Фермент белсенділігінің халықаралық бірлігі дегеніміз – оның стандарт жағдайда 1 минутта 1 мкмоль заттың айналуын катализдейтін мөлшері
Практикалық биохимияда көбінесе фермент салмағына тең (миллиграмммен) стандарт жағдайда 1 минутта 1 мкмоль субстратты айналдыратын ферменттің шекті белсенділігі пайдаланылады
Және зерттелетін тканьде мкмоль / мин мг белок немесе зерттелетін биологиялық сұйықтықтарда (қан плазмасында) мл (литр) түрінде көрсетіледі.
Аурулар диагностикасына заманауи көзқарастар
Кез-келген ауру кезінде ферменттер белсенділігінің өзгеруіне байланысты туындаған заттар алмасуының әртүрлі бөлігінің бұзылыстары орын алады.
Қандай фермент өзінің белсенділігін өзгертсе, соған байланысты заттар алмасуының бөлігі де зақымдалып, соған сәйкес патологиялық процесс дамиды.
Алайда, аурулардың туындауына деген мұндай көзқарас клиникалық тәжірибеде әлі орын ала қойған жоқ
Диагностикада көбінесе мүшеөзгешелік ферменттердің белсенділігінің өзгеруі туралы мәліметтер пайдаланылады. Бұл патологиялық процестің қай жерде пайда болғанын ғана көрсетеді, алайда оның пайда болу механимзін түсіндіре алмайды.
Қалыптасып келе жатқан патологиялық процестің ерте функционалды диагностикасының стратегиясы метаболизмнің нақты бөліктерінің статусын анықтауға, сол арқылы ферменттердің белгілі бір топтарын зерттеу жолдарын іздестіруге бағытталуы қажет.
Соған байланысты барлық метаболитикалық жолдарды , олардың ферменттерін нақты білу және дер уақытында анықтау қажет .