Тілші: Сұхбатыңызға рақмет! Сізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Тапсырма 1-қадам. https://youtu.be/E5vzn615XbY сілтемемен өтіп, сұхбатты 2 рет тыңдаңыз. Сұхбаттың формасын, көзделген аудиториясын, жанрын, мақсатын, мазмұнын, стильдік және тілдік ерекшеліктеріне талдаңыз.
Бөлім:Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма
Оқу мақсаты:10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.
2-қадам. Оқу мақсатына сай сұхбат мәтінін әзірлеңіз. Сұхбаттың жанрлық, құрылымдық ерекшелігіне талдау жасау тәсілін ұсыныңыз. Тапсырманы жекелеген оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бейімдеңіз.
Тапсырма 1-қадам. Берілген бейнебаянды көріңіз. Бейнебаянның жанрлық ерекшелігі мен құрылымына талдау жасаңыз. Мәтін үзіндісінен мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды тауып, кестеге жазыңыз.
Бөлім: Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер
Оқу мақсаты: 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау
2-қадам. Бейнебаянмен тапсырма түрін ұйымдастыруда басты қадамдарды тізбектеп жазыңыз. Жекелеген оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін оқу мақсатын саралау жолын ұсыныңыз.
Тапсырма. Бөлім: Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма
Оқу мақсаты: 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
ҚАЗАҚ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ҚҰЛАГЕРІ Қалдыбай Монтахаев – Орталық Азияда КСРО халық сәулетшісі атағын алған жалғыз маман. Әрқашан бәйгелі болып көзге түскен жас сәулетші Қалдыбай Монтахаев 80-90-жылдары сәулетшілер арасындағы додаларда талай әйгілі мамандардан қара үзіп, алға шығып, қазақ сәулет өнерінің құлагері атанды. Қалдыбай туралы Халықаралық Сәулетшілер одағының президенті Василис Сгутас “Сіз және сіздің қазіргі заманғы сәулет өнерінің дамуына қосқан орасан үлесіңіздің арқасында бүгінде Қазақстанның сәулетшілерін бүкіл әлем біледі” десе, сәулет өнерінің белгілі академигі И.Н. Воскресенский “Қалдыбай Жұмағалиұлы, сіз сөзсіз кәсіби еңбектері мен қызметтері ХХ ғасыр сәулет өнерінің тарихына кіретін сәулет өнері таланттарының бірі болып табыласыз” деп бағалаған. “Қолы – сиқыр, жолы өнеге сәулетші” деп ақын жырлағандай, Қалдыбайдың қай жобасын алсақ та, әрқайсысы өзінше бір ерекше мәнер..
Сәулет көкжиегін жіті сезініп, кең шола білетін саңлақ сәулетші Қалдыбай Монтахаевтың соңғы жылдардағы жобалары бірінші кезекте еліміздің жаңа елордасы – Астана қаласының аумағын кең көлемде жобалауға келіп ұштасып жатты. Оның Астанада жүзеге асырылған соңғы жобалары мыналар: Орталық алаң жүйесі – Президент Резиденциясы, Министрлер кабинетінің бұрынғы әкімшілік ғимараты, Парламент, Сыртқы істер министрлігі, Конгресс-холл ғимараттары, сондай-ақ Республика даңғылы, “Самал” тұрғын ауданы, Есіл өзені жағалауының, аэропорт ғимараттарының құрылыстары. Осы орайда Ресей Сәулетшілер одағының президенті Юрий Петрович Гнедовскийдің мына пікірін келтірудің жөні бар: “Қ.Ж.Монтахаевтың Астана қаласының Бас жоспарының тұжырымдамасына жарияланған республикалық конкурстағы жеңісінен басталған Қазақстанның жаңа астанасының құрылысындағы табыстары шүбә келтірмейді. Қазақстанның жаңа астанасының жаңа ірі объектілері сәулетші шешімін табатын міндеттерге лайық қазіргі заманғы қарқынымен, мәнерлі келбетімен ерекшеленеді. Қалдыбай Жұмағалиұлының маңызды, соның ішінде үкіметтік объектілердің авторы болуы тегін емес”. Өнерден өз өрісін тапқан қарымды да алымды сәулетші еңбегі де өзіне лайықты бағасын тапты.
Әбдісағит ТӘТІҒҰЛОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және Халықаралық сәулет академиясының (Мәскеу) академигі. https://egemen.kz/article/1428-qazaq-saulet-onerininh-qulageri