"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің жалпы стандартты талаптары Осы «Bereke Bank»



бет4/32
Дата05.08.2023
өлшемі74,25 Kb.
#105043
түріРешение
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
4. Аккредитив ашу
4.1. Банк Заемшыдан Өтініш қабылдағаннан кейін және Заемшы Банкке Аккредитив ашу үшін қажетті барлық құжаттарды берген кезде Аккредитив ашады.
4.2. Банк Аккредитив талаптарына сәйкес келетін құжаттарды алғаннан кейін Аккредитив бойынша төлемді жүргізеді. Бенефициар берген құжаттар мен Аккредитив талаптарында айырмашылық болған жағдайда, Банк Заемшының сәйкессіздіктер бар құжаттарды төлемге қабылдау туралы жазбаша келісімі болған жағдайда, Аккредитив бойынша төлемді жүргізуі мүмкін.
4.3. Банк құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен көп емес мерзімде Аккредитив бойынша ұсынылған құжаттар бойынша тексеру жүргізеді.
4.4. Банк көрсетілген құжаттаманы тексеру күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен көп емес мерзімде Заемшыға Аккредитив бойынша талапты және/немесе құжаттарды алғаны туралы жазбаша түрде немесе басқа Байланыс арналары арқылы хабарлайды.
4.5. Аккредитив бойынша іс жүзінде жүргізілген төлем Жалпы талаптардың 3.6. және 3.7. тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес Заемшының Банк алдында берешегінің пайда болуы үшін жеткілікті негіз болып табылады.
4.6. Егер Банк дисконттауды жүзеге асырса, ал Заемшы Аккредитив бойынша мерзімін ұзарта отырып төлем мерзімі басталған күні Банкке орындалған төлем сомасын және Банктің өзге де шығыстарын өтеу үшін ағымдағы шотта жеткілікті ақша сомасын қамтамасыз етпесе, онда Аккредитив бойынша мерзімін ұзарта отырып төлем басталған күні Заемшының берешегі Аккредитив ашуға бұрын берген Өтініш негізінде Жалпы талаптардың 3.6 және 3.7-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес кредит бойынша берешекке айналады .


5. Кепілдік шығару
5.1. Шығарылатын Кепілдіктер қайтарып алынбайтын (егер өзге Кепілдіктің мәтінінде тікелей көрсетілмесе) болып табылады және Заемшы Бенефициар алдында міндеттемелерді орындағанына/орындамағанына байланысты болмайды.
5.2. Кепілдік бойынша ұсынылған талаптың негіздемесі үшін Бенефициар жауапты болады және Банк мұндай талапқа байланысты Заемшының кез келген қарсылықтарын мәні бойынша қарастырмайды.
5.3. Банк мазмұны бойынша Кепілдіктің талаптарына сәйкес келетін жазбаша талап ұсынылған кезде, төлемді орындайды. Бенефициардың талабын алған кезде, Банк Заемшыға бұл туралы жазбаша немесе басқа Байланыс арналары арқылы хабарлайды және оған Банк талапты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімі ішінде Бенефициардан алған талаптың көшірмесін тіркейді.
5.4. Кепілдік сомасын азайту үшін Заемшы Кепілдік сомасын Заемшының жартылай орындалған міндеттемелеріне пропорциялды азайтуға Бенефициардың жазбаша келісімін алуға және оны Банкке ұсынуға міндетті. Мұндай келісімді Бенефициар және Бенефициар банкі тікелей бере алады. Бұл ретте Кепілдікті шығарғаны үшін төленген сыйақы сомасы қайтарылмайды және қайта есептеуге жатпайды.
5.5. Кепілдікте Кепілдік сомасын Заемшының Бенефициарға қатысты өз міндеттемелерін орындауы пропорционалды мөлшерде автоматты түрде азайту (Кепілдікке өзгерістер және/немесе толықтыруларды ресімдеусіз) туралы талап және Банк қандай құжаттар алған кезде және/немесе талап орын алған кезде Кепілдік сомасын автоматты түрде азайтатыны көрсетіледі, немесе Кепілдікке өзгерістер және/немесе толықтырулар рәсімделеді.
5.6. Кепілдіктің түпнұсқасы қайтарылып, Бенефициардың Кепілдікті қайтару туралы хаты алынғаннан кейін Кепілдік тоқтатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет