Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет12/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
Мазмұнды өзгерту. Мақсаты – меңгерілген материал бойынша «шектеулерді алып тастау» және оқушының мүмкіндіктерін мол, жан-жақты және тиімді ұйымдастырылған білім қорын құру үшін пайдалану. Бұл шығармашылық процеске келесі аспектілерді қолдау арқылы оң ықпал етуге болады:
- абстрактілік – мазмұнның фактілерден, анықтамалар мен сипаттамалардан түсініктерге, негізгі ұғымдар мен тұжырымдарға қатысты көзқарастарға ауысу;
- күрделілік – мазмұн жекелеген факторларды қарастыруға емес, өзара байланысын қарастыруға ауысады;
- әртүрлілік – әдеттегі бағдарламада ұсынылған материал шеңберінен тыс мазмұн;
- адамдарды зерделеу – жекелеген тұлғаларды немесе халықтарды және олардың әртүрлі мүмкіндіктер мен проблемаларға көзқарасын зерделеу;
- таным әдістерін зерделеу – оның ішінде өз салаларында жұмыс істейтін сарапшы мамандар қолданатын процедураларды зерделеу.

Өнімді өзгерту. Мақсаты – дарынды оқушыларға өз әлеуетін көрсететін өнім шығаруына мүмкіндік беру. Бұған төмендегілерді қамти отырып көмектесуге болады:
- нақты проблемалар – оқушы мен оның іс-әрекеті үшін нақты және өзекті проблемалар;
- нақты аудитория – оқушының өніміне сәйкес келетін «аудиторияны» пайдалану: басқа оқушы немесе оқушылар тобы, мұғалімдер, жиын, тәлімгер, қоғамдастық немесе ортақ қызығушылықтары бойынша топ;
- нақты мерзім – тайм-менеджмент және нақты жоспарлау дағдыларын дамытуда қолдау көрсету;
- түрлендіру, өңдеу – ақпаратты алғашқы өңдеуді қамтиды;
- тиісті дәрежеде бағалау – өнімді және оны әзірлеу процесін өзі және өнімді пайдаланушы аудитория тарапынан осындай өнімдер үшін қолайлы, алдын ала белгіленген «нақты» критерийлер арқылы бағалау

Процестің өзгеруі. Мақсаты – шығармашылық және жоғары деңгейдегі танымдық дағдыларды дамытуға және оқушылардың меңгерген білімін тиімді пайдалану мен басқаруға ықпал ету. Бұған келесі аспектілерді қолдау арқылы көмектесуге болады:
- жоғары ойлау деңгейлері – оның ішінде Блумның танымдық процестер таксономиясы қолданылатын когнитивтік тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, сыни тұрғыдан ойлау және проблемаларды шешу;
- креативті ойлау – қиялды, интуитивтік тәсілдер мен ми шабуылы әдістерін қолдану;
- көпнұсқалылық – оқушыны тәуекелге баруға және өзі дұрыс деп санайтын жауапты таңдауда өзіне жауапкершілік алуға ынталандыру, жалғыз дұрыс жауап болмайтынына баса назар аудару;
топтық өзара әрекеттестік – қабілеті жоғары және ынталы оқушылардың кейде өзара бәсекелестік, кейде бірлескен іс-әрекет негізінде тапсырманы орындауға бірін-бірі ынталандыруы (тапсырмаға және оның мақсаттарына байланысты);
- ауыспалы қарқын – оқушылардың төмен деңгейлі ойлауда жылдам ілгерілеуіне мүмкіндік береді, дегенмен оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау міндеттеріне көбірек уақыт бөлу мүмкіндігін береді;
- оқу процесінің алуан түрлілігі – оқушыларды оқытудың әртүрлі стильдерін ұйымдастыру;
- қорытындылау – оқушыларды проблема немесе мәселе бойынша өз пайымдауын немесе қорытындыларын зерделеуге ​​және тұжырымдай білуге ​​ынталандыру;
- таңдау еркіндігі – оқушыларды тақырыптардың, әдістер мен өнімдердің таңдалуын бағалауға қатыстыру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет