сақталғаны соншалықты, тарихи ата-бабалар жайында сөз болғанда,
әдетте
қазақ: «Алаш Алаш болғанда, Алаша Хан болғанда» - деген. Ал бастамасы
мифологияның өзінде-ақ - қанатты ат - «алаш» бейнесінде салынған.
Қазақстан далаларында «ең жақсы аттарды құрбандыққа шалған. Аттың басы
мен тұяқтары қорға-ныш... болған, тұлпардың тұяқтарының жартастағы
бейнелеріне табынған, олар Орталық Қазақстанда, Қаратау және Маңғышлақ
тауларында көп ашылған. Бұл суреттерді қазақтар тұлпар тас деп атайды.
Тұлпар тұяғының бейнесі Орталық Қазақстан мазарларының, мысалы Кеңгір
өзенінде Келін там мазарының күйдірілген кірпіштерінде де кездеседі (13
ғ.)».
Ұсынылған жұмыста «қазақ» сөзінің этимологиясын айқындау немесе
талдау мәселесі тұрған жоқ (көбісі «халық» және оның «аты» ұғымдарын өз
араларында теңестіреді, яғни қазақтардың шығу тегін зерделеу олардың
этникалық атауын ауыстырады, «қазақ» сөзін «қазақ туралы» ұғыммен
тәуелділікке қояды). Керісінше, қазақ халқының тарихын «қазақ»
терминінің пайда болуының өзінің өзгешелегі болуы мүмкін және ерекше
кезеңді білдіреді деген сұраққа жауап беру тұрғысынан қарастыру керек.
Қазақ хандығының (және халқының) пайда болуына қатысты,
көшпелілер
әлемінің бөлінуі салдарынан (себептер мен факторлар жеткілікті
дәлелденген) тұтас алғанда тарихи процесс тізбегіндегі жеке буын (түркі
әлемінде) сияқты болатынын қарастыру қажет. Шындығында, Керей мен
Жәнібектің көшіп кетуі қазақ ұлысының қалыптасуының басы да, аяғы да
болған жоқ. Бірақ ол әр түрлі аспектілі процестің басты сәттерінің бірі
болды: Жетісудың байтақ далала-рында ұлыстың өзінің болашақ атымен
тарихи кездесуі болды. Қазақ термині-нің бастапқы мәні - саяси. Қазақ
терминін қолдану олардың қандай ұлысқа тиесілі болғанына қарамастан, әрі
қарай да этникалық ортақтығын белгілеу үшін қызмет атқарады деп болжау
керек. Халықтар
мәдениетінің тарихы көп қырлы, ал оның құбылыстары
шексіз екендігін, сондықтан ол оны ұғынуға жасалған көптеген
ұмтылыстарда өзінің көрінісін табатынын ұмытпайық. Ойшылдардың оны
анықтауға алуан түрлі амалдар ұсынғаны сондықтан емес пе? Бұл
жағдайда О. Сүлейменовтің адамзаттың борышын тереңнен ұғынып
түсіндірген постулатына жүгінеміз: «Өткен - оны білетінге, болашақ оны
жасайтынға тиесілі» (О. Сүлейменов Аз и Я. Алматы, 1990, 63 б.).
Қазақстанның тарихы, ең алдымен - Еуразиның ауқымды
территориясын алып жатқан, «Көшпелі өркениет» тарихы. Ол өркениеттің
өзіндік ошағын құрды. Жетекші шаруашылықты (оның салдарында
өндірісте
меңгеру және мамандандыру, яғни бұзып өту болған, өндіруші
технология түрлерінің бірі ретінде), қоғамның әлеуметтік, экономикалық,
рухани және саяси өмірінде бұзып өтуге себепші болған, мал шаруашылығы
құраған. Онда болмыстың сапалы жаңа түрлері, жаңа коммуникациялық
құралдар – көшіп жүру және отырықшылық, қалалар салу (кенттену) және
сауда жасау, әскери өнер және дипломатиялық қызмет, пошта
байланыстары және т.б. пайда болды. Қол жеткізген жетістіктердің шыңы
меншікті жазуын құру болып табылды, ол саз дөңгелектерден (оларда қола
дәуірінде таңба-символдарды бейнелеген. Ғалым-дар бұл олардың жазуға
айналуының басы деп санаған), таста жазылған
стелалардан қағаз бетіндегі
қолжазбаларға дейін жол жүріп өтті. Руно жазуы-ның ерекшелігі – бұл
ғылымды зерттеушілердің жеке әңгімесі. Қысқаша айтқанда: руно таңбалары,
руно жазуы, ою-өрнек өнері - бұл сана мекенін тарату, адам санасының ішкі
импульсі, графикалық символ деп түсіндіруге болады. Руно «ақпаратты
тасушы» ретінде түсіндіріледі, ол ұғымдар мен мағы-налар кешені. Барлық
руно таңбалары
дүниенің кірпіштері болып табылады.
Номадтар қоғамын ұйымдастыру жүйесі өте тұрақты әлеуметтік-саяси
организмді білдірген, ру-тайпа және әскери-әкімшілік қатынастарында база-
ланды, яғни ол ру-тайпа құрылымдарының дамыған жүйесін тудырды.
Мысалы, ру деңгейлері қазақтарда әр түрлі ұғымдармен белгіленеді, бірақ
олардың біреуінің семантикасын талдайық – «Арыс». «Арыс» сөзінің
бастапқыда адам-дар руында бірігетін, «неке» мағынасын болжайтын
теологиялық сипатты өзгешелігі болды (Тәңірдің адамға бастапқыда берген
батасы мынадай: «Арлы бол, Арлы іс жаса», яғни адамның жаралуын
салтанаттап, Ол оны «құдайдың күш-қуатын иеленуші» ретінде күшпен
анықтады). Салдарында, ол өзінің өзгеше, кеңейтілген түсіндірмесін иеленді.
Бұл белгі ол арқылы мемлекеттегі рулар арасындағы қатынастар
байланысқан,
әлеуметтің берік негізін,
оның әлеуметтік ортақтығын
көздеді.
Бұл жағдайлар көшпелі өркениет феноменінің және атап айтқанда
көшпелі тәсілдің принциптік ерекшеліктері туралы айтуға мүмкіндік береді.
Номадтық мәселелері екінші бөлімде аса толық айтылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: