Иондардың электрондық конфигурациясын жазыңыз: К+, Cl-, Mg2+, S2-, Cr3+, N3-. Бұл конфигурация инертті газ атомының электрон бұлттарының құрылысына сәйкес келеді ме?
Келесі заттар молекуласында химиялық байланыстың қандай түрі болуы мүмкін екенін жобалаңыз: темір, су, натрий хлориді, оттек, аргон, аммоний хлориді, калий карбонаты.
Макроэлементтерге, микроэлементтерге, органогендерге мысалдар келтіріңіз. Олардың биологиялық рөлін сипаттаңыз. Негізгі жасуша сыртылық және жасушаішілік иондарды атаңыз.
Келесі заттар молекуласында химиялық байланыстардың қандай түрлері бар: Cu, KBr, H2SO3, I2, Na2SO4.
Ағзада биогенді элементтер иондарының жетіспеушілігін қалай толтыруға болады? Мысалдар келтіріңіз.
(https://www.youtube.com/watch?v=AB4EJDiYTIY&t=23s; https://youtu.be/1yAyqntzAxc?si=H5EqBkjbxqZ9BnmC
және сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарға жауап беру