Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет18/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
PISA критерийлері

Б. Блум таксономиясы бойынша танымдық қызмет кезеңдері

Білу

Білу, түсіну

Қолдану

Қолдану

Пайымдау

Талдау, жинақтау, бағалау

М.И. Оморокова оқу әрекетін «оқылғанды қабылдауға, түсінуге, қайта құруға және жаңғыртуға бағытталған коммуникативтік сөйлеу танымдық қызметі ретінде» қарастырады [32, 41-бет].


Н.Н. Светловская негізгі ұғымдар жүйесін енгізді: «дұрыс оқу қызметінің түрі», «оқырманның дербестігі», «білікті оқырман» және дұрыс оқу қызметінің түрін балалардың кітаптарды мақсатты жеке түсінуінің және игеруінің (оқуға дейін, оқу процесінде және оқудан кейін) үш сатылы процесі ретінде сипаттайды («оқуға дейін», «оқу процесі», «оқудан кейін»). Н.Н. Светловскаяның көзқарасы бойынша, білікті оқырман –оқу дербестігі бар бала немесе ересек адам, яғни кез келген кітапта әңгімелесушіні көре алады, әңгімелесушілерді ажырата алады және олардың ішінен өзіне қажетті нәрсені таңдай алады, оны уақыт пен күш жұмсамай орындай алады [33, 37-бет].
Демек, «Оқушыдан уақытты аз жұмсап қана қоймай, қажетті ақпарат көлемін талдай алатын білікті және тәуелсіз оқырманды қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ туындайды.
Осы аспектіде Г.А. Рудик мен А.А. Жайтапованың «Оқу бойынша функционалдық сауаттылық: өздігінен білім алуға және шынайы бағалауға арналған дәптер» атты жұмысы әдістемелік қызығушылық тудырады [31, 7-бет]. Бұл жұмыста оқу бойынша функционалдық сауаттылықты арттыруға ықпал ететін тренингтер ұсынылған. Ұсынылған тренингтерді оқу сауаттылығын бағалау аспектілері бойынша саралауға және бастауыш сынып оқушыларына бейімдеуге болады: мәтін мазмұнына жалпы бағдар беру және оның тұтас мағынасын түсіну (тренингтер: «Шульте», «Мөлдір үлдір-3», «Сандық пирамида», «Саусақ»); мәтінді түсіндіру (тренингтер: «Сурет», «Тізбек», «Шағалалар»); мәтін мазмұнына рефлексия (тренингтер: «Сұрақтардың 6 түрі», «Мәтін бойынша он сұрақ»).
Оқуға баулу мотивациясы оқу жылдамдығын дамыту (минутына белгілі бір сөздерді оқу) ғана емес, сонымен қатар барлық тренингтердің негізін құрайтын және мынадай күрделі формула бойынша есептелетін оқу сауаттылығын дамыту болып табылады:
V =

V – минутына сөздерді оқу жылдамдығы


N - мәтіндегі сөздер саны
T – уақыт (минутпен) [29, 9; 40-беттер].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет