Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
5. Мәнмәтін, баяндау, әңгімелеу 
Әрбір ұйымның өзіндік тарихы бар. Бұл тарихты әңгімелеу (баяндау) тұрғысынан ұсына 
білу корпоративті мәдениетті қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады. Мектептің 
тұрақты ұйымдық мәдениеті аясында баяндалған ұйым тарихы әлдеқайда әсерлі болады. 
6. Орын
Неліктен «Pixar» компаниясында жұмысшылар кездейсоқ түйісетін, оларды күнделікті 
бейресми және жоспарланбаған өзара әрекеттестікке ынталандыратын ортаны қалыптастыратын 
үлкен ашық кеңістік бар?
Орын (географиялық орналасуы, сәулеті немесе эстетикалық дизайны) жұмыс орнындағы 
адамдардың құндылықтары мен мінез-құлқына әсер етеді және ұйымдық мәдениетті 
қалыптастырады. 
Мәдениетке әсер ететін басқа да көптеген факторлар бар. Қарастырылған компоненттер 
дұрыс қолданылған кезде, табысты ұйым үшін мықты мәдениетті қалыптастыруға берік негіз 
бола алады. Оларды айқындау және толығырақ түсіну өзгерістер іздеген ұйымның қолданыстағы 
мәдениетін қалпына келтіруге немесе өзгертуге көмектеседі. 


МЕКТЕП БІТІРУШІ МОДЕЛІ. ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ. 
 ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ МОДЕЛІ 
 
Мектеп бітіруші моделі 
Жедел өзгеретін әлемде өмір сүруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру білім беру жүйесінің 
басты міндетіне айналуда. Еңбек нарығы талаптарының үнемі өзгеруі, қоғамда жаңа 
технологиялар мен қарым-қатынастардың пайда болуы білім беру парадигмасының өзгеруіне 
алып келеді. Сондықтан педагогикалық даму өзінің тарихи даму барысында мектептер бүгін нені 
және қалай оқытуы керек? деген сұраққа жауап беруге тырысады. Қандай білім беру керек, 
қандай көлемде беру керек? Болашақтағы өмір үшін қандай дағдыларды қалыптастыру керек? 
Мектеп бітіруші түлек қандай болуы керек? 
Әр елдің мектеп бітірушілерілерден талап етілетін дағдылары мен құзыреттері әртүрлі, 
дегенмен белгілі бір ұқсастықтар да бар.
Көптеген білім беру жүйелері білім беру процесінің нәтижесі түлектердің өз амандығы мен 
қоғамның әл-ауқаты үшін жеке жауапкершілікті қабылдауға ынтасы мен қабілетін 
қалыптастыруға; тәуелсіздік пен өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға; ынтымақтастыққа 
дайын болуды, басқа адамдардың пікірлеріне төзімділік, диалог жүргізе білу және т.б. 
дағдыларын қалыптастуға бағытталған. Осыған орай, білім беру процесінің нәтижесі 
интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салалардағы 
құзыреттіліктің кең ауқымын қалыптастыру деген тұжырым жасауға болады. Бұл өз кезегінде 
мектеп бітірушінің қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.
Білім беру саласындағы педагог ғалымдар мектеп бітірушінің әртүрлі модельдерін 
ұсынады. Олардың пікірінше, орта мектеп түлегінің моделі келесі сипаттамаларды қамтиды: 
- мәңгілік адамгершілік құндылықтарға бағдарланған, өзінің ұстанымдары мен өмірлік 
принициптеріне айналған адамның жоғары сана-сезімі;
- дене тұлғасы мен рухани дамудың үйлесімі ретіндегі физикалық және моральдық 
салауаттылық;
- жоғары деңгейдегі тәрбиелілік – зиялылық, зұлымдыққа, дөрекілікке, арсыздыққа, 
жалғандыққа белсенді түрде қарсы тұру, адал өмір сүруге ұмтылу; 
- отансүйгіштік сезімі, белсенді азаматтық ұстаным, ұлттық сана-сезім, әлеуметтік 
шығармашылыққа қабілеттілік. 
Біздің елімізде білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарттарында білім алушының, мектеп түлегінің бойында болуы керек негізгі 
құндылықтардың жиынтығы ұсынылған.
4-сурет. Білім беру мазмұнының негізгі құндылықтары


Білім беру құндылықтарын сіңіру негізінде білім алушыларда мынадай дағдылар дамиды: 
- Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуге дайын болу
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын 
құрметтеу және оларды сақтау; 
- әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай білу; 
- мемлекеттік тілді меңгеруге ынталылық; 
- Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдени әртүрлілігін 
құрметтеу; 
- рухани келісім мен толеранттылық идеяларын ұстану; 
- қоршаған әлемге оң көзқарас және экологиялық тепе-теңдікті сақтау; 
- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; 
- коммуникативтілік 
және 
ақпараттық-коммуникациялық 
құралдар 
мен 
технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі; 
- өмір бойы оқуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталылық. 
Орта білім берудің айқындалған мақсаты: білім алушылардың университетте үздіксіз білім 
алуға академиялық дайындығын қамтамасыз етуге және кең ауқымды дағдыларды дамыту 
негізінде өзінің кәсіби бағдарын айқындау үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру: 
- білімді функционалдық және шығармашылық тұрғыдан қолдану; 
- сын тұрғысынан ойлау; 
- зерттеу жұмыстарын жүргізу; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; 
- әртүрлі қарым-қатынас тәсілдерін қолдану; 
- топта және жеке жұмыс істей білу; 
проблемаларды шешу және шешім қабылдау. 
Жалпы орта білім беру мазмұны оқытудың нәтижелеріне бағытталған және келесі 
аспектілерді ескере отырып анықталады:
1) қазіргі қоғамның қарқынды талаптарына және ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі
2) сын тұрғысынан, шығармашылық және позитивті ойлауды дамыту; 
3) пәнаралық тәсілдер негізінде академиялық пәндер мазмұнының ықпалдастығын 
күшейту; 
4) негізгі орта білім мен жалпы орта білім деңгейлері арасындағы білім мазмұнының 
сабақтастығы принципін сақтау; 
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттары арасындағы тепе-
теңдікті сақтау; 
6) оқыту, тәрбиелеу және дамытудың бірлігін қамтамасыз ету. 
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағдарланған тәсілдеме мектептегі ахуал, мәдениет, 
барлық қызметкерлердің мінез-құлқы және көзқарасы арқылы көрінетін мектептегі біртұтас 
білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет