"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің жалпы стандартты талаптары Осы «Bereke Bank»


Тараптардың құқықтары, Банктің міндеттері мен Банкке қойылған шектеулер



бет5/32
Дата05.08.2023
өлшемі74,25 Kb.
#105043
түріРешение
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
6. Тараптардың құқықтары, Банктің міндеттері мен Банкке қойылған шектеулер
6.1. Заемшы келесілерге құқылы:
6.1.1. егер Негізгі қарызды және/немесе сыйақыны өтейтін күн демалыс немесе мереке күніне сәйкес келген жағдайда, сыйақыны және/немесе Негізгі қарызды төлеу тұрақсыздық айыбын немесе өзге айыппұл санкциялары түрлерін төлеместен одан кейінгі келесі Жұмыс күні жүргізуге;
6.1.2. өтініш негізінде айына кем дегенде бір рет Жеке келісім бойынша Берешекті өтеу есебіне кезекті келіп түскен ақшаны бөлу (Негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және басқа төленуі тиіс сомаға) туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде ақысыз алуға;
6.1.3. Жеке келісім бойынша берілген Кредиттік құралды Банкке мерзімінен бұрын жартылай немесе толық қайтару туралы өзінің өтініші негізінде – төленуі тиісті сома мөлшері туралы ақпаратты, Негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына және басқа да сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдер көрсетілген түрде 3 (үш) Жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ақысыз жазбаша түрде алуға;
6.1.4. Заемшының мерзімі кешіктірілген берешегі болмаған жағдайда, Жеке келісім бойынша Берешекті мерзімінен бұрын ішінара немесе толық көлемде тұрақысыздық айыбын немесе өзге де айыппұл санкицяларын төлемей-ақ өтеуге;
6.1.5. Алынатын қызмет бойынша дау пайда болған жағдайда Банкке жазбаша жүгінуге;
6.1.6. Заемшы үшін Жақсарту жағына қарай Келісімнің талаптары өзгертілгені туралы Банктің хабарламасын алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Банкке жазбаша түрде бас тарту хатын ұсына отырып, Банкпен ұсынылған Жақсарту талаптарынан толық немесе ішінара бас тартуға;
6.1.7. жеке кәсіпкер болып табылатын - кешіктіру туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Банкке баруға және (немесе) Келісім бойынша міндеттемелерді орындауды кешіктірудің туындау себептері, кірістер және оның Келісімнің талаптарына өзгертулерді, оның ішінде келесілермен байланысты өзгертулерді енгізу туралы өтінішін (бұдан әрі - Өтініш) туындататын басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтері бар жазбаша түрдегі өтінішті немесе Келісімде қарастырылған тәсілмен ұсынуға:
- Шарт/Өтініш бойынша сыйақы мөлшерлемесінің азаю жағына өзгерту;
- шетел валютасында берілген Кредит бойынша Негізгі қарыздың қалдық сомасы валютасын ұлттық валютаға өзгерту;
- Негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;
- Берешекті өтеу тәсілін немесе Берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, соның ішінде басым тәртіпте Негізгі қарызды өтеу;
- Кредит мерзімін өзгерту;
- мерзімі өткен Негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешірумен, Кредитке қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) және өзге де төлемдердің күшін жою;
- Кепіл берушінің "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-1 бабында қарастырылған тәртіпте ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі;
- Банкке кепіл мүлкін беру жолымен Келісім бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту ұсыну арқылы;
- шарт бойынша міндеттемені сатып алушыға табыстай отырып, кепіл заты болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу;
6.1.8. Банк алдындағы барлық берешегін өтеген жағдайда және Банк алдында Келісім бойынша орындалмаған міндеттемелері болмаған жағдайда, Заемшы Банкке Заемшының Келісімнен біржақты тәртіпте бас тартатыны туралы жазбаша өтінішті жіберіп, біржақты соттан тыс тәртіпте Келісімнен бас тартуға. Заемшы Банктен Заемшыдан Заемшының Келісімнен біржақты бас тартуы туралы Өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қандай да бір қарсылықтарды алмаған не Заемшы Банктің келісімін алған жағдайда Келісім күшін тоқтатқан болып есептеледі;
6.1.9. Келісім талаптарына сәйкес өзге құқықтарға ие болуға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет