2) Қазақ тілінің орфографиясы қандай принциптерге негізделеді? Мысал келтіріп түсіндір. Орфография жазба тілінде пайдаланылатын жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі,біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.Қазақ тілінің орфографиясы үш принципке негізделеді: 1. Морфологиялық принцип–сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар құрамында болатын дыбыс алмасуларын ескермей ,бастапқы қалпын сақтап жазу.Мысалы:жамбады,жаңғанда түбір–жан 2. Фонетикалық принципте сөздер айтылуы бойынша жазылады,әрбір әріп фонеманы емес , дыбысты білдіреді . кітабым (кітап+ым) ,тарағы (тарақ+ы) 3. Тарихи-дәстүрлі принцип–сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан,дәстүрге айналған түрін сақтап жазу.Мысалы қазақ тіліндегі хат ,хабар ,халық,қаһар ,жаһан сияқты сөздерге х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. №5 билет 1) Қазақ тілінде қандай сөздер дефис арқылы жазылады. Түсіндір. Дефиспен жазылатын сөздер: 1) қос сөздер: ата-ана, құрбы-құрдас, ауыл-аймақ; 2) екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақ не мамандықты көрсететін атаулар: вице-министр, корреспондент-мүше; 3) қосалқы мүшелі күрделі атаулар: кафе-бар, телефон-автомат; 4) цифрмен жазылған реттік сан есімдер: 58-үй, 65-пәтер, 8-қатар, 12-орын; 5) -ақ, -ай, -ау, -ды (-ді, -ты, -ті), -мыс (-міс) шылаулары: айтқан-ды, балам-ай, естіпті-міс; 6) кейбір одағай сөздер: моһ-моһ, құрау-құрау; 7) түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы сынды есімдер: Осман-паша, Хамза-заде; 8) араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты элементтер: әл-Фараби, Рашид әд-Дин; 9) басқы әріптермен қысқарған сөзге, цифрмен жазылған сан есім- ге, жеке әріп түрінде алынған объектіге жалғанатын қосымшалар: БҰҰ-ға, 450-ден, 50%-ін;