Общие стандартные условия предоставления кредитных линий АО «Bereke Bank»< p>
3. Кепілдіктер шығару және Аккредитивтер ашудың жалпы ережелері 3.1. Заемшының Өтініші негізінде Банк Кепілдік шығарады және Кредиттік құралдар нақты ұсынылған күні Заемшы орындауы тиіс шарттар мен міндеттемелер орындалғаннан кейін Аккредитив ашады.
3.2. Заемшы Өтінішті Банкке бір данада береді, ол Банкте қалады.
3.3. Заемшы Өтінішті тек Кредиттік құрал іс жүзінде ұсынылмай тұрып кері қайтара алады.
3.4. Аккредитивтер мен Кепілдіктер Заемшының тұлғалармен жасалған Келісімшарттарына қатысты бөлек мәміле болып табылады және Банк Заемшы мен үшінші тұлғалардың арасындаға бұл Келісімшарттар бойынша жауапкершілік көтермейді.
Заемшы Аккредитивке/Кепілдікке қатысты міндеттемелерін орындауды бұзуына байланысты жасалған кез келген мәлімдеменің/талаптың/хабарландырудың шынайылығын анықтау үшін Банк жауапкершілік көтермейді және шынайылығын анықтамайды.
Банк үшінші тұлғалардың Бенефициар/Бенефициар көрсеткен тұлға пайдасына Аккредитив/Кепілдік бойынша төлем үшін ұсынған құжаттарының формасының сақталуына, толықтығы, нақтылығы, түпнұсқалығы, мазмұны мен заңдық маңыздылығына жауапкершілік көтермейді.
3.5. Банк тиісті Кепілдіктер мен Аккредитивтерде көрсетілген жағдайлар туындаған кезде Кепілдіктер мен Аккредитивтер бойынша төлемдерді орындайды.
3.6. Егер Банк Кепілдік/ және/немесе Аккредитив бойынша төлем жасап қойған жағдайда, ал Заемшы мұндай төлемді орындау күніне Банкке орындалған төлемнің және Банктің басқа шығындарының орнын толтыру үшін Ағымдағы шотта жеткілікті ақша сомасын қамтамасыз етпесе, онда Кепілдік және Аккредитив бойынша төлемді орындау күніне Заемшы Аккредитив және/немесе Кепілдік бойынша төлемеген барлық сомалардан тұратын берешегі, соның ішінде Жалпы талаптардың 3.7.-тармағында қарастырылған сомалар келесі талаптарда Кредитке айналдырылады:
1) Кредит берілген күн-Кепілдік және/немесе Аккредитив бойынша талапты орындау үшін Банктің төлемді орындаған күні;
2) Кредиттің мақсаты-Заемшының Кепілдік және/немесе Аккредитив бойынша міндеттемелерін орындауына байланысты оның Банк алдындағы берешегін өтеу;
3) Кредит сомасы - Кредит берілген күні Заемшының Банкке төлеуге жататын өзге де төлемдер мен шығыстар сомасын қоса алғанда, Банк Кепілдік және/немесе Аккредитив бойынша орындаған төлем сомасы;
4) Кредит валютасы-тиісті Кепілдік және/немесе Аккредитив валютасы;
5) Кредит мерзімі-күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін;
6) Сыйақы мөлшерлемесінің түрі – тұрақты:
7) сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, сондай-ақ дәйекті жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері - Жеке келісімге сәйкес;
8) Өтеу тәсілі – қолма-қол ақшасыз тәртіппен;
9) өтеу әдісі – арнайы, негізгі қарыз бен сыйақы мерзімнің соңында біржолғы төлеммен өтеледі.
10) кредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі: кредит құралдары бойынша берешекті өтеу жөніндегі Жеке келісімде көзделген кезектілікке сәйкес;
11) Кредит бойынша Негізгі қарыз уақытында қайтарылмаған, Кредит бойынша негізгі қарызға есептелген сыйақы уақытында төленбеген жағдайда, Банк Заемшыдан әрбір мерзімі кешіктірілген күн үшін мерзімінде төленбеген соманың 0,25 % (нөл бүтін жүзден жиырма бес) пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге құқылы. Тұрақсыздық айыппұлының мөлшері мерзім кешіктірілген бірінші күнтізбелік күннен бастап Заемшының Кредит бойынша берешегі толық өтелгенге дейін есептеледі.
12) Кредитті беру және қызмет көрсетуге байланысты алынатын комиссиялар және өзге де төлемдер - қарастырылмаған;
13) Кредит пен сыйақыны өтеу тәртібі-Заемшының Банкте ашылған ағымдағы шоттарында және/немесе Банктің кассасы арқылы қолма-қол тәртіпте және/немесе Заемшының Банктік шоттарын тікелей дебеттеу жолымен қолма-қол ақшасыз тәртіпте тиісті валютамен ақшаны қамтамасыз ету жолымен;
14) негізгі қарызды және сыйақыны өтеу кезеңділігі – Кредит мерзімінің соңында;
15) қамтамасыз ету - тұрақсыздық айыппұлы;
16) Заемшы міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезде Банк Жеке келісімде көзделген шараларды қолдануға құқылы;
17) Кредитке қатысты Келісімнің қолданылу мерзімі: Заемшы Банк алдындағы міндеттемелерін толық орындағанға дейін;
18) Заемшы Банкке Жалпы талаптардың 7-тармағына сәйкес есептілікті, сондай-ақ Жеке келісімде көзделген есептілікті ұсынады;
19) Келісімге сәйкес басқа талаптар.
Осы Тармаққа сәйкес Кредитті өтеу үшін қарастырылған мерзім ішінде Тараптар Кредитті мерзімінен бұрын өтеуді, немесе Кредитті өтеудің және ол бойынша сыйақы төлеудің өзге тәртібін Шартты жасау арқылы келісуге құқылы. Заемшы мен Банк арасында Шарт жасалған жағдайда, Кредит ұзартылады және Берешекті өтеу Жеке келісімде және осындай Шартта анықталған талаптарда өтеледі.
3.7. Банктің Заемшының өтеуін талап етуге құқығы бар, ал Заемшы Банк кез келген үшінші тұлғаларға Төлеген не Аккредитив/Кепілдікке байланысты Банк үшінші тұлғаларға төлеуге жататын, оның ішінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды, шетелдік Банктердің комиссияларын және төлемдердің өзге де сомаларын қоса алғанда, осындай төлемдерден қандай да бір сомаларды ұстамай, Банкке ақшаны өтеу міндеттемесін қабылдайды.
Сондай-ақ Банк Заемшыдан Аккредитивке/Кепілдікке байланысты Банктен алынған кез келген және барлық комиссияларды/сыйақыны, шығындар мен ұсталымдарды алуға құқылы.