Билет Сөйлеу тілінің қолданылатын орны, лексикалық ерекшеліктері қандай?


) Публицистика. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері қандай



бет17/18
Дата26.06.2023
өлшемі78,92 Kb.
#103444
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
1) Публицистика. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері қандай
Қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер Демократия, өркениет, тәуелсіздік туы, саяси партия, қаржы дағдарысы т.б.
Баға беруші сөздер Еңбек озаты, көшбасшы, ұлтжандылық, бәсекеге қабілетті, ұрпақ сабақтастығы т.б.
Стандарт тілдік бірліктер Арнайы тілші репортажы, жаһан жаңалықтары, тілшіміз әңгімелейді, хабардар етеміз т.б.
Перифразалар Ақ алтын – мақта, күріш. Қара алтын – көмір, мұнай. Көгілдір отын – газ т.б. Қос сөздер
Қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгітнасихаттық т.б.
Бұйрық рай тұлғасы Ана қадірін білейік, жұмыла жасайық, табысқа жетіңдер т.б.
Қаратпа сөздер Жарқырай бер, Димаш! Арғы беттегі ағайын, халің қалай? т.б.
Инверсиялық орын тәртібі, риторикалық сұрақтар т.б. Үлгі болса ұлысы, қадірлі болар ұланы. Бүгінгі күннің өзекті мәселесін ашып көрсете алдық па? Қоғамға мұндай түбегейлі өзгерістер қажет пе?
2) Сөзталастың мақсаты, ерекшелігі және мәдениетін түсіндір.
Сөзталас – қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау.
Мақсаты : Кенеттен туындаған жағдайда қарсыласқа тойтарыс беру. Көбіне әзілі жарасқан ағайын, дос-жаран, көршіқолаң, қызметтестер арасында көрініс береді.
Ерекшелігі : Күтпеген жерден өріс алуы мүмкін. Суырып салып айту, тапқырлық таныту. Қарсыластың осал тұсын дәл табу, әдемі, шебер иіріммен тойтарыс беру.
Мәдениеті : Дөрекілікке бой алдырмау. Уақытында дереу жауап беру. Шымшыма, әзіл сөзді түсіне қабылдау. Мәдениетсіз әрекеттерді (дауыс көтеру, құшақтау, қағып жіберу, көз, қол қимылдарын орынсыз қолдану т.б.) шектеу, әзіл сөзге негізделген сөз орамдарын орынды пайдалану.
28 билет
1) Әңгіме және дөңгелек үстел дегеніміз не?
Пікірталас түрлері көп. Бір мүддені көздеген жандар әңгімелесіп, пікір алмасады, белгілі бір тақырыпты талдап, талқылайтын ақпараттық-насихаттық сипатындағы кездесу-сұхбаттар өткізіледі. Пікірталасқа бастайтын пікірлесудің қарапайым түрі – әңгіме, ал жоспарлы түрде өткізілетін жүйелі түрі – дөңгелек үстел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет