Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет60/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Топтық тапсырма
Берілген оқу мақсатына сай оқушыға ақпаратты іріктеу тәсілін ұсыныңыз, авторына сілтеме жасау тапсырмасын әзірлеңіз. Осы тапсырма мұғалімнің тәжірибесін қаншалықты жетілдіреді? Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут
1-топ. 8.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
2-топ. 9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
3-топ. 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
4-топ. 11.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу.

4-күн
Тапсырма


1-қадам. Оқу мақсатына сай әртүрлі жанрдағы мәтіндерге талдау жасаңыз. Мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстырып талдаңыз.
Бөлім: Ғылыми фантастика. Пунктуация
Оқу мақсаты: 7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
2-қадам. Оқу мақсатына сай әртүрлі жанрдағы мәтіндерге талдау жасау тәсілін ұсыныңыз. Тапсырмада оқушының білімін көрсетудің кейбір әдістерін қолданыңыз.


А мәтіні
Шын мәніне келгенде, қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Адамзат дамуының түпкі заңдылығы, оның бүгінгідей өркениеттік биік деңгейге көтеріле алуы адамның осы қиялдай білу қасиетіне молынан қатысты екендігі анық.
Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шындығы әбден астасқан заман. Өйткені адамзат өз қиялын толық жүзеге асырарлық деңгейге көтеріліп отыр. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен адам баласы қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды. Қиялдың осы шексіздік қасиеті адамзатты әлі талай биіктерге көтереді деп үміттенемін.
Қиял дегеніміз – төбеміздегі көк зеңгір аспан секілді де, адам ойы – сол қиял аспанын да шарқ ұрған қыран құс секілді. Егер адамның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұрлым алыстарға самғап ұша алады. Демек бүгінгідей бәсекелестік өріс алып отырған заманда, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиялдай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу – әрбір ата-ананың парызы.
Қиялдай білу қасиеті, әсіресе шығармашылық еңбекпен шұғылданатын адамдар үшін таптырмас құрал. Ал біз өмір сүріп отырған қазіргі заман кез келген еңбек түріне шығармашылықпен ойлау талабын қоюда. (174 сөз)
https://egemen.kz/article/173771-qiyal-qudireti 03 қыркүйек, 2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет