Билет Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай?


) Тырнақшаның қойылу себептері қандай?



бет15/18
Дата26.06.2023
өлшемі78,92 Kb.
#103444
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
2) Тырнақшаның қойылу себептері қандай?
1. Мәтін ішінде дәйексөз тырнақшаға алынады. Дәйексөз бірнеше азатжолдан құралса, әрқайсысы бөлек-бөлек тырнақшаға алынбайды.
2. Шығарманың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады.
3. Диалог емес төл сөздер тырнақшаға алынады
4. Нысан етіп алынған сөздер не сөз тізбектері, әріптер тырнақшаға алынады
5. Мақал-мәтелдер, афоризмдер сөйлем ішінде келтірілгенде, тырнақшаға алынады
6. Сөйлемде авторы көрсетілмей берілген біреудің сөзі тырнақшаға алынады
7. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшамен жазылады
8. Кекету немесе ауыспалы мағынада қолданылған сөздер тырнақшаға алынады
9. Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы, кино т.б. аттары тырнақшаға алынады
10. Зауыт, фабрика, комбинат, шаруашылық, ұйым, мәшине, ұшақ т.б. аттары тырнақшаға алынады
11. Кейбір ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады
24 билет
1) Ресми ісқағаздар стилі дегеніміз не?
Стильдің бұл түрі құқықтық қарым-қатынас, әкімшілік саласында, кеңсе қызметінде қолданылады. Арнайы орындарда алдын ала дайындалған үлгілері де болады.
Ресми ісқағаздардың мынадай түрлері бар:
1.Мекемелердің, ұйымдардың ісін, қызметін үйлестіретін құжаттар: бұйрық, ереже, нұсқау, хаттама, хабарландыру т.б.
2.Мекемелердің өзара қарым-қатынасын үйлестіретін құжаттар: іс хаттары, қатынас қағаздары, келісімдер, шағымдар т.б.
3.Жеке адамдардың өзара алыс-берісін, іскерлік келісімдерін реттейтін құжаттар: өмірбаян, түйіндеме, келісімшарт, сенімхат, тілхат, қолхат т.б.
Ісқағаздар қалыптасқан үлгіде, баяндау түрінде жазылады. Сөйлемдері тиянақты, ой аяқталған болып келеді. Мазмұны екіұшты болмайды, дәл, анық жазылады, көбінесе тапсырма беру, бұйыру ыңғайында болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет