Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Іс-әрекеттегі саралау/ Білім беру стратегиялары



бет13/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Іс-әрекеттегі саралау/ Білім беру стратегиялары

Балалардың дайындық деңгейі әртүрлі болған жағдайда оқыту күрделене түседі, өйткені көпдеңгейлі іс-әрекет түрлерін әзірлеу қажет болады және шағын топтар құрып, барлық оқушылардың негізгі мазмұнды меңгеруін, бірақ өздерінің дербес деңгейіне сәйкес тапсырмаларды орындауын талап ету қажет. «Саралап оқытудағы ең өзекті мәселе белсенді жоспарлау болып табылады: мұғалім оқушылардың ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытуды стратегиялық тұрғыдан жоспарлайды және олар оқуға қол жеткізу, түсіну және қолдану жолдарын ұсынады» [25].


Негізгі назар оқушылардың оқуын түзетуге емес, оқытудан гөрі оқуға бағытталған оқытуды және білім беру стратегияларын түзетуге бағытталады. Мұғалім «...оқыту мен оқу қызметінің өзегіне оқушыларды қоятын фасилитатор жетекші болып табылады. Соның нәтижесінде оқушыларды оқыту тікелей жоспарлауды қажет етеді» [27] және олардың күшті жақтары мен жетілдіру қажет тұстарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Tomlinson және Eidson [26] зерттеулері бойынша, оқушылардың дайындық деңгейіне, қызығушылықтары мен оқу бағдарына қарай мазмұнды саралау стратегиялары мыналарды қамтиды:
● әртүрлі деңгейдегі мәтіндерді ұсынуға, қабілеті жоғары оқушылар үшін тереңдете оқытуды ұсынуға дайын болу;
● қызығушылық – қызығушылықтарға назарды шоғырландыру, оқушылардың сұрақтарын диалог нысаны ретінде пайдалану және оқушылардың әртүрлі қызығушылықтарына орай материалдар ұсыну;
● оқу бағдары — ақпаратты визуалды, аудио және басқа да формаларда ұсыну, ол үшін әртүрлі қосымшалар мен мысалдарды пайдалану.

Оқушылардың дайындығына, қызығушылығына және оқу бағдарына қарай өнімді саралау стратегияларына мыналар жатады:


● өнімге қатысты көпдеңгейлі тапсырмаларды қолдануға, әртүрлі деңгейлерде шағын семинарлар өткізуге және қатар деңгейлер мен жеке қажеттіліктер деңгейінде күтілетін нәтижелерге (оқу мақсаттарына) негізделген нақты табыс көрсеткіштерін (бағалау критерийлерін) әзірлеуге дайын болу;
● қызығушылық – оқушыларға өнімді дайындау тәсілдері мен құралдарын таңдауға мүмкіндік беру және оларға өздерінің күтілетін нәтижелерін әзірлеу мүмкіндігін ұсыну;
● оқу бағдары – өнімдердің визуалды, аудиалды және кинестетикалық нұсқаларын қамтамасыз етіңіз және оқушыларды өнім форматының кең ауқымын пайдалануға дағдыландырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет