Билет Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай?



бет16/18
Дата26.06.2023
өлшемі78,92 Kb.
#103444
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
2) Өмірбаян жазыңыз.
-
25 билет
1) Пікір алмасу (дискуссия) дегеніміз не?
Пікір алмасу – көкейкесті мәселелерді шешу мақсатына құрылатын, біліктілік пен мәдени өрені талап ететін пікірталастың бір түрі. Айтылар ойларды тоғыстыра отырып, пікірталасқа қатысушылар ортақ шешімге келу мақсатын көздейді. Мәселені жан-жақты талқылап, ортақ пікірге келеді. Арнайы баяндамашы белгіленбейді, қатысушылардың бәрі өз пікірін білдіруге тең құқылы бұл сөз сайысы белгіленген тәртіп, келісімді уақыт, алдын ала белгіленген тақырып төңірегінде, алдын ала белгіленген төрағаның басқаруымен жүргізіледі.
2) Тілдік норма дегеніміз не? Түрлері қандай?
Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.
Тілдік норма орфоэпиялық норма , орфографиялық норма, лексикалық норма, фонетикалық норма, грамма тикалық норма деп бөлінеді.
26 билет
1) Шешендік сөздердің құрылысына қарай түрлері қандай?
Шешендік сөздер композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылған шешендік сөздер – пернелі сөз; толғау, тақпақ түріндегі шешендік сөздер термелі сөз деп аталады.
термелі сөз Құрылысы өлең-жырға ұқсас шешендік сөздер. Өлең-жырдан негізгі айырмашылығы шешендік терме үшін буын, бунақ саны біркелкі болуы шарт емес. Ұйқастан гөрі ырғағы мен ішкі мағыналық байланысына баса назар аударылады.
Пернелі сөз Көркем қара сөзбен айтылатын шешендік сөздер. Сөздері сұрыпталып, сөйлемдері екшеліп, көлемі жағынан ықшам болып келеді. Айтушы желдірте, екпіндетіп сөйлеп отырғанда, бірде ұйқасып, бірде үндесіп, өлең сияқты естіледі.
2) Өнеркәсіп қалдықтарының адам денсаулығы мен табиғатқа зияны қандай? Өз ойыңызды айтыңыз.
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар бар. Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз болып, организмге бірден әсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, тыныс жолдарының спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмнің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға қарсы тұра алу қабілетінтөмендетеді. Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар бар. Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз болып, организмге бірден әсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, тыныс жолдарының спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмнің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға қарсы тұра алу қабілетінтөмендетеді.
27 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет