Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Найманның рулық шежіресі

Қазақ  шежіресі  басынан  өткізген  тарихи  уақиғалардың 

бірде  бірін  есіне  сақтамаған.  Шыңғыс  ханнан XIII ғасырда 

жеңілгеннен кейін найман жұрты Орталық Азияның əр өлкесін 



104

паналап күн кешеді. Мемлекеттік дербестігінен айрылған халық 

біреуден  жеңіледі,  біреуді  жеңеді,  басқаларға  қызмет  етеді, 

əйтеуір  жан  сақтайды,  тарихи  процестен  тыс  та  қалмайды, 

монғол əскерлерімен біріге отырып, Европа мен Азияның басқа 

өңірлерін  жаулауға  атсалысады.  Біраз  бөлігі  сол  жаулап  алған 

жерлерге сіңіп кетеді, бірақ өзінің “найман” деген көне атауын, 

этникалық бірлігін, рулық тұтастығын еш жоғалтпайды. Тіршілік 

заңына көніп, аман қалады, бүгінгі күнге жетеді. Кезінде Шыңғыс 

ханнан  жеңілгендігін  ұзына  ғасырлар  бойы  наймандардың 

əлеуметтік-этникалық рулық санасы іште сақтады. Жауға деген 

зығыр мен жұдырық түюлі тұрды. ХVІІ–ХVІІІ ғасырларда най-

ман  батырлары  Қара  Керей  Қабанбай  мен  Көкжарлы  Көкжал 

Барақтардың  суырылып  алға  шыққаны  сондықтан  ба  деп  ой-

лайды  жаралы  жүрек.  Монғолдың  “Алтын  топшысында” 

кездесетін найман ардагерлерінің атау лары  Жетітулық, Көксау 

Сабырақ пен қазақ наймандары шежіресіндегі Қытай, Қара Ке-

рей,  Қарауыл-Жасақ  секілді  есімдердің  семантикалық  бірлігі 

осындай ойға қалдырады. Олар туралы жоғарыда айтылды. 

Тарихшылар  найманның  жалпы  саны  туралы  əр  түрлі 

пікірлер айтады. Мысалы, белгілі ғалым Мұхамеджан Тыныш-

баев XIX  ғасырдың  аяқ  кезіне  орай  мөлшермен 830 000 деп 

топшылаған еді. 

Шығысқазақстандық  Сейілхан  Нұрғазыұлы  мен  Бошай 

Кітапбайұлының  Тоқтамыс  ханнан  бері  қолдан  қолға  таралып 

келе  жатқан  ауызекі  шежіресі  бойынша  найман  тайпасы  “бір 

тұқымнан” – Найман  шалдан  тарайды.  Тайпалық  мифология 

96-ға келген ақсақалға дулат елінен шыққан Ақсұлу кербездің 

сіңлісіне (кейін барлық найман алдында бас иіп “Есті ене” атаған) 

үйлендіріп, сонан Тоқпан деген болашақ күйеуін – Белгібайды 

табады-мыс.  Мұнан  біз  көне  хұндар  мен  түріктердің  ортақ 

этногенетикалық мифологиясының ұшқынын байқаймыз. Осы 

Белгібай “Тоғыз таңбалы найманның” атасы саналады. Бұндай 

этникалық мифологияның астарында не жатыр, белгісіз. Əр ай-

тушы шежірені өз білгенінше, қалауына, талғамына, естігеніне 


105

орай  таратады.  Бірақ  негізгі  сұлбасы  ортақ.  Желісі  гомогенді, 

“бір ұрықтан” болып шығады. Шежіреде субъективтік пікір ба-

сым тұрады. Кез келген шежіре осынысымен қымбат, осынысы-

мен “тəтті”. 

Ауызекі шежіреге сын айту қиын, əрине. Шежіре бұл жағынан 

халық  шығармашылығының,  жалпы  фольклордың  бір  жанры 

десе де болғандай. Əрине, оның өз ерекшеліктері бар. Шежіре 

“тұқымдық”,  аталық  идеологияны  қатаң  сақтайды  жəне  осы 

негізде түзіледі. Оның атқаратын ең басты əлеуметтік қызметі 

де – осы. Болмыста кездесе беретін кездейсоқтық шежіреде бол-

майды, өйткені шежіре арнайы жасалған тарихи-идеологиялық 

құрал, “аталық тізім”, ол кейбір тарихи уақиғалардың өзін еске-

ре  бермейді,  оларды  “түзетіп”  отырады.  Тірі  адамды  “үлкен” 

қылып  тұлғаландырып  жатады.  Бұл – шежіренің  тағлымдық, 

педагогикалық,  тəрбиелік  мəні.  Найман  шежіресі  де  осындай. 

Атаны  қадірлейді,  оған  “тіл  тигізбейді”,  аруақты  пір  тұтады, 

жалпы қазақы санамен тұтасып жатады. Біз де аруақтар алдын-

да бас иеміз. 

Сондықтан  шежірелік  сананың  қазақ  əлеуметінде  алатын 

орны биік тұрады, сонан кейін барып тарихи деректі уақиғалар 

орын алады. Аруақтарға деген ілтифат, құрмет қазақ шежіресінің 

басты  сипаты.  Бұл  найман  шежіресі  ғана  емес,  жалпы  қазақ 

шежіресіне ортақ қасиет. 

Қазақ шежіресі – аталар тізімі дедік. Қытайдың иероглифтік 

отбасылық  генеалогиялық  тізбесінен  қазақ  шежіресінің  бір 

кемшілігі  мұнда  атаның  өмірі  туралы  ешбір  қосымша  дерек, 

əлде  хронологиялық  мəлімет  көрсетілмейді.  Қазақ  шежіресі 

аталық жүйенің қырағы сақшысы, туыстық қатынастарды “ата 

жолымен” реттейді, некелік қатынастарды “тəртіпке” келтіреді. 

Əйелдерді  көптеген  қосалқы, “керек  емес”  қызметтен  бо-

сатады,  тек  ұрпақ  жалғастыру  функциясымен  айналысуға 

мүмкіндік  тудырады.  Шежіренің  сайып  келгендегі  мақсаты – 

ұлт генефонының шалыс некелік қатынастардан туатын ұрпақ 

əлсіздігінен,  эндогамиялық  некеден  сақтандыру  болып  та-


106

былады.  Бұл  тек  қазақ  халқына  тəн  қасиет,  қазақтың  басқа 

нəсілдерден артықшылығы да, кемшілігі де осы болар. 

Кітапта  Жарылғап  Бейсенбайұлы  түзген  “Найман  шежіре-

сінен” үзінді ұсынып отырмыз. 

Біз, қазақ, қайдан шықтық?

Назар аудармаймыз ба, əлде құлақ еті үйреніп кеткендіктен бе, 

қайдам, білмедім, ұзына ғасырлар аясында бізді бөгде жұрттар 

əр түрлі атаған екен. Қарасақ: қыпшақ та, қайсақ та атаныппыз. 

Кейбір сұғанақ ауыз өз атымызды өзімізге қимай, “қырғыз” де-

генде де жалт қараппыз-ау! “Жартылай” көшпелісі де, “толық” 

көшпелісі де, кейінгі тұста “коммунизм орнатушы” да, “екінші 

тың игеруші” де біз екенбіз. “Шопаным”, “кенже інім” дегенге 

мəз болып, қожайынның қойнына кіріп, қолтығын иіскеген де 

екенбіз. Құлағын кескен құлдай, не деп атаса да көне беріппіз. 

Бұл бұрын білінбейтін, енді тəуелсіздік ұраны құлағымызға ша-

лына жастарымыз тарихтың сарғыш тартқан парақтарына ден 

қойды. Бұған да тəуба! Ел болатын ердің бірінші сипаты осын-

дай  болмақ.  Ең  əуелі  еліміз  бен  жеріміздің  шынайы  тарихын 

оқып-біліп,  кемсіту,  сол  арқылы  ұлтты  төмендету  нышанына 

жол бермеу парыз-ақ. 

Əр түрлі халықтардың аты мұқабасына түскен əйдік кітаптар 

бар.  Мəселен,  ондай  тарихи-этнографиялық  жинақтар  “Фран-

цуздар”, “Ағылшындар”, “Араптар”, “Орыстар” деп атала береді. 

“Қырғыздар”, “Тəжіктер”, “Өзбектер”  деген  жинақтардың 

шыққанына 20–30 жыл  болды.  Сол  кітаптардан  аты  аталған 

ұлттардың  тарихы,  мəдениеті,  адами  тегі,  мемлекеті,  тілі  мен 

діні,  əлеуметтік-саяси  жай-күйі  туралы  кез  келген  оқырман 

толық  энциклопедиялық  мəлімет  ала  алады.  Жетпісінші 

жылдардың  аяғында  сондай  кітапты  Қазақстан  ғалымдары  да 

шығармақ болған еді. Алайда, Ұлттық Ғылым Академиясының 

Ш.  Уəлиханов  атындағы  тарих,  археология  жəне  этнография 

институты  партия  бюросының  “қырағылығының”  салдары-



107

нан дайын кітап шықпай қалды. Бұл жолы əсіре коммунистер 

қазаққа  керек  игілікке  көлденең  тұра  қалатын  мінезіне  салып 

бақты.  Іші  толған  қазақтың  сау  денесіне  жаңадан  жабысқан 

“советтік  социалистік  ұлттық  тағдырын”  дəріптеуге  арналуы-

на  қарамай,  кітап  құрдымға  кетті.  Қолжазбаның  сыртындағы 

“Қазақтар”  деген  бір  ауыз  сөз  ақбас  академиктерді  үркітіп, 

зəре-құтын  қашырады.  Осындай  қырағылыққа  қарамай, 1986 

жылдың  желтоқсанының  ызғарлы  бұрқасыны  маңдайымызды 

қарып  өтті.  Желтоқсан  уақиғасы  əлемдік  деңгейдегі  құбылыс. 

Оның  тарам-тарам  тамыры  үш  жүз  жылдық  отаршылдық 

індет пен сол індетке қарсы күресу тəжірибесінен қуат алады. 

Уақиғаның  дүниеге  келуі  қазақтар  туралы  жинақтың  шыққан, 

шықпағанына  қарамайды,  əрине.  Ол  қазақ  тағдырына  де-

ген  кеуіл  таршылығынан, “қорқа,  қорқа  батыр  болудан”  туған 

оқиға, қазақ жастарын желтоқсан тумай жатып, желтоқсанмен 

қорқытатын  саясаттың  жемісі.  Келмеске  кетті  деп,  мəз  болып 

жүрген  большевиктік  дəуірде  қазақтың  өзін-өзі  тануы  тұрғай, 

қазақ атанудан шошығандар да болды. 

Түбінде  Желтоқсан  дүбірін  сезсе  де  қызыл  комиссарлар 

халықты  желтоқсан  болардай  етіп  ұстағанына  тіл  тағдыры 

да,  дін  тағдыры  да  айқын.  Өйткені  қожайын  əрдайым  құл-

құтанның мешеу болғанын, шыққан тегін, меншікті парасатын, 

тілі мен дінін білмегенін, мақау болғанын қалайды. “Өзінің құл 

екенін танып білген құл – құл емес” деген ат жетегінде тұрады. 

Сондықтан да “таным – зор күш” дейді екен жаңа, капиталистік 

қоғамның жаршысы аталған ағылшын ойшылы Ф. Бэконс. 

Көп  жылдар  жүргізілген  осындай  арнайы  саясаттың  салда-

рынан өзімізді өзіміз танудан қалдық. Сағынып көрісетін дар-

хан  қазақ  баласының  арасына  жік  түсті,  кінəратшыл,  кекшіл 

мінез  бітті,  кісілігімізді  емес,  кигенімізді,  мінгенімізді,  ішкен-

жегенімізді мақтан тұттық. Арада достасудан гөрі араздық оты 

даяр.  Бұрын  ата  тергеп,  туыстық  дəнекер  іздесек,  қазірде  жөн 

сұраса келе ажырасып қалатын болдық, ата жарыстыру дегенді 

шығарып, он миллион қазақты “үш жүзге” дейін кеміттік. Бірде 

“бір қабатты үйде тұратындар” мен “көп қабатты үйде тұратын 



108

қазақтардың”  ұйымдасып,  бір-біріне  шоқпар  ала  жүгіргенін 

естіп, тосырқағаным бар, енді бірде темір жолдың “ар жағы” мен 

“бер  жағы”  болып  жұлқыласқанына  тап  болғаным  рас.  Мұны 

басқа біреу айтса сенбес едім. Сұрастыра келсем, темір жолдың 

екі жағы да бір атаның балалары екен. Біріктіруші періштеден 

гөрі ажыратқыш шайтанның күшті болғанына таңым бар. Шай-

таннан  періште  озады  дейтін  еді,  кері  болғаны  қалай?  Бұл  да 

біздің еңбегіміздің еш, тұзымыздың сор болғандығының белгісі. 

Расында  осы  біз,  қазақ,  кімбіз?  Қайдан  шықтық,  рухани 

тегіміз  қайдан?  Қайда  бара  жатырмыз?  Өзіміздің  өзімізге  де-

ген көзқарасымыз қандай дəрежеде? Ала-құла болып божырап 

бара жатқанымызға не себеп? Қандай едік? Бұл кітабымыз осы 

сұрақтарға толық жауап бере алмағанмен, ел назарына салдық. 

Қазақ – Еуразия  далаларының  əр  тілдес  нəсілі  де  əр  текті 

тарихи-этникалық қауымдастықтарын өз бойына сіңірген көне 

халық.  Антропологиялық  тегі  жағынан  халқымыз  жергілікті 

мұңғылдық нəсілмен қатар шығыс Европалық жəне үнді-иран 

элементтерінен  тұратын  оңтүстік-сібір  бұтағының  негізгі  то-

бына жатады. Қазақтың дене бітімінің мықты, сүйегінің берік, 

ғұмыры  ұзақ  та  төзімді  келетіні – оның  осы  көпқұрамдылық 

тегінен.  Кеңес  генералдары  Тайсойған  мен  Семейден  поли-

гон  ашқанда  қазақтың  тіршілік  сипатын,  ортаазиялық  табиғи 

төзімділігін  біліп  барып  істегендей  болып  көрінеді  маған. 

Есептерінен жаңылмаған екен. Үш жүз жылдық орыс тепкісінен 

аман  қалғанымыз  да  осыдан  болар.  Мың  жылдық  монғол 

езгісінің  сабақтары  қазақты  азаттыққа  мəңгі  үйретті.  Азаттық 

үшін күрес осынысымен қымбат. “Азған қазды топтанған қарға 

алады” деген мақал бар. Бірлік болса, тірлік болады. Онда қырда 

қалмақ, ойда орыс төрден орын береді. 

Ұлтымыздың  тамыр  тегі  тереңнен  тартса,  мəдениеті  мен 

рухы  онан  да  тұңғиықтан,  бес  мың  жылдық  атты  көшпелі 

өркениетінен  қуат  алады.  Оған  найман  тайпаларының  ХІ–

ХІІІ  ғғ. тарихы айғақ. 

Демек,  халқымыздың  бітім  болмысы  мыңдаған  жылдар  ая-

сында екшелеген күрделі игіліктер негізінде өз топырағымызда 



109

қалыптасқан  төл  құбылыс  екен.  Қазақ  халқын  Еуразия 

тарихының  барлық  дəуірлерде  жасалған  күллі  тарихи  мəдени 

игіліктердің  заңды  мирасқоры  деп  қабылдауға  болғандықтан, 

оның мəдениет тарихын “қазақ” атауының тарихи жазбаларда 

пайда  болуынан  бастағанымыз  өзімізді-өзіміз  табанасты  ету-

мен  тең.  Ұлт  тарихы  бай,  бірақ  соны  тани  білу,  бағалау,  оны 

тəуелсіздіктің  кəдесіне  жарату  жағы,  шынын  айту  керек,  мар-

дымсыз. 

ХІ–ХІІІ ғғ. найман тайпалары түрік тілінде сөйлегені талас 

тудырмайды. Қазақ тілі түрік тілі əулетінің қыпшақ тобына жа-

татынын білгенімізбен, сол тілдің халқымыздың көне тарих тан 

мирас еткен киелі дəулеті, ары мен ожданы екенін көп жағдай-

да,  əсіресе,  тілді  қорғауға  келгенде  жадымыздан  шығарып 

аламыз.  Қазақ  тілі  қазақ  үшін  байланыс  құралы  қызметімен 

шектелмейді.  Ол – халқымыздың  рухани  компедиумы  мен 

ауызекі энциклопедиясы, мəдени, ғылыми жəне ағарту ошағы. 

Отаршылдар орыс тан дыру  саясатын тілімізге бұғаулық салудан 

бастағаны тегін емес. 

Қазақ  тілінде  қазақ  халқының  көзқарасы,  кісілігі  мен  пара-

саты,  саяси  мұраттары  мен  қоғамдық  көкейкесті  арман-тілегі, 

əлеуметтік  жəне  тарихи  жиған-тергені  сіңген.  Демек,  қазақ 

халқы  өзінің  тіліне  деген  көзқарасы  арқылы  не  əлемдегі  кісі 

сыйларлық  ұлттар  қатарынан  табылып,  шарықтап  аспанға 

шығады,  не  басқа  жұрттардан  қалып,  жер  болады,  қайтадан 

“малды жақсы бағушы” халыққа айналады. XXI ғасыр – қазақ 

баласы үшін сын ғасыры, сынақ ғасыры. 

Қазақ  баласы  ана  тілінде  тек  сөйлеп  қана  қоймаған:  тілі 

арқылы  дүниені  көрген,  естіп  білген,  бағалаған,  өз  орнын 

өлшеген,  тапқан  əлде  таба  алмаған.  Тілі  арқылы  өлі  дүниені 

жамыратқан,  сөйлескен  қозғалысқа  түсірген.  Қазақ  тілі – 

қазақтың өзі де, көзі де, жүрегі де, құлағы да, басқа ұлт өкілінен 

жасырып айтар паролі де. 

ХІ–ХІІІ ғғ. найман тайпалары туралы мəліметтерден дəстүрлі 

қазақы сана тіл арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды жан-

дандырып отырғанын, сондықтан ошақ маңында балтамен отын 



110

жаруға,  от  пен  суға  түкіруге,  дəрет  сындыруға,  ластауға,  өсіп 

тұрған ағашты кесуге, көкті басуға, гүлді үзуге, тіпті пышақпен 

нан  турауға  тыйым  салғанын  аңғарамыз.  Өйткені: “жаман  бо-

лады!” Тарихта мұнан озық халықтық экологиялық мəдени зер-

де дүниенің басқа бөлігінде бар ма екен, сірə? Бұл – адамзатты 

адамзат қылып тəрбиелеген көне түсінік. Əр құбылыс адамның 

сезім  мүшелеріне  əсер  ету  қасиетімен  қатар  оның  адамға 

беймəлім “ішкі тынысы”, “құпиясы” бар болып есептелген. Де-

мек, зат – зат қана емес, өзіндік сыры бар құбылыс, əлем, басқа 

бір заттың “өкілі”, “баламасы”. Оның мəн-мағынасын көруге не 

санамен танып-білуге болмайды. Уақыт та əлемдік құбылыстың 

бір  тұлғасы.  Ол  бір-біріне  байланыспайтын  дара  үш  бөліктен 

тұратын болып саналған. “Өткен”, “бүгін” жəне “болашақ” дер-

бес бөліктері. 

Сөйтіп,  найман  тайпалары  туралы  тарих  беттерінен  көне 

Қазақстан  аясында,  Орталық  Азияның  мыңдаған  жылдарға 

созылған  тарихында  болашақ  қазақ  қоғамының  негізі,  оның 

нысани-адамгершілік  салауаттары,  материалдық  жəне  руха-

ни  мəдениетінің  іргетасы  қалана  бастаған  екен.  Бұл  дəулет 

ортағасырлық Қазақстанның көшпелі ел-жұртының “қазақ” де-

ген  атау  төңірегінде  топтасып,  осыған  дейінгі  мəдени,  рухани 

жəне əлеуметтік процестердің де саяси байыздануының белгісі 

де болды. 

“Қазақ”  деген  атау  тарихи  деректемелерде  “қыпшақ”, 

“маңғыт”, “ноғай” деген дəстүрлі этнонимдерді ысырып тастап, 

неге екені белгісіз, бірден орнығады. Бұл жайт атаудың өзі емес, 

атауға арқау болған рухани-мəдени салауаттардың хатқа түспес 

бұрын  тіршілік  белгісі  ретінде  көп  уақыт  тұрақты  қолдануда 

жүргенін  аңғарады. “Қазақ”  атауы  (мұның  ішінде  орыстың  да 

“казак” атты жігі жүр; атау жағынан қазақ пен казак туыс) ту-

ралы  ғалымдар  тарих  бетіне  түскен  барлық  деректемелерді 

тергеуге  алып  болды. “Касог”, “хазар”, “қазақ”  секілді  өздері 

сұранып  тұрған  атаулар,  атамалар,  этнонимдер,  терминдер, 

ұғымдар жан-жақты сараланып та, бағаланып та болды. Гректің 

“скифі”,  арабтың  “құзағы”,  түріктің  “қазағы”  бір  мағыналас – 



111

“көшпелі” дегенді білдіреді. “Қазақ” сөзінің түп-төркінін басқа 

өңірден  емес,  өзіміздің  өмір-тіршілігімізден  іздегеніміз  абзал. 

Қазіргі  Түркияда  көшпелі  түріктерді  “йоруқ” (жорық,  көшу) 

дейді. Қалай болғанда да, ат қойғыш атамыз өз атын да тауып 

қойған екен. Сөйте тұра, атаудың шынайы мəн-мағынасын тың 

деректемелердің жəрдемінсіз түсіндіру қиын. 

Шежіре,  ауызекі  аңыз-əңгімелер  халқымыздың  түп  атасын 

“Қазақ” есімді атаға тірейді. Бірақ бізге мəлім тарихи деректер 

мұндай баба тұлғалы адамның есімін білмейді. Егер шежіреге 

сенсек, мұнан 20 буын бұрын (XIV ғасыр) қазақ халқының саны 

30–50 адамнан тұрған болып көрінеді. Ұлы жүзден – бес-алты, 

орта жүзден – алтау, кіші жүзден – жиырма бір еркек кіндікті 

адам болып шығады. Ата арқылы XIV ғасырдың қазағының са-

нын алсақ, мұнан артпайды. Демек, шежірені тарихтың бірден-

бір  қайнар  бұлағына  жатқызу  ағаттық.  Сондықтан  шежірелік 

санаға абай болған жөн. 

Атаның  түп-тамырын  “ақ  қаздан”  тарату  күнделікті  күйбең 

сананың  деңгейінен  аспаса, “қас-сақ” (“шынайы  сақ”)  деп 

түсіндіру  мəселені  тіпті  дүдəмалдандырып  жібереді. “Сақ” 

этнонимі біздің жыл санауымыздың бастапқы кезеңінде-ақ та-

рихи қайнар бұлақтардан қалыс жатты. Ал ұмыт қалған атаудың 

араға бір жарым мың жыл салып, XV ғасырда қайта оралуына 

илану  қиын.  Сөйте  тұра, “қазақ”  деген  ат  тағдыр  қалауы  бой-

ынша  халқымыздың  төл  есіміне,  мемлекеті  мен  атамекенінің 

атауына  айналды.  Ендігі  жерде  қазақ  баласы  дұрыс  аталған 

ұлттық  есіміне  мойын  бұрып,  бұзылып  аталған  есімдерге 

жалпаңдағанын  кілт  доғарды,  бұзылған  атамаларға  намыста-

натын  болды,  ұлт  атауын  ұлттық  игіліктің  ту  басына  қойды. 

Əрине, өзін-өзі қастерлеу осындайдан басталады. 

Қазақ халқының табиғаты оның өзінің ұлттық сипатына, ру-

хани бітіміне деген көзқарасын ғана емес, ата-бабасына деген 

сезімін  де  сараламай  толық  ашылмайды.  Алыс  сапарлардан 

сағынып елге оралғанда өскен өлкеміздің жерін күмбезіне қарап 

танитынымыз  бар.  Күмбез – халықтардың  ата-бабасына  деген 

ыстық  ықыласының  тасқа  айналған  мəңгілік  айғағы,  қазақы 



112

фəлсафияттың  қалған  көп  тармақтарының  бірі.  Бұрынғының 

қазағы аман-сəлемді күмбезге қарап, аят қайтарудан бастайтын 

еді. Бірақ қазірде сол күмбездердің өзара топтанып, оқшауланып, 

жіктеліп тұрғанын аңғара бермейміз. Көптеген қазақ ауылында 

қоршалған молалар бірнешеу: ата қанша – сонша. 

Қазақ  халқы  шамамен  ара  саны  бірдей  үш  жүзден  тұрады. 

Араларында өздерінің ұлттық сана-сезімі қазақпен тұтасып кет-

кен төрелер (“ақсүйек” Шыңғыс хан əулеті), қожалар (дін тара-

тушы арабтан шыққан) жəне құрама шалақазақтар (өзбек, татар, 

башқұрт, қырғыз тектілер) бар. Бұл қазақ халқының этникалық 

түзілісінің  өте  күрделі  сипатта  өткендігінің  дəлелі.  Кейінгілер 

өздерін қазақ санағанмен, жүзге қоспайды. 

“Жүз”  дегенге  қаншама  қазақы  тұқымдық-генетикалық  си-

пат бергенімізбен, онда аталық негіз жоқ, аттыкөшпенділердің 

əскери  құрылымынан  шыққан  құбылыс.  Мəселен,  ғұндармен 

скифтердің  үш  құрамдас  болғанын  білеміз. “Жүз”  сөзінің 

мəні  “жақ”, “бөлік”, “фланг”,  соғыс  ұғымы,  Əз-Тəуке  ханның 

құрылымынан қалған сарқыншақ. Жүзде генетикалық тұқымдық 

сипаттың  болмауының  тағы  бір  дəлелі:  бір  ата  мен  екінші 

атаның есімдері үш жүздің құрамында мидай араласып жатуы. 

Жалайыр, Қаракесек, Қоңырат, Тарақты, Дулат, Қатаған, Керей, 

Найман секілді этникалық топтар тек қазақтың ғана емес, татар, 

башқұрт, өзбек, қырғыз құрамында да бар. Тағы бір дəлел: ата 

есімдерінің  біразы  таңба  атауына  сай: “бағаналы”, “ошақты”, 

“ойық”, “ысты”... Найман тарихы – осының бір дəлелі. 

Жүздің  пайда  болғанына 500 жылдай  болса,  жүзшілдік 

дерттің қайта шыққаны күні кеше. “Елемеген дерт жаман” дейді 

қазақ.  Кейбір  жандар  атаға  табынғанды  қазақтың  түбегейлі 

“артықшылығы” санап, аты-жөніне қосақтап, “съездер” өткізіп, 

“президенттерін”  сайлап  жүргенін  баспасөзден  оқимыз. 

“Атаның  баласы – досың”  деген  данышпанның  сөзіне  құлақ 

аспай жатырмыз. Осының артында бір апат барын сезген Абай 

неге айтпасын?! Жүзге бөлінгендердің жүзі күймек түгіл, бетіңе 

күле қарап, дегенін істейді, мемлекет жүйесі, шаруашылық, ме-

кеме,  сауда  орны  рулық  бөлініске  түсті.  Аудандық,  ауылдық 



113

деңгейде машина, қызмет, лауазым басшылардың жекжаттары-

нан  артылмайды. “Сорлы  қазақ  сол  үшін  алты  бақан  алауыз”. 

Бұлардың  қолын  қаққан  ешкім  байқалмайды.  Жекешелендіру 

науқаны  бұған  дейінгі  болмашы  қолбайлаудың  баршасына 

еркіндік берді. Өздерінше білдіртпегенсиді. Қазақты бүйтіп ал-

даймын  деген  жанның  не  дені  сау  емес,  не  қазақ  емес.  Қазақ 

баласы  өзінің  халқына  тəн  рухтың  барлығын  іштей  оқып  туа-

ды. Əз-Тəуке қалың қазақ қолын жүзге бөлгенде елге жік салып, 

қазақты бірімен-бірін қырқыстырмақ ниеті болмағаны белгілі. 

Мұны  қазақтың  елі  мен  жерін  жаудан  құтқарудың,  елді  аман 

алып  қалудың  амалы  ретінде  жасады.  Ал,  бұл  енді  үдей  келе 

ұлт бірлігіне кеселін тигізбей қоймас, сірə. 

Кейбір  зиялысымақтар  тарихи  ізденістерінде  өз  атасының 

есімін мадақтау үшін тер төгіп, мұрағат ақтарып жүргені кімді 

болса  да  алаңдатпай  қоймайды.  Аты  ұқсаса  болды,  тарихи 

хронологияда  шаруасы  жоқ.  ІІІыңғысхан  мен  Ақсақ  Темірдің 

жасағанын  да,  жасамағанын  да  өз  ата-бабасының  басына  төге 

береді. Қолдан түзген жасанды жылнамалар деген шықты. Оған 

сендіремін деп саптыаяққа ас құйып, сабын сүйретіп тағы біреуі 

жүреді. “Соқыр  тауыққа  бəрі  бидай”  десе  керек-ау.  Тарихты 

қазақты жіктеу үшін, қай ата қай атадан күшті болғанын, кеуделі 

болғанын тергеу үшін, өз ата тегінің артықшылығын дəлелдеу 

үшін  өмірін  сарп  қылуға  даяр.  Ұлтты  ұятқа  қалдырамын-

ау  деп  ойламайды.  Өздері  тағлымын  алған,  жан-тəнімен  тап 

шайқасына қызмет еткен большевиктер тəрізді бұлар да ұлт та-

рихын “ата ісіне” көндіріп, артқа, шырғалаңға, “ру шайқасына” 

жетектегісі келеді. 

Қазақ үшін дүние өлім мен өмір шенесінен тұрған, тұрады, 

көз  көрім  болашақта  əлі  де  тұра  бермек.  Ортасы  жоқ.  Бұл 

шенесте   өмір  үшін  бағзы  заманаларда  ру  болып  қауымдасып 

қарсы тұра алған. Рудан тыс жерде өмір де, тіршілік те, қызық 

та, тұрмыс та болмаған. Рулық қатынастар жүйесі қажеттіліктен 

туды, əрине, сол қажеттілікке қызмет етті де. Бірақ оны тудырған 

дүние де өзгерді, рулық жүйе де өзгеріске ұшырады. Бəлкім, сол 

өзгерістерді көзіміз көрмеуі, құлағымыз естімеуі кəдік, өйткені 



114

сол өзгерістердің ішінде жүріп, өзіміз де өзгердік. Бұған да най-

ман тайпалары жəне өткен тағдыры айғақ бола алады. 

Əз-Тəуке өлді, қалмақ жеңілді, жер босады, рулық қатынастар 

ыдырады. 

Бір  қиырдың  қазағы  мен  екінші  бір  қиырдың  қазағы 

араласқа  түсті,  жақын  жекжат  болды,  құдаласты,  ортақ  не-

мере  сүйіп,  мейірін  қандырды.  Сөйткен  ортада  рушылдық 

жүргені несі? Əлде мыңдаған жылдар алға басқан аяғымызды 

артқа тартқан “қазақшылықтың” түрі осы ма? Ата-бабамыздың 

есімін  бүйіріміз  бұлтиғанда  есімізге  алатын  мінезіміз  бар  еді, 

соны  қайтып  əкелген  тəуелсіздік  пе?  Əлде  жүзшілдіктің  біз 

білмейтін, біздің көзімізге көрінбейтін, ру таңбасын маңдайына 

басып, өз ата-бабасына ғана табынып, егінін ерте пісіремін деп, 

қойын  егіз  туғызамын  деп  жүрген  пысықайларға  ғана  мəлім, 

басқа бір “ішкі” мағынасы бар ма? Жеті атаңның атын білме деп 

кім айтады? Білу керек, əрине. Бұл қазақы мəдениеттің негізгі 

шарты.  Бірақ  өміріңнің  мəні  онымен  шектелсе,  сол  атаңның 

мақсат-мұратынан  шыға  алмағаның.  Қазақтың  басы  бір  бол-

са,  алынбайтын  қамалы  жоқ.  Оны  Тəуке  мен  Абылай  заманы 

көрсетті. Демек, сол бас бірлікке кедергі болатын нəрселердің 

барлығын  ысырып  таста,  мал-мүлкіңді,  дүние-жиһазыңды 

халқың үшін құрбан ет, өзің де сол жолда құрбан болуға даяр 

бол,  ұрпағыңды  да  осыған  даярла,  міне,  сонда  ғана  көк  туың 

желбірейді,  дүние  бізбен  ел  деп  санасады,  біз  де  əлемге  дос 

болуға сай боламыз. Рушылдықты өзің үшін істей бер: қызыңды 

ұзат,  ерулік  бер,  күмбез  соқ,  құда  түс...  Бірақ,  қазақ  баласы-

на  рушылдық  көзқараспен  алыс-беріске  түссең,  халықтың  со-

рын  сен  қайнатасың  да,  сенің  сорыңды  ол  қайнатады.  Жəне 

рулық  егес  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғаса  береді,  жалғаса  береді. 

Кекшіл, кінəмшіл болып алдық. Басқаға кешіргенімізді өзімізге, 

қазағымызға, кешпейміз! Өйткені, қазақ қазақты əдетте жанын-

дай жақсы көреді, жамандық жасайды деп ойламайды. Орыстың 

қорлығына, отаршыл əрекетіне шамданбайтын қазақтың өзінің 

қазағының қалжыңын көтере алмай, шарқ ұратыны сондықтан. 

Себебі, қазақ қазақты өзіне тең көреді, таласа өседі, ат жарысты-



рады, ата жарыстырады, дəулет жарыстырады... Күмбез жарыс-

тырады. Бұл біздің төл мінезіміз, табиғатымыз. Ежелден қазақ 

істемеген  кəсіп  кем  де  кем:  қала  салды,  мұңғыл  құлатты;  егін 

салды, қалмақ таптап өтті; қамал салды, қоқан мен орыс бұзды. 

Əмбебап кəсіп қой жаю қалды. Бұған да көнді. Ал қой жайған ел 

руға бөлінбей тұрмайды. Бұл тарих құзыры. Демек, рушылдық 

індет  өтпелі.  Халқымыз  жаңа  технологияға  қол  созған  сайын  

бұл  “артықшылығы”  қол  бұлғап,  артта  қала  береді.  Бұған  да 

көне  қазақ  тайпаларының  осы  кітапта  баяндалған  тағдыры 

айғақ бола алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет