Билет Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай?


) Шешен көпшілік алдында сөйлеуде нелерді ескеру қажет?



бет14/18
Дата26.06.2023
өлшемі78,92 Kb.
#103444
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Казак тылы билет

2) Шешен көпшілік алдында сөйлеуде нелерді ескеру қажет?
Шешеннің көпшілік алдында өзін-өзі ұстау әдебі мен сыртқы келбеті . Көпшілік алдына шығатын адамның киім киісі, тазалығы, жинақылығы, өзін ұстауы, бет-жүз, дене қимылдарының сөз мазмұнымен үйлесімді болуы да шешен сөзінің мәнін арттырады.
22 билет
1) Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі қандай?
Сыни пікір – көркем шығарма, мақала, ғылыми-зерттеу жұмысы, монография, эссе және т.б. еңбектерге жазылған сыни шолу, сараптамалық пікір.
Сыни пікірдің құрылымы:
1. Еңбектің авторы, тақырыбы, көлемі т.б. туралы мәлімет.
2. Жұмыстың қысқаша мазмұны, өзектілігі.
3. Сыни пікір берушінің жұмысты оқығаннан алған әсері.
4. Сыни талдау, яғни жұмыстың құрылымын, баяндау стилін, дәлдігін, автор шеберлігін т.б. бағалау.
5. Жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету.
6. Жұмысты бағалау, ұсыну т.б.
7. Сыни пікір берушінің аты-жөні, лауазымы
2) Білікті мамандардың шетелге кетуін азайту үшін қандай шаралар қолданар едіңіз. Мысал келтіріңіз.
Негізгі себеп — шетелде өмір сүру сапасы мен білім беру деңгейі бізден айтарлықтай жоғары. Оның үстіне шетелде білім алу жыл сайын қол жетімді бола түсті. Мәселен, Германияда жоғары білім алу тегін, басқа елдердің жоғары оқу орындары да өзге ел азаматтарына түрлі стипендиялық бағдарламалар ұсынады. Егер біз Қазақстанның білім деңгейін батыстық дәрежеге көтеріп, профессорлық құрамды нығайтсақ, сапалы білім жүйесін құрсақ зияткерлік көші-қон ағынын тоқтатамыз. Керісінше, шетелдік талапкерлерді Қазақстанға тартуға мүмкіндік жасаймыз.
23 билет
1) Сөзталас дегеніміз не?
Сөзталас – қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен конференцияларда, сондай-ақ сотта орын алады. Ал кейде күнделікті өмірде, мысалы, қоғамдық жұмыс барысында орын алып, жоғары деңгейде болмаса да, өзіндік пікірлерін танытуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет