Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

Күйреу

Шайқас  барынша  ауыр  болды.  Əрбір  ұрыс  барысында 

Таян  ханның  қырық  рудан  құралған  əскерінен  монғолдардың 

мерейі  үстем  шықты.  Қас  қарая  Шыңғыс  хан  найман  əскері 

бас  сауғалаған  Наху-Гун  тауын  қоршады.  Шайқас  тағдыры 

сол кезде-ақ шешіліп қалған. Абыржыған наймандар ұрыс да-

ласын  тастай  қашып,  тұтқынға  беріліп  жатты.  Барлық  жер-

ден  берекесіздік  пен  тəртіпсіздік  атойлап  тұрды.  Монғол 

деректері Таян хан əскерлерінің əркім өз басын сауғалап, бірін-

бірі  кескілегенін,  бірін-бірі  қырып-жойғанын,  адам  сүйегінің 

қу  бұтақша  сынғанын  жазады.  Түрлі  тайпадан  шыққан 

сарбаздардың  топ-топқа  бөлісіп  алып,  кескілесуі  ықтимал. 

Таңға  жуық  шайқастың  тағдыры  алдын  ала  мəлім  болды.  Əлі 

құрыған  Таян  хан  қолға  түсті.  Аулағырақ  тұрған  Күшлік  хан 

нөкерлердің  шағын  тобымен  қашып  құтылды”  дегенді  айта-


94

ды  “Алтын  топшы”.  Рашид-ад-динге  жүгінер  болсақ,  найман-

дар аянбай шайқасқан. “Таян хан ауыр жараланды, – деп жазады 

найман жауынгерлерін мадақтаудан аулақ парсы тарихшысы. – 

Оның алып денесінің жарадан сау-тамтығы жоқ еді. Хан таудың 

қиыр  шатқалына  жасырынды.  Оның  жанында  Кəрі-Сүбеші 

мен  бірнеше  сенімді  əмірлері  ғана  қалды.  Таян  хан  шайқасқа 

қаншалықты ұмтылғанымен ауыр жарадан еңсесін жаза алмады. 

Əміршісіне адал Кəрі-Сүбеші əмірлер мен нөкерлерге бағыштап 

былай деді: “Сəл кідіріңдер, ханға айтар бір ауыз датым бар. Тек 

сонда ғана əмірші еңсесін көтермек. Уа, Таян хан, – деді тағы 

да Кəрі-Сүбеші, – сенің əйелдерің, əсіресе нақсүйерің Гүрбесі 

ханым бойын түзеп сені күтіп отыр”. Кəрі-Сүбешінің бұл сөзі 

де далаға кетті. Ханның мүсəпір халін түсінген ол нөкерлерге: 

“Əміршіден əл кетті. Оның жаназасы да алыс емес. Бір ғана амал 

бар: жаумен шайқасқа түсіп, ханға адалдығымызды ажалымыз-

бен дəлелдейік!” – деген екен дейді. Сөйтіп, олар етекке түсіп, 

соңғы  тұяғы  қалғанша  жаумен  шайқасты.  Шыңғыс  хан  олар-

ды тірідей қолға түсірмек болған. Монғол əміршісі осыншалық 

адалдық  пен  табандылыққа  айран-асыр  болып  таң  қалды. 

“Осындай  нөкері  бар  ханның  арманы  не?”  деген  сөз  Шыңғыс 

хан аузынан дəл сол кезде шықса керек-ті. Таян хан əскері осы-

лайша жеңіліс тапты. Монғолдарға қашқан жауды тырқыратып 

қуу  ғана  қалған.  Қашқандар  үрейді  серік  ете  отырып,  таудың 

адам  аяғы  баспаған  шатқалдарында  жан  сақтамаққа  шешкен. 

Тастай қараңғы түнде найман əскерінің қалғаны құздан құлап 

мерт  болып  жатты.  Бұл  оқиғаның  монғол  тайпалары  үшін 

маңызы үлкен. Сол күннен бастап дүрбан, татар, қатақан, сель-

джуит  ұлыстары  түп-тұяғымен  Шыңғыс  хан  туының  астына 

жиылып, тəуелді болды. Тек меркіт руы ғана дербестік сақтап 

қалуға  ниетті  еді.  Бұл  ниет  Таян  ханның  ұлы  Күшлік  сияқты 

олардың  да  қашып-пысып  күн  көруіне  себеп-тұғын.  Күшлік 

Бұйрық  ханға  барып  пана  тапты.  Рашид-ад-дин  “ұлы  оқиға” 

деп  бағалаған  бұл  шайқас  та  аяқталды-ау.  Бұқтырма  тұсынан 

Ертісті кешіп өткен Күшлік хан мен Тоқтай хан Жетісуға, Шу 

өзені маңындағы Баласағұнға бет түзеді. 



95

Монғолдар  найман  əскерін  талқандап,  Күшліктің  соңына 

түсті. Алайда ұстай алмады. Шыңғыс хан Алтайдың қалтарыс, 

қолатын  сүзіп  жүзіп  жүріп,  наймандарды  өзіне  тəуелді  етті. 

Тағдырдың  оған  Гүрбесі-қатынды  тап  қылатыны  да  осы  тұс. 

Сөйтіп,  аякөз  ару  монғол  ханының  тұтқыны  болды.  Оны-

мен  бірге  дəл  сол  Тышқан  жылы (1204 ж.)  найман  ұлысы  да 

дербестігін жойды. 

Бұл  дегеніңіз,  далалық  тайпалардың  монғол  ордасына 

көрсеткен  соңғы  тұяқ  серпер  қарсылығы-тын.  Қалай  деген-

мен де, Шыңғыс хан өз мұратына толық жеткен жоқ еді. Əзірге 

ол  бар  болғаны  өз  бақталастары  арасындағы  ең  қуатты  хан 

ғана.  Сол  кезеңнен  бастап  Орталық  Азиядағы  ортағасырлық 

бытыраңқылық тарихи дағдарыс болудан қалды. Сонау келмеске  

кеткен  Инаныш-Білге  заманында,  алты  басты  аждаһаның 

жұмыртқадан  жаңа  шыққан  қауқарсыз  шағында  наймандар 

антимонғолдық  одақтың  сапынан  табылса,  бұл  қырғынның 

болуы  екіталай  еді-ау.  Аждаһа  аты  аждаһа  ғой.  Кеудесіне  нан 

піскен  менмендіктің,  ішкі  дағдарыс  пен  өзара  жауласудың, 

қолбасылардың  дарынсыздығының,  армиядағы  тəртіпсіздіктің 

төлеуін зар илеп төлеп жатқан тек наймандар ғана емес-тұғын. 

Бұл дегенің – анау-мынау емес, əлемдік деңгейдегі күйініш еді. 

Монғол əскері жүріп өткен жерінің бəрінде де осы бір бармақ 

шайнатқан өкініш алдан кес-кестей берді. 

Алайда,  Орталық  Азияның  мəдениет  тарихы  үшін  бұл 

оқиғаның аса биік салдары болды. Найман жұртының туы құлап, 

қорғаушылары тұтқынға түсіп жатқан шақта, Таян ханның бір 

адамы  майданды  тастап  тұра  қашады.  Хасар  оны  тірі  ұстап 

əкел деген соң, Бат қуып жетіп, тірідей ұстап əкелді. Байқаса, 

қойнында мөр (таңба) бар екен. “Сен мынаны қойныңа тығып 

алып қайда бармақсың?” дейді. Сонда ол: “Мен шыбын жаным 

шыққанша бұйрықты орындауға тиіспін. Мына мөрді бұрынғы 

иесіне табыс етейін деп едім. Бақытсыздықтан ұсталдым”, – де-

генде, Хасар: “Өзің қай русың? Қандай мансабың бар еді?” деп 

сұрайды. Сонда ол: “Менің ата тегім ұйғар (ұйғыр) еді. Есімім – 

Тататунга. Менің қожайыным бұл мөрді өткеріп, азық-түлік жи-



96

нау  жəне  оны  жұмсау  ісін  маған  міндеттеген-ді”  дейді.  Хасар 

тағы да: “Бұл мөрді неменеге керектенуші еді?” деп сұрағанда, 

ол: “Абзал адамды сайлап, жарлық, əмір шығару тəрізді əр түрлі 

іске керектенеді” – дейді. Оның жауабына разы болған Хасар: 

“Нақ адал адам екен” деп, Темучинге таныстырып, нендей хат-

қағаз жүргізгенде қолдану үшін əлгі мөрді қайтадан Тататунгаға 

береді. Хасар Тататунганы мұғалім тұтып, хат-қалам, заң-режим, 

əскери  саясат  қатарлы  сабақ  үйреткізіп,  көп  кешікпей  біліп 

алады”


1

. Осылайша, монғолдарға жазу-сызу наймандар арқылы 

тарайды.  Демек,  найман  ұлысы  мəдени  жағынан  монғолдарға 

қарағанда биік сатыда болғандығын айта кеткен жөн. 



Наймандар Жетісуда. Күшлік хан

Рашид-ад-дин  шежіресі  бойынша,  əкесі  айуандықпен 

өлтірілгеннен кейін Күшлік хан Шыңғыс ханға күресті əрі қарай 

жалғастыру мақсатымен өзінің аз ғана əскерімен ағасы Бұйрық 

ханнан көмек сұрай барды. Бірақ ол мұнда меркіт ханы Тоқтай 

бектің  аз  ғана  күшіне  қосылып,  Алтайдың  тау  бөктерлерін 

торлаған  монғол  əскерімен  қақтығысқа  қатты  дайындалды. 

Найман тағының мұрагерін қолға түсіру монғол əскербасылары 

үшін де бірінші кезектегі стратегиялық міндет болды жəне ол 

міндетті  орындау  наймандарды  жеңгеннен  кейін  қол  жеткен 

табыстарын  саяси  түрде  баянды  ететін  шара  ретінде  Бірінші 

құрылтайдың  күн  тəртібіне  қойылған  болатын. “Монғолдың 

құпия  шежіресі”  бойынша  Құрылтайдың  бірінші  мəселесі – 

Теміршінің  Шыңғыс  хан  аталуы,  екіншісі – Мухали  ноянның 

Гован аталуы еді. Қалған мəселелер – мемлекеттік мекемелердің 

ұйымдасуына қатысты болған. 

Шыңғыс хан 1205 жылдың қысын Алтайдың наймандардан 

босаған  оңтүстік  бөктерінде  аттары  да  қазіргі  топонимикаға 

сай келетін Сарытау мен Жылытауда өткізуді жөн көрді. Қазір 

1

 Монғолдың құпия шежіресі. Өлгий, 1979. & 196.



XIII 

 

 

 (

 

 

)



 

 

” 

 



XIII 

 

 

97

бұл  жерде  Шығыс  Қазақстан  облысы  Абай  атындағы  совхозы 

мал шаруашылығының қыстауы орналасқан. Қыс бойы əскерін 

қайта жарақтап, толықтыра түседі. Бұл мекенді таңдап алуының 

екінші  бір  себебі:  найманнан  алған  жердің  батыс  шекарасын 

Күшлік пен Тоқтайдың шабуылынан қорғау болды. 

Көктемге  қарай  Шыңғыс  хан  Ертістің  оң  жағалауы  мен 

Бұқтырма өзенінің бастау алар жеріндегі қауіпсіздігін барлауға 

шығып, ұрысқа дайындалып жатқан наймандар мен меркіттердің 

біріккен  қолына  тап  болды.  Рашид-ад-диннің  шежірелер 

жинағында Шыңғыс хан бұған дейін аң аулап жүріп Бұйрық хан-

ды қолға түсіріп өлтіргені айтылады. Арада өткен осы шайқаста 

Тоқтай  қолға  түсіп,  Күшлік  хан  аман  қалады.  Бірақ  Ертістен 

өткенде көп адамдары суға кетіп еді. Меркіттер Ертістен өтіп, 

қыпшақтар мен қаңлылар жеріне ауады да, Күшлік өз адамда-

рымен Шу өзеніне орналасқан қара қытайлардың астанасынан 

бір-ақ шығады. Джувейнидің мəліметтері бойынша, Күшліктің 

қара қытай ордасына келуі бірде ерікті түрде, енді бірде ол қара 

қытайларға тұтқын боп түсіп, мəжбүрліктен болған деп жазады. 

Бірақ, қалай болғанда да Күшлік қара қытайдың Гөр ханының 

сүйікті  қызының  ықтиятымен  шешілген  тəрізді.  Күшліктің 

хан  ордасына  кірер  алдындағы  көңіл-күйін,  хал-ахуалын 

кеңінен суреттейтін Рашид-ад-диннің жылнамасындағы кейбір 

дəлелдерден  гөрі  Джувейнидің  мəліметтері  шындыққа  тіпті 

жақын келеді: “Күшлік Гөр хан ордасына келген кезде, ол өзінің 

жақындарының  бірінің  атын  атап,  өзі  Гөр  ханға  кіріп  кеткен 

адамның атбегісіне ұқсай қалып, босағада отыра қалатын. Гөр-

басу (Гөр ханның əйелі) киіз үйден шығып, Күшлікті (таныды 

ма? – С. А.) көріп: “Сен оны ішке неге кіргізбедің?” – деді. Оны 

үйге кіргізіп еді, əміршілер ренжіп қалды. Гөрбасу əмір ханның 

үлкен əйелінің Күңке деген қызы бар еді, сол сəтте ол Күшлікке 

ғашық боп қалды. Үш күннен соң осы қызды Күшлікке берді”. 

Гөр ханның қызына үйленуі Күшлікті қара қытай ордасының 

абыройлы тұлғасына айналдырды. Ол хан ордасын төңіректеген 

барлық елшілердің, Түркістан мен Мəуереннахрға танымал ада-

мы  болды.  Орта  Азия  бекзадалары  Күшлікті  Шыңғыс  ханның 



98

соққысына қарсы тұра алатын жан деп танып, оны аталарының 

ыдыраған  ұлысын  бір  ортаға  топтастыра  алатын  əскери  одақ 

құрады деп үлкен үміт күтті. Тарихи мəліметтерде оның жасы 

анық  айтылмаған,  ал  ан-Насавидің  жазбаша  берген  мінезде-

месіне  қарап,  оның  əлі  де  балғын  жас  екенін  білеміз.  Күшлік 

ханның қара қытай ордасында төбе көрсетуі алып мемлекеттің 

гүлденуі  мен  даңқы  аспанға  шарықтаған  кезеңіне  дəл  келеді. 

Қартайған жəне ауру Гөр хан жас түлектей айбат шеккен күйеу 

баласының  бойынан  ірі  мемлекет  қайраткері  боларлық  тұлға 

ғана емес, өз əулетінің даңқын жалғастыратын ұлы қолбасшы 

шығатынын  байқады.  Ұзаққа  созылған  Қарахан  үстемдігінен 

құтылып,  Мəуереннахр  мен  Ляо  империясының  батыс  шека-

расын əбігер қыла бастаған Мұхаммед Хорезмшахтың күшеюі 

Күшліктің беліне салмақ болып түсті. Қара қытай мемлекеті Хо-

резм мен Шыңғыс ханның қыспағында қалып қана қойған жоқ, 

жерден, тудан айырылу қаупі туды. 

Шыңғыс хан талқандаған найман əскері, оған қоса халықтың 

біраз  бөлігі  қара  қытайға  қоныс  аударып,  сол  жерден  баспана 

тапты.  Шыңғыс  ханның  езгісіне  түскен  халықтардың  ішіндегі 

тек  наймандардың  ғана  Жетісуға  кетуінің  өз  сыры  бар.  Қара 

қытайлар  мен  найман  мемлекеті  арасындағы  достық  қатынас 

ертеден бар-ды. Өз кезінде керей Оң ханы қара қытайдың Гөр 

ханынан қолдау таппағанын айтпай кетуге болмайды. Бұл одақ 

наймандар мен қара қытайлардың шекарадағы жауларына қарсы 

құрылғанын аңғартады. 

Ұлы  ханның  сеніміне  кіріп  алған  Күшлік  қара  қытайдың 

саяси  жұмыстарын өз атынан жүргізді. Ұлы хан мен Күшліктің 

мүдделері  бір-біріне  сəйкес  келмей,  алшақтап  жатты.  Күшлік 

пен  Мұхаммед  арасындағы  “Ұлы  ханды  тақтан  бірінші  кім 

құлатса, Шығыс Түркістан, Құлжа өлкесі мен Жетісу өңірі соған 

тиеді” деген сыбыр сөзді жеткізген Джувейни деп білеміз. Алай-

да, В. Бартольд бұл келісімшарттың шындығына күмəнданады. 

Ан-Насавидің  дерегіне  сенсек,  Күшлік  Арслан  ханның  ұлы 

Мемдіхан Күшлікті орда билігін қалай да қолға түсіруге үгіттеп 

көндіреді: “Егер  сен  оның  (Ұлы  ханның. –  С.  А.)  тілін  тауып 



99

патша  тағына  отырғызсаң,  Ұлы  хан  мен  оның  империясының 

тағдыры  сенің  қолыңда  болады.  Сонда  түркі  тайпаларының 

ешқайсысы  да  саған  қарсы  шыға  алмайды”.  Күшліктің  таққа 

отырғанына Мешіханның құштарлығының себебі белгісіз, бірақ 

ол Жетісу мен Шығыс Түркістан мұсылмандарының наразылық 

əрекеттері сол сəтте тыйылатынын аңғарған. 

Басқа  да  əр  түрлі  жауларының  үмітін  Күшлік  қара 

қытайларша  өз  қолынан  жібергісі  келмеді.  Күшліктің  кез  кел-

ген  жақтың  құралына  айналып  кететініне  досы  да,  жауы  да 

сенді.  Мұндай  қиын  кезеңде  Күшліктің  басты  мақсаты  ебін 

тауып,  жауының  тізесін  бүктіру  болды.  Күшлік  үшін  най-

ман  Мұхаммед  өз  діндестеріне  жəрдем  беруді  ойламады.  Ол 

Мəуереннахрдағы жұмысымен əуре боп жатқан-ды. Бұл екпіні 

қатты  оқиғалар  Күшлікке  ерік  берді.  Ол  ең  алдымен  билікті 

ойлады.  Осы  мақсатпен  ол  қара  қытай  əскерінің  қолдауына 

сүйеніп,  Ұлы  ханның  өзіне  шабуыл  жасады  Ан-Насавидің 

мəліметіне сүйенсек, Күшлік Қаялықтан лап қойып, Қашқардағы 

Ұлы  ханды  қуып  жетіп,  тұтқынға  алды.  Бірақ  Күшліктен 

жауынгерлердің қолына түскен Ұлы ханның мол қазынасы жа-

уынгерлер арасында алауыздық пен тəртіпсіздік туғызады. Осы 

арада асыл тастар мен алтын-күмістің маңызы қандай болғаны 

белгісіз, ал деректер қара қытай жауынгерлерінің көңілі Күшлік 

жағында  болғанын  айтады.  Рашид-ад-диннің  мəліметі  бойын-

ша, Ұлы ханның Күшлікке бас ұрып, тізе бүккеннен басқа ама-

лы қалмапты. Күшлікке тақ емес, өзінің басты мақсатын жүзеге 

асыратын саяси билік керек еді. Күшлік Ұлы ханды құрметтеп 

жүре берді. Екі жылдан кейін, яғни 1213 жылы Ұлы хан өліп, 

билік толықтай Күшліктің қолына тиді. 

Мұхаммед Ұлы ханның тұтқынға түсіп, оның ғасырлар бойы 

əлемнің əр түкпірінен жиналған асыл тастары Күшліктің қолына 

түскенін  білген  кезде,  оған  ызғарлы  хат  жолдады.  Ан-Насави 

бұл хаттың мазмұнын былайша береді: “Мен хандардың ханын 

(Ұлы ханды айтып отыр. – С. А.) талан-таражға салғаннан кейін 

ол менің торымнан құтылды. Оның үстемдігі мен тəкаппарлығы 

неге сені қызықтырмады? Мен енді оны да, оның көмекшілері 



100

мен сыбайластарын да қуып жібердім. Ол (Ұлы хан. – С. А.) маған 

қызы Тухаджхатунды бүкіл қазынасымен бірге беріп, келісімге 

келуді аңсады. Сондай болса, мен оны ел ішінде қалдырамын, 

қытайлардың  зəбірлеуінен  арашалаймын.  Əлде  ол  жеңіліп, 

қолға түскен тұтқын бола беруі керек пе еді? Егер сен өзің мен өз 

адамдарыңа амандық тілесең, сенің оны қызымен, қазынасымен, 

мал мүлкімен маған қарай жіберуіңе тура келеді. Олай болмаған 

жағдайда, найзаның ұшында кетесің”. Хорезмшах Ұлы ханның 

қазынасына  ғана  емес,  оның  жеріне  де  қызығып,  жүзеге  асуы 

екіталай дипломатиялық ойын бастайды. Күшлік Мұхаммедтің 

бүкіл талап-тілегін орындаудан бас тартты. Бірақ Хорезмшахтың 

өз елшілерін бірінен соң бірін жіберуімен олардың сөз ыңғайы 

кешірілмейтін шұғыл бетбұрыс жасауға дейін жеткізді. Тарих-

шы ан-Насави олардың əмірлерінің бірі Қара Қасым ан-Насавиді 

тұтқынға  алғанын  айтады.  Дипломатиялық  қыспақтың  бос 

əурешілік екеніне көзі жеткен Мұхаммед енді Күшлікті күшпен 

көндіру  керек  деп  тапты  да, “Күшлікті  шауып,  көзін  жойып, 

оның  қолындағы  хандардың  ханын  (Ұлы  хан. –  С.  А.)  тартып 

алу үшін, 60 000 салт атты əскерін жабдықтады. Ибн-ал-Асирдің 

айтуынша,  Мұхаммед  Күшлікке  қарсы  күресті  партизандық 

əдіспен жүргізу үшін шағын ғана топ жібереді. Хорезм шахтың 

бұл  жауынгерлері  негізінде  бейбіт  жатқан  елдерді,  Күшлік 

ханның қарамағындағы кіре тартқан керуендері мен малдарын 

талан-таражға  салды.  Күшлік  Мұхаммедті  осы  үшін  ұялтып 

тас тады: “Патшалар  бұлай  істемейді.  Қарақшылар  ғана  осы-

лай етеді. Егер сен сұлтан болсаң, біздің жолыққанымыз жөн: 

“не сен мені құлатып, менің қол астымдағы елді билейсің, бол-

маса мұны мен істеймін”. Бұл өзін-өзі ресми түрде “Құдайдың 

жердегі  көлеңкесімін”, “Екінші  Ескендірмін”  немесе  “Санжар 

сұлтанмын” деп дəріптеген Мұхаммедтің атына айтылған орын-

ды  кінə  еді.  Бірақ  Мұхаммед  Күшліктің  ұсынысына  Ибн-ал-

Асирдің сөзімен айтқанда, жауапты дөрекі қайтарды. 

Күшліктің  мойымас  қайраты  наймандардың  азаттық  үшін 

күресіне  найман  ұлысынан  тыс  өлкелерде  ғана  жол  ашты. 

Жетісудан Қашқарға дейін созылып жатқан кең байтақ өңірден 



101

Хорезмге тырнақтай да жер бермеді, сөйтіп, найман-қара қытай 

одағының  дара  билеушісі  болған  Күшлік  өз  мақсатына  жетті. 

Күшлік  хан  қара  қытайды  қайтадан  бағындырды.  Бұл,  əрине, 

Күшлік ханнан да мықты тірек іздеген жергілікті басшылардың 

зығырданын қайнатпай қоймады. 

