Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Зерттеп оқуға арналған тапсырмалар



бет47/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Зерттеп оқуға арналған тапсырмалар


1-тапсырма. 1-тәсілді қолданып,
А мәтіндегі тірек сөздерді анықта.



2-тапсырма. 5-тәсілді қолданып
С мәтінінен шын, жалған сөздерінің синонимі болатын сөзді анықта.

А. Егер ақпараттың растығын тексеруге келмейтін дәрежеде болса, онда ол ақпаратта фактілер (сандар, оқиға, жалқы есімдер, күн) – жұтаң. Тіпті онда факті жоқ, ойдан шығарылған деуге болады. 


В. Жалған ақпаратта экспрессивті сипаттағы сөйлемдер көп болады. Нақты фактілердің орнына адамға әсер қалдыратын, аяушылық, қамқорлық, сақтық, таң қалу сезімдерін тудыратын сөйлемдер басым болады. Мәтіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірген эксперт-мамандар да кездеседі.
С. Эксперттің қоғамдық дәрежесін, әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеріп, ақпаратқа қатысы бар екенін анықтай отырып та, жаңалықтың рас-өтірігіне көз жеткізуге болады. Егер желіде оның парақшасы, тіпті аты-жөні табылмаса, онда ол – тек мысал үшін алынған жалған тұлға. 


Көз жүгіртіп оқу
Тапсырма. Жесір кемпір сөзімен және етістіктермен тіркесетін сөздерді белгілеңіз.
Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
А) адам тағдыры
Ә) саятшылық
Б) адалдық
В) күй өнері
Бір жесір кемпірдің жұрт аузына іліккен жалғыз баласы болыпты. Ол кездегі жақсының әдеті — жүйрік мініп, ит жүгіртіп, құс салатын. Кемпірдің баласының да бір жүйрік аты, ұшар деген құмай тазысы бар екен. Әсіресе ұшары қара жерден із кесетін аңсақ, иесіне адал қағылез, қанжығаның қанын құрғатпайтын жолды ит болса керек. Астындағы аты, соңындағы тазысы келіскен соң, жігіт жиі-жиі аңға шығып, саятшылық құрады екен.
Күндердің бір күнінде жалғыз жігіт тосын дертке шалдығып, дүние салады. Ел аза тұтып, арулап қояды. Сонан соң бұрынғы-соңғының дәстүрі бойынша, өлік шыққан жұртты ауыстырып, ауыл қонысын өзгертіп, жаңа жұртқа аунап қонады.
Жаңа жұртқа келген соң, жесір кемпір «жалғызымның көзі ғой» деп, тазыны іздесе жоқ дейді. Содан көңілі алаң болып, тынши алмай ескі жұртқа келсе, ұшар жас қабірдің басында иесін қимай ұлып отыр дейді. Үшкір тұмсығын көкке қаратып ұлып, иесін жоқтап сарнаған ұшардың дауысын естігенде жесір кемпір:
Жалғызымнан айырылдым,
Қанатымнан қайрылдым!
Ұшар, Ұшар, кә-кә! —
деп дауыс қойып, аңырап қоя береді. Ескі жұртта жалғызынан айырылған сорлы ана мен иесінен айрылған жетім тазы қосыла күңіренеді.
Қорқыттың осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі «Ұшардың ұлуы» деп аталған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет