Шұғыл шешім
Байтақ Орталық Азияда Шыңғыс ханның ендігі жалғыз
бақталасы найманның Таян ханы ғана қалған еді. Бұл жақта
Шыңғыс хан сансыз сабылыстарда нығайып, қолбасы əрі мемле-
кет қайраткері ретінде жоғарыға көтеріліп, қанқұйлы əрекетінің
арқасында дүйім жұртқа қанішерлігімен танылып еді. Алай-
да, “тиыш жатқан жыланның құйрығын баспа” деген қағиданы
берік ұстаған, шама-шарқын мөлшерлей білетін ақылды ханның
жүрегі найман ұлысына басып кіруге дауаламай-ақ қойғаны.
Наймандар жіберген əр қателікті жіпке тізіп отырған ол содан
тиісті қорытынды шығарып отырды. Найман мемлекеті ұлы
жиһангердің жатса түсінен, жүрсе ойынан шыққан жоқ. Əйтеуір
бір қырғынның болары анық-тұғын. Ақылды хан өз күшін най-
мандардан аз деп бағалады. Сөйтіп, ұлы жиһангер болашақта
жарты əлемді жаулап алар қауқарын найман ұлысына салып,
күшін сынап алмақшы болғаны белгілі.
Таян хан қол қусырып қарап отырды десек шындыққа қиянат
болар. Жатпай-тұрмай найман билеушісі де Шыңғыс ханға
қарсы күш біріктірді. Монғол ханының саяси өмірдегі адам
сенбес табыстары ордадағылардың үрейін ұшырғаны да өтірік
емес. Бұл жайында көне деректер не айтар екен?
Таян ханның Уаң ханның басына ғибадат қылған шағы бы-
лайша баяндалады: “Ақ кигізде жатқан хан басына құрмалдық
шалынып, қалыңдықтар лютнихура аспабының сүйемелдеуімен
ғибадат рəсіміне сай қолдарын бүккен қалпы əн шырқады. Сол
сəтте керей ханының басы арсыздықпен қарқылдап күлулі-мыс.
Қаны басына тепкен Таян хан: “Күлесің, ə!” деген көрінеді ашуын
жасыра алмай. Ізінше құрметті тəрк қылған керей ханының бас
82
сүйегін аяқпен таптап ұсақтатты”. Монғол əміршісінің ғаламат
жеңістері жайлы толассыз түсіп жатқан хабарлар нөпірі Таян
ханның шымбайына қатты батты. Түптің түбінде найман-
дар төбесінде ойнамақ монғолдың қайқы қылышына қарсы
қояр тəсіл ойлап табудың орнына, сабырсыз хан ата жауын
сықпыртып боқтаудан аса алмады. “Менің естуімше, – деген
көрінеді мейманасы тасыған хан, – түстік беттегі қайдағы бір
монғолсымақтар сайдақтарын (қару түрі) шолтаңдатып, даңқы
жер жарған Уаң ханның мазасын алған көрінеді. Сол ұятсыз
əрекеттерімен ұлы ханның жүйкесіне тиіп, ақыры ажалына
себепші болыпты. О, құдай-ау, сонда монғол екеш монғолдың
да хан болғысы келгені-ау...” Таян өзінің көшпелі əлемдегі
атақ-даңқын алға тартуды ұнататын. Тіпті болашақтағы жарты
əлемнің қожасы монғолдарға былайша сес көрсетіп қоятыны
бар екен. “Көк күмбезіндегі күн мен ай бір мезгілде жарқырау
үшін жаралмаған. Жердегі жағдай да сондай. Бір мезгілде бір
өлкеде екі бірдей ханның билік жүргізуі мүмкін емес. Мен
кəріме мінсем, пəтшағарлардың аты қалай еді өзі, иə, монғол
деп аталады екен ғой, солардың жонынан таспа тілем!” Осының
бəрі күні кеше ғана көз алдарында быт-шыты шығып бытырап
жүрген, түкке тұрмайтын монғол тайпаларының аяқ астынан
күшейе қалуының салдары.
Таян ханның əйелі Гүрбесі-қатын бірінші болып əзірге бел
ала қоймаған жауға шабуыл жасауға шақырады.
“Көріксіз көйлек кигені,
Төзгісіз сасық күйде еді”, –
деп монғолды мысқылдап, Таян ханға өлеңдететін де осы
Гүрбесі-қатын. Онан əрі ханша Таянға мұндай жаудан іргеңді
аулақ сал, монғолдың қыз-қатыны біздің сиырларымыздың
желінін созғылау үшін ғана жаратылған. Онда да олардың
ішіндегі іске татырлары ғана. Бұл халық бізге аяқ-қолымызды
жуғызу үшін ғана қажет, – деп асылық айтады.
Таян хан ордасындағы ахуал ширыққан үстіне ширыға
түседі. Неғұрлым ықпалды адамдардың табанды талабы-
нан соң Таян хан бір шешімге келеді: “Жарайды, – дейді Таян
83
хан. – Монғолыңды да көріп алдық. Күні ертең жауға атта-
нып, мұрнынан тізіп құл етеміз”. Бұл құдіретті əміршінің қайта
қарауға келмейтін дара шешімі еді. Əліптің артын бағып, Таян
ханға шұғыл шешімнің ұшқарылығын салауаттылықпен ескер-
тер сұңғыла адам найман ордасында да бар екен. Ол – Шыңғыс
ханның жаңа əскерінің қауқарын тани білген қарт қолбасшы
Көксау-Сабырақ болатын! Алайда, өз буына өзі піскен ұшқалақ
ханды тізгіндеу мүмкін болмады.
Шу дегеннен-ақ Таян хан таңғұт əміршісінен жəрдем сұрады.
“Құлығинə, яғни тышқан жылының, немесе хижра есебі бойын-
ша 600 жылдың жұмада айының басында (1204 жылдың ақпан-
наурызы) найман билеушісі Таян хан таңғұт əміршісі Алакүш-
тегін-Куригэге Жұқанан атты елшісінен мынадай сəлем жол-
дады, – деп жазады Рашид-ад-дин. – Бұл өңірде жаңа билеуші
шығыпты деп естиміз. Біздің білуімізше, ол – Шыңғыс хан!
(Көк тəңірісінде) ай мен күнге тиесілі орын барын білеміз. Ал
бір иеліктегі екі əміршінің реті қалай болмақ? Менің оң қолым
болып, əскеріңнен қарайлас. Сөйтіп, біз оның мансабын тар-
тып аламыз”. Елшіден жолданған сəлемнен-ақ Таян ханның
байтақ даланы өз иелігім деп ұққанын, ал Шыңғыс ханды түкке
тұрмайтын алаяққа санағанын аңғару қиын емес. Сондықтан
да ол алда тұрған науқанға бар болғаны жазалау шарасы деп
қарады. Таян хан тұмсығының тасқа тірелуінің бір себебі осын-
да. Алакүштегін найман əміршісінің ұсынысын қабылдамай тас-
тады. Ол аз десеңіз, найман ұлысының шабуыл жасамақ ойын
Шыңғыс ханға дереу жеткізді. Бұл хабарды оған таңғұт елшісі
Төмен-кере даласында алаңсыз саят құрып жүрген шағында ай-
тып берген. Монғол ханы таңғұттардың бұл жақсылығының
төлеуіне 500 жылқы мен мың қой атады.
“Құрылтай”
Монғол əміршісі наймандардың өзіне деген пейілін
жақсы-ақ білетін. Алайда, оқиғаның бұлайша жылдам бас-
таларын ойламаған. Шыңғыс хан саяттың қызығын төтенше
84
құрылтайдың құрбандығына шалды. Құрылтайда бір ғана
мəселе қаралды. Наймандар шабуылын қалай тоқтату керек?
Монғол əскері мұндай кең көлемді науқанға əзір емес-тұғын.
Мұның өзі, шайқасқа түсуді құптамағандардың басты дəлелі
де болды. Пікірталас барысында əркім əр түрлі ұсыныс айт-
ты. “Елдің тағдырын саятта жүріп шешкен бұлардың ісі не бо-
лар екен?” – деп жазады “Алтын топшының” белгісіз авторы.
Көптеген адамдар аттарымыз да болдырды, енді не болмақ де-
ген күдік білдірді. Шыңғыс ханның кіші інісі Очигин-ноян де-
реу шабуылға шығуды табандылықпен талап етті. Рашид-ад-
динге иланар болсақ, Очигин өз пікірін қисынды дəлелдеген.
“О, нөкерлер, аттың болдыруы да сылтау болып па? Құлаққа
түрпідей тиер сөз естігеніміз рас болса (Таян хан мен оның
төңірегіндегілердің аузынан шыққан монғол намысына тиетін
сөзді айтады. – С. А.), жорыққа шығуымыз қажет! Таян ханның
бізді талқандамауы үшін біз оны талқандауымыз керек. Соңынан
бұл жерде Таян ханды қолға түсіргенбіз деп айтып жүреміз. Ол
шайқаста біз жеңеміз бе, əлде Таян ханның мəртебесі үстем бола
ма, ол жағы жалғыз көк тəңірісіне ғана аян! Біздің шайқасты
кейінге қалдыруымызға болмайды!” Құрылтай монғолдарға
желік бітірді. Əр əскербасы хан алдында өзінің адалдығын
дəлелдеп қалуға тырысты. Əсіресе хан інілері аянған жоқ.
Белгітай былай деген дейді:
“Қолында кетсе сайдағым
Алысқан ата жауымның,
Бес қаруменен бойдағы
Шайқаста ажал құшпасам
Шағылғаны ғой тауымның.
Боданы көп хандықтың
Сай болған соң аумағы.
Тыншытар емес жанымды,
Елімнің найман жаулары.
Тілдерін бізді қорлаған
Суырып алсам, арман не?!
Наймандар бізден шыңға шырқап қашса да құтылмақ емес.
Монғол əскері дереу атқа мінсін!”
85
Белгітайдың бұл көсілуі Шыңғыс ханның жанына майдай
жақты. Саятты соғысқа жалғастырмаққа шешкен хан Керулен
өзені бойындағы қоныстарын аралап, əскерін тəртіпке келтірді.
Парсы тарихшысы мұны былайша баяндайды: “Шыңғыс хан
əскерін есептеді. Мыңдықтар құрып, нояндар, мыңбасылар,
жүзбасылар мен онбасылар тағайындады. Мыңдықтарды,
жүздіктер мен ондықтарды құрып болғаннан кейін өзіне
кешіктене
1
, яғни кезекші күзет, 80 адамнан тұратын көптеуіл –
түнгі күзет, 70 адамдық торғауыт – күндізгі гвардиялық күзет
қызметін атқаратын сарбаздар іріктеді. Бұл отрядқа ең қабілетті
деген, сыртқы бітімі əмірші салтанатына сай ноян, мыңбасы,
жүзбасылардың балалары мен інілері алынды. Ізінше ба-
тырлар мыңдығы іріктелінді. Əмірші оны басқаруды Архай-
Хасаруға жүктеді. Бұл мыңдық шайқас кезінде ханның көз ал-
дында соғысуға тиісті. Ал бейбіт кезеңде кешіктене сапында
болуы шарт”. Наймандармен енді басталмақ алапат соғыстың
қарсаңында əскердің осылайша ұйымдастырылуы монғолдар
ұрысқа түскелі отырған қарсыластардың қауқар-күшінен де
мағлұмат бергендей емес пе?! Шыңғыс ханның осылайша
ұйымдастырылған қолының Азияда, соңынан Европада өткен
небір алапат соғыстарда жеңілуді білмегені белгілі.
Сөйтіп, шеберлікпен үйлестірілген əскери-феодалдық жүйе
Халха өзені жағалауынан “Тышқан жылының (1204 ж.) бірінші
айының 16-сында түнде күн көзі сіңіп жоғалатын” Батыстағы
құрбандығына қарай жылжыды. Найман ұлысымен жүргізілген
қантөгіс жебенің тигіштігі мен қылыштың өткірлігін сы-
нау ғана емес-тұғын. Бұл деген ұлы жиһангерлік мақсаттың
алғашқы сыннан өтуі еді. Сөз арасында, Шыңғыс хан бар-
лау қызметінің қабілеттілігін əділдікпен айта кету керек. Атап
айтқанда, монғол əскерінің басшылығына найман қолы тура-
лы мəліметтер толассыз түсіп жатты. Таян хан туының асты-
на Шыңғыс ханның талқандалуына мүдделі көптеген тай-
палар мен бірлестіктер топтанды. Шыңғыс хан бостандығы
1
Кешік – ханның жеке басын, ордасын қорғайтын ұлан, арабтар “мəмлік”
дейді, гвардия.
86
мен дербестігіне қауіп тудырған меркіт билеушісі Тоқтай,
Əмір Əлін-тайша бастап келген керейлердің бір бөлігі, ойрат
Құтха-бекі, жаджариттер көсемі Жамұха шешен, дүрбандар,
қатақындар, сельджуиттер мен татарлар жұмылған жұдырыққа
айналып, ортақ жауға қарсы тұрды. Найман əскерінің жал-
пы саны 50–55 мың да, Шыңғыс хан туы астындағы айбар-
лы жас күш 45 мың деп есептелінді. Наймандар өздерінің сан
жағынан басымдығын білді. “Алтын топшыда” айтылғандай,
Таян хан монғолдың жатаған аты əскери машық пен тактикалық
шабуылға ыңғайсыз деп санады. Алайда, оқиғаның барысы
Таян хан пікірінің өзі түптің түбінде адамзат басына Шыңғыс
хан түсірген ауыртпалыққа қаншалықты ықпал еткенін аңғару
қажет. Дəл сол шайқаста наймандар монғолдардың зұлмат жос-
парына тосқауыл бола алса, Шыңғыс ханның жалпақ əлемді
əлекке салар жауыздығы тізгінделер ме еді, қайтер еді?! Тіптен
дүниенің төрт бұрышын түгел қалтыратқан құбыжық өз ішінде
өзін-өзі шағып, құрдымға кетуі де мүмкін еді-ау. Иə, мұның бəрі
əбден ықтимал-тұғын. Əсіресе, миллиондаған адамның өмірін
қиып, жүздеген халықтың тағдырына зəрін сіңірген алты басты
аждаһаға айнала қоймаған сол шақта...
Қауқар сынағы
Қарсы жақтардың алдыңғы отрядтары мүйіз түйістіргеннен-
ақ əбігерлік пен берекесіздік атойлап шыға келді. Таян хан
тайсақтап шегінуге бет бұрған. Алайда, мұны табансыздық емес,
монғолдың атты əскерін болдыртып, шаршату ниетінен туған
əскери машық деп ұғу лəзім. Қарсыластарының анау-мынау емес,
наймандар екенін естен шығармаған Шыңғыс хан да шайқасты
тоқтатпақшы еді. Монғол ханы төтенше мəжіліс шақырды. Хан
нөкерлерінің бірі Додай-шербі мынадай ақылды ұсыныс айтқан:
“Біздің санымыз жаудан аз. Оның үстіне əскер титықтап қажыды.
Аттар тыныққанша мына Сары-керенің жалпақ жазығын
қоршап шеп құрайық. Түнде əр сарбаз бес жерден от жақсын.
Біздің түтеткен түтініміздің көптігі наймандардың зəресін ал-
87
сын. Найман қолының қалыңдығына біздің көзіміз жетті. Алай-
да, олардың өз отының басынан ұзамаған үйкүшік ханы үшін
аздың өзі көптей көрінер. Біз жаққан оттың көптігі жауды жа-
нынан түңілдірер. Оған шейін аттарымыз да тынығар. Сол кез-
де жау қарауылын талқандап, олардың орталық бұлықтарына
соққы береміз. Осыған келісесіз бе, əміршім?” Əскерге өзі
көксегендей тыныс беретін бұл ұсынысты хан қабыл алған.
Əскер Сары-керенің жалпақ жазығына кеңінен қанат жайып, əр
адам өзіне тиесілі бес отты түтетті. Қараңғылық қоюланғанда
Қаңғары бұлақтары маңынан найман шолғыншылары самсаған
от көріп айран-асыр болды. “Монғолдар аз дегендері қайда?
Олар жаққан от жұлдыздан қалың ғой!” десіп жасып қалды най-
мандар. Жанынан түңілген шолғыншылар Таян ханға: “Монғол
əскері Сары-керенің жалпақ жазығын жауып кетті. Жау саны
күн өткен сайын толығып келе жатқан сияқты. Олар жаққан от
жұлдыздан да қалың!” деп ұлардай шуласты.
Енді наймандар мəжіліс құрсын. Таян хан баяғысынша өз
отын көседі. Ол мынадай ұсыныс айтқан: “Монғолдың аты бол-
дырды. Қашқан сыңай танытып, бізді қууға арандату керек.
Жаудың онсыз да қажыған аты əбден болдырып титықтағанда
тізгін тартамыз да, əлсіз аттың жалын құшқан қауқарсыз
монғолды турап саламыз”. “Алтын топшыда” Таян ханның
бұл сөзі анағұрлым сенімді, анағұрлым нық мəнерде айтылған.
Жəне ханның мəшһүр сөзі найман билеушісінің бар болғаны
орта дəрежедегі қолбасы екенінен, оның мінез-құлқынан дерек
бергендей:
“Монғолға қазір тиіссең
Құтылу қиын болғай-ды.
Тек тұрған батыр жауына
Ұрынған адам оңбайды.
Найзалап алсаң оны сен
Қан шығар, бірақ қозғалмас.
Ақылды туған адамда
Осынша батыр жауменен
Шайқасу жайлы сөз болмас”, –
деген екен Таян хан.
88
Монғол аты əбден арыды, – деп жалғастырған көрінеді
Таян. – Найман жұртын Алтайға көшіріп, əскерімізді жау қолын
тосқауылға тап қылуға баулуымыз керек. Монғолдарды ұсақ-
түйек қақтығысқа тарта отырып, Алтайдың оңтүстік сілеміне
ілігеміз. Оған шейін біздің қолда бар жылқымыз жалданады. Ал
бізді қуам деп арамтер болған жау қолының титықтап, қажуы
кəміл. Осы ұрымтал сəтті күтіп жүріп, біз жауға шешуші соққы
береміз.
Таян ханның бұл тұжырымына оның ұлы Күшлік хан
күмəнмен қараған. Анадан ақылсыз тумаған жас хан,
монғолдардың да дəл сондай жоспары барын жəне оның най-
мандардан гөрі жаулары үшін тиімді екенін сезгендей еді.
Шыңғыс хан қолының титықтаған аттарын тынықтырып алуы
үшін пəлендей көп уақыт қажет емес-тұғын. Сондықтан Күшлік
хан жасық əкеден нық шешім талап етті. Əмірші əкенің жыл-
дар бойы тырнақтап жиған беделін тəрк қылып, ол “қатын тек-
тес Таян хан қорқақтық танытып жүр. Монғолдардың аяқ асты-
нан көбейе қалуы мүмкін емес. Өйткені Жамұха бастаған қалың
монғол біздің қатарымызда ғой”, – деген деседі. Əмірші əкеге
мына тақылеттес өкпемен адам салған да көрінеді:
“Осынша су жүрек болармысың, буаз қатынша от басын
торыған қатын Таян. Арқандаулы бұзауша босағадан ұзамаған
ез”. Қанша бейбастақтық болып көрінгенмен, өндірдей ханзада-
ның жалынды сөзі хан көңіліне қонған тəрізді. Хан сақалды
атаулыға тон салауатпен қызба ұлына мынадай басу айтыпты:
“О, менің батыр Күшлігім,
Ерлерге тəн күш мұның.
Күн туар жаудан кек алар,
Ақыры бірақ не болар?”
Таян ханды бабалар дəстүрін қорлады деп айыптаған Қарасу-
беші қолбасшы мен Күшліктің пікірі бір жерден шықты: “Сенің
ұлы бабаң Инаныш-Білге жауға жауырынын көрсетпеді, жау
көзі ол мінген тұлпардың құйрығын да шалмады (қашпады де-
ген мағынада). Айдың-күннің аманында ақыл-есіңді жоғалтып
не көрінді? Сені туған анаң өмірге қоян жүрек қорқақ əкелгенін
89
білсе етті. Айыбы əйел демесең, сол анаң мына самсаған қолды
сен құрлы басқармас па еді?! Кемеңгер санаған Көксау-Сабырақ
байғұсың қаусаған шал болды, əскерден сұс қашты. Монғолдың
көктен тілегені жерден табылып тұрған жоқ па?! Əй, Таян
хан-ай! Ер ме десем, ез бе едің?” Қалай дегенмен де, əскери
демократияның қалыптасқан дəстүрі жеңіп шықты. Қолбасылар
мəжілісі Таян ханды шайқасқа шығуға мəжбүр етті. Амалы
құрыған Таянның былай дегені де осы тұс:
“Жеңіліс, ажал – бір ұғым,
Соғыссаң, соны біл, ұғын.
Алға!
Сөйтіп, Таян хан басқарған əр текті ауыр қол Хачирусуннан
түсіп, Тамури өзенін бойлай, Оркан өзенін кешіп өтіп, Нагу-
гун тауының сілеміне, монғол қосындарына жақын тұстан ірге
тепті.
Жамұха
Қыруар ұйымдық шаралардан соң Шыңғыс хан əскерінде
темірдей тəртіп орнаған. Сансыз шайқастарда шыныққан
жауынгерлік рух та тым асқақ еді. “Əскери сапқа тұрған біздің
(монғолдар. – С. А.) сарбаздар бір-біріне былай десетін:
“Тікенек арасынан жалаңаш өтсек те,
Көк жүзінде сап түзесек те,
Қаруымыз қылыш болмай, қашау болса да
Жеңіп шығамыз!”
Шатқалдан болашақ ұрыс алаңы алақандағыдай көрінетін.
Алдыңғы лектер кескілесіп кетті. Шу дегеннен наймандар тауға
тықсырылды. Майданның барысын бақылап тұрған Таян хан
қолбасшылармен кеңес өткізді. Қол басқарған нарқасқа батыр-
лар арасында одақтастар да аз болмайтын. Найман шабуылын
тойтарып тастаған монғол тегеурініне хан таң қалып тұрған. Ол
монғол жайын жетік білетін Жамұхадан мынаны сұрады: “Бұл
неткен адамдар? Олар (монғолдар) бір қора қойды қуған жалғыз
арланша тықсырған үстіне тықсырып келеді (наймандарды)”.
90
Сонда Жамұха монғолдар жайындағы мəліметті қасақана
қоюландырып былай десе керек: “Менің андам
1
Темірші адам
етіне дəніккен төрт ит ұстап, шынжырламақшы болып жүр еді.
Біздің қарауылды тырқыратып қуып келе жатқан солар болмаса
нетсін...” Төрт итіңіз мынау ғой:
Маңдайы мыстан жаралған
Азуы қашау мұқалмас.
Жонынан таспа тіліп тұр
Қамшы емес – нағыз нық алмас.
Адамның еті асы екен,
Адамзат қана жасы екен.
Найманның дəмді етіне
Жеріген шағы рас екен.
Төрт итін танып білгейсің
Жебе менен Құбылай,
Желме менен Сүбітай.
Жамұха наймандар арасындағы абыржушылыққа қасақана
май құя отырып, монғолдардың əскери қабілеті мен сапа-
сын мадақтап берді дейсің. Сөзінің наймандарға қаншалықты
əсері барын да Жамұха шешен жақсы білген. Алайда,
тарихтың сан қатпарынан өтіп бізге жеткен деректерде на-
нымды мəліметтермен қатар əдеби-эпостық толықтыру да
жоқ емесі анық. Кей жағдайда “Құпия шежіре” аталатын “Ал-
тын топшы” да, сондай-ақ, осы айтулы оқиғалар жайында де-
ректер қалдыруда “Құпия шежіреден” аса алмаған Рашид-
ад-диннің “Джами-ат-тауарих” атты еңбегі де осыған дəлел.
Сондықтан да осы соғысқа қатысты көптеген оқиғаларға, атап
айтқанда, Жамұханың наймандар арасындағы елеулі рөліне
күмəнмен қарауымыз орынды. Дегенмен, осыған қатысты басқа
деректердің тапшылығынан біз көзі көргендердің мəліметтері,
аңыздар, бізге жазба түрінде жетпеген батырлар жыры негізге
алынған Рашид-ад-дин деректерімен толықтыра отырып,
амалсыздың күнінен “Құпия шежіреге” жүгінеміз. Найман-
дар мен монғолдардың тышқан жылы қарсаңындағы қарым-
1
Анда – өкіл аға.
91
қатынасын дəл жеткізу мақсатында тексті кеңінен пайдалануы-
мыз да сондықтан.
Сөйтіп, алда тұрған алапат соғыстың қарсаңында найман
əміршісі Шыңғыс хан жансызының ықпалында болды. Сол
жансыздың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс еді десек те
артық болмас.
Өзінің арандатушылық рөлін жақсы түсінген Жамұха
аянған жоқ:
“Айналып шапқан енесін
Құлыннан аумас бұлар кім?
Ер біткен мынау халықты
Күтеді қандай құмар күн?”
дейді де, ол өз сауалына өзі жауап береді:
“Жауызға қарсы ұмтылған
Айтулы Манхуд-Урууд осы ма?
Хас батыр ауыр найзалы
Түспесе қолға жасыма.
Немесе, жауын ол батыр
Иықтан шабар қылышпен
Жолынан бəрін жапырып
Жылжиды алға ұрыспен”.
Жамұха қанына тартқан болулы. Оның ата жауы наймандарды
тауға тықсырып жатқанда, Таян ханның жебеуімен билікке жет-
кен Жамұха найман қолбасшылары мен одақтастар көсемдерін
арандатады. Бірінші болып сыр алдырған тағы да Таян хан.
“Ең дұрысы, – дейді ол, – мына қарғыс атқандардан аулақ
болу екен!” Тау шыңында тұрған Жамұхадан: “Олардың ар-
тында кімдер бар? Ал анау аш қыранша сілекейін жұтып келе
жатқан кім?” деп сұраса керек. Сонда Жамұха:
“Қуатты күштің артында
Келеді батыр Темірші.
Көк темір оның өн бойы
Шағылған күннің көзіне
Аш қыранша шүйліккен
Атақты менің андам ғой.
92
О, менің найман достарым! Қалпақпен ұрып алмақ болған
монғолдарың осы ғой!” Таян хан айтыпты: “Қолдың соңында
бес биенің сабасындай болып, ауыр қозғалып келе жатқан кім?”
Оған Жамұханың берген жауабы мынау екен дейді:
“Селун ана бір ұлын
Тойдырған адам етімен.
Сол алып батыр күн сайын
Өгіз жеп қана жетілген.
Үш қабат сауыт киіп жүр
Үш өгіз əзер көтеріп.
Адамды тірі жұтуға
Кеткен ғой оның еті өліп.
Шіреніп тартқан жебесі
Он жанды кетер шабақтап.
Ез болса сыйға татымас
Қайтер ек оны мадақтап.
Жебесі жердің түбіне жеткен айтулы мерген Жошы-Хасар
емес пе ол!” Таян хан тағы бір шыңға көтерілген екен дейді.
Монғолдың самсаған қолына назар сала тұрып, тағы бір сұрақ
қойыпты: “Қолдың соңында келе жатқан батыр кім?”
“Оэлун туған ұлдардың
Очегин деген кенжесі.
Қаншалық кенже десең де
Жігіттің нағыз құлжасы.
Бір жатса үш күн ұйықтайды
Монғолдың батыр бұл жасы”, –
деген екен Жамұха-шешен. Таян хан: “Енді шыңның ең ұшарына
шығып байқалық” депті-мыс.
Эпикалық сарында болса да, Жамұха монғол феодалдарының
бейнесін нанымды берген. Одақтастар əскерінің рухын əбден
тұралатып алып, ант бұзар Жамұха жау жағына шығып кетеді.
Оны көне дерек былайша баяндайды:
... наймандардан іргесін аулақ салған Жамұха Шыңғыс ханға
мынадай хабар салады:
93
“Таян хан еңсесін сөзбен ездім,
Зəресі ұшқан ол шыңға шырқап кетті,
Қылышыңды сайла, менің андам!
Ешқандай ар-намыс олардың тұралаған жігерін жани алмай-
ды. Наймандардан іргемді аулақ салуым да сондықтан!” деп та-
балайды оларды Жамұха. Көпті көрген сұңғыла Жамұха шайқас
басталмай тұрып-ақ монғол күшінің қуаттылығын анық аңғара
білген. Оның наймандардан іргесін бірден аулақтатпағандағы
себебі – құпиясын білу ғана болатын. Ол бұл мұратына жетті
де. Рашид-ад-динге жүгінсек, шайқас қарсаңында Жамұха
нөкерлеріне: “Менің қандас бауырымның тəсілі мен əскерді
құру əдісі мүлде жаңаша!” десе керек. Мұны көре тұра бастапқы
ниетін өзгертпесе Жамұха Жамұха бола ма?! “Найман тайпа-
сы, – деген екен ол одақтастарын сатып кететін ойын аңғартып, –
өгіздің терісі мен сирағынан бөтен олжа бере алмайды. Оның
өзінің бес тиындық құны жоқ”.
Достарыңызбен бөлісу: |