1209  жылы  Шыңғыс  Түркістанның  солтүстік-шығысын 

басқаратын  Баршық  Шыңғыс  хан  үкіметін  мойындап,  қара 

қытайлардың қолдаушысы Шауқам мұсылмандар көтерілісінде 

өлтірілген болатын. 

1211  жылы  осы  Жетісу  өңірінде  Құбылай  ноянның  əскері 

тұрды.  Онда  қарлық  Арслан  хан  (Бартольдтің  болжауынша, 

Арслан  ханның  ұлы,  Мемді  ханның  ағасы)  қара  қытайлардың 

өкілін өлтіріп, өздерінің Шыңғыс ханға тізе бүгетінін мойында-

ды. Өзін-өзі Алмалықтың басшысы санаған Тоғұрыл хан шенді 

Базар  (Джувейни  Озар  дейді)  да  Шыңғыс  ханға  бағынатынын 

айтты. Джувейнидің мəліметінше, Шығыс Түркістанды тыныш-

тандыру жорығында жүрген Күшліктің қолынан бірінші болып 

осы Бұзар өлді. Күшлік көп жылдар бойы жүргізген күресінің 

нəтижесінде Қашқар мен Қотанды өзіне қаратып алды. Хорезм 

мемлекеті Күшлікке үмітпен қарады. Жаңа қауіп-қатердің бағыт-

бағдарын  жіті  сезініп,  Күшліктен  сескенген  Мұхаммед  біраз 

кері шаралар жасады. Күшліктен сескенген ол Сырдарияның оң 

жағасындағы  иеліктерден  бас  тартып  еді:  Шаш,  Ферғана,  Ис-

фиджаб, Қасал жəне т. б. қалалардың мұсылмандарын қоныс ау-

дарды. Өзі 1214 жылға дейін оңтүстікте шалғайдағы Самарқан 

қаласында болды. 

Күшлік мұсылманшылыққа ислам дінінің мінəжатына қарсы 

қуғын  жүргізді.  Қара  қытай  мемлекетінің  шебінде  исламға 

ғибадат  етуге,  мұсылман  киімін  киіп  жүруге  тыйым  салын-

ды.  Мұсылмандарға  наймандардың  христиан  дінін  немесе 

будда  дінінің  бірін  қабылдауын  ұсынды,  Күшлік  сарбаздарын 

мұсылмандардың  үйлеріне  орналастырып,  халықтың  рухани 

өмірін қатаң бақылауға алуға құқық берді. Бұйрығын бұзғандарға 

шектен  тыс  жаза  қолданды.  Мəселен,  мұсылмандардың  басқа 


102

дінге  кіруіне  қарсы  болып,  уағыз  айтқаны  үшін  шейх  Ала-ад-

дин Мұхаммедті медресенің есігіне шегелеп тастады. 

Бірақ  Күшліктің  исламға  қарсы  əрекеттері  жазасыз  қалған 

жоқ.  Мұхаммед  Хорезмшах  Күшлікке  қарсы  бағытталған 

күресін  Шыңғыс  ханмен  астыртын  байланыс  арқылы  іске 

асыра  түсті. 1218 жылы  Шыңғыс  хан  Күшлікке  қарсы  Жебе 

басқарған 20 000 қосын жіберіп, найман бекзадасынан қорлық 

көрген мұсылмандарды азат етіп, үйді-үйге орналасқан Күшлік 

жауынгерлерін өлтірді. 

Күшлік  аз  ғана  сарбазымен  қашып  құтылады.  Бірақ  Жебе 

оның  артынан  қуып  жетіп,  Таулы  Бадахшанда  Сарыкөл 

жағасында ұстап алып өлтіреді. Наймандардың туы осылайша 

мүлде жығылып, Шыңғыс хан құдіреті алдында бас иді. 

Монғолдар аса қуатты жауын жеңіп қана қойған жоқ – бұл 

шайқаста  Шыңғыс  ханның  Шыңғыс  хан  болып  қалыптасуы 

сынақтан  өткен.  Оның  туған  інісі  Очигиннің  “наймандарды 

жеңген  даңқымыз  далалық  ауқымнан  шығып,  жалпақ  əлемге 

жайылды”  деуінде  үлкен  ақиқат  жатқан  сияқты.  Аталмыш 

оқиғаның жаңғырығы жарты ғасыр өтіп, Европалық жиһангерлер 

Батысқа айтып барған кезеңде де маңызын жоя қоймаған. Сол 

жиһангерлердің жазбаларында жеңілген жаққа деген аяушылық 

қана  емес – шайқас  қарсаңындағы  найман  ордасында  өткен 

жағдаяттар  да  көрініс  табады.  Атап  айтқанда,  Плано  Карпи-

ни  былай  деп  жазған: “Шыңғыс  ханның  бел  ала  бастағанын 

естіген  наймандардың  қызғанышында  шек  болмады.  Өйткені 

жоғарыда аталған барша жұрттан салық алып тұратын найман 

императорының айбары да ешкімнен кем болмайтын. Ол (сөзсіз 

Инаныш-Білгені айтады. – С. А.) пəниден көшкенде (өлгенде. – 

С. А.) ұлдары жас еді, жастығына орай ақылсыз еді. Сондықтан 

жұртына  ие  бола  алмады,  өзара  ит  пен  мысықтай  араз  бол-

ды... Мұны жақсы білген Шыңғыс хан қалың қол жинады. Қара 

қытайлар сияқты наймандар да күш жинап, өзіміз олардың им-

ператорына  жол  шегіп  келе  жатып,  өткен  аңғарда  бас  қосты. 

Сол жерде наймандар мен қара қытайлар монғолдардан жеңіліс 

тапты. Олардың көбі өлтірілді, өлмегені құлдыққа түсті”. Най-


103

мандар сапында қара қытайлар болды ма екен? Бұл жағы енді 

дүдəмал.  Күшлік  ханның  Баласағұнда  көрген  құрметін  еске 

алсақ, күмəніміз орынсыз сияқты. Найман Күшлікке қара қытай 

гөрханы өз қызын берді. Демек, найманның қашқын ханзадасы 

қара қытай тағының мұрагері болған. 

Тышқан  жылғы  қырғыннан  кейін  де  талай  ғасыр  тарих 

тұңғиығына шым батып жоғалды. Адамзаттың асыл текті ақыл-

есі бағзы заманда өткен осы оқиғаны ұмытпақ емес. Оның адам 

баласына берер сабағы үлкен. Қашан да зұлмат апатты ұясында 

жоймақ керек. Бүгін, əлдеқашан тарих сахнасынан өтіп кеткен 

айтулы оқиға жайлы мардымсыз деректерді оқи отырып, адам-

зат  ажалын  өз  өмірлерін  құрбандыққа  шала  тоқтатпақ  болған 

бабалар əрекетін құптамасақ лажың қалмайды. 

Сол  күндерден  бастап  наймандар  туралы  жылнамалар  да 

жақ  ашпайды.  Лютни-хура  (домбыра  болуы  əбден  ықтимал. – 



С. А.) аспабымен найманның ер жүрек қолы жайлы жырлаған, 

халықты бірлікке шақырған сарай ақыны Құба-тегін жырау да 

көз жұмды. Алтай мен Қара Ертісті қоныстанған қыруар жұрт 

жаңа  империяға  бағынып,  Шыңғыс  хан  əскерін  толықтырды. 

Халықтың бір бөлігі ата жұртын тастап, Жетісуға, Тянь-Шаньға, 

Орталық  Азияға,  Еділ  бойына  қоныс  аударды.  Бұл  тайпалар 

тарихтың  қалауымен  Алтын  Орда  ыдырағаннан  кейін,  қазіргі 

елімізді  мекендеп  отырған  халықтардың  негізін  құрады  неме-

се құрамына енді. Бүгінгі Шығыс Қазақстанның Катонқарағай, 

Күршім,  Марқакөл  аудандарының  жəне  Монғол  Халық 

Республикасының  Баян-Өлгий  аймағының  жаздық  жайылым-

дарын  адам  қанына  бояған,  осыдан  сегіз  ғасыр  бұрын  өткен 

қайғылы оқиғаның қысқаша тарихы, міне, осындай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет