Белки биокатализаторы ферменты


Бәсекелестік емес қайтымды ингибиторлау



бет11/13
Дата19.10.2023
өлшемі2,02 Mb.
#119573
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ферменттер

Бәсекелестік емес қайтымды ингибиторлау

  • Кейбір ингибиторлар бос ферментпен емес, фермент-субстратты комплекспен комплекс түзеді: ES + J <====> ESJ
  • Бұл жағдайда субстраттың концентрациясының артуы ингибиторлардың әсерін төмендетпейді. Мұндай ингибиторлар бәсекелестік емес деп аталады.
  • Олар өздерінің құрылымы бойынша берілген ферменттің субстратына ұқсас емес. ESJ комплексінің түзілуіне ферменттің белсенді орталығы емес, оның бір бөлігі ғана қатысады.
  • Комплекстің түзілуі фермент конформациясыныңөзгеруіне әкеп соғады және субстрат ферментке қосылғанымен де, катализдің жүруі мүмкін болмайды.
  • Цитохромоксидазаның бәсекелес емес қайтымды ингибиторы цианидтер болып табылады, олар осы ферменттің простетикалық тобының мыс иондарын байланыстырады.

Қайтымсыз ингибиторлау

  • Қайтымсыз ингибиторлауды ауыр металдар иондарының өте аз концентрациясы, мысалы, сынап, күміс, мышьяк иондары, иодсірке қышқылы, n-хлормеркурибензоат тудырады.
  • Ферменттердің қайтымсыз ингибиторлануын, яғни инактивтенуін субстраттардың кейбір құрылымдық аналогтары (3-хлорацетолфосфат диоксиацетон фосфатизомеразаны инактивтейді) және коферменттердің аналогтары тудырады, олар нағыз коферменттің орнын басуға қабілетті болғанмен де, оның қызметтерін атқара алмайды.
  • Мысалы, ацетилхолинэстеразаны қайтымсыз ингибиторлау холинэргиялық синапста ацетилхолиннің жинақталуына әкеледі, бұл өткізгіштіктің бұзылуын тудырып, паралич немесе өліммен аяқталады.
  • Көптеген дәрілік заттар ферменттердің ингибиторлары болып табылады.
  • Мысалы, көптеген ауруларды емдеу кезінде құрамында сынап, мышьяк, висмут бар препараттар пайдаланылады, олар бактериялардың ферменттерін ингибиторлап, емдік әсер етеді.

Субстрат концентрациясының әсері

Фермент концентрациясының әсері

Ферменттердің белсенділігін реттеу

  • Клеткада болатын метаболитикалық процестер тұрақты тепе-теңдікте болады, олар бір уақытты, бағынышты және ағзаның физиологиялық жағдайларын анықтайды.
  • Метаболитикалық реакциялардың бағыты мен қарқындылығы ферменттердің белсенділігіне байланысты болады.
  • Ферменттің белсенділігін өзгертуші факторлар метаболизмді реттеу процестеріне қатысады.
  • Клеткадағы ферменттің белсенділігі мынадай негізгі факторларға байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет