1) Сөзжасамның аналитикалық тәсілі дегеніміз не? Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл – тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнім- ді тәсіл. Аналитикалық тәсіл дегеніміз – екі я одан да көп сөзден сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы. 2) Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі дегеніміз не? Мысал келтір Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі дегеніміз – синтаксистік бірлік- тердің дұрыс қолданылуы. Синтаксистік норма сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібінің сақталуын талап етеді. Мысалы: қазақтың жұртқа көп тараған халық музыкасынан концерт береміз көршінің ұзын мүйізді қызыл сиыры жайылып жүр №9 билет 1) Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің қанша түрі бар? Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің 4 түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту. 2) Көркем әдебиет стилі дегеніміз не? Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі Қолданылатын орны Көркем шығармаларда – жазбаша; көпшілік алдында, сахнада айтылатын әңгіме, аңыз т.б. жанрларда – ауызша Қарым-қатынас мақсаты Шындықты, ақиқат өмірдегі заттар мен құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету Стильдік сипаттары Сөз образды түрде қолданылады, эмоционалды-экспрессивті болады Тілдік амал- тәсілдері Сөздерді әртүрлі ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады №10 билет