Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Педагогтің кәсіби құндылықтары 
«Білім беру жүйесінің сапасы онда жұмыс
істейтін мұғалімдердің сапасынан асып кете алмайды»
М.Барбер 
Құндылықтар – жеке тұлға үшін, жалпы қоғам үшін қоғамдық маңызы бар, материалдық
әлеуметтік объектілер, адамның рухани қызметі және оның нәтижелері; ізгілік, әділеттілік
достық және т.б. туралы адамдардың басым бөлігі мақұлдаған және бөлісетін идеялар. 
Педагогикалық құндылықтар – педагогикалық қызметті реттейтін және білім беру 
саласында қалыптасқан әлеуметтік дүниетаным мен мұғалімнің іс-әрекеті арасындағы 


жалғастыратын және байланыстырушы буын ретінде қызмет атқаратын танымдық-әрекеттік 
жүйе ретінде әрекет ететін нормалар.
Педагогикалық құндылықтар экономикалық және әлеуметтік жағдайлардан, сонымен 
қатар мұғалімн--ің өзінің кәсіби қызметі арқылы қалыптасады. 
Қоғаммен үнемі өзара әрекеттесу және кәсіби тәжірибенің жинақталуы педагогикалық 
құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Жауапкершілік пен парызды сезіну педагогикалық 
әдептіліктің мәні болып табылады, ал мұғалімнің мінез-құлқы оның қаншалықты алдын ала 
болжайтынын, қарым-қатынас стилі мен тәсілін қалай таңдайтынын көрсетеді. Ғалымдар көп 
нәрсе педагогтің жеке тұлғалық қасиеттеріне, мәдениетіне, ұстанымына, шеберлігіне 
байланысты дейді. Құндылықтар білім беру қоғамдастығының барлық мүшелері арасында 
сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Педагогикалық құндылықтардың ең жарқын 
көрінісі бағалау мен кері байланыс барысында көрінеді.
Құндылықтарды қалыптастырудағы маңызды сәт – өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы 
ойлануға қабілеттілік, өз қызметі туралы рефлексиялық ойлау. Өз қызметінің күшті және әлсіз 
жақтарын анықтау кәсіби іс-әрекетін реттеуге мүмкіндік береді, сондықтан маңызды және құнды 
нәрселерге назар аудару қажет. Мұнда құндылықтар қызмет барысында қалыптасатыны туралы 
айтылады.
Кәсіби құндылықтар педагогтің кәсіби қызметті таңдауына және жүзеге асыруына негіз 
болатын бағдар болып табылады. Паджарес (1992) бұл туралы оқыту стилін таңдау барысында 
мұғалімнің ұстанымы оның біліміне қарағанда көбірек әсер ететіндігі туралы тұжырым жасады, 
өйткені оқу процесінде ұстанымдар оның сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді. 
Зерттеушінің пікірінше, пәнді қалай үйрету туралы сенімді ұстаным кез келген техникаға немесе 
оқулыққа қарағанда мұғалімнің сыныптағы іс-әрекетіне көбірек әсер етеді. Кейбір психологтер 
сенімді ұстанымды іс-әрекетке жеке бейімделу ретінде түсіндіреді (Мұғалімге арналған 
нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей). 
 
5-сурет. Мұғалімдердің ұстанымы олардың көзқарасына, шешім қабылдауына және
іс-әрекеттеріне негіз болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет