіген сайын Шыңғыс ханның бағы дəуірлей түседі. Рашид-

ад-дин бұған өз бағасын берді. “Аса данышпан Инаныш-Білге-

Бұқа хан айтып кеткендей, ақыр аяғында солай болды”. 

Осылайша, Бұйрық ханның билігі Күшлік ханның бақылауын-

да  болды.  Биліктің  екіге  бөлінуі  өткеннің  жұрнағындай  адам-

зат тарихының ең көне сатысына барып тірелуі тегін емес. Най-

ман  қоғамын  басқару  аясындағы  саяси-əлеуметтік  тарихтың 

дамуында  екілік  жүйе  шешуші  орын  алды.  Атам  заманғы 


55

қатынастардың  өте  күшті  сарқыншақтары  бар  Найман 

мемлекеті толыққанды экономикалық сипатқа ие бола алмайды. 

Əлеуметтік қайшылықтар ерекше мəнге ие болады, кейбіреулері 

рулық қатынастардың сыртында қалып қояды, сондықтан Най-

ман  ұлысындағы  күрес  Күшлік  пен  Бұйрық  отбасыларының 

арасындағы іштей шиеленіскен дау-жанжалдан көрінеді. 

Бұл  шиеленістің  өткір  болғаны  соншалық,  жаулықты  соза 

түсу  ниетімен  істелген  жауыздықтың  кейде  кез  келген  түрі, 

тіпті болмаса ұсақ-түйек оқиғалар да кездесіп қалатын. Жылна-

маларда ағайындылар арасындағы жаулықтың басталу себебін 

былайша түсіндіреді: “Шыңғыс хан дəуірінде найманның мем-

лекет  басшылары  Нарқыш  Таян  мен  Эниат  хан  болды.  Олар 

қырғыз  тайпасын  жеңгеннен  кейін  Эниат  хан  ағасы  Нарқыш 

Таянның алдына келген де жоқ, сыйлық та берген жоқ. Нарқыш 

оны (өзіне) шақырып алды да, басынан құшақтады; айрылысар-

да Нарқыш Таян: “Бізде сыйлық беретін ешкім жоқ сияқты, əлде 

менің сендерді (көргім) келмей ме, қалай?” дейді. 

Шиеленіс  хан  рухының  босағасымен  шектелмейді.  Осы 

шиеленістің  шарықтау  кезеңінде  жер  де,  мал  жайылымда-

ры да, мал шаруашылығы да, əскер де бөлінді. Бөліну екі дау 

болып,  араздық  туғызды.  Күшлік  ханға  қолайлы  жазық  жер-

лер  тиді  де,  Бұйрық  хан  егіншілік  пен  мал  шаруашылығына 

қолайсыз жерлерді еншіледі. Найман атаулыға билік жүргізген, 

Г. Рубруктың сөзімен айтқанда, “құдіретті бақташының” тұрған 

жерін  суреттей  отырып,  Таян  ханның  бұрынғы  ұлысы  тура-

лы əңгімелейді. Бірақ мəлімет-деректер Шыңғыс ханның қолы 

əрқайсысын  бөлек-бөлек  талқандағаннан  кейін  бұл  бөлінудің 

мəнінің жойылып, ұлыстың əр бөлігі өз бетінше қалай тіршілік 

етіп жатқаны жайлы сыр ашпайды. Рашид-ад-дин наймандардың 

жаз жайлауы мен қыс қыстауын анықтап, жерді қалай пайдала-

натыны жайлы жазып, Машақаттың себебін ашады. 

Таян хан ұлысты біріктіріп, бір орталыққа бағынатын мем-

лекет  құру  жолында  тер  төккені  мəлім.  Ұлыстың  ыдырауы-

на  байланысты  бірлікке  шақырған  ресми  үндеулер  де  болған 

жоқ. “Бұйрық хан мен Таян хан – Эниат ханның ұлдары. Таян 



56

хан  (ең  соңғы  рет)  інісінен  бөлініп  кеткен  кезде,  Бұйрықтың 

көшінің  Таян  ханның  көшіне  жақын  жүргені  соншалық,  Таян 

ханның киіз үйінен жоғары тұрған киіз үйдің жүгінің түйелерге 

артылып  тұрғанын  көрді.  Мұны  көрген  Таян  хан: “Мен  де 

ел  басшысымын,  егер  Бұйрық  осы  жерге  тоқтаса,  ол  біздің 

қонақжайлылығымызды  аяққа  баспас,  ал  келмесе  өзі  білсін! 

Оларды қонақ қылуға біз дайындалдық, олар кетіп қалған соң, 

біз  өзімізге  өзіміз  қонақ  болдық”, – дейді.  Осы  ерулік  той-

да  Құба-тегін  жырау: “Сіздер  мынаны  ойлаңыздар:  Эниат  хан 

мен Нарқыш Таян бірге болған кезде, олар найман ұлысының 

кез  келген  адамын – əмір;  əйелін – ханым  еткен  жоқ,  бала  да 

көп туылған жоқ. Сіз екеуіңіз өгіз бен сиырдың мүйізіндей бір 

жұп  едіңіздер.  Ағайынды  екі  жігіт,  екеуіңіз  де  алауызсыздар, 

теңіздей толқып, тарыдай шашылған халқыңызды кімге тапсы-

расыздар?” – деп жырмен батырып айтады. 

Құба-тегін  жырау  бұрынғы  өткен  наймандардың  ерлігін 

жырлай отырып, қайтадан бабаларының батырлық жəне саяси 

жолын ұстап, бір жұп болуға үндейді. Түбегейлі саяси дағдарыс 

алдында  Таян  хан  найман  Бұқарасынан  қол  үзіп  бара  жатқан 

өзінің  тентек  інісін  ақылға  шақырады.  Жырау  Эниат  хан  мен 

Нарқыш  Таян  тағлымын  найман  тарихының  “алтын  ғасыры” 

деп  бейнелейді.  Осы  оқиғадан  соң  Эниат  хан  мен  Нарқыш 

Таян  арасындағы  араздықтар  бір  сəт  ұмытылып  та  кетеді, 

тіпті  “бірін-бірі  көрмей  кеткен”  ағайынды  екі  жігіттің  аражігі 

жоғала  бастайды.  Жылнамашы  осы  оқиғаларды  ел  аузынан 

өлең  үлгісінде  жазып  алған  секілді.  Таян  хан  мұны  естігенде, 

қызарып кетті де айтты: “Бұйрыққа айтыңдар: біз қателесіппіз. 

Біз  жеткенше,  ыңғайлы  жерде  тоссын.  Ал  алдымыздан  шыға 

ма,  шықпай  ма – оны  өзі  білсін”.  Бұйрықтың  жауабы: “Мы-

надай  мақал  бар: “Ұлықтыққа  қолы  жеткен  адамның  ақылы 

аз  болады”,  ал  қайырымдылық  табылмайды.  Амандық  болса, 

көрісерміз!” Осыны айтып, көшінің басын кері бұрды. Таян хан 

мен Бұйрық хан осылайша ағайындылыққа келді, олардың ара-

сында ешқандай келісім болған жоқ – алайда келісімді өмірдің 

өзі жасады”. 



57

Жоғарыда айтылған Таян ханның “Мен де ел басшысымын” 

деген сөзінде бауырына деген ықыласы мен өкпе-назы ғана емес, 

ағалы-інілі адамдардың қоғамдағы алатын орнын да байқатады. 

Таян ханның ұлының хан болуы екіталай. Таян ханның сөзі інісі 

Бұйрықтың саяси орнының өзінен жоғары екендігін мойындай-

тынын айғақтайды. 

Осының  бəрі – ХІІ–ХІІІ  ғғ.  аралығындағы  найман  мемле-

кетіндегі сапалық өзгерістердің айғағы. Ескіше басқару үлгілері, 

“қос өкіметтік жүйе” өзін-өзі құртып бітірді. “Қос өкімет” жаңа 

талаптарға,  Шыңғыс  хан  діттеген  өзгерістерге  сай  болмады. 

Сөйте  тұра,  Азия  төскейінде  басқарудың  жаңаша  түрлері  де 

қалыптасып болған жоқ еді. Ескі мен жаңаның күресі Эниат хан 

мен Нарқыш Таян арасындағы жəне Таян хан мен Бұйрық хан 

арасындағы қақтығыстардың тууына себепші болды.  

Бұл құбылыс өзінің даму жемісін берер ме еді, қайтер еді, кім 

білсін?! Бірақ Шыңғыс ханның шабуылы Найман мемлекетінің 

өзіндік дамуын тежеп тастады. Барлық назар монғолдарға ауды. 

Көшпелі наймандардың қос өкімет жүйесі сөйтіп тарихи аңыз-

əңгімелер  жүйесінде  қалды  да,  Рашид-ад-диннің  “Жылнама-

лар жинағы” жəне басқадай қазақ наймандары да күні бүгінге 

дейін өздерінің тегін ағайынды екі атадан бастайды. Мəселен, 

Кет-Бұқа мен Кел-Бұқа Ел-Атадан тарайды. Ел-Ата – ұлыстың 

немесе мемлекеттің атасы дегенді қайталап жату артық болар. 

Бір-біріне  қарсы  кел,  кет  компоненттері  олардың  неке-

ден  тыс  (экзогамды)  құрылымдық  табиғатын  аңғартады. XIII 

ғасырдағы  наймандардың  қоғамдық-саяси  құрылымының 

сарқыншағын  қазақ  этносының  қалыптасуына  мəйек  болған 

қазіргі  наймандардың  шежіресінен  танып-білеміз.  Ел-Ата  да-

нышпан  Инаншы-Білге-Бұқа  хан  болмағанмен,  сол  төңіректен 

дəм  татқан  десек,  аса  жаңыла  қоймаспыз.  Наймандардан 

шыққан қазақтарда өз аталарын жұптап тарату дəстүрі басым. 

Мəселен, Ел-Ата – Сүгірші; Кел-Бұқа – Кет-Бұқа; Сарыжомарт – 

Терістаңбалы; Балталы – Бағаналы; Ақтана – Ақтаз; Мəмбет – 

Рысқұл;  Шеге – Алушы;  Мардан – Бегіс;  Мейрам – Айрам; 

Байторы – Ерторы; Меңлібай – Төбет; Тоқан – Тоғыз; Шеруші – 

Дəулет; Тон – Шуэ жəне т. б. 


58

Балталы – Бағаналы  шежіресінде  олардың  Қазақстанның 

шығысынан Орталық Қазақстанға қоныс аударғаны туралы та-

рихи мəліметтер молдап кездеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет