Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
ОНЫНШЫ ТАРАУДА 
Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, 
жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. 
Ӛзінің тырнақ алды прозалық туындысын шағын повесть түрінде бастап 
отырғанын автор бір де минутке есінен шығармайды. Сондықтан да ол әр 
адамның басынан күнде кешетін тұрмыстың ұсақ-түйек құбылыстарына 
онша жүгіне бермейді. Онда автордың бұл еңбегі, мүмкін, шағын повесть 
емес, кітап магазині полкасының белін қайыстыруға жарарлық нән романға 
айналар еді. Жоқ, «Аяз әліңді біл, құмырысқа жӛніңді біл» дегендей, роман 
жазу қайда бізге. Ол үшін құшақ-құшақ қағаз, құрығанда, бірер бӛтелке сия 
керек. Артыңды столға желімдеп тастап, айлар-жылдар бойына тапжылмай 
отыруың шарт. Ал сосын сабаққа кім барады, үйге берілетін тапсырмаларды 
кім орындайды? Бұзауды кім тауып әкеледі? Жо, жо, роман жазу менің 
жасымда тіпті де қол емес. 
Бұлар сӛз арасында айтылып жатқан жайлар. Енді әңгіме желісіне қайта 
оралайын. Біз жайлауға келгелі табаны трактордай бір ай шамасы уақыт ӛтті. 
Ӛткенде, кӛңілді ӛтті, желіп ӛтті. Соның бәрі Сұлтекеңнің арқасы. Бір де бір 
күн кӛліксіз болып кӛргем жоқ. Нелер жорға-жүйрік сәйгүліктерді сол тауып 
әкеледі. «Ертте мынаны» дейді, ерттеймін. «Кеттік» дейді, ілесіп берем. 
Қайда барамыз деп сұрамаймын да. Не керек, Сұлтекеңнің арқасында ат 
мініп, асыр салып, жетісіп жүрмін. 
Бір күні жайлауда малшылар күніне арналып ұлан-асыр той болды. Той 
десе, қу бас домалайды. Ал Сұлтан екеуіміздің басымыз піскен алмадай 
торсиған майлы бастар. Біз қалай шыдап қалайық. Тойдың дақпыртын 
естігеннен бастап-ақ делебеміз қозып, күтіп жүрдік. Кӛкпарға түсеміз деп, ат 
жаратқан боламыз. 


30 
Sauap.org
Той болады деген күні таңертең мамам сиыр саууға кетіп, мен тӛсекте 
шынтақтап «Робинзон Крузоны» оқып жатыр едім. Есік алдына кеп қалған ат 
дүбірі, сонымен қабаттасып Сұлтанның айқайы естілді: 
- Қара Кӛже, бармысың? 
- Бармын. 
Сұлтан аттан торс етіп секіріп түсіп, үйге кіріп келді. 
- Ой, қара басқыр, әлі жатырмысың? — Сұлтан менің қолымдағы кітапқа 
жармасты. — Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. 
Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба? 
- Тоқта, тоқта, келген жерімді белгілеп қояйын. 
- Мына бір мылтық ұстаған адам ба, албасты ма, осы бетке келіпсің. Жүз 
жиырма тӛртінші бет. Кәне, тұр жылдам. Киін, тойға барамыз. 
Тойды сыпаттап жатуды және артық деп санаймын. Ӛйткені оның қалай 
болатынын бәрің де білесіңдер. Осы күні тойдан кӛп нәрсе жоқ. Мейрам 
күндері — той; біреу қыз ұзатса — той; бала туса — той; жоспар артығымен 
орындалса — той; шет елден мықты біреу келе қалса — той; шет елге мықты 
біреу бара қалса — той; артиллерияшылар күні, флот күні, ұшқыштар күні, 
металшылар күні, құрылысшылар күні, физкультурашылар күні, шахтерлер 
күні, — тағы басқа аты аталмаған толып жатқан қастерлі күндердің бәрінде 
той. Құдайға шүкір, әйтеуір, тойдан кенде емеспіз. 
Бір шеті сонау Алматы болып, қилы дәрежелі қонақтар қатысқан, 
«ЗИМ», «ЗИС», «Волга», «Победалар» қаздай тізілген («Москвичтер» мен 
Қаратайдың мотоциклі тәрізді үш дӛңгелекті салдырлақ мотоциклдерді 
машина санатына қосып та отырғаным жоқ) іргелес екі ауданның қара қорым 
малшылары түгел бас қосқан ұлы дүрмектің нағыз қызған шағы еді. 
Палуандар күресі болып жатқан. Бір кезде ортадағы тойбасы тағы бір соны 
дабыл тастады: 
- Ендігі кезек балалардікі. Балалар күресін бастаймыз. 
Бағанадан бері күрескендерге қарап, делебем қозып тұр еді. 
- Мен күресемін, — деп ортаға жүгіріп шықтым. 
- Кел. Жүрегіңнің оты бар бала кӛрінесің, — деп тойбасы арқамнан 
қағып, мақтап қойды. Күрес аудан мен аудан болып жүріп жатқан. 
Тойбасы қарсы жаққа дауыстады: 
- Ұйғыр ауданы, шығарыңдар палуандарыңды. 
Ұйғыр ауданы бойы сорайған, менен де ӛткен қап-қара, қоңқақ мұрын 
бір баланы шығарып еді. Мына жақта тұрғандар жамырап кетті: 
- Ӛй, мыналарың бала емес, жігіт қой. 
- Қаршадай балаға жігіт шығарғандарың қалай? 
- Ӛз теңін әкеліңдер! 
- Бұл әділдік емес! 
Басы-кӛзі ӛрттей қызарып лепіріп тұрған тойбасы бұған құлақ аспады: 
- Күш атасын танымайды. Кәне, күресіңдер, — деп, қоңқақ мұрын 
екеуімізді құшақтастыра салды. Мен іштен қайыра шалып жытуға машық 
едім. Әу дегеннен-ақ сол әдісіме салуға тырысып бақтым. Бірақ қоңқақ 


31 
Sauap.org
мұрынның ұзын сирақтары кестиіп анадайда жатыр. Аяғымды шолтаң-
шолтаң сермегенмен жуымайды. 
Менің пиғылымды түсіне қойған қоңқақ мұрын аяғын онан әрмен алып 
қашып, денесінің бар салмағымен үстіме шойырылып жатып алды. Олай-
бұлай ырғап кӛрсем, қозғалта алар емеспін. Ал оның бар сенгені қол күші 
болу керек. Мені кӛтеріп алып, қойып қалмақ болады. Бірақ қалай тастаса да 
тарбиып аяғыммен түсем. 
Кенет менің ойыма бір қулық әдіс сап ете қалды. Ылдиға таман 
ыңғайланып келдім де, бір жамбасыма жата қап, қоңқақ мұрынды кӛз 
ілеспейтін жылдамдықпен басымнан асыра лақтырдым. Әлгі байғұстың мұны 
күтпегені соншалық, тартынуға мұршасы келмей қалды да, асып барып, 
мойны астынан кеп, гүрс ете түсті. Бұлт беріп, үстіне қона кеттім. Халық ду 
ете қалды: 
- Ой, жарайсың! 
- Міне, жігіт! 
- Жасың ұзақ болсын! 
Тойбасы бәйгіме деп Гайдардың екі томдық жинағын қолыма ұстата 
берді. Екі езуім екі құлағымда, кӛңілім тасып, әлгіндегі орныма қарай жӛнеле 
бердім. Тойбасы айқайын салып, күреске басқа балаларды шақырып жатыр. 
Кенет ӛкпе тұсымдағы иін тірескен халықтан маған қарай ақ қалпақты біреу 
жүгіре шығып келеді. Мен оған мән де бере қоймап едім, әлгі келген бетте 
білегімнен шап беріп ұстай алды: 
- Ә, залым бала! Қолға түстің бе. 
Басқа ештеңе деместен, іс-міс жоқ, әлгі мені қаңбақтай ұшырып, сүйреп 
әкетіп барады. Бет-жүзі, әйтеуір, бір таныс адам секілді. Бірақ қайда 
кӛргенімді жӛпелдемеде есіме түсіре алмадым. 
- Не... Не... керек сізге? 
Топтың сыртына шыққаннан кейін, шоқша сақалы ашудан дір-дір етіп
тістеніп, әлгі мені алқымнан қылғындыра ұстап, сілкіп-сілкіп жіберді: 
- Мойныңды үзіп жіберейін бе! Баламды алдап, қымызымды рәсуа етіп 
ішкендеріңмен қоймай, қаракӛлімді неге ұрлайсыңдар? 
Арқамнан тасбақа сырғанап түскендей дір ете қалдым. Кӛзінен ашу 
шатынап тұрған ақ қалпақтыны енді таныдым. Бұл анада бізден шылым 
тұтатып тартатын, жол үстінде кездескен қойшы еді. 
- Ақсақал, қаракӛліңізді мен алған жоқпын, — дедім жалынышты үнмен. 
- Енді кім алды? 
Мына масқара оқиғадан мен ӛзімді дереу ақтап алуым керек болды. 
Шынымды айттым: 
- Қасымдағы бала алыпты. 
- Ол қайда? Ол кім дегеннің баласы? — деп әкіреңдейді шоқша сақал. 
- Сұлтан деген бала, анда... ана жерде тұр. 
Шоқша сақалды ертіп, әлгінде Сұлтан екеуіміз тұрған жерге келдім
жоқ. Сұлтаным зым-зия зытып отырған түрі бар. 
- Қайда? Кәне? 


32 
Sauap.org
- Әлгінде осы арада тұрған. 
Сол арадағы бірталай әуесқой жұрт: 
- Не болды? 
- Не? Бұл не істеді? — деп, күресті қойып, бізге назар аудара бастады. 
Ӛлімнен ұят күшті дегендей, не істерімді білмеймін. 
- Сұлтан! Әй, Сұлтан! — деп дауыстаймын. Кенет біреудің: 
- Сұлтан әне. Атына мініп, зытқалы жатыр, — деген үні саңқ ете қалды. 
Ол нұсқаған жаққа жалт бұрылып қарасам, Сұлтекең ат үстіне қонып та 
қалған екен. 
- Сұлтан! — деп айқайлап жібердім. Бірақ ол тыңдамады, атына 
қамшыны бір басып, тік тӛмен қарай құйғытып тартып отырды. 
- Кетті! Әне кетті! — дедім шоқша сақалға. 
- Қап... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет