Ббк 84 қаз-7 а 37 Құрастырушы: Шекербану Рахметолдақызы Жақыпова Ақатай С. Н



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата27.03.2017
өлшемі3,32 Mb.
#10430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

“Поп Иоан” деген кім?

Жаны  жаннатта  болғыр  Марко  Полоның  бұл  өмірден  “поп 

Иоанды”  керейдің  Уаң  ханы  деп  ұғып  өткені  мəлім.  Таян 

ханның ұлы найман Күшлік Иоанн падишаның ұлы атанды. Ал 

күн сипатты Шыңғыс хан Иоанның ұрпағы саналды. Осылай-

ша Күшлік ханның Хорезм-шахтан əскери-саяси тұрғыда басым 

түскен  табысын  тарихшы  Жак  де  Витри  Иоанның  ұлы  “Дəуіт 

патшаға” таңады. Онда несториан патриархымен келісімге орай 

араб  халифасының  “шахтардың  шахын” (Мұхаммед  Хорезм-

шахты айтып отыр) жеңіп, Мұхаммедтен Сырдария сыртындағы 

байтақ өлкені тартып алған “Дəуіт патшаға” елшілер жібергені 

айтылған.  Халифа  елшілерінің  табандылығының  арқасында 

“Дəуіт  патшамен”  Хорезмшах  арасында  соғыс  басталып, 

Мұхаммед өз иелігіне шегінуге мəжбүр болды. В. Бартольдтің 

топшылауынша, “Дəуіт” Күшліктің христиандық есімі болса ке-

рек. Алайда, деректер Дəуіт-Күшлікті Шыңғыс ханмен де жиі 

шатастырады. 

Шыңғыс  ханның  Хорезмді  алуы  Иоанн  патшаға  немесе 

оның  ұлы  Дəуітке,  тіпті  “Иоан-Дəуітке”  зорлап  телінді.  Жак 

де  Витридің  замандасы  Ришар  Сен-Жерменнің  деректеріне 

жүгінсек,  Дəуіт  патшаңыз  кəдімгі  Шыңғыс  хан  болып  шыға 

келеді.  Венгер  королі II Андрейдің  хатын  тілге  тиек  ете  оты-

рып, Сен-Жермен Дəуіт патшаның 1233 жылы орыс жеріне ба-

сып  кіргенін,  орыс-қыпшақ  жұртын  қынадай  қырғанын  жаза-

ды.  Католиктердің  Иоанн  патшаның  діни  жорықтарынан XII 

ғасырдың орта шенінде ғана емес, XIII ғасырда да үміттенгені 

ақиқат.  Сондықтан  католик  əлемінің  құлағы  ұдайы  Шығысқа 

түрулі  болды.  Мұсылман  емес  көшпелілер  мен  өзін  “екінші 

Ескендір” (“Искандера  дуюм”)  атаған  Мұхаммед  Хорезмшах 

билеген ортаазиялық Қосөзен аралығындағы қуатты мұсылман 



71

мемлекеті арасындағы əр қақтығысты католиктер кресшілердің 

Таяу Шығыстағы басқыншылық науқанына сылтау деп ұқты. 

“Əулие билеуші Иоанн” деген кім? Əлде ол шіркеудің құпия 

сақтай білетін мылқау қабырғасының ар жағында қиялдан туған 

бейне ме екен? Олай болса, өмірде оның түп тұлғасы бар ма?

Қызық қылғанда, аңызға өзек болған тарихи тұлғаны анықтау 

барысында зерттеушілер ортақ мəмілеге келе алмады. Кезінде, 

əулие Иоанн мен керейдің Уаң ханының тағдырын тоқайластыру 

кəдімгідей əдетке айналды. Ал шындығында Уаң ханның оған 

ешқандай  қатысы  жоқ.  Мұндай  жаңсақ  пікір  керей  ханының 

аты мен атағының аңыздағы священник есімімен үндестігінен 

туындаған.  В.  Бартольд  зерделілікпен  атап  көрсеткендей,  та-

рихи  мəліметтер  бір  жақты,  жасандылықпен  пайдаланылған, 

оқиғалардың нақты барысы туралы ауыз толтырып айтарлықтай 

түсінік бере алмайтын “Марко Поло кітабында” да (XIII) осын-

дай олқылық бар. 

Атақтың  атпен  байланысын  жоққа  шығармаймыз.  Алайда, 

мұндай атаққа тек қана керей ханы лайықты деп табылмағанын 

айта  кетуіміз  керек.  Керейдің  Уаң  ханынан  бұрын  өткен 

наймандардың  аға  буыны  осы  атақтың  буына  ертерек  мас 

болған. Ол аз десеңіз, Иоанн Уаң хан болғанның өзінде əңгімеге 

өзек болып отырған дақпыртты аңыз XII ғасырдың бірінші жар-

тысында  емес – керей  ханы  Цзинь  империясынан  Уаң  атағын 

алған  сол  ғасырдың-ақ  шенінде  шықса  керек  еді.  В.  Бартольд 

былай деп жазды: “ғылымның қазіргі (XIX ғасырдың аяғын ай-

тады. – С. А.) мүмкіндігі священник Иоанн туралы аңыздың Уаң 

атағынан  туындау  теориясын  қайталауды  көтермейді.  Керей 

ханы  бұл  дəрежеге XII ғасырдың  аяғында  ие  болды.  Ал  “свя-

щенник Иоанн” 1145 жылы тарих сахнасына шығып үлгерген. 

Шындығында, 1145 жылғы  оқиғаларға  байланысты  аңыз  дəл 

сол  жылы  шықса, “абыз-падиша  Иоанның”  тарихтағы  нақты 

тұлғасын Орталық Азияның сол кезеңдегі қайраткерлерінің ара-

сынан  емес – XII ғасырдың  аяғы  мен XIII ғасырдың  басынан 

іздеудің қисыны жоқ қой”. 

Г.  Рубрук  найманның  “Иоанн  королін”,  корольді”,  яғни 

наймандардың  иелігінен  “үш  апталық  жерде,  қара  қытайлар 


72

қоныстанған  таудың  арғы  бетінде”  түтін  түтететін  Унк  есімді 

(Керейдің Оң ханы. – С. А.) алып бақташыдан бөліп қарайды. 

Г. Рубрукке жүгінсек, керейдің Уаң ханы Иоанн өлгеннен кейін 

ғана өзін əмірші, дұрысын айтсақ, хан деп атаған. Керейдің Уаң 

ханы мен Иоанн патшаның екеуі екі адам екенін Г. Рубрук кесіп 

айтады. “Бұл жер (наймандар иелігі. – С. А.) бұрын əулие Иоан-

ның боданы болған наймандарға тиесілі еді”, деп жазған ол. 

Барша тарихшы священник Иоанды мемлекет билеушісі деп 

санайды.  Ал  керей  ұлысына  сонау  қиырда  жатқан  Батыс  елі 

аңыз арнарлықтай даңқы болды ма?

Керейлер  тарихы  Уаң  ханның  бабасы,  түрікше  Бұйрық  хан 

аталған Марқұздың көзінен мəлім, тарихи əдебиеттерде Марқұз 

сөзі христиандық Марк немесе Маркус

1

 есімдерінен туындағаны 



туралы жазылады. XI ғасырдан бастап керейлер арасында хрис-

тиан  дінінің  несториандық  бағыты  кең  тарағанын  еске  алсақ, 

бұл тұжырымның ықтималдығына ешбір шүбə келтірмейсіз. 

Пешенесіне тыныштық жазылмаған Марқұз ұзақ уақыт бойы 

Чжуржендердің Цзинь империясымен соғысты (1125–1134  жж.). 

Чжуржендер  үш  жылда  бір  рет  керейлер  еліне  жорыққа 

шығатынды. Тайпалар арасында сүттей ұйыған татулық болды 

деп ешкім айта алмайды. Мұның өзі ию-қию, адам түсініп болмас, 

таусылмас соғыстарға ұласып жатты. Осындай қақтығыстардың 

бірінде қолға түскен байғұс Марқұз-Бұйрықты татарлар Цзинь 

үкіметіне  табыстады.  Шыңғыс  ханның  жорықтары  жайында 

көптеген  мəліметтер  бары  белгілі.  Алайда,  біз  тілге  тиек  етіп 

отырған  оқиғалар  төңірегінде XV ғасырдағы  парсы  тарихшы-

сы  Рашид-ад-диннің  “Джами-ат-тауарихы”  мен  “Жылнамалар 

жинағынан”  шыншыл  дүние  табу  қиынның  қиыны.  Осыдан 

бас тап біз оқиғалар мен процестерді тікелей осы екі шығармаға 

сүйене отырып баяндаймыз. “Ол кезде, – деп жазады Рашид-ад-

дин, – татар тайпалары (бұл жерде монғол тайпаларының білікті 

тобы сөз болып отыр. – С. А.) саны жағынан көп əрі қуатты еді. 

Құмырсқаның илеуіндей құжынаған бұл жұрт қытай мен джур-

дже əміршілеріне бағынуға мəжбүр болды. Татар ақсүйектерінің 

1

  Маркус – кейде Марқұз болып жүр.



73

сол  тұстағы  басы  Бұйыр-Нұр  өңірінде  түтін  түтетіп  отырған 

Нұр-Бұйрық хан болатынды. Сол Бұйрық қапысын тауып, керей 

ханы Марқұз-Бұйрықты қолға түсіріп, оны Джурдже əміршісіне 

табыстады.  Керей  ханына  көптен  тісін  қайрап  жүрген  əмірші, 

масқара  қылғанда,  Марқұзды  “ағаш  есекке”  шегелеп  өлтірді. 

Əйелінен  басқа  кегін  қайтарар  жанашыры  болмауының  өзі-ақ 

Марқұз  беделінің  қаншалықты  деңгейде  екенін  көрсеткендей 

еді!  Араға  біраз  уақыт  салып, – деп  жалғастырады  Рашид-

ад-дин, – Марқұз-Бұйрықтың  əйелі  Күтіктай-Көрікті  іргелес 

жатқан  татарларға  кісі  салады.  Ханшаның  көрікті  атануы 

да  тегін  болмаса  керек-ті.  Оның  ақ  жүзінен  төгіліп  тұрған 

сұлулық сəулесі қараған жанды бейжай қалдырмаушы еді. “Та-

тар  əміршісі  Нұр-Бұйрыққа  жүз  қой,  он  бие,  қымыз  сақтауы 

үшін жүз өндір (біздің топшылауымызша – саба. – С. А.) сыйға 

тартпақпын”. Ерінің кегін қайтармақ болған адал сүт емген ақ 

некелі жар (Күтіктай-Көрікті) жүз өндірге төрт қаруы түгел сай 

жүз батырды жасырып (қаптарды) арбаға тиетті. Əкелген сый-

ларын  дəйекшіге  табыстағаннан  соң  олар  “дастархан  басына 

арбаға тиеулі өндірлермен қымыз əкелеміз” деді. Солай болды 

да. Сабадан шыққан сарбаздар мен əмірші əйелінің (Күтіктай-

Көрікті) қызметшілері қамсыз отырған татар ханы мен бектерін 

қырып салды. Марқұз ханның он екіде бір гүлі ашылмай жесір 

қалған  сұлу  жарының,  бізше  айтқанда,  трояндық  əдіспен  кек 

қайтаруы  керей  ханшасының  жар  төсегіне  адалдығы  мен  жау 

жүректілігін ғана көрсетпесе керек-ті. Өлгеннің артынан өлмек 

жоқ,  мұның  артында  мұрагерлер  мен  ордадағы  белгілі  князь-

дар арасын қым-қуыт қылған тақ пен бақ таласы жатқан. Керей 

ордасында өткен мұнан кейінгі оқиғалар осыған айқын дəлел. 

Топырағы  торқа  болғыр  Марқұз  хан  атанған  Тоғырыл  таққа 

отырғанша керейлер бірде монғолдардың, бірде наймандардың 

ықпалында болып келді. 

Ұзаққа  созылған  тақ  таласы  Тоғырылдың  жеңісімен  аяқ-

талды. Бақталас інісі Ерке-Хараны жазаламақ шешім Тоғырыл 

басына осы тұста келген. Жаны мұрнының ұшына келген Ерке-

Хара  найман  билеушісі  Инаныш-Білгені  паналады.  Ақыры, 

ортағасырлық  қым-қуыт  соғыстардың  қазанында  қайнап 


74

шыңдалған найманның бұл батыр ханы 1194 жылы Тоғырылды 

талқандап  тынды.  Бұл  амалсыздық  не  істетпеген.  Жетісудағы 

қара  қытайлардан  жансауға  сұрау  Тоғырылдың  үш  ұйықтаса 

түсіне  енбеген  жайы-тұғын.  Қара  қытай  горхандардың  талай-

дан  бері  тос  қағыстырған  досы,  талайдан  бері  одақтасы  най-

ман  ханының  ата  жауын  олардың  қабылдамауы  əбден  заңды 

еді.  Амалы  құрыған  керей  ханы, XII ғасырдағы  монғол  хро-

никасы  “Алтын  топшыда”  айтылғандай, “бес  ешкінің  сүті 

мен  түйенің  қанын  талғажау  ете  отырып”,  Шығыс  Түркістан 

арқылы еліне оралды. Тоғырылға керей тағын тек Шыңғыс хан 

ғана тартып əперді (1194 ж.). Осы шақтан бастап Тоғырылдың 

тасы  өрге  домалайды,  керей  елінің  нығаю  процесі  баста-

лады.  Тоғырыл  даңқының  алысқа  естілер  шағы  да  осы  тұс. 

Атап  айтқанда,  Цзинь  императоры  империяға  бағынудан  бас 

тартқан татар ханы Мегуджин-Сеултуды тəубесіне келтіру үшін 

Ваньян-Сян  басшылығындағы  жазалаушы  армия  шығарды. 

Қытай  қолбасшысы  Тоғырылдан  көмек  сұрап  кісі  салған.  Бұл 

ұсынысқа  қуана  келіскен  Тоғырыл,  жорыққа  шығуға  Шыңғыс 

ханды  да  азғырды.  Татар  ханы  керейлердің,  монғолдар  мен 

қытайлардың бірлескен күшіне төтеп бере алмады. Қолбасшы 

Ваньян-Сянның Тоғырылға “Уаң”, Шыңғыс ханға “Джаутхури” 

атағын беруі өзінен-өзі түсінікті болса керек. 

Тоғырылға  қытайлық  мəртебелі  дəреженің  берілуін  Цзинь 

империясының  керей  мемлекетін  тануы  деп  түсінуі  лəзім.  Ал 

Уаң  ханның  меркіттерге  жасаған  жорығы (1198 ж.)  буыны 

бекіп,  бұғанасы  қата  қоймаған  керейлердің  жас  мемлекетінің 

саяси істерді өз күшімен шеше алатынын дəлелдеп берді. 



Уаң хан ба, əлде Таян хан ба?

Мемлекеттің  ішкі  жəне  сыртқы  саяси  жағдайын  нығайтып, 

көңілі орныққан Уаң ханның есіне Инаныш-Білгеде кеткен кегі 

түсе кеткені. Алайда, кек қайтарар шақтың ауылы əзірге алыс-

тұғын. Уаң хан өзегін талдырып күткен қолайлы сəт те туды-ау, 

əйтеуір. 



75

Тумақ  бар  да,  өлмек  бар,  өлместей  көрінген  Инаныш-Білге 

де көз жұмған. Əуелі ханның ұланғайыр иелігін оның екі ұлы 

Таян хан мен Бұйрық хан ың-шыңсыз бөлісіп алған сияқты еді. 

Билік  шіркін  кімнің  басын  айналдырмаған,  ағайынды  қос  хан 

арасында  елеусіз  басталған  ала  ауыздық  өршіген  үстіне  өрши 

түсті.  Осы  жерде  Шыңғыс  ханмен  жəне  қуатты  жаужуриттер 

бірлестігінің көсемі Жамұхамен одақ құруға ақылы жеткен Таян 

ханның тасы өрге домалады. Қырық рудан құралған бұл əскер 

Уаң ханның басшылығымен Таян ханның кіші інісі Бұйрықтың 

ұлысына аттанды. Қарсыласуға қауқары жетпеген Бұйрық Ал-

тай асып, шегініп кетті. 

Деректерге  жүгінсек, XII ғасырдың  аяқ  шеніне  қарай  Уаң 

ханның бағы тая бастаған. Ал 1203 жылы Шыңғыс ханнан əбден 

тұралап  жеңілгеннен  соң,  керей  ханы  найман  қолбасшысы 

Хору-Сүбешінің  қолынан  қаза  тапты.  Аңыздың  керейлерге 

қатысының  жоқтығы  күмəнсіз  еді.  Керейдің  Уаң  ханы  тура-

лы  басқа  дақпыртты  əңгімелердің  Сібір  халықтары  арасында 

кеңінен тарауы, сөйтіп біртіндеп оның орыс жылнамаларында 

жаңғыруы əбден ықтимал. Бағзы біреулердің мұны əңгімемізге 

өзек болып отырған мəшһүр дақпыртқа телуі мүмкін. 

Бұл  жерде  христиан  діні  тараған  Орталық  Азия  билеуші-

лерінің  арасында  найман  хандарынан  бөтен  ешкімнің  де 

қытайлық  “Уаң”  дəрежесі  болмағанын  тағы  да  бір  еске  салу 

лəзім. Г. Руб рук жазбаларында аңыздың наймандарға телінуі де 

осыған байланысты. 

Уаң  хан  мен  Шыңғыс  ханның  замандасы  Таян  ханның 

“кінəздің  ұлы”, “патшаның  ұлы”  деген  ұғым  беретін  уаң 

атағының  қызығын  бір  адам  құрлы  көргені – бізге  тарих-

тан  мəлім  ақиқат.  Алайда,  бұл  атақтың  найман  билеушісіне 

қашан,  қандай  жағдайда  берілгені  туралы  дерек  жоқ.  Рашид-

ад-дин, болмысы тарихтың терең қатпарларына көміліп қалған 

Нарқыш-Таян деген екінші бір найман ханын еске салады. Ол 

адамның  Таян  ханға  қаншалықты  қатысы  бар,  əлде  бұл  бізге 

есімі  жақсы  таныс  найман  əміршісінің  жанама  есімі  ме  екен? 


76

Əнет  қаханның  қырғыздармен  өткен  қым-қуыт  соғыста  оның 

одақтасы  кім  болды  жəне  билікке  таласқан  бақталас  бауыры 

кім еді? Егер Рашид-ад-динге жүгінсек, “Шыңғыс хан дəуірінен 

бұрын  найман  ұлысын  Нарқыш  Таян  мен  Əнет  қахан  биле-

ген”, əрі “Бұйрық пен Таян – Əнет қаханның ұлы” болып шыға 

келеді. Басқа деректерден мəлім мына бір жайдың шындығына 

тағы да күмəніміз қалмайды. Онда Таян хан мен Бұйрық хан-

ды  Инаныш-Білгенің  ұлдары  деп  санайтын  Рашид-ад-диннің 

қателеспегені айтылады. Демек, Əнет қахан мен Инаныш-Білге 

екеуі бір адам. Инаныш-Білгенің ұлы ғана емес, оның туған інісі 

Нарқыштың да қытайлық “ай-ван”, яғни Таян атағы болғанына 

сену керек. Мұның бəрі найманның даңққұмар əміршілеріне атақ 

берудегі қытайлық кейбір дəстүрлерден хабар бергендей. Ал бұл 

дəстүр XII ғасырға  тəн.  Қалайда,  бізде  қытай  билеушілерінің 

наймандарға  қай  кезеңнен  бастап  атақ  бере  бастағанын  тап 

басып  айта  алатын  бұлтартпас  дерек  жоқ.  Сондай-ақ,  мұндай 

дəрежелі атақтардың кімге қашан берілгені туралы да айта ал-

маймыз. “Уаң”  дəрежесі  Инаныш-Білгенің  əкесінде  де  болған 

деп тұжырым жасауға негіз бар. Өйткені, Инаныш-Білгенің інісі 

Нарқыштың  көшпелілер  арасындағы  абырой-беделі  уаңның 

ұлы, яғни, “дай-уаңның” дəрежесімен өлшенетін-ді. Л. Н. Гуми-

левше Əнет пен Инаныш-Білге екеуі бір адам. Ал “Иоанн” есімі 

“Əнеттен” шыққан. 

Наймандар  Қызылқұмдағы  соғысқа  қатысты  деп  тап  ба-

сып  айта  алмаймыз.  Алайда,  олардың  Жетісудағы  саяси 

оқиғалардан тысқары болмағанын дəлелдейтін деректер де жоқ 

емес. Атап айтқанда, “Ляо шиде” (“Ляо əулетінің тарихы”) най-

ман ақсақалдарының Елюй-Даши гурханға батасын беріп, қара 

қытай əскеріне қажетті сый-сияпат жасап тұрғаны жазылады. Ол 

басқа бір деректерде қара қытайлардың қараханидтерге жасаған 

жорығының  бел  ортасында,  айналып  келгенде,  Иоанн  туралы 

аңыздың түп тұлғасына айналған “дай-уаң”, яғни Таян дəрежелі 

өз хандары бастаған қазақстандық сегіз тайпаның болғаны ай-

тылады. Ал сол сегіз тайпаның бірі наймандар екені сөзсіз. 


77

Тəңірдің зауалы

Наймандардың əскери-саяси бірлігінің тірегі Инаныш-Білге 

екен. Хан өліп, оның екі ұлы Таян хан мен (Рашид-ад-динше  – 

Бай-Бұқа) “Алтың  топшыда”  Гучут,  Гучутун  деп  аталатын 

Бұйрық хан ұлысты екіге бөліп жіберді. Əмбеге аян, Таян хан 

мен  Бұйрық  хан  арасындағы  ұзаққа  созылған  жауласу  Рашид-

ад-дин  айтқандай  от  басы,  ошақ  қасының  дауы  емес-тұғын. 

Бұл нағыз екінің бірі өліп, бірі қалатын тақ таласы еді. Найман 

ұлысындағы  дағдарыс,  орданың  іргесінде  арандатушылығын 

жиілетіп жіберген Шыңғыс ханның күшейген шағына дəл келді. 

Бұл наймандарға ықпал етпей қалмайтын. Жұт жеті ағайынды 

деген  рас-ау,  Инаныш-Білге  марқұм  көз  жұмысымен  Уаң 

ханның, Жамұха мен Шыңғыс ханның бірлескен күші Бұйрық 

иелігіне  басып  кірді.  Қарсыласуға  қауқары  жетпеген  Бұйрық 

Енесай асып, қырғыздарды паналады. 

Тауық  жылы (1201 ж.)  тақап  қалған  тауқымет  қарсаңында 

Алқұй-Бұлақ  шатқалында  Жамұханы  қолдаушы  тайпалардың 

құрылтайы жиналды. Бұл кезде Шыңғыс ханмен ат құйрығын 

кесіскен Жамұха шешен монғол əміршісінің тоқайласпас жауы 

болып  алған.  Құрылтай  шешімінің  нəтижелілігі  үшін  Бұйрық 

хан жанын салды. Сөйтіп, Жамұханы “гөрхан”, яғни “ұлы хан” 

сайлаған  бұл  қауым  Шыңғыс  хан  мен  оның  одақтастарына 

соққы  бермекші  болды.  Тағдырдың  дегеніне  мойын  ұсына 

қояр Шыңғыс хан ба, қауіпті дер кезінде аңғарған ол Уаң хан-

мен  тізе  қосып,  Керулен  өзенін  бойлап,  Жамұханың  алды-

нан  шықты.  Шыңғыс  хан  қосындары  жау  əскерінің  алдыңғы 

шебінде  Бұйрық  ханның  жасағы,  Аушы-Батыр  бастаған  ауа 

жайылған монғолдар, Тоқтай бектің ұлы Хуту мен ойрат Худу-

ха бекке бағынышты меркіт əскерлері келе жатқанын жеткізді. 

Қас  қағымда  екі  жақтың  алдыңғы  топтары  бетпе-бет  қарсы 

кездеседі.  Шыңғыс  ханның  талай  қырғынды  бастан  өткерген 

тəжірибелі  ертуілшілері  кейін  шегініп,  негізгі  топқа  қосылды. 

Майдан  тағдыры  Қойтан  шатқалында  шешілді.  Ұрыс  екі  жақ 

үшін де оңайға түспегенін айту керек. Бүкіл қосымша күштерді 



78

сарқа  пайдалану  да  екі  жақтың  ешқайсысына  жеңіс  сыйлай 

алмады.  

Амалы  құрыған  жұрт  түрлі  мистикалық  қулықтар  ойлап 

табуға дейін барды. Жамұха одақтастары үшін ең шешуші сəтте 

Бұйрық  пен  Худуха  тəңірден  жалынып-жалбарынып,  мойын-

дарына  бұршақ  салып,  жаңбыр  тіледі.  Əрине,  бұдан  нəтиже 

шыққан жоқ. “Олар өздерінің арбағыш сиқырларын бастап кетті 

(монғол жылнамасы). Алайда, сел мен қатты көтерілген дауыл 

оларға тиімді болған жоқ. Өздері тайғанап құлап, құрдымға кетіп 

жатты.  Осылайша  берекесі  кеткен  жұрт  “Тəңірдің  қарғысына 

ұшырадық”  деп  ұлардай  шуласты.  Шайқас  тағдыры  Шыңғыс 

ханның пайдасына шешілді. 

Əуел  баста  Шыңғыс  ханға  қарсы  құрылған  одақ  шілдің 

қиынша шашырап тоз-тоз болды. “Халық төбесіне хан көтерген 

оның атақ-даңқына” көз қызартқан Жамұха Эркене өзенін бой-

лай кейін ығысты. Абыройдан жұрдай болған одақтастарынан 

іргесін аулақ салған Бұйрық оңтүстік Алтайдан асып, Ұлы тауға 

қоныс  аударған.  Қолбасшы  есебінде  Шыңғыс  хан  маңдайына 

тағдыр небір аққаптал жеңістер жазды. Дей тұрғанмен де, ұлы 

қолбасшы  есінде  бұл  шайқас  орны  толмас  зор  шығынымен 

де  қалған  сияқты.  Сондықтан  ол  Жамұха  одақтастарының 

əрқайсысынан жеке-жеке кек алуға көшті. 

Шыңғыс ханның өзекті жанға бітпеген қаныпезер кекшілдігін 

жақсы  білетін  Бұйрық  хан  меркіттердің,  дүрбандардың, 

татарлардың,  сельжуиттер  мен  ойраттардың  басын  біріктіріп, 

жаңа  одақ  құрды.  Шыңғыс  хан  əскерімен  бетпе-бет  кел-

ген  алғашқы  соғыста-ақ  жүрегі  шайлығып  қалған  қауқарсыз 

одақтың  сағы  сынып,  ат  басын  кері  бұрған.  Қашан  да  қолмен 

істегенді  мойынмен  көтеру  шарт.  Бұйрық  ханның  жазадан 

қашып  құтылмасы  анық-тұғын.  Ата  жауы  меркіттер  мен  та-

тарларды  тəубесіне  келтіріп (1202 ж.),  ит  жылының  күзінде 

олардың  жүгенсіз  кеткен  көсемдерін  өлтіргеннен  кейін  Уаң 

ханмен  тізе  қосқан  монғол  əміршісі  Бұйрық  ханға  аттанды. 

Қарсыласар  қауқары  қалмаған  Бұйрық  Ұлы  тау  қайдасың  деп 

сырғақтай  берген.  Қашан  қолыма  түсесің  деп  талайдан  тісін 

қайрап  жүрген  Шыңғыс  хан  Бұйрықтан  айрылса  Шыңғыс 


79

хан  бола  ма?  Ұлы  тау  төңірегінде  найман  қолбасшысы  Еді-

Тұғлықты  қолға  түсіріп,  бір  мұратына  жетті.  Сабырсыз  інісін 

жанынан  түңілдіріп  жіберген  оқиғалардан  хабары  бола  тұра 

“жеті жалаулы” Таян хан Бұйрыққа дер кезінде қол ұшын бере 

алмады. “Ештен  кеш  жақсы”  деген  аталы  сөздің  абиыры  осы 

жерде  төгілді.  Шыңғыс  хан  мен  Уаң  хан  жеңіс  тойын  тойлап, 

кейін оралар жолда, дімкəстігіне орай Көксау-Сабырақ атанған 

қарт  қолбасшы  бастаған  найман  қолымен  бетпе-бет  кездессе 

болмай ма?! Ал Таян хан бұл əскерді монғолдар мен керейлерді 

жазалауға жіберген...

Сатқындықтың құны

Қас  қарайып  қалған  шақ-тұғын.  Шайқас  келесі  күнге 

қалдырылды. Шыңғыс хан мен Уаң хан əскер арасында қонуға 

келіскен.  Сол  түні  Уаң  хан  мен  Жамұха  найманның  самсаған 

қолынан  сескенді  ме,  əлде  монғол  ханына  опасыздық  жасады 

ма,  оттарын  самаладай  жанған  қалпында  қалдырып,  шайқас 

алаңынан  өз  қосындарын  алып  шықты.  Жолай,  бұл  одаққа 

кешірек қосылған Жамұха Шыңғыс хан мен Таян хан арасын-

да  жасырын  келісім  бар  дегенді  Уаң  ханның  құлағына  құйып 

бақты. Оның Шыңғыс ханға қарсы керейлермен одақ құрмақшы 

болуы да ықтимал. 

Одақтастарының  сатқындығына  көзі  жеткен  Шыңғыс 

хан  таң  ата  майдан  алаңынан  сығыла  берген.  Монғолдардың 

соңына  қуғыншы  түскен  жоқ.  Найман  қолбасшысы  ең  алды-

мен  Бұйрық  хан  көрген  сүргіннің  басты  себепкері  Уаң  ханға 

өшігулі еді. Көксау-Сабырақ керей ұлысына барып кірді. “Сан-

гунды  (Сангун – Уаң  ханның  баласы. –  С.  А.)  бүкіл  отбасы-

мен, төлеңгітімен қолға түсіріп, Телегету сайында отырған Уаң 

ханның жарты жұртын малымен қоса айдап əкетті”, – деп жа-

зады  бұл  тұрғысында  “Алтын  топшы”.  Керей  тұтқынындағы 

меркіттердің  айы  оңынан  туып,  бостандық  алды.  Оқиғаның 

бұлайша өрістеуін күтпеген Шыңғыс ханның қалпағын аспанға 

атып  қуанғаны  айтпаса  да  түсінікті.  Бақ-талайынан  жұрдай 


80

болған Уаң хан беттің арын белбеуге түйіп, Шыңғыс ханға елші 

салды. “Менің  əйелдерім  мен  балаларым  найман  тұтқынына 

түсті.  Өз  ұлым  болғандықтан  халқымды,  зəу-затымды  араша-

лап  алар  батыр-күліктеріңді  жіберуіңді  сұраймын”.  Шыңғыс 

ханның  көп  ойланбай-ақ  шығарған  төрт  дарынды  қолбасы 

бастаған  əскері  “Уаң  ханның  зəу-затын”  наймандардан  боса-

тып  алды.  Уаң  ханның  ақ  батасы  мен  алғысын  жаудырғаннан 

бөтен амалы қалмаған шағы осы тұс. “Ол да асыл текті баба-

сынша басынан бағы тайған жұртымды маған қайтарып əперді. 

Міне,  тағы  өз  ұлымның  құрметін  көріп  тұрмын.  Аспан  мен 

Жер  тəңірісі  менің  оған  берген  батамды  қабыл  қылсын!”  Уаң 

ханның  қаншалықты  ағынан  жарылғанында  шаруамыз  жоқ. 

Біздің  білетініміз – кенеуі  кеткен  татулықтың  іргесі  мəңгіге 

сөгілгені ғана. Шүбəсіз татулықтың өзі бұрын да болмаған ғой. 

Татулық  пен  сенімділік  туралы  ойлап  Уаң  хан  да,  Шыңғыс 

хан  да  бас  қатырмаған.  Көршілік  көмек  пен  соның  төлеуіне 

айтылған  алғыстың  тасасында  жаулық  пен  аярлық  жатқаны 

көкірегі  ояу  адамға  əбден  аян.  Мұнан  соң  не  болып  еді?!  Уаң 

хан қайта оралған дəрежесін тойлап, елі жоқта жез құрлы қадірі 

болмаған алтын тəжін қайта киіп жатқанда Шыңғыс хан əскері 

керей  билеушісінің  төлеңгіттерін  баудай  түсірді.  Байтал  түгіл 

бас  қайғы,  Уаң  хан  мен  Сангун  ұлысты  монғолдар  талауына 

қалдырып, беті ауған жаққа безіп кеткен. 

Қайда  барсаң  да  Қорқыттың  көрі  демекші,  Уаң  хан  байғұс 

Шыңғыс ханнан қашып құтылғанымен ажалынан құтылмапты. 

О баста тағдыр оның маңдайына найман қарауылының басшысы 

Кəрі-Сүбеші мен Тəтік-шалдың қолынан ажалды болуды жазса 

керек-ті. Солай болды да. Керей ұлысының ең соңғы айбарлы 

ханы Уаң хан, Орталық Азияны дүркіретіп өткен оқиғалардың 

бел ортасында болған тарихи тұлға көз жұмды. Онымен бірге 

Керей мемлекетінің тынысы да бітті. 

Найман ордасына жеткізілген Уаң ханның ардақты басының 

белгілі  бір  кезеңде  ғибадаттық  мəні  болғанын  айта  кету  ке-

рек. Таян хан керей билеушісінің өлтірілуін құптамады. Оның 

түсінуінше,  Уаң  хан  Шыңғыс  ханның  дəурендеуін  тежейтін 

бірден-бір  күш  болатын.  Найман  билеушісінің  Уаң  ханның 


81

аруағына бағыттап жылы-жылы сөздер айтуының себебі осын-

да  болса  керек.  Нилха-Сангун  Қашғар  даласында  қаза  тапты. 

Сөйтіп,  Шыңғыс  хан  күшеюі  үшін  ғана  емес,  өзінің  жер  ба-

сып, тірі жүргендігі үшін де қарыздар Уаң хан сияқты қауіпті 

бақталасынан наймандар көмегімен оңай құтылды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет